Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ortopedia_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.8 Кб
Скачать

2) Болмайды

3) қозғалмалы тістерді жұлу керек

+4) екі 23, 28 қосымша тірек тістерді қосу керек

5) қосымша бір 28 тірек тісті қосу керек

327. "Науқас А. штампты-дәнекерленген көпір тәрізді протездің тірек сауыттарын шақтап көру сатысында. Тістемі ортогнатиялық. Тіс формуласы:

Диагноз қойыңыз. Пациенттен осы сатыда қандай қалып алу керек?

1. Кеннеди бойынша жоғарғы жақ тіс қатарының ақауы IV класс

2. Кеннеди бойынша жоғарғы жақ тіс қатарының ақауы III класс

3. Кеннеди бойынша жоғарғы тіс қатарының ақауы II класс

4. екі қабатты қалып

5. толық анатомиялық

6. тістемде"

а) 1, 4

б) 2, 5

+в) 2, 6

г)3, 6

д) 1, 5

328. Науқас А.-да 23, 25 тістеріне тірек сауыттарын шақтап көруде келесі анықталды: сауыттар технологиялық және клиникалық талаптарға сай. Қараған кезде 23,25 тістердегі жасанды сауыттардың осі бір-біріне параллель емес. Сіздің әрекетіңіз:

1. сауыттарды қайта жасау

+2. тірек тістерді қайта егеу және параелльдік беру керек

3. қалыпты қайта алу керек

4. ешқандай маңызы жоқ, сатыны ары қарай жалғастыра беру

329. Науқас К-ге 13, 11 тістеріне пластмассалы көпір тәрізді протезді шақтап көргенде тірек тістерге протез отырмайды. Себебін көрсетіңіз. Сіздің әрекетіңіз:

1. тістері нашар егелген, егеу қажет

2. көпір тәрізді протездің технологиясы бұзылған, қайта жасау керек

+3. полимеризация кезінде пластмасса отырады, ішкі бетінен алу керек

4. көпір тәрізді протезді қайта негіздеу керек

5. көпір тәрізді протезді ұайта жасау керек

330. Науқас З.-да 11, 13 тірек тістеріне пластмассалы көпір тәрізді протезді шақтап көргенде 13 тістің анатомиялық пішініне бойынша сауыттың сәйкес келмейді. Сіздің тактикаңыз?

+1. протезді қайта жасау керек

2. тіске анатомиялық форма беру керек

3. уақытша материалға бекітіп, ары қарай үйренуге уақыт беру керек

4. цементке бекітіп, ары қарай үйренуге уақыт беру керек

5. 13 тісті кесу, қалып алу, сауытты қайта жасап, протезге бекіту керек

331. "Науқас Г.-де пластмассалы көпірлі протезінде көптеген майда тесіктер бар. Даму себебін түсіндіріңіз:

1. ұнтақ пен сұйықтықтың қатынасы бұзылған, сұйықтан гөрі ұнтағы көп

2. ұнтақ пен сұйықтықтың қатынасы бұзылған, ұнтақтан гөрі сұйықтығы көп

3. полимеризация режимі бұзылған

4. полимеризация сатысы бұзылған

5. жеткіліксіз престеу салдарынан ауаның қалуы"

а) 2,4,5

б) 3,1,4

в) 3,4,5

г) +1,3,5

д) 1,4,5

332. "Науқас А. 16, 13 тістеріне көпір тәрізді протездің тірек тістерін шақтап көру сатысында. Тістемі ортогнатиялық. Тіс формуласы:

Егелген 13, 16 тістері қандай талаптарға жауап беру керек?

1. өзара параллельді болуы керек

2. конус тәрізді

3. цилиндр тәрізді

4. окклюзиялық беті анатомиялық рельефін сақтайды

5. тістем жағдайында антагонистерді 16 қабат көшірме қағазбен көтеру керек

6. тістем жағдайында антагонистер арасынан 8 қабат қалыңдықта көшірме қағаз өтуі керек"

а) 1, 2, 4, 3

б) 2, 4, 5, 6

+в) 1, 3, 4, 6

г) 1, 3, 5, 6

д) 2,3,4,5

333. Науқас М. 16, 14 тістеріне көпір тәрізді протезді дайындауда 14 тістің металды сауыты клиникалық және технологиялық талаптарға сай, ал 16 тістің сауыты қызыл иекке 1,0 мм жетпейді. Сіздің тактикаңыз?

