Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ortodontia_kaz_1_zakonchennoe_s_otvetami_molya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63 Кб
Скачать
☆

2. Жоғарғы жақ сүйегінің тарылуы

3. айқасқан тістем

+ 4. нағыз прогения, 13, 23 тістері шықпай қалған

5. жалған прогения, 13, 23 тістері шықпай қалған

108."Пациент 8 жаста. Профилактикалық қаралу мақсатымен келген. Объективті: беті симметриялы, мұрнымен тыныс алады, сөйлеуі анық. Ауыз қуысының ішінде жақ сүйектерін түйістіргенде 11 тісі төменгі күрек тістерімен сауытының ? биіктігіне дейін жабылып тұр. 12, 21 тістердің арасы 11 тістің сауытының еніне тең. Төменгі жақ сүйегінің тіс қатары нормада.

Алғашқы диагноз:"

+ 1. 11 тістің дистопиясы

2. 11 тістің дистопиясы, тортоаномалиясы

3. 11 тістің протрузиясы

4. 11 тістің ретрузиясы

5. диастема

109."Пациент 10 жаста. Объективті: беті симметриялы, тыныс алуы аралас, шайнауы белсенді, жұтуы дұрыс. Беттің төменгі бөлігі қысқарған. Иектің үстіндегі қатпар білініп тұр. 12, 11, 21, 22 тістерін түйістіргенде, олар төменгі күрек тістерді сауыттарының 2/3 биіктігіне дейін жауып тұрады. Жоғарғы алдыңғы тістердің ретрузиясы бар. 42, 41, 31, 32 тістердің патологиялық қажалуы бар. Тіс қатарында 85, 83, 75 тістері жоқ. Рентгенограммада 45, 43, 35 тістердің ұрықтары бар.

Алғашқа диагноз:"

+ 1. терең күрек тістік окклюзия

2. 11 тістің тортоаномалиясы

3. 11 тістің протрузиясы

4. 11 тістің ретрузиясы

5. диастема

110."Пациент 10 жаста. Профилактикалық қаралу мақсатымен келген. Объективті: беті симметриялы, аузымен тыныс алады, жай шайнайды, тамақты балаға ұқсап жұтады. 12, 11, 21, 22 тістер аузын жапқанда төменгі күрек тістердің сауыттарын толық жауып тұрады. 42, 41, 31, 32 тістердің тістеу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабығына тиіп тұрады, оны зақымдандырады. Жоғарғы жақ сүйегі алдыңғы тістерінің протрузиясы бар. Тіс қатарында 84, 75 тістер жоқ. Рентгенограммада 44, 35 тістердің ұрықтары бар.

Алғашқы диагноз:"

1. 11 тістің тортоаномалиясы

2. 11 тістің протрузиясы

3. 11 тістің ретрузиясы

4. диастема

+ 5. терең күрек тістік дизокклюзиясы

111."Пациент 12 жаста. Төменгі тістерінің сезімталдығына, сыздауына және қызыл иектерінің қанауына шағым етеді. Объективті: беті симметриялы, иегінің үстінде терең сала бар. Төменгі ерін қалыңдаған. Ауыз қуысында түйісу болғанда жоғарғы жақ сүйегінің алдыңғы тістері төменгілерін сауыттарының ? биіктігінен көбін жауып тұрады. 11, 21 тістердің ретрузиясы бар, соның салдарынан төменгі тістердің тісаралық қызыл иектік бүртіктері, кіреберіс жағында зақымданады. 42, 41, 31, 32 тістердің тістеу қырлары қажалған.

Алғашқы диагноз:"

1. диастема

2. түзу тістем

3. прогения

4. ортогнатия

+ 5. терең тістем

112."Пациент 8 жаста. Бетінің ажарсыздығына шағымданады. Объективті: беттің төменгі бөлігінің биіктігі үлкейген, аузы жартылай ашық, ауыздың дөңгелек бұлшық еті нашар, мұрнымен тыныс алуы қиындаған. Тістер қатарларын түйістіргенде жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістерді жаппайды. Вертикальды саңылау тістердің аралығында шамамен 3-4 мм. Алдыңғы учаскеде тісальвеолалық қысқару бар. Тілдің жүгеншесі қысқарған, сөйлегенде тілін тістердің аралығына салады.

