Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед гос кам.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆
  1. Дамыта оқыту технологиясы

Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Элконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс – әрекетіне көшірді. Ол оқушыны жан – жақты дамыту міндетін қойды.

Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ.

Психологтар оқу процесіне оқушының іс – әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан – жақты «теориялық» іс – әрекеті арқылы берілетін болды. Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар. Олар Ресей мектептерінде кеңінен қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрле енгізілмей отыр.

  1. Ұзындықты оқыту әдістемесі.

Үзындық өлшемдері туралы бастауыш сыныпта қысқаша мағлұматтар беріледі. Негізгі бірлігі см.

Бірінші сыныпта дм, см қарастырылады. Содан кейін метр, км, мм қарастырылады. Шартты өлшеуіштің үлгісі ретінде ұзындығы 1 см жолақша таңдап алынады.

2 кесінді сызық шартты өлшеуіш арқылы оны бірнеше бөліктерге бөліп, кесінділерді салыстыру жаттығулары орындалады. Мысалы: 5 см кесінді берілген. Одан 2 см артық кесінді сыз.

7 см кесінді бұл 1 ші кесіндіден 3 см ге кем. 1 ші кесінді қанша см. Сызып көрсет.

Билет № Аягөз

1.Бақылау педагогикалық зерттеу әдісі.

 Зерттеу әдісі – ғылыми зерттеу мақсатын шешетін амалдар; құбылыстарды зерттеуге және алуан түрлі ғылыми мәселелерді шешуге арналған әдіс-тәсілдердің жиынтығы.  Зерттеу жұмысының логикасы және құрылымы – зерттеудің көкейтестілігі, қарама-қайшылығы, зерттеу проблемасы,зерттеу мақсаты, обьектісі, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеудің әдіснамалық негізі, зерттеу көздері, әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және өндіру, зерттеу базасы.

3-4. Педагогикадағы зерттеулер – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы,механизімі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістері мен ұйымдастырылу нысандары туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі.

Зерттеу әдістерін үш топқа біріктіреді: педагогикалық тәжірибені зерттеу әдісі, теориялық зерттеу әдісі және математикалық статистикалық әдіс.  Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдісі – білім беру үрдісін ұйымдастыруда жинақталатын тәжірибені зерттеу тәсілдері.Онда бақылау, әңгіме, сауалнама (интервью), анкеталау – оқушылардың жазба графикалық және шығармашылық жұмыстарын, педагогикалық құжаттарды зерттеу әдістері енеді.  Бақылау – белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Бақылау әдісі тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланытын және бақылауға келмейтін, далалық және лабараториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.

Бақылау барысы жазып алынады. Бақылау алдын алы құрылған жоспар, таңдалған обьектілермен жүргізіледі.

Бақылау кезеңдері: 

  • мақсат-міндеттерін белгілеу (бақылау не үшін жүргізіледі); 

  • обьектіні, пәнді, ситуацияны таңдау (нені бақылау керек); 

  • зерттелетін обьектіге әсері неғұрлым аз және қажетті ақпаратты жинақтауды қамтамасыз ететін бақылау тәсілін таңдау (қалай бақылау керек); 

  • бақыланатын нәрсені тіркеу тәсілін таңдау (жазбаны қандай формада жүргізу керек); 

  • алынған мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау (нәтижесі қандай.). 

Әңгіме – вербальдық (сөздік) қарым-қатынас негізінде ақпарат алу әдісі.  Сұхбат – бағытталған диолог, ауызша пікірлесу арқылы ақпарат алу амалы. Сұхбаттасу екі түрге бөлінеді: 1) еркін сұхбаттасу – тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; 2) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбаттасу.  Анкета – анкета көмегімен ақпарат алу тәсілі. Оған жазбаша жауап алынады.

Әңгіме, сұхбат, анкета сұрау әдістері болып топтастырылады. Олардың нәтижелілігі сұрақтардың мазмұны мен құрылымына бағынышты. Сұрау әдісінің жоспары – сұрақтар тізімі (сұрау) сұрауды құру кезеңдері: Қойылатын сұрақтар тізімін белгілеу;  Оқушылардың іс-әрекет нәтижелерін зерттеуге жазба, шығармашылық, графикалық, бақылау жұмыстарын, суреттерін, сызбаларын, пән бойынша дәптерлерін және т.б. енеді.Олардың көмегімен оқушылар даралығы,оның жұмыстануы, білім мен іскерлік деңгейін анықтауға болады.  Эксперимент (лат.experimentum - тәжірибе, сынау)-1)ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; 2) тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру.  Педагогикалық эксперимент – педагогикалық құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстарын зерттеу мақсатындағы іс-әрекет.

Экспериментті өткізу кезеңдері:

1. Теориялық (мәселесін, мақсатын обьектісін, пәнін, міндеттерімен гипотезасын белгілеу);

2. Әдістемелік (зерттеу әдістемесін, оның жоспарын, бағдарламасын, әдістерін жасау);

3. Кәдімгі эксперимент- тәжірибелер тізбегін өткізу.

4.Талдау – алынған мәліметтерді сандық және сапалық талдау, интерпретациялау, қорытындылар жасау, практикалық ұсыныстар дайындау.

Аталған әдістерді эмперикалық деп те белгілейді. Олар – ғылыми-педагогикалық фактілерді жинақтау құралы. 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Ғылыми зерттеу дегеніміз не?

2. Ғылыми зерттеу әдісі ұғымына анықтама беріңіз.

3. Зерттеудің эмпирикалық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.

4. Зерттеудің теориялық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.

5. Зерттеудің математикалық статистикалық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.

6. Зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгей әдістер тобының өзара байланысын көрсетіңіз.

7. Педагогикада зерттеуді ұйымдастыру логикасына сипаттам беріңіз.

8. Педагогикалық зерттеудің кезеңдерін атаңыз.

9. Педагогикалық зерттеу әдістемесінің мәні неде?

10. Нақты мысалдар арқылы зерттеу әдістерін қолдануды көрсетіңіз.