Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.86 Кб
Скачать
  1. Жұлын қан айналысының күрт бұзылулары

Жұлын қан айналысы бұзылуының негізгі этиологиялық факторларына стеноз бен агеросклероздан қан тамырларының бітеліп қалуы, гемодинамикалық өзгерістер, аортаның патологиясы (аневризма, коарактация), артерияның ісіктен немесе омыртқааралық дискілердің ауытқуынан қысыльш қалуы, васкулиттер, қан аурулары, жүрекке немесе аортаға операциялар жасау, т.б. жатады.

Жұлын қан айналысының кенеттен бұзылуы өткінші немесе инсульт түрінде білінеді.

Жұлын қан айналысының өткінші бұзылулары жедел немесе сәл баяуырақ дамып, белгілі неврологиядық симптомдар арқылы байқалады.-Бірақ ол симптомдар бірнеше минутқа немесе сағатқа созылады да, тәулік ішінде жойылады.Атеросклерозбен зақымданған омыртқа артериясының спазмы. мен қысылуы атеросклероз бен мойын остеохондрозы қабаттасқан жағдайда жиі кездеседі. Бұл ұстамаларға әдетте бастың шұғыл бұрылыстары себеп бодады. Жұлынның жоғарғы мойын сегменттерінің кенет басталған ишемиясы әсерінен "тамшылау синдромы» (дроп-атака) пайда болады. Сырқаттын бүкіл бұлшық еттері шұғыл әлсіреп, ол құлап қалуы да мүмкін. Бұлшық еттер тонусы әдетте төмендейді. Есінен танбайды. Бірақ осы өзгерістерге ми бағанасы бұзылуы қабаттаса, сырқат есінен танып қалады (Унтерхарнштейдт синкопалдық вертебралдық синдромы).Егер жұлындағы қан айналыс жетімсіздігі ұзақ уақыт жүргендіктен пайда болса, онда сырқаттың иықтары әлсіреп, азғантай демалғаннан кейін білінбей кетеді (жұлындық ара-тұра ақсақтық). Ол, әлбетте, Адамкевич артериясы гемодинамикасының жеткіліксіздігінен болады.

Депорж-Готтерон артериясы бассейнінің дисциркуляциясы немесе омыртқа өзегі тарылғандығынан болатын ат құйрығы түбірлерінің өткінші (өтпелі) ишемиясы кезінде каудогендік ара-тұра ақсақтық пайда болады. Оған жүргенде аяқ пен бұт арасында сезілетін азапты парестезиялар тән. Миелогендік алма-кезек ақсақтық тәрізді бұл да аз уақыт демалыстан кейін тыныштанады. Аталмыш синдромдарды шеткі нерв жүйесі зақымдануынан болатын ара-тұра ақсақтықтан (Шарко синдромы) ажырата білген жөн. Бұл синдромда ауру жүргеңде әдетте аяқтың төменгі бөлігінде білінеді. ПІарко синдромы облитерленген (бітік) эңдартерииті немесе аяқ қан тамырларының атеросклерозы бар науқастарда байқалады.

Жұлын қан айналысының өтпелі бұзылымдары жұлын инсультінің нышаны болуы мүмкін.

  1. Жұлындьқ шұғыл ишемиялық инсульті.

Жұлындьқ шұғыл ишемиялық инсульт кенеттен немесе бірнеше минут, сағат, кейде тәулік бойы болуы ықтимал. Көбінесе арқада ауырсыну, қол-аяқтың өтпелі парездері (әлсізденуі) және аз уақыт зәр ағысының бұзылуы тәрізді нышандар белгі береді. Осы сияқты жағдайлар бірнеше апта немесе айлар бойы байқалуы мүмкін. Соңынын жұлынның зақымдану симптомдары пайда болады. Клиникалық сипаты инфарктың орналасуына байланысты анықталады.

Жұлынның алдыңғы бөліктерінің ишемиясы кезінде (алдыңғы жұлын артериясының бітелу синдромы) диссоциацияланған сезімділік бұзылымдарының зақымданған сегменттер деңгейінде және оның өткізгіштік бұзылыстары жұлынның одан төменгі бөліктері деңгейіңде байқалуымен қатар, салдану пайда болады. Мысалы, жұлынның мойын буылтығы тұсындағы ишемиясыңда сал болу немесе парез қолда босаң болады да, аяқта әуелі босаң, соңынан (бірнеше күннен кейін) сіреспелі түрде білінеді.

Адамкевич артериясының бітелуі (окклюзиясы) тиісті дерматомаларда үстірт сезімділіктің зақымдану түрлерімен қатар байқалатын босаң салдану жөне жамбас қуысы ағзалары қызметінің бұзылуы арқылы белгілі болады. Мұндайда трофикалық бұзылымдар да (ойық жаралар) тез пайда болуы мүмкін.

Жұлын инсультінің өте шұғыл кезеңінде кейде оның көлденеңінен зақымдану клиникасы байқалуы мүмкін. Дене қызуының сәл көтерілуі мен ми-жұлын сұйығындағы аздаған плеоцитоз жедел көлденең миелит туралы қате пікір туғызуға себеп болуы ықтимал.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]