Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MI_PGU_4_01_4-14_Pravila_oform_uchebnoy_dokum_Treb_k_textovym_dokum_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

7.4 Кестелер құрылымына қойылатын талаптар

7.4.1 Көрсеткіштерді теңестіру ыңғайлылығы және көрнекілігі үшін кестелерді қолданады. Кестенің атауы бар болған жағдайда, ол оның мазмұнын қысқа және нақты көрсетуі тиіс.

Кесте атауын азат жол шегінісінсіз кестенің жоғары сол жағына сызықша арқылы оның белгілеуімен бір жолға орналастыру керек.

Кесте атауының келесі жолдарын да азат жол шегінісін қалтырмай бастау керек. Кестелерді негізгі мәтіннен бір бос жолға тең қашықтықта болу қажет.

Кесте бөлігін басқа беттерге тасымалдаған кезде, атауын тек кестенің бірінші бөлігінде орналастырады. Цифрдық материалды, әдеттегідей, кесте түрінде 1-суретке сәйкес ресімдейді.

Кесте _______ – __________________

нөмір кестенің атауы

Басы

Бағандар тақырыптама

тақыр

татттақырыбы

Бағандардың

тақырыпшалары

Жолдар

(көлденең қатарлар)

Бағандар (колонкалар)

Бүйірі

(тақырыптарға арналған баған)

1-сурет – Кестелерді ресімдеу

7.4.2 Кестелерді араб сандарымен өтпелі нөмірлеу арқылы нөмірлеу тиіс. Кесте қосымшалары бұған жатпайды.

Әр қосымшаның кестелерін араб сандарының алдына қосымша белгілерін көрсетіп, жеке нөмірлеу арқылы нөмірлейді. Егер құжатта бір кесте болса және ол В қосымшасында келтірілсе, онда ол «1-кесте» немесе «В.1-кесте» деп белгіленуі тиіс.

Кестелерді бөлім шегінде нөмірлеу рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кесте нөмірлері нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен кестенің реттік нөмірінен тұрады.

7.4.3 Құжаттардың барлық кестелерінде құжат мәтінінде сілтемелер келтірілуі тиіс, сілтеме жасаған кезде «кесте» сөзін және оның нөмірін көрсетіп жазу керек.

7.4.4 Баған тақырыптамаларын мен кесте жолдарын бас әріптен бастап жазу керек, ал егер бағандардың тақырыпшаларын тақырыптамамен бір сөйлем құрастырса, онда оларды кіші әріптен бастап жазу керек, немесе егер оларда дербес мағына болса онда бас әріптен бастап жазу тиіс. Кестелердің тақырыптары мен тақырыпшалар аяғында нүкте қоймайды. Баған тақырыптары мен тақырыпшаларын жекеше түрінде белгілейді.

7.4.5 Кестелерді оң, сол және төменгі жақтарын, әдеттегідей, сызықшалармен шектейді. Бүйір мен бағандардың тақырыптамаларын мен тақырыпшаларын көлбеу сызықтармен бөлуге рұқсат етілмейді.

Егер кесте жолдарын шектейтін көлденең және тік сызықтардың жоқтығы кестені пайдалануға кедергі жасамаса, онда оларды сызбауға болады.

7.4.6 Әдеттегідей, баған тақырыптарын кесте жолдарына параллель жазылады. Қажет болған жағдайда баған тақырыптарын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің басқа бөлігінен cызықпен бөлінуі тиіс.

Кесте жолының биіктігі 8 мм кем болмауы керек. Қарпі – Times New Roman, қалыпты кегль 10 тармақтан кем емес, жоларалық интервал – бірлік.

7.4.7 Кестені, оның өлшеміне байланысты, оған бірінші рет сілтеме берілген мәтін астына, немесе келесі парақта, ал қажет болған жағдайда құжаттар қосымшасында орналастырады. Кестелерді құжат парағының ұзын жағына бойлай орналастыруға рұқсат етіледі.

Егер кесте бағанының жолдары парақтың форматынан шығып кетсе, онда кестені бөлікке бөледі, бір бөлікті бірінің астына немесе жанына, осыған сәйкес кестенің әр бөлігінде оның басы мен бүйірін қайталайды.

Кестені бөлікке бөлген кезде оның басы мен бүйірін бағандар мен жолдардың нөмірлеріне ауыстыру рұқсат етіледі. Мұның өзінде кестенің бірінші бөлігінің бағандарын және (немесе) жолдарын арап сандарымен нөмірлейді.