Диагноз:"

+ 1. вертикальды күрек тістік дизокклюзия

2. түзу тістем

3. прогения

4. ортогнатия

5. терең тістем

113."Пациент 12 жаста. Бетінің ажарсыздығына шағымданады. Ауыз қуысында 11, 21 тістері латеральды еңіскен және сәл-ақ осі бойынша бұрылған. Тіс қатарында 15, 12, 35, 45 тістері жоқ. 12, 22 тістерге сауыттың ? еніндей орын жетпейді. Жоғарғы ерін жүгеншесінің жабысуы нормада деуге болады. Рентгенограммада 12, 22 тістердің ұрықтары жоқ.

Диагноз:"

+ 1. 12, 22 тістердің адентиясы

2. түзу тістем

3. прогения

4. ортогнатия

5. терең тістем

114."Пациент 9 жаста. Ауыз қуысында 12, 11, 21, 22 тістері осі бойынша бұрылған. 11, 21 тістердің сауыттары медиальды еңіскен және кіреберіске қарай жылжыған. 11, 21 тістердің арасында таңдай жақта атипті формалы тіс бар. Рентгенограммада 11, 21 тістердің түбірлері латеральды орналасқан. Олардың арасында тістердің ұрықтары орналасқан. Олардың біреуінің тісінің сауыты 11 тіс түбірінің ұшына қарай бағытталған.

Диагноз:"

+ 1. артық шыққан тістер, 11, 21 тістердің арасында орналасқан

2. 12, 22 тістердің адентиясы

3. түзу тістем

4. прогения

5. ортогнатия

115."Пациент 16 жаста. Ауыз қуысында: жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінде тістер тығыз орналасқан. 12, 22 тістер латеральды еңіскен. Тіс қатарында 13, 23, 14, 24 тістер жоқ. 13, 23 тістерге сауыттың 1/3 еніндей орын жетпейді. Рентгенограммада 13, 23 тістердің ұрықтары бар. Ұрықтарының сауыттары 12, 22 тістер түбірлері ұшының аймағында орналасқан.

Диагноз:"

+ 1. 13, 23 тістердің шықпай қалуы

2. 11, 21 тістердің арасында артық шыққан тістер бар

3. 12, 22 тістердің адентиясы

4. түзу тістем

5. прогения

116."Пациент 15 жаста. Бетінің ажарсыздығына шағымданады. Ауыз қуысында жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің тіс қатары тарылған, 13 тіс кіреберіске қарай жылжыған. 14 тіс мезиальды жылжыған. Тіс қатарында 53 тіс бар.

Диагноз:"

1. 11, 21 тістердің арасында артық шыққан тістер

2. 12, 22 тістердің адентиясы

3. түзу тістем

4. прогения

+ 5. 13 тістің дистопиясы

117."Пациент 19 жаста. Тістерінің дұрыс орналаспауына шағымданады. Ауыз қуысында тіс формуласы жасына сәйкес. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектері тарылған. 12, 22 тістері окклюзиялық сызықтан жоғары орналасқан. Тіс қатарында сауыттың 1/3 еніндей орын жетпейді. Тістері тығыз орналасқан.

Диагноз:"

1. 11, 21 тістердің арсында артық шыққан тістер

2. 12, 22 тістердің адентиясы

3. түзу тістем

4. прогения

+5. 12, 22 тістердің супрапозициясы

118."Пациент 12 жаста. Бетінің ажарсыздығына шағымданады. Ауыз қуысында тіс формуласы жасына сәйкес. Төменгі жақ сүйегі тарылған, 42, 32 тістері латеральды еңіскен. 43, 33 тістері окклюзиялық қисықтан төмен орналасқан. Сауыттың ? еніндей орын жетпейді

Диагноз:"

+ 1. 43, 33 тістердің инфра- және медиальды орналасуы

2. 12, 22 тістердің адентиясы

3. түзу тістем

4. прогения

5. 12, 22 тістердің супрапозиясы

119."Пациент 11 жаста. Тістерінің дұрыс орналаспауына шағымданады. Ауыз қуысында тіс формуласы жасына сәйкес. 32 тіс дистальды жылжыған, 33 тіс доғаның сыртында орналасқан, тілге қарай жылжыған, 31, 32 тістердің арасында жатыр. Анасының айтуынша 73 тіс 6 жаста жұлынған.

Диагноз:"

1. 33, 43 тістердің инфра- және медиальды орналасуы

2. 12, 22 тістердің адентиясы

+ 3. 33, 32 тістердің транспозициясы (орын алмасу)

4. түзу тістем

5. прогения

120."Пациент 12 жаста. Жоғарғы жақ сүйегінде тісінің жоқтығына шағым етеді. Ауыз қуысында 14 тіс мезиальды жылжыған, 12 тіс латеральды еңіскен. 13 тіс таңдайға қарай жылжыған 15, 14 тістердің арасында орналасқан.

