Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.86 Кб
Скачать
  1. Ми инсульттерін анықтаудағы қосымша зерттеу әдістерінің маңызы

Көз түбіндегі өзгерістер. Инсульттің шұғыл кезеңінде көз тубінде ерекше өзгерістер бола бермеуі мүмкін. Қан құйылған ошақ ауқымды болған жағдайда көру нерві үрпісіне қан құйылуы немесе оның ісінуі мүмкін.

Ишемиялык инсульттер кезінде оған себеп болған ауруларға қатысты өзгерістер ғана байқалады. Мәселен, көз түбінен гапертония-лық ауру немесе атеросклерозға тән өзгерістер білінеді. Кейде тор қабық тамырларының қысылуы, тарылуы мен ирелеңцеуі көрініс береді.

Электроэнцефалография (ЭЭГ). Ишемиялық инсультке қатысты ошақтар аймағында анығырақ білінетін жарты шараралық асимметрия, ми биопотенциалының бұзылғандығы байқалады, ал геморрагиялық инсульттін жедел кезеңінде ми қыртысының барлық аймақтарында биоэлектрлік белсенділік өрескел өзгерістерге үшырайды.

Ультрадыбыстық энцефалография (Эхо-ЭГ). Геморрагиялық инсультпен ауырғандарда орталық құрылымдар ауытқып (3-тен 6-7 мм-ге дейін), қарыншалар кеңейеді. Ишемиялық инсультте әдетге мұндай өзгерістер болмайды. Тек аумақты былбырауға (ұйқы артериясының эмболиясы, тромбоздары) байланысты ми жарты шарының ісінуінен орталық құрылымдардың ауытқуы (3—4 мм-ге дейін) мүмкін.

Реоэнцефалографиялық зерттеулер (РЭГ) арқылы ми тамырларьшың атеросклерозы әсерінен толқындардың нығыздалуы, ал артериялық гипертонияға байланысты олардың тұрақсыздаңуы анықталады.

Ми тамырларының ангиографиясы инсульттің сипатын барлық жағдайда анықтауға көмектеседі. Дегенмен ангиография сырқаттардың 2—3 %-ында ауруды асқындыруы мүмкін. Сондықтан оны арнаулы көрсеткіштерге сүйене отырып пайдаланған жөн. Ангиография операция алдында инсульттің сипаты толық анықталмаған жағдайда қолданылады. Мұндайда тамырдың бітеліп қалуына, тарылуына немесе ондағы аномалиялық өзгерістерге байланысты ақау анықталады.

  1. Ми инсульттерін анықтаудағы компьютерлік томография әдісі.

Компьютерлік томография (КТ) әдісі миға қан құйылуы мен ондағы ишемиялық ошақтарды ажыратады. Қан құйылу ошағы тығыздығы жоғары аймақтар ретінде көрініс береді, ал ишемиялық ошақтарда (инфарктер) тығыздық өзгермейді немесе керісінше олар төменгі тығыздық зоналары түрінде көрінеді (9-сурет). КТ-ның бұл мүмкіндігінің маңызы өте зор. Өйткені клиникалық белгілерінің ерекшеліктері арқылы қан құйылу мен инфаркты ажырату мүмкін бола бермейді. Сондықтан миға қан құйылғандығын КТ көмегімен жоққа шығарғанша, антикоагулянттарды тағайындауга болмайды. Өйткені люмбалдық пункция арқылы алынған ми-жұлын сұйығында қан қосындысы байқала бермейді. Мидағы инфарктың 15-20 %-ы КТ-де бірден көрініс береді. Дегенмен көптеген жағдайда орташа көлемді инфаркт КТ-де 3—5 күн өткенде байқалады.

Эмболиядан болатын көптеген инфарктерді, оның ішінде орнығу ерекшеліктеріне байланысты клиникалық белгілері білінбейтіндерін КТ көмегімен анықтауға болады. Кейде КТ артериовеноздық мальформация мен аневризмаларды анықтауға де көмектеседі. Бірақ оларды дәлелдеу үшін ангиография әдісін қолдану керек.

Миды компьютерлік томографиялау — инсульттің шұғыл кезеңінің диагностикасында аса қажет әдістердің бірі, өйткені оның көмегімен қан құйылу ошағы айқын білінеді. Бірақ көлемі аса кіші қан құйылу ошақтарын, ми инфарктісінің созылмалы кезеңінің алғашқы 48 сағатында, артқы бас сүйек қуысындағы ишемияны, инсультке ұқсас белгілері бар басқа да ауруларды (мысалы, ми ісігін), қуысты синус (қойма) тромбозын анықтауда магнитті-резонанстық томографияның (МРТ) мүмкіншілігі жоғары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]