Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.86 Кб
Скачать

234. Экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстары

Экстрапирамидалық бұзылыстар келесе белгілермен көрінеді:

  • Қозғалыстардың баяулығымен (гипокинезия/акинезия)

  • Еріксіз қозғалыстармен и (гиперкинезами)

  • Бұлшықет тонусының пластикалық тип бойынша оның арнайы жоғарылауы түрінде (регидтілік), немесе төмендеуі түрінде (бұлшықет гипотониясы).

Экстрапирамидалық бұзылыстардың негізгі синдромдары:

  1. гипокинетикалық-гипертоникалық немесеакинетико-ригидті синдром (паркинсонизм синдромы), паллидарлы бөлімнің зақымдануы кезінде (негізінен қара субстанцияның) байқалады;

  2. гиперкинетикалық-гипотоникалықсиндром (гиперкинездер), стриарлы бөлімнің зақымдануы кезінде кездеседі.

Қазіргі таңда паркинсонизмнің негізінде бас миының дофаминэргиялық жүйелерінің жетіспеушілігі жатқандығы дәлелденген. Дофамин қара заттың жасушаларында өндіріліп, нигростриарлы жолдар бойынша құйрықты ядроға келеді.Қара заттағы патологиялық үрдістер дофаминнің өндірілуін азайтып, оның құйрықты ядроға түсуін азайтады.Ол жерде дофамин тежеуші медиатор ретінде бұл түзілім нейрондарының белсенділігін төмендетеді, соның салдарынан қозғалыс актілерінің белсенділі шектеледі.Қалыпты жағдайда дофаминэргиялық нейрондар қозғалыс қызметтерінің белсенділігін бақылау арқылы бұл нейрондардың белсенділігін басып отырады.Дофаминнің жетіспеушілігі кезінде құйрықты ядроның қызметі холинэргиялық тетіктердің күшеюінен белсендіріледі, ол олигокинезияға әкеледі.Таламусқа стриаталамикалық жолдар бойынша стриарлы нейрондар белсенділігінің жоғарылауы проекциялық моторлық және премоторлық аймақтардың белсенуіне әкелкді, ал олардан пирамидалық жолдар бойынша жүйкелік импульстер жұлынның альфа - және гамма-мотонейрондарына түседі.Күшейтілген импульсация жұлынның бұл жүйелерінің келіспеушілігіне әкеліп, альфа-жүйенің күшейіп, гамма-жүйенің әлсіреуіне әкеледі. Соның салдарынан физикалық және тоникалық жүйелер арақатынасы бұзылып, тоникалық жүйе күшейіп, экстрапирамидалық регидтіліктің пайда болуына әкеледі.Бұл кезде рефлекстер күшеймейді, керісінше төмендеуі мүмкін.Бұл экстрапирамидалық регидтіліктің пирамидалық спастикадан айырмашылығы, онда жазуың тоникалық та, тоникалық компоненттері жоғарылайды.

  1. Экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының симптомдары мен синдромдары

Экстрапирамидттік жүйе зақымданғанда акинетиктік – ригидтік және гиперкинездік синдром пайда болады.

Акинетиктік – ригидтік синдром боз шар мен қара зат зақымданғанда пайда болады. Бұл белгілердің негізгі белгілері төмендегідей.

  • Бұлшық еттердің сіресіп қатайып қалуы,

қимыл ыңғайының кідіруі немесе жойылуы,

  • Cырқатта әдеттен тыс оғаш қимылдар,

қимыл әрекетінің шектелуі мен баяулауы,

  • Паркинсонизм синдромы және

  • Баяу ойлау, әрекетсіздік енжарлық құбылыстары сондай – ақ бір айтқан тілегін немесе ренішін бірнеше рет қайталау байқалады.

Гиперкинез немесе шектеусіз қимылдар синдромы. Құйрықты ядро, қауыз, люис денесі зақымдануына байланысты. Оның негізгі белгісі бет, қол – аяқ және дене бұлшық еттерінің мейлінеше еріксіз күшпен келетін шектеусіз қимылдар. Бұлшықет күші мұндай жағдайда азаяды, бұлшық ет гипертониясымен дистониясы сирек кездеседі.

Гиперкинездің түрлері

  • Атетоз

  • Хорея тәрізді гиперкинез

  • Хореоатетоз

  • Торзион дистониясы

  • Гемибализм

  • Діріл

  • Миоклония

  • Тарту

  • Жекелеген бұлшық еттер тобының оқыс жиырылып қалуы

  • Гиперкинез – эпилепсия

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]