Диагноз:"

+ 1. 13, 14 тістердің транспозициясы (орын алмасу)

2. 12, 22 тістердің адентиясы

3. 33, 32 тістердің транспозициясы

4. түзу тістем

5. прогения

121."Пациент 14 жаста. Бетінің ажарсыздығына шағымданады. Объективті: беті симметриялы, мұрнымен тыныс алуы қиындаған, шайнауы сылбыр, жұтуы бала тәріздес, тілінің жүгеншесі қысқарған. Тіс формуласы жасына сәйкес. Бүйірдегі тістердің қатынасы Энгльдің ІІ класы бойынша. Жоғарғы жақ сүйегінің формасы трапеция тәріздес. 12, 11, 21, 22 тістері осі бойынша бұрылған. Төменгі жақ сүйегінде тістері тығыз орналасқан.

Диагноз:"

1. 12, 22 тістердің адентиясы

2. 33, 32 тістердің транспозициясы (орын алмасуы)

3. түзу тістем

4. прогения

+ 5. терең тістем, жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің тарылуы

122. "Пациент 10 жаста. Объективті: аузымен тыныс алады, беттің төменгі бөлігі үлкейген. Жұтқанда тілі дұрыс орналаспайды. Жақ сүйектері ғаныштан жасалған мүсіндерін антропометриялық зерттегенде таңдай күмбезінің тереңдігі үлкейгені табылды. Жақ сүйектерінің алдыңғы учаскесінде тістер түйіспейді. Вертикальды саңылау шамамен 2-3 мм.

Диагноз:"

1.12, 22 тістердің адентиясы

2. 33, 32 тістердің транспозициясы

3. түзу тістем

4. прогения

+ 5. вертикальды күрек тістік дизокклюзия

123. "Пациент 15 жаста. Объективті: тіс формуласы жасына сәйкес, төменгі жақ сүйегінде тістер тығыз орналасқан. 41, 31 тістер осі бойынша бұрылған, 42, 32 тістер тілге қарай жылжыған. Жоғарғы бүйірдегі тістердің таңдай бұдырлары тістерді түйістіргенде төменгі аттас тістердің шайнау беттеріндегі ұзын саладан ұрт жағына түседі және төменгі жақ сүйегінің кіші және үлкен азу тістерінің ұртты бұдырларымен түйіседі.

Диагноз:"

1. прогения

2. вертикальды күрек тістік дизокклюзия

+ 3. лингвоокклюзия

4. ретрузия

5. түзу тістем

124. "Пациент 13 жаста. Объективті: 22 тіс жоқ, 13 тіс сауытының ? биіктігіне жарып шыққан, 23 тіс медиальды жылжыған, 22 тіске орын жетпейді. Жоғарғы жақ сүйегі бүйірдегі тістерінің таңдай бұдырлары тістерді түйістіргенде төменгі бүйірдегі тістердің тілдік бұдырларымен түйіседі. Рентгенограммада 22 тістің ұрығы жоқ.

Диагноз:"

1. прогения

2. вертикальды күрек тістік дизокклюзия

3. лингвоокклюзия

4. ретрузия

+ 5. екі жақтық палатиноокклюзия, 22 тістің адентиясы

125."Пациент 6 жаста. Жоғарғы және төменгі еріндердің арасында саты бар, төменгі жақ сүйегінің иек бөлігі алға шықпаған. Объективті: жұту қызметі бұзылған, тілдің ұшы жұтқанда төменгі алдыңғы тістерге тиіп тұрады. Тістерді түйістіргенде төменгі алдыңғы тістер жоғарғы алдыңғы тістер сауыттарының ? биіктігін жауып тұрады.

Диагноз:"

1. тістердің тығыз орналасуы

2. прогения

+ 3. күрек тістердің кері жауып тұруы

4. түзу тістем

5. ашық тістем

126. "Бала 7 жаста. Жақ сүйектерінің алдыңғы бөлігінде тістерінің түйіспейтініне шағым етеді. 3 жасқа дейін саусағын сорған. Тексеріп қарағанда бетінің конфигурациясы бұзылғаны анықталды, мұрын мен ерін арасындағы қатпарлар тегістелген, еріндер түйіспейді, жоғарғы ерін алға шығып тұр. Жоғарғы жақ сүйегі алға тартылған, төменгі жақ сүйегі тегістелген, бүйір бөліктегі альвеола өсінділері көбірек өскен, вертикальды саңылау бар.

