- •7.Анемия синдромы.Латентті темір жетіспеушілік...
- •29. Балалардағы және ересектердегі электр тогымен жарақаттану кезіндегі ауруханаға дейінгі шұғыл көмек.
- •32. Балалардағы және ересектердегі жануарлар, жыландар,жәндіктер шаққан кездегі ауруханаға дейінгі шұғыл көмек.
- •Жыланның шағуы
- •Қарақұрттың шағуы
- •Кененің шағуы
- •Бауыр циррозындағы және тубперитониттегі асцит сұйықтығы
- •Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.
- •Асқынуларды емдеу.
- •Анықтамасы
- •Жіктемесі
- •Диагностика
- •Дифференциалды диагноз
- •Емдеу тактикасы
- •1. Іш қатудың анықтамасы
- •2. Эпидемиология
- •3. Этиология
- •4. Патогенез
- •5. Клиника және диагностика
- •Тәсім 1. Іш қату кезіндегі диагностикалық алгоритм
- •6.Емдеу
- •Жүректің ишемия ауруы
- •Стенокардия (жүрек қыспасы)
- •Фармакологиялық сынамалар
- •Стенокардияны емдеуде қолданылатын антиангинальдық препараттар
- •42. Жөтел синдромында екшеу диагнозын анықтаудың тиімді алгоритмі .Жедел респираторлы вирусты инфекция. Диагнозын анықтаудың критерийлері. Рационалды фармакотерапия.
- •44.Іштегі ауырсыфну синдромында екшеу диагнозын анықтаудың тиімді алгоритмі. Гастро-эзофагиалды рефлюкс ауруы. Асқазан мен 12елі ішектің жара аурыу диагнозын анықтаудың клин-эндоскопиялық көрінісі.
- •45.Сидероахрестикалық темірмен қатыққан анемиялар. Диагностикадағы клиниколобараторлы критерийі. Аллдын алу.
- •47. Эктопиялық ритмі. Себептері. Диагнозын анықтаудың клин- электрокардиографиялық критерийлері.
- •I. Пайда болу мерзіміне байланысты:
- •III. Аурудың себебіне қарай:
- •IV. Кедергінің орналасуына қарай:
- •50. Көру ағзаларының бөгде денесі кезіндегі ауруханаға дейінгі шұғыл көмек.
- •52. Кардиомиопатиялар. Диагнозын анықтау критерийлері.
- •3. Рестриктивті кардиомиопатия
- •4. Аритмогенді оң қарыншалық кардиомиопатия
- •53.Кенеттен өлім синдромында ауруханаға дейінгі шұғыл көмек
- •54. Жүректегі шулар синдромында екшеу диагнозын анықтаудың тиімді алгоритмі. Жүре пайда болған жүрек ақаулары. Митральды ақаулар.
- •Дифференциалды диагноз
- •60.Тітіркенген (қозған) ішек синдромы
- •94.Балалардағы және ересектердегі ыстық өту және күн тию кезіндегі ауруханаға дейінгі шұғыл көмек.
- •96. Миокардиттер. Диагнозын анықтау критерийлері.Рационалды фармакотерапияның және динамикалық диспансерлік мониторингтың негізгі принциптері.
1. Іш қатудың анықтамасы
Іш қату (лат. constipatio) – бұл ішектің босатылуы (дефекация) үрдісінің бұзылуымен сипатталатын синдром: жекелеген физиологиялық қалыпты жағдаймен салыстырғанда дефекация әрекеттері арасындағы интервалдардың ұзаруы немесе ішек босатылуының жүйелі жеткіліксіздігі. Дефекацияның тәулігіне 3 реттен аптасына 3 ретке дейінгі жиілікте болуы қалыпты деп есептеледі. Бірақ қалыпты жағдайға жеке қарау керек, егер науқаста дефекация күнде болып, кейін аптасына 3 рет болса, ішек қызметінің іш қатуға бейімділігі деп қарастыруға болады [1,3,5].
Іш қатуға күнделікті, бірақ, ауырсынумен, қосымша күшенуді, саусақтық ширықтыруды қажет ететін және ішектің толықтай босатылмауын сезінумен аяқталатын аз мөлшерде, қатты нәжістің бөлінуін де жатқызады.
