Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.86 Кб
Скачать
  1. Гиперкинетикалық-гипотоникалықсиндромның клиникалық көріністері.Атетоз,дистония.

Атетоз энцефалиттер, тұқымқуалаушылық-дегенеративті ауруларда және балалардағы церебральдық салдарда жолақ дененің біріншілік зақымдануы кезінде байқалады. Атетозға бұлшықеттердің баяу тоникалық жиырылулары тән. Ол жиі қол-аяқтың дистальды бөлімдерінде, сирек – бет пен тұлға бұлшықеттерінде кездеседі.Саусақтар бір-біріне бағынбай жеке-жеке бүліліп-жазылады. Балаларда екіжақты ататоз байқалу мүмкін (екі жақты атетоз). Атетоз кезінде бұлшықеттік гипотония гипертониямен кезектеседі (spasmus mobilis). Бұл гиперкинез толқу мен белсенді қозғалыстар кезінде күшейіп, ұйықтағанда жоғалады.

Дистония жамылғының немесеталамусастылық ядроның энцефалиттер, ревматизм, жабық бас-ми жарақаттарында, тұқымқуалаушылықты-дегенеративті ауруларда мен зақымдану кезінде пайда болады.Бұл науқастарда, әсіресе белсенді қозғалыстар кезінде тұлға мен қол-аяқ бұлшықеттерінің дұрысс емес үлестірілуі жүреді. Ол тұлғаның патологиялық қалыптарының қалыптасуына әкеледі.Жүру кезінде науқастың тұлғасы мен аяқ-қолдары шүйіле өктемдік қозғалыстар жасайды. Ол қозғалыстар ұзын осьтің бойында дененің айналуын еске түсіреді.Бұл қозғалыстар компенсаторлық әдістер кезінде тоқтайды: омыртқаның мойындық бөлімін қол білектерімен фиксациялау, иықты күшпен бұру және т.б.Таралуына байланысты дистонияны фокальды, сегментарлы және жайылған деп бөлед.іФокальды түрінде патологиялық үрдіске бір қимылды орындайтын көрші бұлшықеттердің бір немесе бірнеше топтары қатысады. Мысалы, көздің өктемдік тартылуы – блефароспазм.Сегментарлық дистониялар дене сегментінің бұлшықеттерін қамтиды – бет, мойын және т.б.Спастикалық кисықмойынбастыңеріксіз, баяу бұрылыстары мен иілулеріне әкелетін, мойын аймағы бұлшықеттерінің спастикалық жиырылуымен сипатталатын дистония түрлерінің бірі. Бұл кезде үрдіске төс-бұғана-емізіктәрізді және трапециятәрізді бұлшықеттер қатыстырылады. Жайылған дистония дененің бірнеше сегментін қамтып, беттің, мойынның, тұлға мен аяқ-қолдың бұлшықеттерінің қатыстырылуымен патологиялық қалыптардың түзілуімен сипатталады(торсионды дистония).

  1. Гиперкинетикалық-гипотоникалықсиндромның клиникалық көріністері. Гемибаллизм, миоклониялар, миоритмиялар, тиктер, жазулық спазм, профессиональды құрысулар, ықылық

Гемибаллизмгиперкинездің сирек түрі ( грек. hemi – жарты, balismos – секіру), таламусастылық ядролардың зақымдануы кезінде, жиірек ми қанайналымының бұзылыстарында пайда болады. Тас лақтырғандай немесе доп сілтегендегі қимылды еске түсіретін, жылдам, ірі сілтемелі гиперкинездермен көрініс береді. Жиі бір жақты түрі кездеседі, дененің бұрылу қимылдары да болуы мүмкін (бұлшықет гипитониямен бірлеседі). Миоклониялар бас миы қыртысы мен одан төмен орналасқан құрылымдардың зақымдануы кезінде пайда болады: қыртысастылық түзілімдер, ми бағанының торлы формациясы, жұлынның торлф формациясы. Бұл белгілі бір буындарды қимылдатуға қатыспайтын бұлшықеттер тобының оқыс тартылып жыбырлауы және тұрақсыз дірілдеуі. Тыныштық жағдайындағы қозғалыстарда сақталады, толқыған кезде күшейіп, ұйықтағанда жоғалады.Науқаста миоклониялар аясында кезеңдік жалпы талмалық ұстамалар пайда болады. Мұндай жағдайда миоклонус-эпилепсия деп айтады. Миоритмиялар көпірдің оливалары мен торлы формациясының, қызыл ядро мен тісті ядроның зақымдануы кезінде пайда болады. Бұлшықеттердің стереотиптік қысқа, ырғақты жиырылуларымен сипатталады (тілдің, көкеттің, жұмсақ таңдайдың миоритмиялары). Эпидемиялық энцефалиттер мен бас-ми жарақаттарынан кейін пайда болады. Тиктержекелегенбұлшықет топтарының жылдам клонико-тоникалық, біртекті, өктемдік тартылуы. Олар стереотипті сипатта, ерікті қимылдарды имитациялайды. Бет тигі маңдайда әжімдердің пайда болуымен, көзді ашып-жұмумен, қасты көтерумен, тілді шығарумен жүреді.Балаларда түзілеген шартты рефлекстің нәтижесінде көрінеді.Бет бұлшықеттерінің тигі үшкіл нервтің невралгиясы кезінде пайда болады.Жайылған тик кезінде қол-аяқтың, дене, тыныс алу, мимикалық мускулатура бұлшықеттері қатысады. Беттік параспазмтоникалық фазасымен бет бұлшықеттерінің кезеңдік тонико-клоникалық тартылуы. Жазулық спазм (графоспазм) – жазу кезінде байқалатын алақан саусақтарының дірілдік тартылулары. Профессиональды құрысуларбелгілі бір арнайы қимылдарды орындауға қатысатын бұлшықеттердің спазмы. Скрипкашыларда, пианистов, гитаристерде, машинистерде және т.б. байқалады.

Ықылықкөкеттіңклоникалық құрысулары.Жылдам тыныстық қозғалыстармен көрінеді. Мидың қабықтары немесе ми затындағы патологиялық үрдіске, интоксикацияға негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]