«Кесте» сөзін кестенің бірінші бөлігінің үстіне сол жақта бір рет көрсетеді, басқа бөліктерінің үстіне кесте жалғасуы немесе аяқталуына байланысты, 2 және 3-суретке сәйкес кестенің нөмірін (белгісін) көрсете отыра «Кестенің жалғасы» немесе «Кестенің соңы» сөздерін жазады.

...кесте Миллиметрде

Болт, бұранда, шпильканың атаулы диаметрі

Шайбаның ішкі диаметрі

Шайба қалыңдығы

жеңіл

қалыпты

ауыр

a

b

a

b

a

b

1

2

3

4

5

6

7

8

2,0

2,1

0,5

0,8

0,5

0,5

-

-

2,5

2,6

0,6

0,8

0,6

0,6

-

-

3,0

3,1

0,8

1,0

0,8

0,8

1,0

1,2

2-сурет – Бөлу кезіндегі кестені ресімдеу

...кестенің жалғасы Миллиметрде

Болт, бұранда, шпильканың атаулы диаметрі

Шайбаның ішкі диаметрі

Шайба қалыңдығы

жеңіл

қалыпты

ауыр

а

b

а

b

а

b

1

2

3

4

5

6

7

8

4,0

4,1

1,0

1,2

1,0

1,2

1,2

1,6

…

…

…

…

…

…

…

…

42,0

42,5

-

-

9,0

9,0

-

-

3-сурет – Кестенің жалғасын ресімдеу

Егер парақтың аяғында кесте үзілсе және оның жалғасы келесі парақта берілсе, онда кестенің бірінші бөлігінде кестені шектейтін төменгі көлденең сызықты жүргізбейді.

Бағандары көп емес кестелерді бөлікке бөлу рұқсат етіледі және бір парақта бір бөлікті басқасының жанына орналастыруға болады, ондайда 4-суретке сәйкес кесте басын қайталау қажет.

Кесте бөліктерін қос сызықпен немесе қалыңдығы 2s сызықпен бөлуге рұқсат етіледі.

... кесте

Тіреу бөлшектері

өзегінің диаметрі, мм

1000 дана болат шайбаларының салмағы, кг

Тіреу бөлшектері

өзегінің диаметрі, мм

1000 дана болат шайбаларының салмағы, кг

1,1

1,2

1,4

0,045

0,043

0,111

2,0

2,5

3,0

0,192

0,350

0,553

4-сурет – Бөліктерге бөлу кезіндегі кестені ресімдеу

7.4.8 «Нөмірі рет-ретімен» бағанын кестеге қосуға рұқсат етілмейді. Кесте бағанын арап сандарымен нөмірлеу құжат мәтінінде оларға сілтемелер болған жағдайда, кестені бөлікке бөлген кезде, сонымен қатар 5-суретке сәйкес кесте бөлігін келесі параққа тасымалдаған кезде рұқсат етіледі.

... кесте Миллиметрдегі өлшемдер

Шарттық өткел

Массасы, кг, артық емес

1

2

3

4

5

6

50

160

130

525

600

160

80

195

210

170

5-сурет – Бағандарды нөмірлеу кезінде кестені ресімдеу

Көрсеткіштер, параметрлер немесе өзге деректерді нөмірлеу қажет болған жағдайда реттік нөмірлерді 6-суретке сәйкес тікелей олардың атауының алдына, бірінші бағанда (кесте бүйірінде) көрсету қажет. Шамалардың сандық мәндері мен өнімнің тұрпат, таңба және т.б. белгілері алдына реттік нөмірлерді қоймайды.

...кесте

Көрсеткіштер атауы

Мәндері

1-режимде

2-режимде

1 Коллектор тоғы, А

5 кем емес

7 артық емес

2 Коллектордағы кернеу, В

–

–

3 Коллектор жүктелісінің кедергісі,Ом

–

–

6-сурет – Көрсеткіштерді нөмірлеген кезде кестені ресімдеу

7.4.9 Егер кесте бағанында келтірілген барлық көрсеткіштер бір физикалық шама бірлігінде көрсетілсе, онда оның белгісін кестенің үстіне оң жағында, ал кестені бөлікке бөлген кезде 2 және 3-суретке сәйкес оның әр бөлігінің үстінде орналастыру қажет.

