Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед гос кам.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.03 Кб
Скачать

Билет № Камшат

1.Тәрбие әдістері тәсілдері

Тәрбие әдісі дегеніміз оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына,мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне,тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым қатынас жасауға олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.

Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.

Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:

Адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер,қатынастар, түсініктер,идеялар тудыратын әдістер.

Тәрбие тәсілі дегеніміз әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:

1.Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну

2.Ақпараттық ағартушылық

3.Бағдарлау іс қызмет

4.Қатынас

5.Бағалау

2.Көлем ұғымын оқыту әдістемесі. Текше.

Бастауыш сыныпта көлем ұғымы 3 ші сыныпта оқытылады. Фигуралардың көлемдерін салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Көлем фигураның негізгі қасиеттерінің бірі. Үшінші сыныпта көлем мен сыйымдылық және олардың өлшем бірліктері жайында түсінік қалыптасуы.

Сыйымдылық сұйықтықтардың көлемін өлшеу үшін қолданылады.

1 л = 1000 куб см

4 ші сыныпта текшенің көлемін табу қарастырылады.

V=a куб v=a*b*c

Фигуралардың көлемін салыстыру

Текшелерден құрастырылған геометриялық фигуралардың көлемдерін салыстыру.

Таңдап алынған өлшем бойынша сыйымдылықтарды салыстыру.

Көлем бірлігі куб см Сыйымдылық бірлігі литр.

3. Оқытудағы интербелсенді әдістердің маңызы

Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады.

Оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады:

- топтық оқыту

- фронтальдық оқыту

- пікірталас барысындағы оқыту

ТОПТЫҚ ОҚЫТУ әрекеті – оқытуды шағын топтарда ұйымдастыру формасы. Мұндай оқыту оқушылар үшін өз құрбыларымен ынтымақтастық жасауға , әр адамның қарым қатынасқа табиғи ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ФРОНТАЛЬДЫ интербелсенді әдістерге бүкіл сыныптың бір мезгілдегі бірлескен жұмысын қамтитын әдістерді жатқызуға болады.

Интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылған сабақ 8 кезеңнен тұрады.

  1. МОТИВАЦИЯ

Бұл кезеңде ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту қажет.

  1. МАҚСАТ ҚОЮ

Оқушыларға мақсаттарды хабарлау әрекетті мақсатты бағытталған етуге мүмкіндік береді.Мұғалім мақсат қоюға үйретеді.

  1. ЖАҢА АҚПАРАТ БЕРУ

Бұл кезең оқушылар нені білетінін ненің таныс емес және түсініксіз екенін таңдап алуға мүмкіндік береді.

Билет № Ақерке

  1. Оқушылар ұжымын нығайту жолдары мен қалыптастыру процесі.

Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педогогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенің педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П.Блонскый, Выготскый, Крупская, Липишинскый және т.б өз үлесін қосты.

Мектеп ұжымы құрлымының негізінде тұрақты бөлігі – басты іс – әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы. Осы сыныптық ұжымда оқушылар арасындағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс – әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.Оқушылардың іс – әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс – әрекет.

Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада ерекшеліктеріне тоқталған. Олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең құқықтық, өзі басқару органдарының болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б.

Балалар ұжымы өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды. Сондықтан мұғалім ұжымның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін білуі қажет.