Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DOC-20170608-WA0001.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

94.Балалардағы және ересектердегі ыстық өту және күн тию кезіндегі ауруханаға дейінгі шұғыл көмек.

Күн өту және ыстық өтудің белгілері

Сырқаттың жеңіл дәрежелі түрінде:

әлсіздік;

бас ауыру;

жүрек айну;

демалу мен тамыр соғуының жиілеуі;

Дененің терлеуі.

Сырқаттың орташа дәрежелі түрінде:

Еңсенің түсуі;

Бастың қаттыауыруы;

Лоқсу және құсу;

құлақтың бітуі;

қорғаншақтықозғалыс;

демалу мен тамыр соғуының жиілеуі;

кей кездері – талып қалу.

Сырқаттың ауыр дәрежелі түрінде:

естен тану;

Дененің қалшылдауы;

ой-сананың бұзылуы;

сандырақтау;

елестеушілік;

Үстіртін демалу және жиілеуі;

Тамырдың соғуы - 1 минутта 120-140 рет:

дене қызуы ның көтерілуі (41-42°);

зәрдің мөлшерінің азаюы.

Күн өту және ыстық өту салдарынан қояншық аурудың ұстауы, бас сүйек ішіндегі қан қысымының жоғарлауы, психикалық жәнет.б. өзгерістердің болуы байқалады.

Алғашқы жәрдем

Күн өту және ыстық өту белгілері білінгенде дереу дәрігер шақырып немесе ауырған адамды жақын маңдағы емханаға жеткізген жөн.

Дәрігер келгенше науқасты көлеңкеге немесе салқын бөлмеге жатқызып, үстіңдегі тар киімін шешу керек.

Басына, шүйедесіне, қолтығына мұзсалынған немесе салқын су құйылған грелка қойған жөн.

Науқас адамды ылғалды ақжаймамен орауға да болады; сусынды – тұзды салқын суды, салқын шайдыкофені көбірек ішкен дұрыс.

Ыстық ұрған адамның тыныс алуын күшейту үшін салқын суға малынған сүлгімен  немесе орамалмен жағынан шапалақтап ұрады, мүсәтір спиртін искетеді, оттегін жұтқызады, денесін ысқылайды.

Дәрігер келгенге дейін бір шайқасық кордиамин, 10 проценттік кофеин ерітіндісінің екі ампуласын ішкізуге болады.

Егер тыныс алуы қиындай түссе, қолдан демалдыру керек.

Алғашқы жәрдем

Сырқаттың жеңіл және орташа дәрежелі түрінде уақытылы көмек көрсетілсе науқас адам тез қалыпты жағдайына келеді. Ал ауыр дәрежелі түрінде уақытылы көмек көрсетілмесе адам өмірін сақтап қалу мүмкін болмайды.

Алдын алу

Күн өту және ыстық өтудің алдын алу үшін ауа райының ыстық кезінде жеңіл, қимыл-қозғалысқа бөгет жасамайтын ашық түсті киім кию қажет; басқа бас киім (ши қалпақ, панама, жалбағай, күнқағар) кию немесе ашық түсті орамал тарту керек. Шақырайған күн көзіне шығарда, ұзақ жол жүрер алдында тамақты тоя жемеу керек, күн көзінде ұйықтауға болмайды. Жаға жайда демалған кезде сақ болған дұрыс, ұзақ уақыт бойы күн көзінде жүруге және қапырық бөлмеде отыруға болмайды.

 95. Созылмалы пиелонефрит. Диагнозын анықтаудың клиникалық-лабораториялық критерийлері. Алдын алу, рационалды фармакотерапия және динамикалық диспансерлік мониторингтың негізгі принциптері. Пиелонефрит – инфекциядан туындаған бүйректің (бір бүйректің ) қабынбалы ауруы, патологиялық процесс басым жағдайда интерстициалды тінде орналасады жəне тостақша-түбек жүйесінің міндетті зақымдануы.А

Жіктелісі:

2. Орналасуы бойынша: біржақтылық жəне екіжақтылық.

3. Бүйректік интактілігі бойынша: біріншілік жəне екіншілік.

4. Бүйрек функциясының жағдайы бойынша – бүйректік созылмалы ауруының халықаралық жіктемесі (БСА), K/DOQI:

- І стадия, ШФЖ (шумақтық фильтация жылдамдығы) – ≥ 90 мл/мин;

- ІІ стадия, ШФЖ – 89-60 мл/мин;

- ІІІ стадия, ШФЖ – 59-30 мл/мин;

- IV стадия, ШФЖ – 29-15 мл/мин;

- V стадия, ШФЖ –15 мл/мин аз (ТХПН).

Диагностика

Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: - температураның жоғарылауы; - белдің ауыруы; - дизурия;

- макрогематурия эпизодтары; - полиурия; - əлсіздік;  - шаршау.в

Физикалық тексеру: - бүйрек орналсқан ауданды сипалағанда ауыру; - артериалдық гипертония.

