Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.86 Кб
Скачать

221. Гипотензиялық синдромның клиникалық белгілері.

Әр түрлі деңгейде бас ауруы (көбіне қысып, соғып ауру), лоқсу, құсу, кейде ми қабығы қабыну симптомдары, әлсіздік, жүрек соғуынын жиілеуі (тахикардия), басын аянышты кейіпте ұстау. Бұл симптомдар сырқат орнынан тік тұрғанда анығырақ айқындалады да, жатқанда, басын төмен салбыратқан кейіпте әлдеқайда бәсеңдейді. Көбіне ортостатикалық брадикардия пайда болады. Кейбір жағдайда бас ауруының күшеюіне байланысты, сонымен қатар оның болмаған кезінде де қысқа мерзімді талмалар байқалады. Оларды дәрігерлер көбіне баяу эпилептикалық талмалармен шатастырып алады.

Гипотензия синдромы белгілерінің гипертензия синдромы симптомдарына ұқсас болғандықтан, ми-жұлын сұйығын алып, қысымы төмендеу деңгейін білмейінше бас сүйек қуысы гипотензиясын анықтауға мүмкіндік жоқтың қасы. Мұндай жағдайда ми-жұлын сұйығы қысымы су бағанасымен 100-мл-ден 0-ге дейін түседі. Ми-жұлын сұйығы қысымын өлшеу басқа да диагностикалық тексерістермен қатар тиісті емдік тәсілдер (сұйық сусындарды көп мөлшерде ішкізу, изотониялық ерітінділерді венаға құю т..б) тағайындауға жәрдемін тигізеді.

222. Ми жұлын сұйықтығын зерттеу үшін белді инемен тесу техникасы.

Люмбалды функция науқастың бір жағымен жатқанда немесе отырғанда жасалады , науқастың жалпы күйіне және ауру түріне байланысты (сур. 12.6). Бас мидың ісігі бар және ауыр науқастарға бұл функцияны оларды жатқызып орындайды. Науқасты отырғызып пункция жасағанда оның аяқтарын еденге барынша тіреп, арқасын бел жағында мүмкіндігінше бүгіп жасайды.

Жұлын сұйықтығын алу пункциясы L5-S1 аралығында жүргізіледі. Жұлын ми сұйықтығы қалыпты жағдайда мөлдір болады, алғашқы таулікте жеңіл ксантохрамды болуы мүмкін, өйткені физиологиялық сарғаю кезінде билирубин қаннан жұлын сұйықтығына өтіп кетеді. Қысымы 40-80 мм су бағанасында болады.

Пункция орнын табу үшін йодқа батырылған мақта оралған таяқшамен омыртқалы жотаның (позвоночник) 3-ші және 4-ші омыртқа бөліктерімен

қиылысатын жерді сызып өтеді. Теріні йод және спиртпен өңдеп болып, жергілікті тері жамылғыларын жансыздандырады. Любмалды функцияға арналған инені 3-ші омыртқаға орта сызыққа дейін енгізеді. Оның шетін жоғары қарай, ал денесін 4-ші омыртқамен сырғанайтын етіп жүргізеді. Инені арқалы мидың қатты қабықшалары сезінгенге дейін енгізеді. Одан соң түсіп бара жатқандай сезіледі, бұл дегеніміз өрмек асты кеңістікке жеттік деген сөз. Инені дұрыс енгізгенде мандренды алу ликвордың өтуімен сәйкес жүреді. Егер ине өте терең немесе шетке қарай енгізілсе, онда оның шеті денеге – құрама өсінге немесе омыртқа имегіне тиеді. Бұл жағдайда инені шығарып алып, дұрыстап салу керек. Инені енгізіп болған соң, мандренды алады, ликвордың өтуін байқайды.

Ликворда таза қан пайда болса, пункцияны тоқтатады. Пункциядан соң науқас алғашқы екі сағат бойы ішімен, жастықсыз, жату керек. Келесі екі тәулік барысында ол төсек режимды сақтайды. Осы пункцияның ауыртпалықтары ретінде менингизм, түптік ауырсуналар, желке саңылауындағы ми діңінің ығысуы орын алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]