Іш қату деп дефекация әрекетінің қиын болуын да есептеуге болады. (нәжістің қалыпты реттілігінің сақталуымен). Клиникалық көрінісін дефекацияның қиындауы, ішектің толық емес босатылуы және іште жайсыздық сезімінің болуымен толықтырылады. Іш қатуды созылмалы деп ішек босатылуының 48 сағат және одан да көп уақытқа ұласуы жағдайын айтады. Созылмалы іш қату екі және одан жоғары белгілердің 3 ай аралығында болуында дәлелденеді. Констипацияның болуы немесе болмауы келесі сипаттамалармен анықталады: нәжістің жиілігі, дефекация әрекеті кезінде күшенудің ұзақтығы, сапасы, нәжістің консистенциясы және пішіні, ішек ішіндегісінің толық немесе толық емес эвакуациясы, анус саңылауы мен анус маңында ауырсынулардың болуы немесе болмауы (дефекация әрекеті кезіндегі дефекация), абдоминальды ауырсыну, дефекация әрекеті кезінде саусақ көмегімен ширықтыруды қолдану [4].
«Іш қату» терминін науқастар мен дәрігерлер жиі қолданғанымен, әр түрлі түсініктеме береді. Батыс дәстүрі бойынша тамақтанатын көптеген ересек адамдарда нәжіс тәулігіне 1 рет болады. Дефекация жиілігі әйелдерде дәлелді түрде сирек. Ер адамдарда әйелдерге қарағанда фекалий консистенциясы жұмсақ болады.
Нәжістің пішіні мен консистенциясын бағалау үшін Бристоль шкаласын қолданған дұрыс. Дені сау адамдарда фекалий массасы тәулігіне 110гр., бірақ 40 грамнан 260 грамға дейін толқуы мүмкін [5]. Нәжіс консистенциясы құрамындағы су мөлшерімен анықталады, қатты нәжісте оның мөлшері 40% аспайды, қалыптыда – 70% және сұйықта 95%. Іш қатудың объективті критерийі нәжіс массасының тәулігіне 35 г аз болуы. Ерлерде және жас адамдарда нәжіс массасы әйелдер мен егде жастағы адамдармен салыстырғанда көп болады. Фекалий мөлшері ауытқымалы және көптеген себептерге байланысты болады: емдәмнің ерекшелігіне, әлеуметтік жағдайға, әдетті күн тәртібінің ауысуына, климатқа, сұйықтық қабылдау көлеміне, гормондық циклге (menses). Дефекация әрекетінің барлық көрсетілген сипаты ішек ішіндегісінің асқаза-ішек жолдары арқылы өту уақытына байланысты. Контрастылы маркерлер мен радиобелсенді изотоптар қолдану арқылы өту уақытын зерттеу барысында сау адамдарда ол 60 сағатқа жуық болды: әйелдерде - 72 сағат, ерлерде – 55 сағат [1,2,6].
2. Эпидемиология
Бұл бұзылыстың кең таралуына байланысты іш қатуды өркениеттік ауруға жатқызады. Әр түрлі елдерде созылмалы іш қатумен ересек тұрғындардың 2 пайыздан 27пайызға дейін сырқаттанады, сонымен қатар, стационарда ұзақ уақыт төсектік режимде болған науқастардың 60-70-%. Ұлыбританияда созылмалы іш қатумен ересек тұрғындардың шамамен 50% срқаттанған, сондықтан, бұл мәселені мемлекеттің жалпы ұлттық шеніне қойған, Алманияда -30%, Франция мен Америка Құрама Штататтары - 20%, Ресейде – 30-35% жуық. Жиі қала тұрғындары сырқаттанады, әсіресе, олардың арасында әйел адамдар жиі кездеседі (2 есе). Зерттеулерге сүйенсек, созылмалы іш қату балаларда 10-25% жиілікте анықталса, 60 жастан асқан егде жастағы адамдар арасында 60% жағдайда кездеседі. Әйел адамдар ағзаларының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ерлерге қарағанда 3 есе жиі ауырады [3,5,6].
Гастроэнтерологиялық саладағы науқастарда іш қату жиілігі 60-65% құрайды. Бұл өмір сапасын 20% және одан жоғары төмендететін, әмбебапты патогенді фактор [6].
