Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MI_PGU_4_01_4-14_Pravila_oform_uchebnoy_dokum_Treb_k_textovym_dokum_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Оқуқұжаттамаларын Әдістемелік нұсқаулық

ресімдеу ережесі ПМУ ӘН 4.01.4-14

мәтіндік құжаттарға қойылатын

жалпы талаптар

6.3 Мәтіндік құжат баспа тәсілімен компьютер және принтер арқылы ақ қағаз парақтың А4 форматының бір бетінде бір интервалдан кейін орындалу керек. Қаріп – Times New Roman, 14 кегль.

6.4 Мәтінде парақтың барлық 4 жақтан жиек болу керек. Сол-жиектің өлшемі – 30мм, оң жиектің – 10мм, үстіңгі және астыңғы жиектері – 20мм.

6.5 Мәтіндік құжаттарға енгізу үшін жеке сөздерді, формуларды, шарттық белгілерді (қолжазба тәсілмен), суреттемелерді қара сиямен орындау керек.

Бүкіл мәтін бойынша азат жол шегінісі бірдей және 1см болу керек.

Мәтіндік құжаттың орындау үлгісі А қосымшасында келтірілген.

7.1.2 Құрылымдық элементтердің атаулары «Мазмұны», «Нормативті сілтемелер», «Терминдер мен анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланған әдебиеттердің тізімі», «Қосымша» құрылымдық элементтердің тақырыптамалары ретінде қызмет етеді.

Құрылымдық элементтердің тақарыптамаларын ортада соңында нүктесіз, астынан сызбай бас әріппен басып, және жартылай қалын қаріппен орналастыру керек.

7.1.3 Әр құрылымдық элемент жаңа парақтан (беттен) басталу керек.

Оқу құжаттамасының беттерін араб цифрлармен нөмірлеу керек және барлық мәтін бойынша қатарлық нөмірлеу сақталу тиіс.

Беттің нөмірін парақтың астыңғы бөлімде ортада нүктесіз қойылады, Times New Roman қәріпі, 12 кегль.

Бөлек парақтарда орналасқан, суреттемелерді және кестелерді оқу құжатамасының ортақ нөмірлеу беттеріне енгізу керек.

Парақтың А3 форматындағы суреттемелер, кестелер бір бет болып есептеледі.

Мұқаба ортақ нөмірлеу беттеріне кірмейді.

7.1.9 Құжаттың мәтінін, керек жағдайда, бөлімдер және бөлімшелерге бөледі.

Бөлімдер құжат азат жол шегінісінен бастай отыра нүктесіз, араб сандарымен белгіленген реттік сандары болуы қажет. Бөлімшелер әрбір бөлімнің шегінде нөмірленуі қажет. Бөлімшенің нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің және бөлімшенің нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тармақшалардан тұруы мүмкін.

Егер құжатта бөлімшелер болмаса, онда тармақтардың нөмірі әрбір бөлім шегінде болуы қажет және тармақ нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім мен тармақ нөмірінен құралуы қажет. Тармақ нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.

МЫСАЛЫ

  1. Типтер және негізгі өлшемдер

1 .1

1.2 – Құжаттың бірінші бөлімі тармағының нөмірі

1.3

2 Техникалық талаптар

2 .1

– Құжаттың екінші бөлімі тармағының нөмірі

2.2

Егер құжатта бөлімшелер болса, онда тармақ нөмірлері бөлімшелер шегінде болу қажет, нүктемен ажыратылған тармақ нөмірлері бөлім, бөлімше және тармақ нөмірлерінен құралуы қажет.

МЫСАЛЫ

3 Сынақ әдістері

3.1 Аппараттар, материалдар және реактивтер

3 .1.1

3.1.2 – Құжаттың үшінші бөлімінің бірінші тармағының 3.1.3 нөмірленуі

3.2 Сынаққа дайындалу

3 .2.1

3.2.2 – Құжаттың үшінші бөлімінің екінші тармағының

3.2.3 нөмірленуі

Егер бөлім бір бөлімшеден тұрса, онда бөлімшені нөмірленбейді. Егер бөлімше бір тармақтан тұрса, онда тармақты нөмірленбейді.