Диагноз:"

1. тістердің тығыз орналасуы

+ 2. ашық тістем

3. түзу тістем

4. күрек тістік жабу

5. терең тістем

127."Бала 10 жаста. Жоғарғы жақ сүйегінің алға шығуына, еріндерінің түйіспеуіне, қызметтерінің бұзылуына шағым етеді. Тексеріп қарағанда жоғарғы ерні алға шығып тұр, төменгі еріннің қызыл жиегіне тиеді, мұрын мен еріннің арасындағы қатпарлар білініп тұр, иектің қатпары батып кеткен. Жоғары жақ сүйегі тістерінің арасында тремалар (бостықтар), диастема бар, олардың тістеу қырлары төменгі еріннің қызыл жиегіне тиіп тұр, төменгі жақ сүйегі тарылған, күрек тістердің тістеу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабығына тиіп тұр.

Диагноз:"

1. ашық тістем

2. түзу тістем

3. күрек тістік жауып тұру

+ 4. прогнатия

5. ортогнатия

128."Бала 6 жаста. Тексеріп қарағанда жоғарғы ерні алға шығып тұр. Ауыз қуысының алдыңғы бөлігінде вертикальды саңылау, тремалар бар, жоғарғы жақ сүйегі тарылған, жоғарғы алдыңғы тістер кіреберіске қарай еңіскен, жұтуы бала тәріздес, тілін сорады.

Диагноз:"

1. түзу тістем

2. күрек тістік жауып тұру

3. прогнатия

4. ортогнатия

+ 5. ашық тістем, зиянды әдет

129. "Бала 9 жаста. Тексеріп қарағанда төменгі ерін алға шығып тұр, беттің орталық бөлігі ұзарған, батып кеткен, беттің төменгі бөлігі қысқарған, алға шығып тұр. Кері терең күрек тістік түйісу. Макроглоссия.

Диагноз:"

+ 1. прогения

2. күрек тістік жауып тұру

3. прогнатия

4. ортогнатия

5. ашық тістем, зиянды әдет

130. "Бала 8 жаста. Тексеріп қарағанда мұрын мен еріннің арасындағы қатпарлар тегістелген. Беттің төменгі бөлігі ортаңғы және жоғарғы бөліктерінен басым, еріндері түйіспейді, жоғарғы ерін қысқарған, үлкейген тіл көрініп тұр, ол тістер қатарларының аралығында орналасқан. Алдыңғы бөлікте вертикальды саңылау бар.

Диагноз:"

+ 1. ашық тістем

2. күрек тістік жауып тұруы

3. прогнатия

4. ортогнатия

5. ашық тістем, зиянды әдет

131."Бала 9 жаста. Тексеріп қарағанда иектің алға шығып тұруы байқалады, беттің төменгі бөлігі қысқарған. 13, 26 тістердің алдыңғы ұртты бұдырлары 46, 36 тістердің дистальды ұртты бұдырларымен түйіседі, олардан латеральды орналасқан. Бала алдыңғы тістерін тістеу қырларымен қоя алады. Алдыңғы бөлікте кері жауып тұру бар.

Диагноз:"

1. ашық тістем

2. күрек тістік жауып тұру

+ 3. прогения

4. ортогнатия

5. ашық тістем, зиянды әдет

132. "Бала 7 жаста. Тексеріп қарағанда бет белгілері өзгермеген. Ауыз қуысында 11, 21 тістердің арасында бостық бар. Жақ сүйектерінің қатынасы дұрыс.

Диагноз:"

1. прогения

2. ортогнатия

3. ашық тістем, зиянды әдет

+ 4. диастема

5. протрузия

133."Бала 8 жаста. Тексеріп қарағанда бет белгілері өзгермеген. Ауыз қуысында асқынған тісжегінің салдарынан жұлынған 75, 85 тістері жоқ. 36, 46 тістер орнынан жылжымаған.

Диагноз:"

+ 1. екіншілік адентия

2. ортогнатия

3. ашық тістем, зиянды әдет

4. диастема

5. протрузия

134."Бала 10 жаста. 21 тісінің қимылдауына шағымданады. Анамнезінде жоғарғы жақ сүйегі зақымданған. Тексеріп қарағанда тістемінде патологиялық өзгерістер жоқ, 21 тіс қимылдап тұр. Рентгенограммада периодонттың саңылауы бұзылған.

