Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SO_PGU_7_07_3-15_Diplomnaya_rabota_proekt_Obschie_trebovania_k_organizatsii_vypolnenia_kontrolyu_protsedure_zaschity_i_khrane...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
897.02 Кб
Скачать

Ұйым стандарты пму ұс 7.07.3-15 Дипломдық жұмыс (жоба).

Орындау, бақылау, қорғау шаралары

Және сақтауды ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар

7.4 Дипломдық жұмыс (жоба) қорғау тәртібі

7.4.1 ДЖұм/ДЖ-ны қорғау тәртібі үлгерімге ағымдық бақылау жүргізу Ережелерімен, білім алушыларды білім саласындағы өкілетті органдар бекіткен білім мекемелерінде аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациялаумен анықталады.

МАК құрамы ректордың бұйрығымен жыл сайын 31 желтоқсаннан кеш емес мерзімде бекітіледі.

МАК-ның сандық құрамы 5 адамнан аспауы қажет.

МАК құрамына оның мүшелерінің құқығында факультет деканы және арнайы кафедраның меңгерушісі кіруі қажет.

МАК-ның басқа мүшелері жетекші профессорлар, доценттерден, бітіруші мамандардың бейінділігіне сәйкес келетін жоғары білікті мамандардан жасақтала алады.

МАК жұмысының кестесін университет ректоры бекітуі тиіс және оның жұмысы басталғанға дейін екі апта бұрын жалпы хабарлама жасалуы тиіс.

ДЖұм/ДЖ-ны қорғауға бес күн қалғанда МАК-на төмендегі құжаттар ұсынылады:

- қорғауға жіберу туралы деканның өкімі;

- ДЖұм/ДЖ-ны қорғау бойынша тізімдеме;

- факультет деканы қол қойған білім алушының жұмыс оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама (И қосымшасы);

- барлық пәндер бойынша, тапсырылған КЖұм, КЖ және практика түрлері бойынша бағалары бар жинақтық-балдық тізімдеме;

- ДЖұм/ДЖ-ны «Антиплагиат» бағдарламалық қамсызданды-рылуымен тексеру нәтижелері;

- ғылыми жетекшінің пікірі;

- сын-пікір.

МАК-на орындалған ДЖұм/ДЖ-ның ғылыми және практикалық құндылығын анықтайтын басқа да материалдар, ғылыми зерттеулер нәтижесін енгізу туралы анықтамалар немесе актілер, макеттер, материалдар үлгілері, ауылшаруашылық өнімдері, минералдар топтамасы, гербариялар, басылымдар және т.б. ұсыныла алады.

7.4.2 ДЖұм/ДЖ-ны қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссиясының ашық мәжілісінде (соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып) кем дегенде оның мүшелерінің жартысының қатысуымен жүзеге асырылады.

ДЖұм/ДЖ-ны қорғау жариялы түрде, білім алушылардың, арнайы кафедраның оқытушыларының, ТК өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылады. Қорғауға сонымен қатар ғылыми жетекші, пікірсарапшы, ДЖұм/ДЖ-сы орындалған база ұйымының өкілдері және басқа да қызығушылық білдірген тұлғалар қатыса алады.

7.4.3 Бір дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғалу ұзақтығы бір білім алушыға 50 минуттан аспауы қажет.

7.4.4 Дипломдық жұмысты қорғау үшін білім алушы МАК алдында 15 минуттық баяндама жасайды. Білім алушының баяндамасы интерактивті режимде слайд түрінде немесе плакаттар түрінде көрнекіліктерді қолданумен жасалады.

ДЖұм/ДЖ баяндамасынан соң білім алушы МАК мүшелері қойған, арнайы парақтарда толтырылған сұрақтарға (К қосымшасы) жауап беруі тиіс.

7.4.5 ДЖұм/ДЖ-ны талқылауға барлық қатысушылар сұрақтар қою немесе пікір айту нысанында қатыса алады.

7.4.6 Талқылаудан соң комиссия хатшысы пікірді (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда ол өзі пікірді айта алады) және сын-пікірді оқиды. Пікірде және/немесе сын-пікірде ескертпелер болған жағдайда білім алушы олардың мәнісі бойынша дәлелді түсініктемелер жасауы тиіс.

7.4.7 ДЖұм/ДЖ-ны қорғау нәтижелері бойынша балдық-рейтингілік әріптік жүйеде баға қойылады. Мұнымен қоса теориялық, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және пікірсарапшының бағасы есепке алынады.

7.4.8 ДЖұм/ДЖ-ны қорғау бағалары туралы шешімді, сондай-ақ академиялық дәреже мен мемлекеттік үлгідегі дипломның (үздік/үздік емес) берілуі туралы шешімді МАК жабық мәжілісте мәжіліске қатысушы комиссия мүшелерінің көпшілікті дауысы есептелетін ашық дауыс беруін қабылдайды. Дауыс саны тең болғанда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

7.4.9 ДЖұм/ДЖ-ны қорғау нәтижелері мемлекеттік аттестациялық комиссиясының хаттамасымен әрбір білім алушы бойынша жеке рәсімделеді және оның жүргізілген күні хабарланады.

МАК мәжілісінің хаттамасын МАК хатшысы бекітілген нысанда (Л қосымшасы) ДЖұм/ДЖ-ны орындаған әрбір білім алушыға жеке жүргізуі керек.

7.4.10 Хаттамаға ДЖұм/ДЖ-ны қорғауда анықталған білім бағасы енгізілуі қажет, сонымен қатар қойылған сұрақтар мен МАК мүшелерінің пікірлері де жазылуы тиіс. МАК-ның бір мүшесінің пікірі басқа мүшелерінің пікірлерімен сәйкес болмаған жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға енгізуге және оған қол қоюға құқылы. Хаттамада академиялық дәрежесі, сонымен қатар диплом түрі (үздік/үздік емес) көрсетілуі қажет.

7.4.11 Емтихандар мен дифференцияланған сынақтарды А, А-«өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы» бағаларына тапсырған және барлық оқу мерзімінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес білім алушылар, сонымен қатар барлық мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «өте жақсы» бағасына қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі (әскери дайындығы бойынша бағасын есепке алмай).

Оқу барысында емтихандарды қайта тапсырған және қайталап тапсырған студент жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келсе де, үздік диплом алмайды.

7.4.12 МАК мәжілісінің хаттамасына МАК төрағасы мен мәжіліске қатысқан мүшелері қол қояды.

7.4.13 МАК мәжілісінің хаттамасы нөмірленіп, тігіліп және мөрмен бекітілуі қажет.

7.4.14 МАК мәжілісінің хаттамасы мұрағатта сақталуы тиіс.

7.4.15 ДЖұм/ДЖ оң бағаны жоғарылату мақсатында қайта қорғауға жіберілмейді.

7.4.16 «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға қорытынды мемлекеттік аттестацияның сол кезеңінде ДЖұм/ДЖ-ны қайта қорғауға рұқсат етілмейді.

7.4.17 ДЖұм/ДЖ-ны қорғау қанағаттанарлықсыз болып табылған жағдайда МАК білім алушының осы ДЖұм/ДЖ-ны қорғауға қосымшалар енгізіп қайта ұсына алу мүмкіндігін анықтайды, немесе неше жыл ішінде ДЖұм/ДЖ-ның тақырыбы сақталатынын (3 жылдан артық емес), немесе арнайы кафедра беретін жаңа тақырып әзірлемесін беруді анықтайды.