Егер мәтіні тек тармақтарға бөлшектенсе, онда олар барлық құжат шегінде реттік нөмірлермен нөмірленеді.

Тармақтар қажет болған жағдайда тармақшаларға бөлінуі мүмкін, олардың әрбір тармақ шегінде реттік нөмірлері болуы қажет, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2, 4.2.1.3 және т.с.с.

7.1.10 Мәтінде (әдетте, тармақ немесе тармақшалар ішінде) реттік сандармен нөмірлеу келтірілуі мүмкін.

Әрбір реттік сандармен нөмірлеудің алдынан дефис қойылады.

Егер мәтінде бір немесе бірнеше реттік сандармен нөмірлеуге сүйену қажет болса, онда әрбір реттік сандармен нөмірлеудің алдынан дефис орнына әлипби реті бойынша келтірілген әріп (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ есептемегенде) қойып, ал одан кейін жақша қою қажет.

Реттік сандармен нөмірлеуді ары қарай нақтылау үшін араб сандарын қолдану қажет, олардан кейін жақша қойылады, ал жазба азат жол шегінісінен басталады, үлгіде көрсетілген.

МЫСАЛЫ

Барлық медициналық бұйымдар үшін келесі қосымша талаптар белгіленген:

а) қоршаған ортада бақылау жүргізу мына жағдайларда:

  1. залалсыздандырылған бұйымдарды жеткізіп беру кезінде;

  2. қолданар алдында залалсыздандырылатын залалсыздандырылмаған бұйымдарды жеткізіп беру кезінде жүзеге асады;

б) жабдықтаушы төмендегі бұйымдарды тазалықта ұстауға қойылатын талаптарды сақтау және белгілеу қажет:

  1. залалсыздандыру және пайдалануға дейін алдын-ала тазартылған болуы керек;

  2. залалсыздандырылмаған түрде жеткізіп берілетін, бірақ алдын ала залалсыздандырып тазалауға жатады.

Реттік сандармен нөмірлеудің соңында нүктелі үтір немесе нүкте қойылады. Әрбір реттік сандармен нөмірлеудің жаңа позициясы кіші әріптен немесе бас әріптен басталады.

7.1.11 Бөлімдердің, бөлімшелердің тақырыптары болуы қажет. Әдетте, тармақтарда тақырып болмайды.

Тақырыптар бөлімдер мен бөлімшелердің мазмұнын нақты және қысқа бейнелеу қажет.

Тақырыптар бас әріппен, азат жол шегінісінен, аяғында нүктесіз, астын сызбай жазылуы қажет.

Тақырыптардағы сөздерді тасымалдауға рұқсат етілмейді. Егер тақырып екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен ажыратады.

Бөлім мен бөлімшерлер тақырыбын жартылай қалың қаріппен орындау рұқсат етіледі.

Бөлім тақырыбы мен алдын ала немесе одан кейінгі мәтін арасындағы, ара қашықтық бір бос жолға тең болуы қажет (А қосымшасы).

Тақырып және одан кейінгі мәтін бір парақта орналасуы қажет. Егер оның астында мәтін жоқ немесе бір ғана жол орналасса, онда бөлімнің және (немесе) бөлімшенің тақырыбын парақтың төменгі жағында орналастыруға рұқсат етілмейді.

7.1.12 Мәтіндік құжаттың әрбір бөлімін жаңа парақтан (беттен) бастау керек.

Мәтіндік құжаттың парақтарында бос кеңістіктің болуы рұқсат етілмейді. Кем дегенде 50 % толық болатын, бөлімнің соңғы парақтарын есептемегенде, мәтіндік құжаттың барлық парақтары толтырылуы қажет.

