Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.86 Кб
Скачать

55. Қимыл жүйесін зерттеу әдістері: Бұлшық ет күшін анықтау

Науқастың белсенді қарсыласу кезіндегі барлық топтағы бұлшық еттері тексеріледі. Мысалы, иык белдеуінің бұлшық етін зерттеу кезінде, науқасқа екі қолының қарсыласуына қарамастан, горизонтальды күйде ұстап тұруын сұрайды.

Иык бұлшық етінің күші: науқасқа қолын шынтақ буынында бүгуін ұсынады, ал дәрігер оны тарқатуға тырысады. Білек бұлшық етінің күші: супинаторлы және пронаторлы қимылдарға қарсылас қимылы. Саусақтар бұлшық етінің күші: науқасқа білек буынының әрбір саусақтарымен "домалақ" жасауға ұсынады, ал зерттеуші оларды ажыратуға тырысады. Жамбас белдуі мен сан бұлшық етінің күші санның жоғарылауы, төмендеуі, түсіруі мен бұруы, соның ішінде қарсыласуы тексеріледі. Жіліншік бұлшық етінің күші дәрігердің жайылған кездегі немесе керісінше болған жағдайда табанды бүге жағдайы тексеріледі. Табан бұлшық етінің күші дәрігердің қарсыласуына қарамастан, бас бармақтың жайылуы мен бүгілуін тексереді. Білек буынының күшін динамометрмен өлшейді.

Аяқ-қолдың жасырын парезі Бар сынағының көмегімен анықталады. Сонымен, жоғарғы аяқ-қолдың парезін анықтау үшін, науқас көзін жұмып және супинация тұрысында қолын горизонтальды жазықтықта 30-60 секунд шамасында ұстап тұрады (Бардың жоғарғы сынағы). Аяқ-қолдың төменгі парезін анықтау үшін, науқас іш жағымен жатып, аяқ-қолын тізе буына дейін бүгіп 30-60 секунд шамасында ұстап тұрады (Бардың төменгі сынағы). Бір аяқ-қолда парез болған жағдайда, ол түсе бастайды немесе берілген жаттығудан сау жағына қарағанда бас тартуы болады.

56. Қимыл жүйесін зерттеу әдістері: Бұлшық еттің тонусы

тұрыс пен тепе-теңдікті сақтайтын, қимылға деген дайындықты қамтамасыз ететін, рефлекторлық, еріксіз бұлшық етті күш, сонымен қатар, бұлшық еттің созылуы мен ұзақ уақыт күште болуына қарсы тұра алатын қабілеттілігі. Бұлшық еттің екі компоненті ажыратылады: метаболикалық процессте болатын ерекшеліктерге тәуелді жеке бұлшық ет тонусы және жүйке бұлшық етті тонус (рефлекторлық), яғни, бұлшық еттің созылуынан пайда болады. Сергітетін реакция негізінде жұлында тұйықталатын доғаның, созылу рефлексінде жатыр. Әсіресе бұл тонус түрлі сергітетін реакцияларда, соның ішінде бұлшық еттің ОЖЖ-мен байланысын сақтайтын шартта орындалатын гравитациялық емес реакцияда жатыр. Бұлшық ет тонусына жұлынның (сегменті) рефлекторлық аппараты, афферентті жүйкелену, ретикулярлы формация, сонымен қатар сергітетін мойын, соның ішінде вестибулярлы орталықтар, мишық, қызыл ядроның жүйесі, базальды ядро және т.б. әсер етеді.

Бұлшық ет тонусын зерттеу барысы бұлшық етті тітіркенуімен орындалады (бұлшық ет тонусының төмендеу кезінде бұлшық ет бос, жұмсақ, ал жоғарғы тонуста тығыз консистенцияға ие болады), сонымен қатар, білектің артыңғы бұлшық еті мен жүйелеуші және реттеуші, бүгілген және жазылған бұлшық етте пассивті ырғақты қимылдар кезінде орындалады. Гипотония деп бұлшық ет тонусының төмендеуін атайды, ал атония – оның жоқ болуы. Бұлшық еттің гипотонониясы (атониясы) жұлынның алдыңғы бетінің жасушасы, түбі, жүйкенің зақымдалуы кезінде рефлекторлық доғаның эфференттік бөлігінің бұзылуы нәтижесінде шеткі паралич немесе парездің кезінде пайда болады, сонымен қатар, мишық, ми бағанасы, жұлынның артқы бұйра кендірі мен ала дененің зақымдалуынан пайда болады. Бұлшық еттің гипертониясы – пассивті қимылдардың зерттеу кезінде сезілетін күш. Спастикалық және пластикалық бұлшық ет гипертониясы ажыратылады. Спастикалы гипертония – пирамидалық жолдың зақымдалу кезінде аяқтың бұлшық еті (аддуктор) және жайылған күйі, бүгілген қол тонусының жоғарлауын атайды. Спастикалық гипертонияда аяқ-қолдың қайталанған қимылдардың нәтижесінде бұлшық ет тонусының өзгермеуі немесе төмендеуі. Спастикалық гипертония кезінде "шаппа" белгісі, яғни, бастапқы зерттеу фазасында пассивті қимылдың кедергісі байқалады. Пластикалық гипертония – экстрапирамидалық жүйенің зақымдалу кезінде білек бұлшық етінің терең қабатты артқы бөлігі (супинатор) және пронатор, жайылған, бүгілген бұлшық ет тонусының ырғақты жоғарылауы байқалады. Пластикалық гипертонияны зерттеу процессінде бұлшық етінің тонусы көбейеді, "тісті доңғалақ" белгісі байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]