- •«Механика – математика ғылыми зерттеу институты»
- •«Механика – математика ғылыми зерттеу институтының» тарихы
- •«Механика – математика ғылыми зерттеу институтының» негізгі бағыттары
- •Халықаралық ынтымақтастық
- •Бухгалтерия құжаттарымен танысу, берілген құжаттарды түгелдеп, ретке келтіру
- •Құжаттарды архив қағазына толтыру
- •Қорытынды
Қорытынды
Мен, Шілмағамбетова Аяжан Әлібекқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика – математика факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының автоматтандыру және басқару мамандығының студенті, 2017 жылдың 29 мамырынан бастап 14 маусымына дейін «механика – математика ғылыми зерттеу институтының» бухгалтерия бөлімінде өндірістік практикадан өттім.
Өндірістік практиканы өту барасында өзіме қажетті мәліметтер жинақтадым, осыған орай практика тәжірибелі әрі табысты болды. Институттың бухгалтерия бөлімімен танысып, құжаттармен жұмыс жасау жауапты жұмыстардың бірі екенін өз басымнан білдім, және де жұмыс істеу бағдарын білдім. Бөлім қызметкерлері тапсырған құжаттарды реттеп,олардың тізімін және көшірмесін жасап, түгелдедім, негізгі жұмысым архив қағазына берген документтерді толтыру болды. Бухгалтерия үшін бұл тапсырма маңызды болды, олар біздің тиянақтылықпен және жауапкершілікпен жасауымызды талап етті, себебі факультеттің істеп жатқан жұмыстарын осы құжаттар арқылы дәлелдеуге болады. Сол себепті, құжаттар салынған папкаларда қандай құжат бар екенін оңай тауып алу үшін архив қағазына құжаттарды жазып, оларды реттеп, тізімін жасадым. Практика мақсаты мен міндетін толықтай орындау үшін бар күшімді салдым. Бухгалтерия қызметкерлері күнде уақытылы практикаға келіп, кетуімді қадағалап отырды. Практика уақытына кешікпей, барлық берген тапсырманы жауапкершілікпен және тиянақтылықпен жасадым. Олар ұсынған барлық талаптарды орындап, екі тарапты жақсы қарым – қатынас ұстадым. Алдыма қойған міндеттерім:
алғашқы мамандық дағдыларын алу, ескерілген өндірістік практика бағдарламамен және оқу жоспары бойынша келесі тапсырмаларды зерттеуіне дайындау;
құжаттармен тез жұмыс істей білу;
интернетте және жергілікті желіде жұмыс жасау;
архив қағаздарын толтыру түрлерін анықтау.
Бұл міндеттерді толықтай орындадым деп сенемін, ал кейбір міндеттерді орындай арқылы бойымдағы кейбір дағдыларды жетілдіріп, көп пайда алдым. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері түсінбеген сұрақтарға тиянақты жауап беріп, түсінушілікпен қарады. Бөлім қызметкерлері өздерінің уақыттарын бөліп, бухгалтерия бөлімінің жұмысымен таныстырып, құжаттармен жұмыс жасауды үйретті.