Диагноз:"

1. пародонттың қабынуы

2. сауыттың айналасының қабынуы

3. созылмалы қызыл иектің қабынуы

4. пародонтоз

+ 5. жарақаттанған периодонттың қабынуы

135."Бала 5 жаста. Тексеріп қарағанда иек алға шығып тұр, жоғарғы ерін қысқарған, мұрын мен еріннің арасында қатпарлар білініп тұр, ауыздығы бар. Тістерін түйістіргенде кері түйісу анықталады. 54, 74 тістері жоқ, олар асқынған тісжегінің салдарынан жұлынған.

Диагноз:"

1. екіншілік адентия

2. ортогнатия

+ 3. ашық тістем, зиянды әдет

4. диастема

5. прогения, екіншілік адентия

136."Бала 11 жаста. Алдыңғы тістердің түйіспеуіне, тамақты тістеп алудың қиындығына шағымданады. Тексеріп қарағанда алдыңғы бөлікте вертикальды саңылау бар, тілін сорады, жұтуы бала тәріздес, еріндері түйіспейді, шырышты қабық құрғақ.

Диагноз:"

+ 1. ашық тістем

2. ортогнатия

3. түзу тістем, зиянды әдет

4. диастема

5. прогения, екіншілік адентия

137."Бала 10 жаста. Бетінің ажарсыздығына шағымданады. Тексеріп қарағанда беттік белгілері өзгермеген. Ауыз қуысында 11, 21 тістері осі бойынша медиальды бұрылған, тіс доғасында орын жеткілікті, бүйірдегі тістердің түйісуі нормада деуге болады. Таңдайда 11, 21 тістердің арасында біз тәріздес формасы бар тіс анықталды.

Диагноз:"

1. тістердің тығыз орналасуы

+ 2. таңдайда артық шыққан тіс, 11, 21 тістердің тортоаномалиясы

3. дистопия

4. ретрузия

5. терең тістем

138."Бала 13 жаста. Екі жақ сүйектеріндеде тістерінің дұрыс орналаспауына шағымданады. Тексеріп қарағанда жоғары жақ сүйегінің алдыңғы тістері тығыз орналасқан, төменгі жақ сүйегінде 32 тіс тіл жақта орналасқан, оған орын жетпейді.

Диагноз:"

+ 1. екі жақ сүйектеріде тарылған, екі жақ сүйектерінде де тістері тығыз орналасқан

2. таңдайда артық шыққан тіс

3. дистопия

4. ретрузия

5. терең тістем

139. "Бала 7 жаста. Жоғарғы жақ сүйегінде тісінің дұрыс орналаспауына шағымданады. Тексеріп қарағанда 21 тіс таңдай жақта орналасқан, жақ сүйегінде орын жеткілікті, бүйірдегі тістердің түйісуі нормада деп айтуға болады. 21 тіс кері тістемде тұр.

Диагноз:"

1. 21 тістің дистопиясы

2. тістердің тығыз орналасуы

+ 3. күрек тістік жауып тұруы

4. түзу тістем

5. терең тістем

140."Бала 12 жаста. Тістерінің дұрыс түйіспеуіне шағым етеді. Тексеріп қарағанда мұрын мен ерін арасындағы қатпарлар білініп тұр. Ауыз қуысында алдыңғы бөлікте толық жауып тұру бар, шайнау тістері орналасқан жерде түйісу Энгльдің ІІ класы бойынша.

Диагноз:"

1. тістердің тығыз орналасуы

2. күрек тістік жауып тұру

3. түзу тістем

4. ашық тістем

+ 5. прогнатиялық терең тістем

141."Бала 3 жаста. Екі жақ сүйектеріндеде тістерінің жоқтығына шағымданады. Тексеріп қарағанда ұрттары мен еріндері батып кеткен, мұрын мен еріннің арасындағы қатпарлар білініп тұр. Ауыз қуысында тістер жоқ. Панорамалық рентгенограммада тістердің ұрықтары анықталмайды.

Диагноз:"

1. жартылай адентия

2. толық адентия

3. прогения

4. пародонтоз

5. пародонтит

142."Бала 8 жаста. Профилактикалық қарау кезде тістерінің дұрыс түйіспейтіндегі табылған - шайнау тістері орналасқан жерде сол жақта кері жауып тұру, алдыңғы бөлікте орталық сызықтың жылжуы байқалады. Анамнезінде бала бір жағымен шайнап жейді.

