Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.86 Кб
Скачать

57. Қимыл жүйесін зерттеу әдістері: физиологиялық рефлекстер

Адамда жұлынның сегменті мен ОЖЖ басқа да бөліктері арқылы орындалатын шартсыз көптеген рефлекстер бар.

Қимылды қамтамасыз ету үшін сергітетін рефлекс маңызды рөл атқарады. Тынық жағдайда бұлшық еттерде күш салу болады, ол тонус деп аталады. Бұлшық еттің созылу нәтижесінде пайда болған күште қарсыласу пайда болады. Бұл миотатикалық рефлекс деп аталады, яғни, проприоцентивті рефлекске ұқсас, себебі, шиыршық тәрізді рецептордың тітіркенуі мен рефлекторлық қысқарудың жауабы сол бір бұлшық ет бөлігінде орналасқан.

Құрсақ рефлекстерін тексеру

Рефлекстердің сипаттамасы жүйке жүйесінің түрлі бөлігіндегі жағдайын қарастыруға мүмкіндік береді. Рефлекстердің зерттеу барысында олардың деңгейін (жоғары деңгейде рефлекторлық зонаны қарастырады), біркелкілігін, асимметрияны анықтайды. Рефлекстерді сипаттаған кезде келесі градацияларды қолданылады: тірі рефлекстер, гипорефлексия, гиперрефлексия (кеңейтілген рефлекс зонасы), арефлексия (рефлекстердің жоқ болуы).

Рефлекстер көбіне, көптеген нейрондардан тұратын қиын рефлекторлық доғалардан құрылады, соның нәтижесінде сыртқы ортамен организмнің кері немесе түзу байланысын қамтамасыз ететін, жүзік тәрізді және көп нейронды қиын рефлекторлық тізбекті құрайды.

Рецептордың орналасу орнына байланысты рефлекстерді үстіңгі (тері, шырышты) және терең (проприоцептивті) – бұлшық еттердің созылуына байланысты рефлекстер (сіңірлі, периостальды, буынды). Осылардың барлығы рефлекторлық доғаның тұйықталуында белгіленген сегментті деңгейлері бар.

Үстіңгі рефлекстер көздің мүйізгек қабығы, шырышты жұмсақ таңдай, көздің шырықты қабығы, жұтқыншақ, теріге жеңіл тітіркену кезінде пайда болады. Диагностикаға осылардың ішінен ең маңыздысы болып табылады:

Коньюнктивальды – көздің шырықты қабығына байқап емдік мақтаны тигізген кезде қабақтың қабысуы. Рефлекторлық доға: бас сүйек жүйкесінің 5-ші жұбының сезімтал талшығы – бас сүйек жүйкесінің 5-ші жұбының сезімтал ядросы – бас сүйек жүйкесінің 7-ші жұбының қимыл ядросы – m.orbicularis oculi

Жұмсақ таңдай рефлексі – қалақша немесе шәй қасығымен оған тиген жағдайда жұмсақ таңдайдың және тілдің көтерілуі. Рефлекторлық доға: : бас сүйек жүйкесінің 9-шы және 10-шы жұбының сезімтал талшығы мен ядросы – бас сүйек жүйкесінің 9-шы және 10-шы жұбының қимыл ядросы мен талшығы – констрикторлы (өзін өзі созатын жіп тәрізді) жұтқыншақ бұлшық еттері.

Жұтқыншақ рефлексі – жұтқыншақ жағына қалақшамен немесе шәй қасықпен тигізген кезде жөтел немесе құстыратын қимылға әкеледі. Рефлекторлық доға: бас сүйек жүйкесінің 9-шы және 10-шы жұбының сезімтал талшығы мен ядросы – бас сүйек жүйкесінің 9-шы және 10-шы жұбының қимыл ядросы мен талшығы – жұмсақ таңдайды көтеретін бұлшық еттер.

Тері рефлекстерге құрсақ, табан, кремастерлы және анал рефлекстері жатады.

Құрсақ рефлекстері (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) науқастың арқасымен тұрған жағдайында, сәйкес терінің зонасында спичка немесе жүйкелік балғаның қолымен сызықты тітіркенуін көрсетеді Қабырға доғасының ернуі төменгі іш терінің тітіркенуі арқылы жоғарғы тітіркені пайда болады; ортаңғысы – кіндік деңгейінде; және төменгі – шап қыртыстан жоғарғы деңгейінде. Сонымен қоса, іштің бұлшық еттері сәйкесінше деңгейде қысқарылады. Кейбіреулерінде бұл рефлекстер тұру жағдайында пайда болады. Жоғарғы, ортаңғы және төменгі құрсақ рефлекстерінің рефлекторлық доғасы жұлынның сегменті Th6-Th8, Th9-Th10 и Th11-Th12 деңгейде тұйықталады.