7.1.13 Оқу құжаттамасының мәтінін құру кезінде пайдаланылған әдебиеттер тізімін оқу құжаттамасының мәтінін аяғында келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі құжаттың мазмұнына кіреді. Пайдаланылған әдебиеттер туралы мәліметтер МЕМСТ 7.1 сәйкес жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер туралы мәліметтер құжат мәтінінде сілтемелердің болу тәртібіне байланысты орналасады, нүктесіз араб сандарымен нөмірлеп және азат жол шегінінісінен бастап жазу қажет. Егер құжат мәтінінде әдебиеттерге сілтемелер жоқ болса, онда пайдаланылған әдебиеттер тізімін әліпби тәртібінде орналастыру қажет (Н қосымшасы).

Пайдаланған әдебиеттерге сілтемелерді тік жақшамен келтіру қажет. Мысалы: «…. манипулятордың барлық ұрпақтары және түрлері белгілі бір қолдану саласында әрқашан өз позицияларын сақтайды» [26, т. 1, б. 123], [12, т. 2], [14].

7.2 Оқу құжаттамасының мәтінін баяндауға қойылатын талаптар

7.2.1 Құжат мәтінінде рұқсат етілмейді:

- бір түсінік үшін мағынасы бойынша жақын (синонимдер) түрлі ғылыми-техникалық терминдерді, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде бір мағыналы сөздер мен терминдер бар кезде шетел терминдері мен сөздерін қолдану;

- еркін сөз құрастыруларды қолдану;

- қазақ, орыс орфографиясы, тиісті құжаттарда, және де осы стандарт ережелерінде белгіленгендерден басқа сөз қысқартуларын қолдану;

- кестелердің басында және бүйіріндегі физикалық шамалардың бірлігін қоспағанда формулаларға және суреттерге енетін әріптік белгілердің шешулерін, физикалық шамалар бірлігінің белгілерін сансыз қолданылған жағдайда қысқартып жазу.

Рим сандарын бұйым сұрыптарын (санаттарын, сыныптарын) химиялық элементтер валенттілігін, жыл, жарты жыл тоқсандарын белгілеу үшін қолданады. Басқа жағдайларда араб сандары қолданылады.

7.2.2 Құжат мәтінінде формулаларды, кестелерді, суреттерді қоспағанда, рұқсат етілмейді:

- теріс мәнді шамалардың алдына (–) математикалық белгісін қолдану («алу» сөзін жазу керек);

- диаметрді белгілеу үшін «Ø» белгісін қолдануға («диаметр» сөзін жазу тиіс). Сызбаларда өлшем санының алдына диаметр өлшемі немесе шекті ауытқуларды көрсеткен кезде «Ø» белгісін жазуы тиіс;

- сандық мәндерсіз математикалық белгілерді қолдану, мысалы: > (көп), < (аз), = (тең), (көп немесе тең), (аз немесе тең), (тең емес), және де № (нөмір), % (пайыз);

- тіркеу нөмірінсіз стандарттардың, техникалық шарттардың және басқа құжаттардың индекстерін қолдану және де құжаттардың индекстерін және тіркеу нөмірін әр түрлі жолдарда немесе парақтарда орналастыруға.

7.2.4 Стандартта стандартталған физикалық шама бірлігін, олардың атауы мен белгілерін МЕМСТ 8.417 сәйкес қолдануы тиіс. ӨЖ бірліктерімен қатар, қажет болған жағдайда жақшада қолдануға рұқсат етілген, бұрын қолданылған жүйелер бірлігін жақшада көрсетеді. Бір стандартта физикалық шама бірлігінің түрлі жүйелер белгілерін қолдануға болмайды.

Құжат мәтінінде шамалардың сандық мәндері есеп бірлігі мен физикалық шама белгілерімен, ал сандар физикалық шамалар бірлігі және есеп бірлігі белгілерінсіз бірден тоғызға дейінсөзбен жазылу тиіс.

