Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6666666.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
205.15 Кб
Скачать

6. Болжамын, диспансерлік бақылауға алу мәселелерін бағалаңыз.

Стационардан шыққаннан соң Д есепке аламыз, АГД тұрақты, жүйелі қабылдауын бақылау мақсатында ДАМД ұйымдастырамыз, гипертониктер мектебіне жазамыз және диспансерлік бақылау жүргіземіз. Науқасқа дұрыс тамақтану, физ.жүктемелерден алшақ болу, салмақты коррекциялау, күнде АГ бақылау , СХ болдырмау , психологиялық кері факторлардан алшақ болу қажеттілігін түсіндіреміз.

Болжам: егер науқасқа дұрыс жүйелі ем жүргізбеген жағдайда науқас өміріне қауіп төндіретін аурулар: ми инсульті, миокард инфаркты, бүйрек шамасыздығы, қант диабеті дамуы мүмкін.

3-есеп. 20жасар студент...-ЖЖО оқушысы

А. 1. Симптомдар/синдромдарды анықтаңыз, ішінен жетекші симптом/синдромды бөліңіз.

  1. Синдромдар : - Жүрек аймағында ауырсыну синдромы (жүрек аймағының мезгіл-мезгіл ауруы , жүрек қағуы)

  • Артериялық гипертензия синдромы ( АҚҚ 170/100 – 180 мм.рт.ст, бас ауруы, айналуы, шулауы)

  • Жүрек шамасыздығы

  • Сол жақ қарынша гипертрофиясы (жүректің сол шегі бұғана орта сызығынан 4см тысқары ығысуы)

  • Жүрек-тамыр аномалиясы (анамнезінде : бала шағында тума ақауынан күдіктену , жүрек пальпациясында сол II – III қ.а. систолалық діріл, II – III қ.а. дөрекі систолалық шу естілуі, шу жаурын аралығында, жүрек ұшына, мойын тамырына тарауы, иық белдеуі мен қолдарының бұлшық еттері аяқтарымен салыстырғанда басым дамуы, АҚ қолдарында 180/120 мм.рт.ст аяқтарында 110/70мм.рт.ст болуы)

Жетекші синдром : Жүрек-тамыр аномалиясы.

2. Жетекші симптом/синдромына (синдромдарына) сүйеніп және олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз.

  1. Жүрек-тамыр аномалиясы – жетекші синдромға сүйеніп, оның ерекшеліктеріне байланысты : аурудың 17 жаста, яғни ерте мазалауы, жүрек аймағының ауруы, бас ауруы, аяқтарында әлсіздік, анамнезінде : бала шағында тума ақауынан күдіктену , жүрек пальпациясында сол II – III қ.а. систолалық діріл, II – III қ.а. дөрекі систолалық шу естілуі, шу жаурын аралығында, жүрек ұшына, мойын тамырына тарауы, иық белдеуі мен қолдарының бұлшық еттері аяқтарымен салыстырғанда басым дамуы, АҚ қолдарында 180/120 мм.рт.ст аяқтарында 110/70мм.рт.ст болу ерекшеліктеріне сүйеніп, жүрек-тамыр аномалиясынан күдіктенеміз.

Болжам диагноз:

Негізгі ауру : Аортаны тума аномалиясы, Аорта коарктациясы.

Асқынуы : Симптомдық (гемодинамикалық) артериялық гипертензия.

Тексеру жоспары : ЖҚА. ЖЗА. Кеуде құысыны рентгенограммасы, ЭхоКГ, ЭКГ, МРТ.

В. 3. Дифференциялық диагноз алгоритмін жазыңыз

Жалпы аортаның тума ақауы – аорта коарктациясы күдік тұғызбайды – аурудың ерте жаста (17) көрініс беруі, басының физикалық жүктемеден соң ауруы , жүрек ауруы, аяқтарында әлсіздік, анамнезінде : бала шағында тума ақауынан күдіктену , жүрек пальпациясында сол II – III қ.а. систолалық діріл, II – III қ.а. дөрекі систолалық шу естілуі, шу жаурын аралығында, жүрек ұшына, мойын тамырына тарауы, иық белдеуі мен қолдарының бұлшық еттері аяқтарымен салыстырғанда басым дамуы, АҚ қолдарында 180/120 мм.рт.ст аяқтарында 110/70мм.рт.ст болуы дәлелдейді.

Алайда, сол жақ II – III қ.а. дөрекі систолалық шу естілуін ескере отырып, өкпе артериясының стенозы, жүрекшелердің қолқа ақауы, открытый артериальный проток, өкпе артериясыны идиопатиялық кеңеюі ауруларымен диф.диагностика жасаймыз.

Өкпе артериясы стенозы кезінде ұйқыартериясының пульсациясы болмайды.

ЭКГ-да оң жүрекше гипертрофия белгілері, ырғақ синусты болады. Перкуссияда төстің төменгі 1/3 бөлігінде перкуторлы дыбыс анықталады. Жүрекшеаралық қолқа ақауында шу кей кезде ғана жүрек ұшына иррадацияланады,шу ең жақсы сол жақ II қ.а естілед,і систолалық шу I тоннан кейін естіледі. Артерия өзегінің ашық ақауы кезінде сис.шу II тоннан кейін естіледі, диастола кезінде бәсеідейді. Өкпе артериясының идиопатиялық кеңеюінде рентгенограммада өкпе артериясының кеңеюін көреміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]