Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.86 Кб
Скачать
  1. Жұлын қан айналысының бұзылулары

Жұлын қан айналысыньщ созылмалы және шұғыл бұзылулары көбінесе ишемиялық сипатта болады, 50 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Олар көпшілік жағдайларда жұлынға қан жеткізетін тамырлардың атеросклерозына, әсіресе оның омыртқа бағанындағы зат алмасу-деструктивтік өзгерістермен (омыртқааралық дискілердің ауытқуымен қабаттасқан остехондроз, деформацяяланған спондилез, т.б.) үйлесуіне байланысты пайда болады. Кейінгілердің түбірлік-жұлындық тамырлардағы қанның жүруіне әсер ететіндігі белгілі. Көбінесе қан айналысының бұзылулары артериялық гипертония, васкулиттер, тамыр мальформациялары және жарақаттар әсерінен болуы ықтимал.

Жұлын қан айналысы бытыраңқы және магистрадды типтерге бөлінеді Қан айналысының бытыраңқы типінде қан алдыңғы жұлын артериясы жүйесіне кенеттен түбірлік-жұлындық артериялардан келеді. бірақ адамдардың көпшілігіне жұлын қан айналысының магистралдык типі тән. Мұндай жағдайда түбірлік-жұлындық артериялар қызметін жұлын неритерімен қатар өтетін аздаған артериялар атқарады. Қалдықтары осы нервтер мен жұлын түбірлерін қанмен қамтамасыз ететін түбірлік артериялар ғана болып қалады

  1. Жұлын қан тамыры бассейніндегі бұзылыстар.

Артқы жұлын артерияларының бассейні алдыңғы жұлын артериялары бассейнінен анағұрлым оқшауланған. Оны омыртқа өзегіне әр түрлі деңгейде жұлынның артқы түбірлерімен бірге кіретін 10—12 түбірлік-жұлын артериялары қанмен толтырады.Сонымен, жұлында бірнеше біршама дербес артериялық бассейндердің болуы ықтимал. Сондықтан олардың біреуінде қан ағысы төмендесе, басқа артериялар бассейнінен қан ауысу арқылы оның орны толмайды. Себебі олардың арасындағы анастомоздар (байланыстар) жеткіліксіз.Артериялар бассейндерінің бірінде қан ағысының нашарлануына байланысты созылмалы немесе жедел түрде жұлынның белгілі бір құрылымдарының қызметі бұзылады.Веналық қан ұсақ интрамедулярлық тамырлар арқылы ірілеу коллекторларға жиналып, жұлынның сыртында бірнеше бойлық жұлын веналарын құрастырады. Жұлынның алдыңғы бөлігінде айғыздалған веналар алдыңғы жұлын венасына құяды. Алдыңғы жұлын венасы өзі аттас артерияның артына таяу, алдыңғы орталық саңылауға орналасқан. Ол ирелендеп, кейде екіге бөлінеді.Жұлынның арт жағында тағы да бір бойлық дара вена бар. Оның ені алдыңғы жұлын венасының енінен кеңірек. Жұлынның жоғарғы бөлігінде аталмыш вена сопақша ми мен мишық веналарымен, төменгі тастық жөне қуысты синустармен байланысады. Конус деңгейінде ол "ат құйрығынан" бірнеше тармақтар алады. Жұлынды бойлайтын веналық бағандар бірнеше көлденең және қиғаш анастомоздар арқылы біріне бірі қосылады.Перимедуллярлық веналар торабынан қанның ағысы алдыңғы және артқы түбірлік веналар арқылы өтеді. Жұлынның төменгі жағында көбіне (90 %-дай) үлкен түбірлік Адамкевич венасы болады. Ол Тһ6-дан Ь3-ке дейінті жұлын түбірлерінің бірімен (жиірек сол жақ Ь, түбірі) қатарласа орналаскан. Артқы түбірлік веналардың саны 12-ден 42-ге дейін жетеді, олардың ені (калибрі) алдынғы түбірлік веналардан кең. Жұлындағы қанның ағысы (циркуляциясы) жалпы және аймақтық гемодинамиканың (қан айналысының) заңдылықтарына сәйкестенген. Оны реттеуде жүйелі артериялық қысым мен зат алмасуы маңызды роль атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]