Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-денгей 300.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.86 Кб
Скачать
  1. Геморрагиялық инсульт клиникасы.

Көбіне инсульттің пайда болуына осы факторлардың екеуі де ықпал етуі мүмкін.

күндіз көңіл-күйі тынышсызданады, қатты шаршағанда ешбір себепсіз сырқат кейде кенет есінен танып қалады. Сырқат кома жағдайында болады, онымен байланыс жасау мүмкін емес.

Сырқат құлаған жерінде қозғалмай жатыр. Оның беті қызарған, қан қысымы көтерілген, тамырының соғуы сылбыр, тынысы тарылған. Өздігінен зәр мен нәжіс шығып кету жиі кездеседі. Дене қызуы 37,5— 38°-қа дейін көтеріледі.

Бас сүйек-ми нервтерін тексергенде көз қарашығының кеңуі мен екі қарашықтың біркелкі еместігі, оның жарыққа әсерінің солғындығы, көз алмасының патологиялық ошаққа қарай бұрылуы (көз қарасының салдануы), өздігінен нистагм, көз алмасының қалықтап қозғалуы, ым (бет) бұлшық еттерінің парезі байқалады.

Қол-аяғы қимылдамайды. Көтерілген қолы қамшының өрімі тәрізденіп төмен түсіп кетеді. Инемен шанышқылағаңда ешқандай реакция байқалмайды. Кейде салданбаған жағында аздаған қимыл білінуі мүмкін. Салданған жағында бұлшық ет тонусының төмендеуі анығырақ білінеді. Аяқ ұшының өздігінен сыртқа бұрылып кетуі байқалады.

Алғашқы күндері сіңір рефлекстері төмендейді немесе білінбей

қалуы да мүмкін. Салданған жағында онша айқын емес, немесе байқал-

майтын, аяқ ұшында білінетін патологиялық рефлекстер көрініс береді.

Көбіне қанның ми қарыншаларына немесе тор қабық асты қеңістігіне

өтіп кеткендігіне, не оларға жақын орналасқан ірі ұйыған қан ошағына

байланысты жалпы милық және менингеалдық симптомдар белгі береді.

Мұндай жағдайларда қан құйылған ошақтан тор қабық асты кеңістігіне

өтседе, ми-жұлын сұйығы қан білінеді.Тор қабық асты кеңістігіне қан құйылу өте жиі кездеседі. Ол ми тамырлары аневризмасының жарылуынан, сирегірек жағдайда артерия қысымының өте жоғарылауы мен артерия-веноздық аневризмаға байланысты тамыр жарылуынан пайда болады,

Ауру кенеттен басына соққы тигендей болып басталады да, соңынан басы қатты ауырып, құсу және лоқсу пайда болады. Сырқат көбіне тынышсызданып, бір орнында отырмауға, бір жаққа кетіп қалуға әрекеттенеді. Кейде ауру эпилептикалық ұстама түрінде басталады. Бірнеше сағат, кейде 1 —2 күн өткеннен кейін менингеалдық симптомдар пайда болады. Сіңір рефлекстері басыңқы,

  1. Мидың бүйір қарыншасына және 4 қарыншаға қан құйылудың клиникалық көрінісі.

Мидың бүйір қарыншаларына қан өткенде сырқаттың беті қызарады, тамыр соғысы әуелі сылбырланып, соңынан жиілейді, дене қызуы жоғарлайды, ол өздігінен зәрі шығып кеткенін білмей қалады. Науқастар өзін-өзі уқалап, сипау секілді стереотиптік қимылдар (автоматтанған сілтемелер) жасайды. 1948 жылы С.Н. Давиденков суреттеген горметониялық синдром дамиды. Ол аяқ-қол бұлшық еттерінің жиырыльш, қысылуы (қолында экстенсорлы-пронаторлық, аяғында аддукторлы-экстенсорлық немесе флексорлық қимылдар) ретіңде білінеді.

III қарыншаға қан құйылуының клиникалық белгілері қатты терлеу, бетінің қызаруы, дене қызуының 40—41°-қа көтерілуі, артериялык қысымның тұрақсыздығы және тахикардия арқылы білінеді,

IV қарыншаға қан құйылғанда науқастың түсі қуқыл тартады, онда ықылық, құсу, тамыр соғуының жиілеуі мен дем алысының бұзылғандығы байқалады, парездар мен салдар болмаса да, екі жағынан патологиялық рефлекстер анықталады. Бүйірлік қарыншаларға қан құйылуынан айырмашылығы - мұнда горметониялық синдром мен автоматганған сілтемелер сирек кездеседі немесе олар көмескі білінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]