- •Ұйым стандарты пму ұс 7.07.3-15 Дипломдық жұмыс (жоба).
- •Және сақтауды ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар
- •7.4 Дипломдық жұмыс (жоба) қорғау тәртібі
- •7.5 Мемлекеттік аттестациялық комиссия төрағасының міндеттері
- •7.6 Мемлекеттік аттестациялық комиссия хатшысының міндеттері
- •7.7 Дипломдық жұмысты (жобаны) сақтау тәртібі
- •8 Келісу, сақтау, тарату
- •9 Өзгертулер
- •А қосымшасы
- •Дипломдық жұмысты/жобаны орындауға тапсырма
- •А қосымшасының жалғасы
- •Б қосымшасы
- •Дипломдық жұмысты/жобаны дайындау кестесі
- •В қосымшасы
- •В қосымшасының жалғасы
- •Г қосымшасы
- •С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Дипомдық жұмысы/жобасының ғылыми жетекшісінің
- •Д қосымшасы
- •Д қосымшасының жалғасы
- •Д қосымшасының жалғасы
- •Дипломдық жұмысының/жобасының жалпы мінездемесі
- •Е қосымшасының жалғасы
- •Дипломдық жұмысы (жобасы) бойынша қорытынды
- •Дипломдық жұмысының (жобасының) бағасы
- •Ж қосымшасы
- •Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасына
- •И қосымшасы
- •Үлгерімі туралы анықтама
- •К қосымшасы
- •С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
- •Л қосымшасы
- •Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мәжілісі
- •1. Білім алушының __________________________________________
- •Л қосымшасының жалғасы
- •Л қосымшасының жалғасы
- •Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мәжілісі
- •Л қосымшасының жалғасы
- •Л қосымшасының жалғасы
- •Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мәжілісі
- •Л қосымшасының жалғасы
- •М қосымшасы
- •Жұмыс нәтижесі
- •М қосымшасының жалғасы
- •Н қосымшасы
- •Жұмыс нәтижесі
- •Н қосымщасының жалғасы
- •П қосымшасы
- •Жұмыс нәтижесі
- •Р қосымшасы
- •С қосымшасы
- •Т қосымшасы
- •У қосымшасы
7.5 Мемлекеттік аттестациялық комиссия төрағасының міндеттері
7.5.1 МАК төрағасы жұмыс аяқталған соң есеп жасайды.
7.5.2 ГАК төрағасының есебі кестелер және түсіндірме хаттан тұрады.
Кестеде көрсеткіштер беріледі (М қосымшасы).
МАК төрағасының түсіндірме хатында:
1) жоғары оқу орнындағы аталмыш мамандық бойынша мамандардың даярлық деңгейі;
2) дипломдық жұмыстардың (жобалардың), соның ішінде кәсіпорын, мекемелердің тапсырысы бойынша орындалған дипломдық жұмыстардың (жобалардың) орындалу сапасы;
3) дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыптарының ғылым, техника, мәдениеттің заманауи жағдайына және кәсіпорын сұранысына сәйкестігі;
4) білім алушылардың мемлекеттік емтихандарда анықталған біліміне сипаттама, жеке пәндер бойынша мамандарды даярлаудағы кемшіліктер;
5) аталмыш мамандық бойынша мамандарды даярлауға талдау;
6) жоғары оқу орнында мамандарды даярлауды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар беріледі.
Есепте аталмыш бағыттағы білім алушылардың даярлығына терең талдау жасалады. Сондай-ақ есепте университетте мамандарды даярлауды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілуі керек. Мамандықтар бойынша қорғаулар қорытындылары оқу нысандары бойынша жалпы көрсетіледі (күндізгі, сырттай) және кестеге салынады (Н, П қосымшалары).
МАК төрағасының есебіне жоғары білім бағдарламасын аяқтаған жоғары оқу орнын бітіруші түлектердің тізімі тегі, аты-жөні, мамандығы және білім ұйымының басшысы қол қойған берілген дипломының номері көрсетіліп тіркеледі.
7.5.3 МАК төрағасы мемлекеттік қорытынды аттестация аяқталған соң бір ай ішінде білім саласындағы облыстық өкілетті органға және университеттің ректорына бекітілген есепті ұсынуы тиіс.
7.6 Мемлекеттік аттестациялық комиссия хатшысының міндеттері
7.6.1 МАК хатшысы міндеттеріне жатады:
- МАК мәжілісінің хаттамаларын рәсімдеу;
- МАК бланкілік құжаттарын рәсімдеу;
- БЖ қорғау уақытында сын-пікірлер мен пікірлерді оқу;
- АСД-не диплом бланкілеріне өтінім беру;
- факультет деканы қол қойған анықтамалар негізінде дипломға қосымша толтыру.
7.6.2 МАК хатшысы МАК құжаттарын іс номенклатурасына сәйкес ДЖұм/ДЖ-ны қорғау аяқталған соң бір тәулік ішінде университеттің мұрағатына тапсыруы тиіс.
7.7 Дипломдық жұмысты (жобаны) сақтау тәртібі
7.7.1 ДЖұм/ДЖ-дың барлық түрі қорғаудан соң университеттің мұрағатына қағаз түрінде арнайы кафедраның меңгерушісі қол қойған құжаттар тізімдемесімен тапсырылады. ДЖұм/ДЖ-дың электрондық нұсқалары оқуды ақпараттандыру үдерісі бөліміне тізімдеме бойынша тапсырылады.
7.7.2 ДЖұм/ДЖ-лар университеттің мұрағатында 5 жыл сақталады. Сақталу мерзімі аяқталған соң ректордың бұйрығымен құрылған комиссияның актісімен ДЖұм/ДЖ-лар жойылуға жатқызылады.
7.7.3 ДЖұм/ДЖ-дың түпнұсқаларын сырт мекемелерге және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады.
7.7.4 Оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін, байқауларға қатысқанда, өндіріске енгізу барысында АЖ жөніндегі проректордың рұқсатымен ДЖұм/ДЖ-дың көшірмесі жасалып, мүдделі жаққа беріледі.
7.7.5 «Антиплагиат» бағдарламалық қамссыздандырылуының жазба жұмысын тексеруі туралы шешімі білім алушының жеке ісінде сақталады.
