Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DOC-20170608-WA0001.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

44.Іштегі ауырсыфну синдромында екшеу диагнозын анықтаудың тиімді алгоритмі. Гастро-эзофагиалды рефлюкс ауруы. Асқазан мен 12елі ішектің жара аурыу диагнозын анықтаудың клин-эндоскопиялық көрінісі.

Савари және Миллер бойынша ГЭРА эндоскопиялық жіктелуі

0 дәреже

Эзофагитсіз ГЭРА (эндоскопиялы келеңсіз)

І дәреже

Бөлек эрозия және/немесе өңештің тұтаспаған дистальды бөлігінің эритемасы.

ІІ дәреже

Тұтасқан, бірақ шырышты бетін толық қамтымаған, эрозиялық зақымданулар

ІІІ дәреже

Өңештің төменгі үштен бір бөлігінде жаралар, тұтасып кеткен және шырышты бетін толық қамтып жатады.

ІVдәреже

Өңештің созылмалы жарасы, стеноз, Беррет өңеші (өңештің шырышты қабығының цилиндрлі метаплазмасы)

 ГЭРА-ның эндоскопиялық белгілерін жіктеу. (I. Tytgat бойынша  В.Ф. Приворотский және  авт.  модификациясында.)  1 дәреже. Шамалы байқалатын ошақты эритема және/немесе өңештің абдоминальды бөлігінің шырышты қабықшасының көлкілдеп тұруы, төс айналасындағы шамалы байқалатын қозғалыстық бұзылулар (2-сызығының көтерілуі 1 см-ге дейін), қысқа уақытқа қоздырылған  субстальды пролабирлену биіктігі 1-2см, төс тонусының төмендеуі. 2 дәреже. Сол сияқты + өңештің  абдоминальды бөлігін толық алып жататын гиперемиясы, ошақты фибринозды өңезі бар  және беткі жағында жекелеген, көп жағдайда өңештің шырышты қабықша қатпарларының ұшында орналасқан  эрозияның сызықты  түрі  болуы мүмкін.  Қозғалыс бұзылулары: айқын эндоскопиялық белгілер, 3 см жоғарғы жағында тотальды немесе субтотальды қоздырылған пролабирлену және оның аз бөлігі өңешке бекінуі мұмкін. 3 дәреже.  Сол сияқты + қабыну өңештің кеуде бөлігіне тарауы. Көптеген (кейде бірігіп кеткен эрозия), айналмалы емес орналасқан. Шырышты қабықшаға тиген жердің жаранғыш болуы мүмкін. Қозғалыс бұзылулары: сол сияқты + көкет аяқшаларының жоғарғы бөлігінде кездейсоқты немесе қоздырылған пролабирленудің айқын болуы және шамалы бекінуі мүмкін. 4 дәреже. Өңеш жарасы. Баррет  синдром. Өңеш стенозы. 2002 жылы Лос-Анджелесте гастроэнтерологтардың Дүниежүзілік  конгрессінде алғаш рет ГЭРА-ның  клиникалық жіктелуі ұсынылған болатын, соған сәйкес келесі түрлерін анықтауға болады:  бейэрозиялы   рефлюксті ауру  (БЭРА), эрозиялы эзофагит (немесе эрозиялы ГЭРА) немесе рефлюксті аурудың асқынған түрі болып саналатын және асқазан немесе ішектің көпқабатты жалпақ эпителиінің цилиндрлі эпителиймен метаплазмиялануы ретінде сипатталатын Баррет өңеші.

Асқазанның немесе ұлтабардың ойық жарасын анықтау ойық жараның өлшемі мен орналасқан жерін анықтауға, сондай-ақ,  хеликобактериозды (Helicobacter pylori қоздырғышын),  асқазанның қышқылдығын анықтауға негізделеді.  Арнайы диагностика әдісі - фиброгастродуоденоскопия (ФГДС). Әдіс асқазан қабырғасының немесе ұлтабардың беткері қабатын (сілемей қабығы) өңеш арқылы асқазанға енгізілетін зондпен қарау.Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) – ақау іздеу үшін асқазан мен ұлтабарға өңеш арқылы эндоскопты (шағын иілгіш түтік, ұшында камера мен шамы бар) енгізу. Бұл кезде көптеген ойық жара ауруларының негізгі себебі - Helicobacter Pylori бактерияларын анықтау үшін арнайы биопсиялық қысқыш арқылы тін үлгілері де алынады. Эндоскопия процедурасы кезінде ойықжарадан күшті қан кетуі болса, ауырсынуды басатын укол салынуы мүмкін.Бұл әдіс асқазанның немесе ұлтабардың сілемей қабығының беткері қабынуы болатын гастрит пен гастродуодениттен ойықжараны ажыратуға көмектеседі.Асқазанның немесе ұлтабардың сілемей қабатындағы қабыну үрдісі әдетте, шағын (диаметрі бірнеше см) дөңгелек түзіліс, шеттері көтеріңкі, бұл қарқынды қабынуды білдіреді (қабыну белі).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]