Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.86 Кб
Скачать

31. Қосымша нервті (n.Accessorius) тексеру, зақымдану белгілері.

Зерттеу әдісі. Жоғарыда аталған бұлшықеттерге пальпация жасап қарап болғаннан кейін, науқасқа басын оңға және солға бұруын, қолын жоғары көтеруін, жауырындарын түйістіруді сұраймыз. Осы қозғалыстарды жасау барысында науқас дәрігердің қозғалысты шектеуіне қарсылық көрсетуі керек. Осы мақсатта дәрігер науқастың басын иегінен ұстап тұрып, ал қолын иығына қояды.

Зақымдалу белгілері. Қосымша нервтің бір жақты зақымдалуында басы зақымдалған жаққа қарайды, басының сау жаққа қарауы шектелген, иықты көтеруі қиындайды. Төс-бұғана-емізік тәрізді және трапеция тәрізді бұлшықеттердің атрофиясы байқалады.

Нервтің екі жақты зақымдалуы басты артқа шалқайтады, бас біржағына қарауы мүмкін емес. Әкетуші нервті тітіркендірген кезде тоникалық дірілдеу пайда болады, спастикалық қисық мойын дамиды – бас зақымдалған жаққа қарай бұрылады. Екі жақты клоникалық құрысуда басты изеу гиперкинезі байқалады.

32. Бас миының бульбарлы топ нервтерін тексеру.

Тілдің артқы 3/1 бөлігіндегі дәм сезуін анықтайды. Осы мақсатта негізгі дәм тітіркендіргіштерін – тәттіні, қышқылды, ащыны және тұздыны қолданады. Ерітінді тамшысын пипетка немесе шыны қалақша арқылы тілдің артқы 3/1 бөлігіне тигізеді. Жұмсақ таңдайдағы және жұтқыншақ рефлексі зерттеледі.

Кезбе нерв жағдайын бағалау үшін дауыс ашықтығына (фонация), жұмсақ таңдай, жұтынуына, жұтқыншақтық рефлексті және жұмсақ таңдай рефлексін, науқас қалай тамақты жұтатынына мән береді (шашалмайды ма, мұрнынан ағпайды ма). Таңдайды және тілді қарайды, жұмсақ таңдай салбырауы бар жоғына, тілдің симметриялы орналасуына қарайды.

Науқастан тілін шығаруды сұрап, тілі бір жаққа қарайды ма, атрофиясы бар ма, фибриллярлы дірілдеу бар жоғына мән береміз. Тіласты нервініде ауыздың дөңгелек бұлшықетіне баратын ядролар орналасады, оның зақымдалуында жұқарады, ерін қыртыстанады, ысқыра алмайды.

33. Бас миының бульбарлы топ нервтерін бұзылыстары.

Тілжұтқыншақ нерві. Зақымдануында тілдің артқы 3/1 бөлігінде дәм сезу бұзылады (гипогейзия немесе агейзия), жұтқыншақтың жооғарғы ибөлігінде сезімталдық жоғалады. Тіл жұтқыншақ нервінің сөл бөлетін тармағы зақымдалуында аздап ауыз құрғауы мүмкін. Кейде науқастар оны байқамай қалады.

Кезбе нерв зақымдалуында мұрынмен сөйлеу (мыңғырлап), дисфония немесе афония, су, тамақ ішкенде шашалу, тамақтың мұрын қуысына түсуі, жұтынудың бұзылысы (дисфагия), жұмсақ таңдай парезінде салбырап, қозғалысы төмендейді. Жұтқыншақ және жұмсақ таңдай рефлексі төмендейді немесе болмайды. Бұл симтоматика екі жақты ядроладың немесе нерв бағанасының зақымдалуында анық көрінеді. Егер кезбе нервтің бір тармағы зақымдалса, жоғарыдағы симптомдар әлсіз көрінеді. Соған қарамастан, зақымдалған жақта жұмсақ таңдай салбырайды, фонация кезінде көтерілмейді, ал тілшік сау жаққа қарай ығысады. Ларингоскопияда дауыс байламының параличі анықталады. Жұтқыншақ рефлексі зақымдалған жақта жоғалады.

Сонымен қатар, жүрек қызметінің өзгерісі (брадикардия), тыныс, асқазан ішек жолының қызметінің бұзылысы байқалады. Екі кезбе нервті үзген кезде жүрек және тыныс алу қызметінің бұзылысынан өлімге әкеледі.

Тіласты нерві. Зақымдану белгілері. Ядроның біржақты зақымдалуында немесе нерв бағанының зақымдалуы тілдің жартысының перифериялық параличіне әкеледі. Тілдің беті біртегіс емес қыртысты, фибриллярлы дірілдеу болады. Екі жақ жартысының талшықтары бір бірімен айқасқандықтан, нервтің біржақты зақымдалуы тілдің негізгі қызметін өзгертпейді – сөз артикуляциясы. Тілін шығарған кезде зақымдалған жаққа қарайды, себебі сау иек-тіл бұлшықеті күшпен тілді зақымдалған жаққа қарай итереді. Тіласты нервінің екіжақты зақымдалуда тіл бұлшықетінің параличі туады (глоссоплегия): тіл қозғалмайды, ауыз қуысының түбінде жатады, сөзі түсініксіз (дизартрия), толық сөйлей алмауына дейін анартрия, шайнау мен жұтуы бұзылады (тамақты формалау және қозғалтуы қиындайды) (5.34. сурет).

Тіласты нервінің орталықтық параличінде тіл гемипарезбен қосарласып, зақымдалған жаққа емес сау жаққа қарайды. Тіл атрофияланбайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]