Егер кестенің көбінде бір физикалық шама бірлігінде көрсетілген көрсеткіштер келтірілсе, (мысалы, миллиметрде, вольтта) бірақ өзге физикалық шама бірлігінде көрсетілген көрсеткіштермен бағандар болса, онда кестенің үстінде басымды көрсеткіштер атауын және оның физикалық шама бірлігінің белгісін жазу тиіс, мысалы, «Миллиметрдегі өлшемдер», «Вольттағы кернеулер» ал қалған бағандардың тақырыпшаларында көрсеткіштер атауын және (немесе) 5-суретке сәйкес басқа физикалық шама бірлігі белгілерінің атауын келтіруі тиіс.

7.4.10 Егер олар мәтінде түсіндірілсе немесе суреттерде келтірілсе, онда бағандардың тақырыптар мен тақырыпшалар мәтінін қысқарту үшін МЕМСТ 2.321 белгіленген әріптік белгілермен немесе басқа белгілермен ауыстырылады, мысалы D – диаметр, Н – биіктігі, L – ұзындығы.

Бір әріптік белгілері бар көрсеткіштерді 5-суретке сәйкес, индекстері өсу тәртібінде тізбектеп топтайды.

7.4.11 Егер олар барлық жол мен бағанға жататын болса, «көп», «көп емес», «кем», «кем емес» және басқалар оның физикалық шама бірлігін белгілегеннен кейін тиісті көрсеткіштің атауымен кестенің бір жолында немесе бағанында орналастырылады.

Ондайда, көрсеткіш атауынан кейін шектеу сөздерінің алдынан 5 және 6-суретке сәйкес үтір қойылады.Жолдағы деректердің барлығы үшін жалпы, физикалық өлшем бірлігінің белгісін 6 суретке сәйкес оның атауынан кейін көрсету тиіс.

Қажет болған жағдайда физикалық шама бірлігінің белгісін жеке бағанға (жолға) шығаруға рұқсат етіледі.

Егер кесте бағанында бір физикалық өлшем бірлігінің мәндері орналастырылса, онда физикалық өлшем бірлік белгісін 7-суретке сәйкес осы бағанның тақырып (тақырыпшасында) көрсетеді.

Бірнеше жолдарға бірдей шамалардың сандық мәндерін 5 және 7-суретке сәйкес бір рет көрсетуге рұқсат етіледі.

Егер кесте бағанының сандық мәндері түрлі физикалық шама бірлігінде көрсетілсе, онда олардың белгілерін әр бағанның тақырыпшасында көрсетеді.

... кесте

Изолятор типі

Атаулы кернеу, В

Атаулы тоқ, А

ПНР – 6 / 400

6

400

ПНР – 6 / 800

800

ПНР – 6 / 900

900

7-сурет – Бір физикалық шама мәндерін теру кезінде кестені ресімдеу

7.4.12 Кесте бағандарының тақырыптарында көрсетілген белгілер мәтінде немесе құжаттың графикалық материалында түсіндірілуі тиіс. Жалпақ бұрыштың физикалық шама бірлігінің белгісін бағандардың тақырыптарында емес, 8-суретке сәйкес жолдарды бөлетін көлденең сызықтар бар болғанда, сонымен қатар 9-суретке сәйкес көлденең сызықтар жоқ болғанда да кестенің әр жолында көрсету керек.

...кесте

3° 5' 30"

6° 30'

4° 23' 50"

8° 26'

5° 30' 20"

10° 30'

8-сурет – Көлденең сызықтар бар болған кезде жалпақ бұрыштың бірлігін белгілеуі бар кестені ресімдеу

... кесте

3° 5' 30"

6° 30'

4° 23' 50"

8° 26'

5° 30' 20"

10° 30'

9-сурет

7.4.13 Бір бағанда орналасқан шамалардың барлық сандық мәндеріне жататын шекті ауытқуларды 10-суретке сәйкес кесте басында көрсеткіш атауының немесе белгісінің астында көрсетеді.

... кесте Миллиметрде

Ойма

диаметрі

±0,2

±0,3

±0,2

±0,2

Шплинттің шартты

диаметрі

4

7,0

5,0

5,2

1,2

1,0

5

8,0

6,0

4,0

1,4

1,2

6

10,0

7,5

5,0

2,0

1,6

10-сурет – Барлық сандық мәндердің шекті ауытқуларымен кестені ресімдеу

Бірнеше шамалардың сандық мәндерін немесе белгілі шамалардың сандық мәндеріне жататын шекті ауытқуды 11-суретке сәйкес жеке бағанда көрсетеді.