МЫСАЛДАР

1 Әрбіреуінің ұзындығы 5 м, бес құбырға сынақ жүргізіңіз.

2 Қысымды сынау үшін 15 құбырды таңдаңыз.

Бір параметрдің физикалық шамасының бірлігі құжат шегінде тұрақты болуы тиіс. Егер құжат мәтінінде бір физикалық шамалар бірлігімен көрсетілген бірқатар сандық мәндері келтірілсе, онда физикалық шама бірлігі белгілерін соңғы сандық мәндерден кейін көрсетеді, мысалы: 1,50; 1,75; 2,00 м.

Егер құжат мәтінінде бір физикалық шамалар бірлігімен көрсетілген физикалық шамалардың сандық мәндер ауқымын келтірсе, онда «%», «0С», «0» белгілерінен басқа физикалық шамалар бірлігі белгілері ауқымының соңғы сандық мәндерінен кейін көрсетіледі.

МЫСАЛДАР

1-ден 5 мм дейін.

немесе

10-нан 100 кг дейін.

немесе

плюс 10 0С-тан минус 40 0С .

Стандарт кестелерінде орналасқан, физикалық шама бірлігінен басқа физикалық шама бірлігін сандық мәндерін бөлуге (оларды әр жолға немесе параққа қоюға) болмайды.

7.2.5 Шамалардың ең көп, және ең аз мәндерін келтіру кезінде «көп емес (кем емес) болуы тиіс» сөз тіркесін қолдану тиіс.

Нормалар мен ережелерден ауытқулардың рұқсат етілетін мәндерін келтіру кезінде «көп (кем) болмауы керек» сөз тіркесін қолдануы тиіс.

7.2.7 Осылай жазылатын дюймдегі өлшемдерді қоспағанда ( ), бөлшек сандарды ондық бөлшектер түрінде келтіру қажет.

Ондық бөлшек түрінде сандық мәндерді көрсету мүмкін болмаған жағдайда, қисық сызық арқылы бір жолда жай бөлшек түрінде жазуға болады, мысалы: 5/32, (50А- 4С) / (40В +20).

7.2.8 Формулаларды және теңдеулерді мәтінен бөлек жолға шығару керек.

Әр формуланың немесе теңдеудің үстінде және астында кем дегенде бір бос жолдан болу керек. Егер уравнение бір жолға сыймаса, онда оны (=) теңдік белгісінен немесе (+) косу, (–) алу, (х) көбейту, (:) бөлу белгілерінен немесе басқа математикалық белгілерінен тасымалдау керек, бірақ белгіні келесі жолдың басында қайталап жазады.

Көбейту операцияны көрсеткен белгісінде формулаларды тасымалдаған кезде (х) белгісін қолданады.

Құжатта формуларды бүкіл құжат көлемінде араб цифралармен домалақ жақшада шеткі он жақ жолда реттік ңөмірлерімен нөмірленуі керек. Қосымшадағы көрсетілген формулалардан басқа.

Бір формуланы – (1) белгілейді. Мәтінде формулалардың реттік нөмірлеріне сілтемелер жақшаларда беріледі, мысалы, ... (1) формулада.

Формулада физикалық шамалардың символдары ретінде мемлекеттік стандарттарда сәйкес белгіленген белгілерді қолдануы қажет. Формулаға кіретін бейнелер мен сандық коэфициенттер бұрын мәтінде немесе қосымшада түсіндірілмесе, онда тікелей формула астында келтірілуі тиіс.

Әр символдар түсіндірмесін символдар формулада келтірілген тізбекте жаңа жолдан беруі тиіс. Түсіндірме соңында физикалық шама бірлігін МЕМСТ 8.417 бойынша көрсетеді. Түсіндірменің бірінші жолы қос нүктесіз «қайда» сөзінен және азат жол шегінісінен басталуы тиіс.