Инструменталдық зерттеулер:

- бүйректі УДЗ: зəрді іркілу белгілері, туа біткен даму аномалиясыА;

- цистография - қуық-зəрағарлық рефлюкс немесе антирефлюкстік операциядан кейінгі жағдайА;

- нефросцинтиграфия – бүйрек паренхимасының зақымдалу ошақтарыВ;

- диагноз түсініксіз болғанда - бүйректің диагностикалық пункциялы биопсиясыС.  

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:  - мұрын-жұтқыншақ, ауыз қуысы жəне сыртқы жыныс органдары инфекцияларын санациялау үшін ЛОР-дəрігер, стоматолог, гинеколог; - аллергия көріністері кезінде аллерголог; - микроқантамырлардағы өзгерістерді бағалау үшін окулист;  - айқын артериалды гипертензия, ЭКГ тарапынан бұзылулар кардиолог консультацясы үшін көрсетім болып табылады; - жүйелік процесс белгілері кезінде – ревматолог;  - вирустық гепатит, зоонозды жəне құрсақішілік жəне басқа инфекциялар кезінде – инфекционист.

Негізгі диагностикалық шаралар:

1. Қанның жалпы анализі (6 параметр), гематокрит.

2. Сандық əдіспен СРБ.

3. Колония жəне антибиотикограмманы таңдап зəрді себу.

4. Креатинин, мочевина, зəр қышқылын анықтау.

5. Шумақ фильтациясының жылдамдығын Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептеу:

                           (140 – жасы) х салмақ (кг) х коэффициент

ШФЖ, мл/мин = -------------------------------------------------------------------

0.82 х қан креатинині (мкмоль/л)

Коэффициент: əйелдер үшін = 0.85; ерлер үшін =1

6. Жалпы белок, белок фракцияларын анықтау.

7. АЛТ, АСТ, холестерин, билирубин, жалпы липидтерді анықтау.

8. Калий/натрий, хлоридтерді, темір, кальций, магний, фосфорды анықтау.

9. Қышқылды-негізді жағдайды анықтау.

10. Зоонозды инфекцияларға ИФА.

11. Зəрдің жалпы анализі.

12. Зəр белогының электрофорезі (зəрдегі бета 2- жəне альфа1-микроглобулинді анықтау).

13. Зимницкий бойынша анализ.

14. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.

15. Бүйрек қантамырларының допплерометриясы.

16. Гельминт жұмыртқаларына қырынды алу.

17.Копрограмма.  

Қосымша диагностикалық шаралар:

1. Жасырын қанға нəжісті зерттеу.

2. Кеуде клеткасының рентгенографиясы (бір проекция).

3. ЭКГ, эхоКГ.

4. Коагулограмма 1 (протромбиндік уақыт, фибриноген, тромбиндік уақыт, АЧТВ, плазманың фибринолиттік белсенділігі).

5. А, М, G, E иммуноглобулиндердің барлығына ИФА.

6. Компьютерлік томография.

7. Нефробиоптатты гистологиялық зерттеумен бүйрек биопсиясы.

Дифференциалды диагноз

Белгі

Созылмалы

тубулоинтерстициалды нефриттің асқынуы

Созылмалы нефриттік синдром

Аурудың басы

Дизуриялық көріністен жіті,

температураның жоғарылауы,

анамнезде жіті пиелонефрит,

Біртіндеп, микрогематурияны

кездейсоқ табу, көтерілген АҚ

Ісінулер

Тəн емес

Жиі

Жынысы

Жиірек əйелдер

Ерлер де, əйелдер де

Артериалдық қысым

Тəн емес

Жиірек көтерілген

Жалпы симптомдар

Қызба, уыттану айқын, дизурия

Ісінулер, гематурия, АҚ көтерілуі

Жергілікті симптомдар

Белдің бүйрек орналасқан

ауданының ауыруы

Айқын емес

Дизурия

Тəн емес

Тəн емес

Лейкоцитурия

Выраженная

Не характерна

Гематурия

Айқын

Тəн емес

Гиперазотемия

Сирек, транзиторлы

Жиі, біртіндеп үдеумен

 

Емдеу тактикасы - бүйрек тіндеріндегі қабынбалық процесстерді жою немесе азайту (антибактериалды терапия);  - симптоматикалық терапия – артериалды гипертензия, гомеостаз бұзылыстары, анемияны түзету;

- диурездік, нефропротективті терапия.

Дəрі-дəрмексіз ем: №5 диета, тағам рационынан ащы тамақты, көп қайнаған сорпаларды, түрлі дəмдеуіштерді, қою кофені алып тастау, қорғанышты режим.