Кремастерлы рефлекс – жамбастың ішкі қабатын шаншумен немесе спичкамен түршіктірген кезде тастың жоғары қарай созылуы. Рефлекс доғасы жұлынның L1-L2 деңгейінде тұйықталады.

Анал рефлексі – оның жанындағы теріге жеңіл шаншу кезінде артқы өткелден сыртқы қысқыштың қысқаруы. Рефлекс доғасы жұлынның сегменті S4-S5 деңгейінде тұйықталады.

Терең рефлекстерге сіңірлі және периостальды, яғни, сіңірлі бұлшық еттің немесе сүйек қабығының бөлігінде балғамен ұрғанда пайда болатын рефлекстер.

Төменгі жақ рефлексі – жеңіл ашылған ауыздың иегіне салынған саусақтардың балғамен соққанда шайналатын бұлшық еттердің қысқаруы. Рефлекторлық доға: бас сүйек жүйкесінің 5-ші жұбының сезімтал талшықтың үшінші бұтағы нерв – бас сүйек жүйкесінің 5-ші жұбының сезімтал ядросы – бас сүйек жүйкесінің 5-ші жұбының қимыл ядросы – бас сүйек жүйкесінің 5-ші жұбының қимыл талшықтарының үшінші бұтағы - m.masseteri.

Сәулелі білек (карпорадиальды) рефлекс – білектің жеңіл бүгілуі мен пронациясы (ось бойынша айналдыруы), сәулелі сүйектің ұзын, жіңішке төменге қарай бағытталған бөлшегінің балғамен соққандағы саусақтардың бүгілуі. Рефлекс доғасы жұлынның сегменті С58 деңгейінде тұйықталады

Бүгілген білек (бицепитальды) рефлекс – иықтың екі басты сіңірлі бұлшық етінен балғамен соққанда білек буынында жіліншіктің бүгілуі. Рефлекс доғасы жұлынның сегменті С56 деңгейінде тұйықталады. (сурет. 4.7).

Жазылған - білек (трицепитальды) рефлекс – Иықтың үш басты сіңірлі бұлшық етінен балғамен ұрғанда жартылай бүгілген білек шынтақ буынының жазылуы. Рефлекс доғасы жұлынның сегменті С78 деңгейінде тұйықталады.

Тізе рефлексі – тізе тобығының тізбегін балғамен ұрғанда, жіліншіктің бүгілуі. Науқастың арқа жағы немесе отырған кезде қарастырылады. Қол буыны немесе аяқтың жеңіл бүгілген тізе буынының білегі жығылады, содан кейін тізе тобығының тізбегіне балғамен ұрады. Отырған жағдайда науқасқа тізе буынның аяғын жеңіл түрде ажыратып және жазуын сұрайды. Егер тізе буынының тізбегіне балғамен соққанда жамбастың төрт басты бұлшық еті жеңіл қысқарып немесе мүлдеп қысқармаса, науқасқа қол буынының саусақтарын "кілт" сияқты жасауын айтады және оларды жан жақа қатты созуын айтады. (Ендрассиктің қабылдауы). Рефлекстің доғасы бұлшық ет сегментінің L2-L4 деңгейінде тұйықталады.

Табан рефлексі – балғаның сабы немесе инесімен табанның сызықты тітіркенуі кезінде табанның барлық саусақтарының бүгілуі. Рефлекстің доғасы жұлынның сегменті L5-S2 деңгейінде тұйықталады.

Ахиллов рефлексі – ахиллов сіңіріне балғамен ұрғанда табанның бүгілуі немесе табан сырт жағының жазылуы. Науқасты орындыққа тізеге отырғызу керек, себебі табандар салбырап тұру керек, ал қолдары орындықтың артқы жағын ұстау керек. Науқастың жатқан жағдайында рефлексті шақыру үшін сол қолымен табанды ұстап, аяқты тізе буынын жеңіл тік бұрышпен бүгіп отырып, ахиллов сіңірін балғамен ұрады. Рефлекстің доғасы жұлынның сегменті S1 деңгейінде тұйықталады.

Рефлекстерді зерттеу рефлексті зоналардың созылу дәрежесі, асимметрияны, біркелкілік, олардық сипаттамасын анықтай отырып, жүйке жүйесінің түрлі бөліктерінің жағдайын айтуға мүмкіндік береді. Рефлекстерді сипаттай отырып мынадай градацияны қолданылады:

  1. тірі рефлекстер;

  2. гипорефлексия;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]