МЫСАЛЫ

Әр үлгінің тығыздығын р, кг/м3 мына формула бойынша есептейді

(1.1)

мұндағы – үлгі массасы, кг;

– үлгі көлемі, м3.

Мәтінмен бөлінбеген, бірінен кейін бірі тұратын формулаларды үтірмен бөліп жазады.

МЫСАЛЫ

, (1.2)

. (1.3)

Бөлім шегінде формулаларды нөмірлеу рұқсат етіледі. Бұл жағдайда формула нөмірі нүктемен бөлінген, бөлім нөмірінен және формуланың реттік нөмірінен құралады, мысалы, (3.1) формула.

Қосымшада орналасқан формулаларды жеке нөмірлеумен, әр қосымша шегінде арап сандарымен, сан алдында қосымшаның әріптік белгілерін көрсетіп нөмірлеу қажет, мысалы (В 1) формуласында.

Формулаларды және теңдеулерді қара сиямен қолжазба тәсілімен орындауға рұқсат етіледі. Машинаға басылған және қолжазба символдарын бір формулада қолдануға рұқсат етілмейді.

Құжатта математикалық теңдеулерді баяндау тәртібі, формулаларға ұқсас.

7.2.9 Ескертулерді азат жолдан бас әріппен және астын сызбай басып жазу керек. Егер мәтінің мазмұнына, кестелерге немесе графикалық материалға түсініктемелер немесе аңықтама мәліметтер керек болса, онда мәтіндік құжаттарда ескертулерді келтіреді. Ескертулерде талаптар болмау тиіс. Ескертулерді тікелей мәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе осы ескертулер жататын кестелерден кейін орналастыру қажет.

Егер бір ескерту болса, «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылады және ескерту бас әріптен басылады. Бір ескерту нөмірлемейді. Бірнеше ескертулерді рет-ретімен араб сандарымен нөмірлейді. Кестеге ескертулерді кесте аяқталуын белгілейтін сызық үстінде, кесте аяғында орналастырады.

МЫСАЛ

Ескерту –__________________________________________________

___________________________________________________________

Ескертулер

1 __________________________________________________________

2_________________________________________________________

7.3.2 Барлық суреттемелерге сілтемелер беру керек. Суреттемелерге сілтемелерді жазған кезде: « ...2-суретке сәйкес» өтпелі нөмірлеу және «...1.2-суретке сәйкес» бөлімшенің көлемінде нөмірлеу керек.

7.3.3 Қосымшаларды, қосымша суреттемелерден басқа, араб цифрлармен өтпелі нөмірлеумен нөмірлеу керек. Егер бір сурет болса, онда «1 сурет» деп белгіленеді. Егер суреттеме бір бетке сыймаса, оны келесі беттерге тасымалдауға болады.

Ондай жағдайда келесі беттерде берілген суретемелерге суреттің белгілеулері және курсивтік «жалғасы» сөзі көрсетіледі, тақырыптық атауларды қайталауға рұқсат етілмейді.

МЫСАЛ

а) көлбеу жазықтықта

1-сурет – Қолға арналған операцияларды орындауға және басқару органдарын орналастыруға арналған аймақ

б) тік жазықтықта

1 – аймақ өте маңызды және өте жиі пайдаланылатын басқару органдарын орналастыруға арналған (моторлы өрістің тиімді аймағы); 2 – аймақ жиі пайдаланылатын басқару органдарын орналастыруға арналған (моторлы өрістің жеңіл жететін аймағы); 3 – аймақ сирек пайдаланылатын басқару органдарын орналастыруға арналған (моторлы өрістің жететін аймағы)

1-сурет (жалғасы)

Әр қосымшаның суреттеулерін санның алдына қосымшаның белгісін қойып, арап сандарымен жеке нөмірлейді. Мысалы – А.3-сурет. Суреттеулерді бөлім шегінде нөмірлеуге рұқсат етіледі. Мұндайда суреттеу нөмірі нүктемен бөлінген суреттеудің реттік нөмірінен және бөлімнің нөмірінен тұрады. Мысалы, 1.1-сурет.