Дəрі-дəрмекті ем

Дезинтоксикациялы терапия: - көп мөлшерде сұйықтық; - глюкозаның 5-10% NaCl 0.45% ерітіндісі түріндегі парентералды инфузиялық терапия тек қана диспепсия кезінде көрсетілген (жүрек айну, құсу, диарея).

Антибактериалды терапия Микробқа қарсы заттарды, олардың микрофлорасына сезімталдылықтың қатаң ерте жəне ұзақ уақыт тағайындау, негізгі принцип болып табылады. Ерте жəне ұзақ уақыт бойы микробқа қарсы заттарды тағайындау, негізгі принцип болып табылады. Мұнан басқа, мүмкіндігінше зəрдің қалыпты пассажына кедергілерді жою.

1. Грам-оң флора: полусинтетикалық пенициллиндер (Ампициллин, амоксициллин + клавулан қышқылы).

2. Грам-теріс флора: Ко-тримоксазол + Флюорохиндер (Ципрофлоксацин, Офлоксацин, Норфлоксацин).

3. Нозокомеальді инфекция: Аминогликозидтеры (Гентамицин) + Цефалоспорины (Цефриаксон, Цефотаксим, Цефтазидим).

4· Қосалқы антибиотиктер: Имипенем, Амикацин.

5· Уроантисептиктер: нитрофураны (Фурагин). Антибактериалды терапия ұзақтығы инфекциялық процесстің ауырлығымен, асқынулардың болуымен анықталады.

Бірқатар жағдайларда басқа антибактериалды заттар қосылған, ұстап тұрушы терапия қажет – уросептиктер (фурагин 1-2 мг/кг/түнге, ко-тримаксазол – 120-240 мг түнге). Бұған параллель саңырауқұлаққа қарсы терапия (итраконазол), ішек микрофлорасын түзету, иммуностимуляторлармен терапия қажет.

Басқа жағдайларда жіті тубулоинтерстициалды нефриттің емі – симптоматикалық.

Дəрілік нефрит - дəріні тоқтатуды, ауру себебі, көлемді сұйықтық, жұтаң диетаны қажет етеді.

Әрі қарай жүргізу: бүйректің фильтрациялық, концентрациялық функцияларын, зəр анализдерін, артериалдық қысымды бақылау, бүйректі УДЗ, бүйрек нефросцинтиграфиясы. Əрі қарай тубуло-интерстициалдық өзгерістер гломерулярлы өзгерістермен қосылуы мүмкін (появление отеков, гипертонии).

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі

1. Амоксициллин + клавулан қышқылыв, қапталған таблеткалар, 250 мг/125 мг, 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг, вена ішіне енгізу үшін флакондардағы ерітінді дайындау үшін ұнтақ 500 мг/ 100 мг

2. АмпициллинА – 500 мг, фл.

3. ЦефтриаксонВ 500мг, 1 г фл.

4. Имипенемыв

5. Флюорохиндер (Ципрофлоксацин, Офлоксацин, Норфлоксацин)в

6. Ко-тримоксазолС – 120 мг, 480 мг таб.

7. Цефуроксим аксетилв – 125 мг, 250 мг таб, суспензиялар

8. ГентамицинС 40мг, 80 мг фл.

9. Фурагинв 50 мг таб.

10. Эналаприлс 5 мг, 10 мг таб.

Қосымша дəрі дəрмектер

1. Цефуроксим инъекция үшін флакондардағы ерітінді дайындау үшін ұнтақ 750мг, 1.5 гр.

2. Цефтазидим порошок инъекция үшін флакондардағы ерітінді дайындау үшін ұнтақ 500 мг, 1 гр, 2 г

3. Ко-тримоксазолС – 120 мг, 480 мг таб.

4. Эпоэтин бета, шприц-тюбиктер 1000 ХБ жəне 10 000 ХБ

5. Темір препараттары: сульфат, капс 300мг, темір сукраты

6. Итраконазол оралды ерітінді 150 мл – 10 мг\мл

7. Итраконазол 100 мг, капс.

Ем тиімділігінің индикаторлары:

- уыттану симптомдарын басу;

- зəрді санациялау;

- артериалдық қысымды қалыпқа келтіру;

- диурез жəне гомеостаз көрсеткіштерін қалпына келтіру;

- асқынулардың болмауы немесе басылуы.

Госпитализациялау үшін көрсетімдер: пиелонефриттің клиникалық-лабораторлық белсенділігі.

Стационарға жолдау кезіндегі минимум тексерулер:

1. ҚЖА.

2. ЗЖА.

3. Сандық əдіспен СРБ.

4. Креатинин, жалпы ақуыз, трансаминаз, тимол сынамасы жəне қан билирубині.

5. Бүйректі УДЗ.

Профилактика

Профилактикалық шаралар:

- вирусты, саңырауқұлақты инфекциялар профилактикасы;

- электролиттік теңгерім бұзылуларының профилактикасы;

- асқынулардың профилактикасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]