Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.86 Кб
Скачать

223. Бас ми қуысының гипертензия синдромының негізгі сиптомдары.

Қатты таралатын бас ауруы тунде және таңертең күшейеді, жүрек айнуы, лоқсу,құсу, таңғы аспен байланысты емес, брдикардия, көру нервтеріндегі дискілер ісінуі, субективті сезімдерге,көздің түбіндегі тұнып қалған белгілердің дамуына алып баратын,көздің қарауытуына әкелуі жатады. Кейде таңертең пайда болады. Әрі қарай көздің айтарлықтай өткірлігінің төмендеуі мен көз түбіндегі іркіліс атрафияға айналады. Психикалық бұзылыстардың тоқтауы қоршған ортаға қатысы жоқ шаршау, есте сақтаудың бұзылыуы, ойлау, өзінің жағдайына салғыттық тағы басқа көріністер. Ұзаққа созылған бас ми қуысы қысымының жоғарылауы, жалпы сүйектердің зақымдалуы, оның негізінің тығыздалуы. Түрік ершігінің бүтіндігінің бұзылуына алып келеді. Түрік ершігінің ұзаруы және бастың негізіндегі өсінділер. Тамыр суретінің күшеюі,бас миы қуысын немесе өзегін қысқандағы, полетикалық каналдағы веналардың ұлғаюы. Тігістердің алшақтауы тағы басқа себептер. Соңғы жағдайда бас сүйегінің көлемінің ұлғаюы байқалады. Жұлын ми сұйықтығы бас қуысында көбеюі, қысымы жоғарылауы гидроцефалияның ішкісінде ( ликвордың ми қарыншаларында көбеюі ), сыртқысында (өрмекші торның кеңістігінде жиналады ).

224. Бас ми қуысының гипертензия синдромының диагностикалық критерийлері, шағымдар және анамнез.

·          бассүйек ішілік гипертензиясының симптомдары: бас ауыру, көру жүйесі дискісінің біржақты немесе екі жақты ісінуі; ·          люмбальді пункция кезінде – бассүйек ішілік қысымының жоғарылауын анықтайды 200 мм.су. ст.; ·          ошақты неврологиялық симптоматиканың жоқ болуы (бас сүйек-ми жүйесінің VI жұбының парезінен басқа); ·          деформацияның жоқ болуы, қарынша жүйесінің жылжу немесе бітеулінің жоқ болуы; МРТ/КТ деректері бойынша бас миының басқа да патологиясы, церебральды жұлын сұйықтығы қысымының жоғарылау себептерінің жоқ болуы; ·          бассүйек ішілік қысым деңгейінің жоғары болуына қарамастан, емделуші есінің сақталуы.

Шағымдар және анамнез

Бір жасқа дейінгі балалар: Бас өлшемінің үлкеюі, мазасыздану, кекірудің жоғарылауы – тамақ қабылдауына байланысты емес, таңертеңгі сағаттарда ұйықының бұзылуы – шалаұйқы, ұйықтау қиыншылықтары, ауа-райына тәуелділік – қатты ұйқысырау немесе мазасыздану.

Ересектерде: бас ауруы – жиі, таралған, қарқындылығы әртүрлі, әсіресе таңертеңгі сағаттарда, жөтелгенде,түшкіргенде күшейеді, вестибулярлы ынталандыру, жүрек айну – тамақты қабылдауға байланыссыз, құсу – тамақты қабылдауға байланыссыз, көру бұзылуы – тұмандануы, көзде еке еселену, көру аймақтарының түсуі, ұйқының бұзылуы, ауа-райына тәуелділік пайда болуы.

225. Гидроцефалия, диагностикалық критерийлер, шағымдар және анамнез.

Гидроцеалия (грекше ὕδωρ — су және κεφαλή — бас), ми шемені — ми сұйықтығының ми қарыншаларына, ми қабығының астына көп жиналуы, ликвордың циркуляциясы мен абсорциясының бұзылу себебінен олардың кеңеюімен сипатталатын ауру.

Гидроцефалия екіншілік ауру болып табылады жəне патологиялық процесс көрінісінде дамиды немесе олардың қалдықты құбылыстарын білдіреді.

Шағымдар: • бас мөлшерінің өрістеп үлкеюі; • мазасыздану, жиі құсу (нәрестелерде); • психофизикалық дамудың кешеуілдеуі; • бастың ауыруы; лоқсу, құсу, басы айналу; • есте сақтау қабілетінің төмендеуі; • дәрет сындыруды бақылаудың бұзылуы; • көру қабілетінің төмендеуі; • құрысулар; • көзді қимылдатудың бұзылыстары. Анамнез: • жүктілік кезінде анасының бастан өткерген инфекциялық аурулары (цитомегаловирусты инфекциясы); • БМЖ; • Менингиттер, менингоэнцефалиттер • Мидың ісіктері; • Бұрын басынан өткерген ми қанайналымының жіті бұзылыстары.   Физикалық зерттеп-қарау: • патологиялық үлкен бас, • жұқа тері, • жоғары қараудың шала салдануы (парезі) – «атып келе жатқан таң симптомы», • бассүйек сүйектерін жарыққа түсіру, • бас терісі (скальп) веналарының ісініп тұруы, • бассүйек жіктерінің алшақтауы, • еңбектің ісініп тұруы.    226. Гидроцефалия, зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері.

Зертханалық зерттеулер: Ілеспелі патология болмаған кезде клиникалық, биохимиялық анализдерде өзгерістер болуы тән емес. Аспаптық зерттеулер: Миды УДЗ – ми қарыншаларының кеңею дәрежесін және қарыншаішілік қан құйылуды анықтайды.   КТ: Гидроцефалия белгілері: • бүйірлік қарыншалардың және III қарыншаның кеңеюі • перивентрикулярлық ми заты: КТ-да тығыздығының төмендеуі немесе жоғары дәрежелі сигнал болады, қатынасының көрсеткіштері: <40% – қалыпты – шекаралас мәні >50% – ГЦФ белгісі МРТ: Гидроцефалия белгілері: Қос самай мүйіздерінің ені ≥2 мм (гидроцефалия болмаған кезде самай мүйізі сәл ғана көрінуі тиіс), ал сильвиев және жартышараралық саңылаулар, сондай-ақ ми шұңқырлары көрінбейді, немесе қос самай мүйізінің ені ≥2 мм және алдыңғы мүйіздердің ең ұзын енінің осы деңгейдегі ішкі сүйек пластинкалары арасындағы қашықтыққа қатынасы >0,5.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]