...кесте Миллиметрде

Подшип-никтің сыртқы

диаметрі

Канавка

Қондыратын шығыршық

Атау-лы

Шекті ауыт

қу

Атау-лы

Шек

ті

ауыт

қу

Атау-лы

Шекті ауыт

қу

Атау-лы

Шекті ауыт

қу

30

32

35

37

40

42

23,2

30,2

33,2

34,8

38,1

39,8

0,25

2,05

-0,15

1,3

0,4

34,6

34,6

39,6

41.2

44,5

45,2

3,2

-0,15

1,1

0,6

0,4

-0,1

11-сурет – Бірнеше сандық мәндердің шекті ауытқуларымен кестені ресімдеу

7.4.14 Бір бағанның жолдарында қайталанатын және сандармен алмасып тұратын бірдей сөздерден тұратын мәтін 12-суретке сәйкес тырнақшалармен ауыстырылады.

Егер қайталанатын мәтін екі немесе одан көп сөзден тұрса, онда қайталаған кезде “Сол” деген сөзбен, ал ары қарай 13-суретке сәйкес тырнақшалармен ауыстырылады.

Егер алдыңғы сөз кейінгі сөздің бір бөлігі болып табылса, онда “Сол” сөзімен ауыстыруға және қосымша мәліметтерді қосуға рұқсат етіледі. Көлденең сызықтар бар болса мәтінді қайталау қажет.

... кесте Миллиметрде

Үңгі диаметрі

10-нан 11-ге дейін

11 " 12 "

" 12 " 14 " астам

3,17

4,85

5,50

–

0,14

4,20

–

0,14

4,20

3.00

3,84

7,45

0,25

–

1,45

1,0

1,60

2,00

–

6,75

6,90

12-сурет – Қайталанатын мәтіні бар кестені ресімдеу

… кесте

Болат пен қорытпалардың маркасы

Арналуы

Жаңа белгіленуі

Ескі белгіленуі

08X18Н10

0X8Н10

Құбырлар, пеш арматурасының бөлшектері, жылу алмастырушылар, патрубкалар, муфельдер, реторталар, ұшқынды жандыратын шырақтардың электродтары

08X18Н10Т

12Х18Н10Т

09X15Н810

07Х6Н6

0X18Н10Т

Х18Н10Т

Х15Н910

Х16Н6

Сол

"

Атмосфералық жағдайларда жұмыс істейтін бұйымдарға арналған

Сол. Дельтаферриті жоқ

13-сурет – Екі немесе одан көп сөз қайталанып тұрған мәтіні бар кестені ресімдеу

Кестеде қайталанатын сандарды, математикалық белгілерді, пайыз бен нөмір белгілерін тырнақшамен ауыстыруға, материалдар маркасын және бұйымның типтік өлшемдерін белгілеу, құжат нөмірлерін белгілеу рұқсат етілмейді.

Кестеде жеке мәліметтер жоқ болған кезде 12-суретке сәйкес сызықша (тире) қойылады.

Кестеде қатардың барлық сандарын қамтитын сандардың тізбектелген аралығын көрсеткен кезде сандардың алдына 12-суретке сәйкес «...ден...дейін қоса», « ... астам ... дейін қоса» жазу керек.

Қатардың шеткі сандарының ортасында қатардың сандарын қамтитын аралықта кестеде 14-суретке сәйкес сызықша қоюға рұқсат етіледі.

…кесте

Материалдың атауы

Балқу температурасы, К (°С)

Жез

Болат

Шойын

1131–1173 (858 –900)

1573–1673 (1300–1400)

1373–1473 (1100–1200)

14-сурет – Қатардың шеткі сандарымен кестені ресімдеу

Егер сандардан кейін өлшемсіз коэффицентті білдіретін физикалық шама бірлігі немесе сандар, егер сандар реттік нөмірлерді көрсетсе сызықша арқылы көрсетілсе, онда мәтінде сандар аралығын «тен» және «дейін» («...-тен және ...дейін қосқанда» деп айтып) деп жазады.