Диагноз:"

1. прогнатия

2. түзу тістем

3. прогения

4. айқасқан тістем

5. ашық тістем

143."Бала 12 жаста. Тексеріп қарағанда 13, 23 тістердің дұрыс орналаспауы анықталды, олар тіс доғасының сыртында кіреберіс жақта орналасқан. Жоғарғы жақ сүйегі қысылғанынан 13, 23 тістерге орын жетпейді.

Диагноз:"

1. прогнатия

2. түзу тістем

3. прогения

4. айқасқан тістем

5. 13, 23 тістердің кіреберісте орналасуы, жоғарғы жақ сүйегінің тарылуы

144."Бала 5 жаста. Жоғарғы жақ сүйегінің алдыңғы бөлігінде тістерінің жоқтығына шағым етеді. Анамнезінде бір жыл бұрын жарақаттың салдарынан тістерін жұлдырған. 51, 61, 62 тістері жоқ. Жақ сүйектерінің түйісуі өзгермеген.

Диагноз:"

1. пародонтит

2. жарақаттан тістерін жұлу

3. пародонтоз

4. екіншілік адентия

5. остеомиелит

145."Бала 8 жаста. Тістерін қарағанда екі жақ сүйектерінде алдыңғы тістерінің арасында бос жерлер табылған, тістер алға шығып тұр. Күрек тістер тістеу қырларымен түйіседі. Төменгі жақ сүйегінің тістері желпуіш тәріздес орналасқан. Жұтуы бала тәріздес.

Диагноз:"

1. диастема

2. бипрогнатия

3. тремалар, бипрогнатия

4. адентия

5. түзу тістем

146."Бала 9 жаста. Жоғарғы жақ сүйегінде тістерінің жоқтығына шағым етеді. Тексеріп қарағанда жоғарғы жақ сүйегінде 11, 21, 53, 63 тістері жоқ, медиальды жылжыған, 11, 21 тістерге орын жетпейді. Панорамалық рентгенограммада 11, 21 тістердің ұрықтары бар.

Диагноз:"

1. 11, 21 тістердің ретенциясы

2. диастема

3. тремалар

4. түзу тістем

5. жарақаттанған тістем

147."Бала 5 жаста. Профилактикалық қарау кезде табылғаны: иектің алға шығып тұруы, беттің орта бөлігінің батып және ұзарып кетуі. Ауыз қуысында алдыңғы бөлікте кері жауып тұру, 55, 65 және 85, 75 тістердің Энгльдің ІІІ класы бойынша түйісуі байқалады. Тілдің жүгеншесі қысқарған.

Диагноз:"

1. түзу тістем

2. прогения

3. ашық тістем

4. күрек тістік жауып тұру

5. протрузия

148."Бала 10 жаста. Тексеріп қарағанда мұрын мен еріннің арасындағы қатпарлар білініп тұр, алдыңғы бөлікте толық жауып тұру бар. 16, 26 және 46, 36 тістердің Энгльдің ІІ класы бойынша түйісуі байқалады, төменгі алдыңғы тістердің тістеу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабығына тиіп тұр. Екі жақ сүйектерінде де тістері тығыз орналасқан, тістер доғалары қысқарған, 13, 23 тістерге орын жетпейді.

Диагноз:"

1. ашық тістем

2. түзу тістем

3. терең тістем

4. прогения

5. прогнатия

149."Бала 7 жаста. Төменгі жақ сүйегінде бүйірдегі тістерінің болмауына шағымданады. Тексеріп қарағанда 75, 85 тістері жоқ, олар асқынған тісжегінің салдарынан бұрын жұлынған, 36, 46 тістері мезиальды жылжыған.

Диагноз:"

1. пародонтит

2. пародонтоз

3. Капдепон дисплазиясы

4. екіншілік адентия

5. жарақат

150."Бала 11 жаста. Тексеріп қарағанда 12, 22 тістері тіс доғасының сыртында кіреберіс жақта орналасқан. Оларға тіс доғасында орын жеткілікті. 13, 23 тістер шығып келе жатыр. 16, 26 және 46, 36 тістердің түйісуі Энгльдің І класы бойынша байқалады.

Диагноз:"

1. пародонтит

2. пародонтоз

3. Капдепон дисплазиясы

4. екіншілік адентия

5. 12, 22 тістердің кіреберісте орналасуы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]