1. 16 тістің жасанды сауытын ұзарту

2. сол күйінде тапсыру

3. тірек 16 тісті қысқартып, сауытты отырғызу керек

4. көпір тәрізді протезді қайта жасау керек

5. тірек сауыттарды қайта дәнекерлеу

а) 1, 2, 4, 3

б) 2, 4, 5, 6

в) 1, 3, 4, 6

г) 1, 3, 5, 6

д) 2,3,4,5

334. Науқас В.-да 21, 24 тістеріне дайын көпір тәрізді протездің тірек тістерін шақтап көргенде алдыңғы тістер арасында саңылау пайда болды. Тістемі ортогнатиялық. Себебін анықтаңыз:

+1. тістемде қалып дұрыс алынбаған, алдыңғы окклюзия бекітілген

2. тістемде қалып дұрыс алынбаған, бүйір окклюзия бекітілген

3. дәнекерлеу дұрыс орындалмаған, тірек сауыттары ығысқан

4. дәнекерлеу дұрыс орындалмаған, көпір тәрізді протездің денесі ығысқан

5. тістемде қалып дұрыс алынбаған, орталық окклюзия бекітілген

335. "Науқас А. ауру сезімінен тамақты нашар шайнауына шағымданып клиникаға келді. Үш ай бұрын көпір тәрізді протез дайындалған. Объективті: Сыртқы көрінісінде өзгеріс жоқ. Ауыз қуысының шырышты қабығы патологиялық өзгеріссіз. Тіс формуласы:

Жоғарғы жақта 23, 26 тірек тістерінде көпір тәрізді протез бар. 23 тістің айналасындағы қызыл иек шырышты қабығы ісінген, қызарған, тиіссең қанайды. 23 тірек сауытының жиегі қызыл иекке терең еніп жатыр, оны зондтың ұшымен анықтай

алмайсың. 24, 25 тістердің фасеткаларының пластмассасы альвеола өсіндісінің қызыл иегінде жатыр. Көпір тәрізді протезді дайындау кезінде жіберілген қателіктерді атап шығыңыз. Клиника-лабораториялық қай сатысында және кімнен - дәрігер немесе техниктен қате жіберлді?

1. 23 тістегі жасанды сауыт ұзын

2. 24, 25 тістер аймағындағы пластмассалы фасеткалар қызыл иекті жарақаттайды

3. қате 2-ші және 4-ші көпір тәрізді протезді дайындаудың клиникалық сатысында дәрігермен жіберілген

4. қате 1-ші және 3-ші көпір тәрізді протезді дайындаудың зертханалық сатысында техникпен жіберілген

5. қате 1-ші және 3-ші көпір тәрізді протезді дайындаудың клиникалық сатысында дәрігермен жіберілген"

а) 1, 2, 4

+б) 1, 2, 3

в) 1, 2, 5

г) 2, 3, 4

д) 1, 4, 5

336. "Науқас Б. ауру сезімінен тамақты нашар шайнауына шағымданып клиникаға келді. Үш ай бұрын көпір тәрізді протез дайындалған. Объективті: Сыртқы көрінісінде өзгеріс жоқ. Ауыз қуысының шырышты қабығы патологиялық өзгеріссіз. Тіс формуласы

Жоғарғы жақта 23, 26 тірек тістерінде көпір тәрізді протез бар. 23 тістің айналасындағы қызыл иек шырышты қабығы ісінген, қызарған, тиіссең қанайды. 23 тірек сауытының жиегі қызыл иекке терең еніп жатыр, оны зондтың ұшымен анықтай алмайсың. 24, 25 тістердің фасеткаларының пластмассасы альвеола өсіндісінің қызыл иегінде жатыр. Шағымын жоюға қарсы Сіздің ұсынысыңыз:"