МЫСАЛДАР

1... қабаттардың қалыңдығы 0,5-тен 2,0 мм дейін

2 7-12, 1-14 суреттер

7.4.15 Кестеде қажет болған жағдайда белгілі мәнге жататын ауқымды белгілеу, позицияларды топқа біріктіру және сатылы сызықтар ішінде әдеттегідей орналасқан көрсеткіштердің қалаулы сандық мәндерін көрсету үшін, немесе 15-суретке сәйкес қандай бағандар мен жолдар мәндеріне белгілі ауытқуларын көрсету үшін сатылы қалың сызықтарды қолданады. Ондайда мәтінде осы сызықтардың түсіндірмелері келтірілуі тиіс. Көрсеткіштің сандық мәндерін 16-суретке сәйкес көрсеткіш атауының соңғы жол деңгейіне қояды.

…кесте

Сыртқы диаметрі, мм

Қабырға қалыңдығы кезінде, мм, 1 м құбырдың массасы

3,0

3,5

4,0

4,5

5,0

5,5

6,0

6,5

1

2

3

4

5

6

7

8

9

32

2,146

2,460

2,762

3,052

3,329

3,594

3,947

4,316

38

2,589

2,978

3,354

3,718

4,069

4,408

4,735

5,049

42

2,885

3,323

3,749

4,162

4,665

4,951

5,327

5,690

45

3,071

3,582

4,044

4,495

4,932

4,358

5,771

6,171

50

3,474

4,014

4,538

5,049

5,049

6,036

6,511

6,972

15-сурет – Мәндердің сатылы ауқымымен кестені ресімдеу

… кесте Метрде

Көрсеткіш атауы

Экскаватор түрлері үшін мәндер

ЭКЛ 1,2

ЭКО 1,7

ЭКО 1,2

ЭКО 2,0

ЭКО 3,0

Қазу тереңдігі, көп емес

1,29

1,70

1,2*

2,0*

3,0*

Қазу ені

0,25

–

0,4; 0,6; 0,8

0,6**; 0,9; 1,0

1,5; 2,0; 2,5

* Толтырудың ең аз коэффициенті кезінде

** Т -130 тракторының экскаваторлары үшін

16-сурет – Көрсеткіштердің сандық мәндерімен кестені ресімдеу

7.4.16 Мәтін түрінде келтірілген көрсеткіштер мәндерін 17-суретке сәйкес көрсеткіш атауының бірінші жолы деңгейінде жазады.

Егер кесте бағандарындағы сандар бір көрсеткішке жатса, олар барлық бағандардағы сандар разрядтары бірінің астына бірі орналасатындай қойылуы тиіс. Бір бағанда, әдеттегідей, барлық шамалар мәндері үшін бірдей ондық белгілер саны болуы тиіс.

…кесте

Көрсеткіштердің атауы

Мәндері

Сынау әдістері

1 Полиэтилен пленкасының сыртқы түрі

2 Созылу кезіндегі қирататын кернеу, МПа (кгс/мм2)

Тегіс, біртекті, тегіс кесілген шеттерімен

12.8 (1.3)

5.2 бойынша

МЕМСТ 14236 бойынша

17-сурет – Мәтін түрінде көрсеткіштер мәндерімен кестені ресімдеу

Өнімнің тұрпатын (таңбасын және т.б.) немесе шамалардың белгілі сандық мәндерін қолдану қалаулығын кестеде көрсету қажет болғанда, шартты белгілерді құжат мәтінінде оларды түсіндіруімен қолдануға рұқсат етіледі.

Кестеде өнімнің тұрпаты (таңбасы және т.б.) немесе шамалардың қолданылатын сандық мәндерін шектеу немесе қалаулы номенклатураны белгілеу үшін қолдануға ұсынылмайтын мәндерді

18-суретке сәйкес ескертуде жақша мағынасы көрсетілген шектеулі қолданылатындарды жақшаға алу рұқсат етіледі.

...кесте Миллиметрде

Бұранда ұзындығы

Атаулы

Шектеулі ауытқулар

(18)

±0,43

20

±0,52

(21)

25

Ескерту  Жақша ішіндегі өлшемдерді қолдану ұсынылмайды.

18-сурет – Қалаулы номенклатурасы бөлінген кестені ресімдеу

7.4.17 Стандартта көлемі аз сандық материал болса, оны кестемен ресімдеу қолайлы емес, сондықтан сандық материалды қатарлар түрінде орналастырып, мәтінмен бірге беруі тиіс.

МЫСАЛ

Барлық нөмірлі пішін өлшемдерінің шекті ауытқуы:

биіктігі бойынша ....................................................... ± 2,5 %

сөре ені бойынша....................................................... ± 1,5 %

қабырға қалыңдығы бойынша ................................. ± 0,3 %

сөре қалыңдығы бойынша ........................................ ± 0,3 %