7.3.4 «Сурет» деген сөзді және оның нөмірін суреттемелердің астына көлбеу ортада орналастыру қажет.

Ары қарай сызықшамен бөлінген, тақырыптық атауы көрсетілуі мүмкін. Егер суреттемелердің атауы екі және одан да көп жолға орналасқан болса, онда суреттеменің атауын көлденең азат жол шегінісінен орналастыру керек.

1 МЫСАЛ

1-сурет – Аспап бөлшектері

2 МЫСАЛ

3.9-сурет – Зерттелетін үлгілер биіктігі өзгерген кезде түрлі пісірілген жер аймағының қалған кернеуін бөлу диаграммалары

Суреттемелерді негізгі мәтінен бір бос жолмен бөліп алу керек.

7.3.6 Ғимараттардың (құрылыстардың) сәулет-құрылыс сызбаларының және құрылыс элементтерінің орналасу сызбалары үшін элементтер маркаларын көрсетеді. Мәтінде бөлшектердің жеке элементтеріне (саңылаулар, пазылар, канавкалар, бутиктер және т.б.) сілтеме жасаған кезде, оларды орыс әліпбиінің бас әріптерімен белгілейді.

Көрсетілген мәліметтерді суреттемелерге МЕМСТ 2.109 сәйкес енгізеді.

Құжатта келтірілген электрлік сұлбаларда әр элементтің жанында сәйкес стандарттарда бекітілген оның позициялық белгісін және қажет болған жағдайда, шаманың номиналдық белгісін көрсетеді.

7.3.7 Құжат мәтінін толықтыратын материалды қосымшаларда орналастыруға болады. Қосымшаларға, мысалы, графикалық материал, үлкен форматты кестелер, есеп, құрылғылар мен аспаптарды сипаттау, ЭЕМ және т.с.с. шығарылатын есептердің алгоритмдары мен бағдарламаларын сипаттау жатады. Қосымшаны оның келесі парақтарында осы құжаттың жалғасы ретінде ресімдейді.

Құжат мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшаларды құжат мәтінінде, оларға берілген сілтемелер тәртібінде орналастырады. Әр бір қосымшаны жаңа беттен «Қосымша» деген сөзбен жоғары жолдың ортасынан бастау керек, ал оның астына жақшаның ішіне міндетті қосымша үшін «міндетті», ал ақпараттық үшін «ұсынылған» немесе «анықтамалық» жартылай қалын емес кәріппен деген мәртебені көрсету керек.

Қосымшада, жеке жолда бас әріптен жартылай қалын қәріппен бастап, мәтінге симметриялы жазылатын тақырыптама болуы тиіс.

Қосымшаларды Ё, З, Й, Щ, Ч, Ы, Ъ, Ь әріптерін қоспағанда, орыс әліпбиінің бас әріптерімен А дан бастап белгілейді. «Қосымша» сөзінен кейін оның тізбектілігін белгілейтін әріп қойылады. Егер орыс алипбиін толығымен пайдаланса, онда I, O әріптен басқа, латын әлипбиін, әрі қарай араб цифрларын қолдануға болады.

Қосымшалар құжаттың қалған бөлігімен ортақ беттердің өтпелі нөмірлеуі болу керек. Қосымшаларды А4 форматының парақтарында рәсімдейді. Қосымшаларды МЕМСТ 2.301 бойынша А3, А4х3, А4х4, А2 және А1 форматындағы парақтарда ресімдеуге рұқсат етіледі.

Әр қосымша мәтіні қажет болған жағдайда, әр қосымшалар шегінде нөмірленетін бөлім, бөлімше, тармақ, тармақшаға бөлінуі мүмкін. Нөмір алдына осы қосымша белгіленуі қойылады.

Барлық қосымшалар мен олардың нөмірлері және тақырыптары көрсетіліп, құжат мазмұнында аталып өтуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]