1. көпір тәрізді протезді шешіп, қайта жасау

2. шешпей-ақ шқптермен шайқауды тағайындау

3. фасетканы ауыз қуысында қысқартып көру керек

+4. алып тастап, қабыну процестері басылған соң протезді қайта жасау керек

5. ары қарай үйрене беруіне кеңес беру

337. "Науқас К. 42 жаста. Тіс формуласы:

Тістері интакты, тұрақты. Тістемі ортогнатиялық түрде бекітілген. Диагноз қойыңыз. Көпір тәрізді протездің конструкциясын ұсыныңыз:

1.Кеннеди бойынша жоғарғы жақ тіс қатарының ақауы III класс

2. Кеннеди бойынша жоғарғы жақ тіс қатарының ақауы IV класс

3. 11, 23 тірек тістерімен көпір тәрізді протез

4. 11, 12,23 тірек тістерімен көпір тәрізді протез

5. тексеру, егеу, қалып алу, сауыттарды шақтап көру, көпір тәрізді протезді шақтап көру және салу

6. егеу, көпір тәрізді протезді шақтап көру, цементке отырғызу"

а) 1, 3, 5

б) 2, 4, 5

в) 2, 3

г) 1, 3, 6

+д) 2, 3, 6

338. "Науқас 27 жаста. Эстетикалық ақауға шағымданады. Периодонтит әсерінен бір жыл бұрын 11 тісі жұлынған. Объективті: Сақталған тістері интакты, тұрақты. Тістемі ортогнатиялық. Протез конструкциясын таңдаңыз. Екінші клиникалық сатының ерекшелігін көрсетіңіз:

1. 21 тірек тіске пластмассалы көпір тәрізді протез

2. 12, 21 тірек тістерге пластмалы көпір тәрізді протез

3. 12, 13, 21 тірек тістерге пластмассалы көпіртәрізді протез

4. тістің түсін анықтау

5. тірек тістердің қайта негіздеуін жүргізу"

а) 1, 4

б) 2, 4

в) 3, 5

г) 1, 5

+д) 2, 5

339. Науқас 34 жаста. Металды керамикалық көпір тәрізді протезді тексеру сатысында (үшінші клиникалық саты). 13, 16 тірек тістеріне көпір тәрізді протезді салу кезінде жасанды тістерде тістемнің аз биіктегенін көрдік және төменгі жақты оңға жылжытқанда қозғалысы шектелген. Сіздің әрекетіңіз:

+1. өзі реттеп алады

2. протезді қайта жасау

3. тістемін қайта анықтап, техникке беру

4. глазурь жақпай уақытша қолдануға және үйренуге уақыт беру керек

5. глазурь жағып, ары қарай үйренуге уақыт беру керек

340. "Науқас М. тіс формуласы:

Металды қаңқаны шақтап көруде қаңқа мүсінде отырады және қиындау алынады, ал ауыз қуысында тіске тығыз және соңына дейін отырмайды. Себеп неде? Сіздің әрекетіңіз:

1. протез қаңқасы дұрыс мүсінделмеген

2. егеу кезінде тірек тістердің параллельдігі сақталмаған

3. протезді қайта жасау

4. техник тістің тұқылына изоляциялық лакты дұрыс жақпаған

5. тісті қайтара егеу, протезді отырғызу керек"

а) 1, 3, 4

б) 2, 3, 5

в) 1, 2, 3

г) 1, 4, 5

д) 2, 3, 4

341. "Науқас А. тіс формуласы:

Металды керамикалық протездің қаңқасын 14, 17 тістерге шақтау кезінде 17 тістің қалпақшасының вестибулярлы жағы кеңдеу, тұқылға тығыз жатпайды. Себебін көрсетңіз. Түзеу әдістері:"

1. қалып дұрыс алынбаған

2. мүсін дұрыс құйылмаған

3. компенсациялық лакты жағу технологиясы бұзылған

4. қалпақшаның жиегін крампонмен тегістеу

5. қаңқасын қайта жасау керек

342. "23, 26 тірек тістерге металды керамикалық протез үш ай бұрын жасалған. Тістеу кезінде ауру сезімі бар. Себеп неде? Түзеу әдістері:

1. пульпит

2. периодонтта қабыну пайда болды

3. шөптермен шайқау тағайындау

4. ішке антибиотик тағайындау

5. көпір тәрізді протезді шешіп және тірек тістерді емдеу керек"

а) 1, 4

б) 2, 3

в) 2, 4

г) 1, 5

д) 2, 5

343. "Науқас 53 жаста, Тіс формуласы:

Дәрігер жоғарғы, төменгі жақтарға бюгельді протезбен ортопедиялық емдеуді жоспарлаған. Жоғарғы және төменгі тістерге кламмерлердің ең тиімді орналасуын көрсетіңіз:

1. 14,28

2. 34,37,43

3. 37,43

4. 17,22

5. 13,17,28"

а) 1, 3

б) 4, 2

в) 2, 5

г) 1, 2

д) 3, 4

344. "Науқас К. жақтардың орталық окклюзиясын анықтау - жоғарғы және төменгі жақтарға толық алмалы-салмалы пластиналық протез дайындау сатысында. Әрекетті берілген сатының қайсысынан және жоғарғы балауыз негізді окклюзиялық білігімен шақтауды неден бастайтынын көрсетіңіз:

1.балауыз шаблоны сапасының клиникалық бағасынан

2.балауыз шаблоны сапасының технологиялық бағасынан

3.вестибулярлы овалды қалыптастырудан

4.протетикалық жазықтықты жасаудан

5.екі біліктіде шақтап көруден"

а) 1, 4

б) 2, 3

в) 1, 5

г) 2, 4

д) 3, 5

345. "Науқас Н. 60 жаста. Тіс формуласы:

Алмалы-салмалы пластиналық протез дайындау, орталық окклюзияны анықтау сатысында. Балауыз шаблонын шақтап көргенде мүсінде тығыз отырады, ал ауыз қуысында жақтарда тепе-теңдігі бұзылған. Себебін көрсетіңіз, жою жолдары:

1. қалыптың , ғаныш мүсіннің отыруы

2. балауыз шаблонын дайындау технологиясы бұзылған

3. қалыпты қайта алу, балауыз шаблонын қайта дайындау

4. балауыз шаблонын ауыз қуысында түзеу және орталық окклюзиясын анықтау

5. балауыз шаблонын зертханада қайта жасау"

а) 1, 4

б) 2, 5

в) 1, 3

г) 1, 5

д) 2, 4

346. "Науқас А-да 35 жаста, жартылай тістері жоқ. Тіс формуласы:

Жартылай алмалы-салмалы протез дайындалуда - протез конструкциянын тексеру сатысында. Тістердің түйісу сипатын тексеруде анықталғаны, оң жақ жасанды тістердің шайнау беттері арасынан шпатель өтеді. Балауыз негізінің қозғалғыштығы анықталады. Қате себебін көрсетіңіз, жою жолдары:

1. жасанды тістерді қоюда оң жақта жоғары көтерілген

2. алдыңғы сатысында бүйір окклюзия бекітілген

3. алдыңғы сатысында алдыңғы окклюзия бекітілген

4. жасанды тістерді қайта қою

5. орталық окклюзияны қайта анықтау"

а) 1, 4

б) 3, 5

в) 2, 4

г) 3, 5

д) 2, 5

347. "Науқас М. 60 жаста. Тіс формуласы:

Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протез дайындалуда - протез конструкциясын тексеру сатысында. Тексеруде анықталғаны: бүйір бөлігінде тістер түйіседі (бұдырлы түйісу), алдыңғы тістер алдында саңылау бар. Қате себебін көрсетіңіз, жою жолдары:

1 жасанды тістерді қоюда оң жақта жоғары көтерілген

2. алдыңғы сатысында бүйір окклюзия бекітілген

3. алдыңғы сатысында алдыңғы окклюзия бекітілген

4. жасанды тістерді қайта қою

5. орталық окклюзияны қайта анықтау"

а) 1, 4

б) 3, 5

в) 2, 4

г) 3, 5

д) 2, 5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]