- •Деректер қоры туралы жалпы түсінік
- •1.2 Деректер қорын басқару жүйелері
- •1.3 Деректер қорының модельдері. Мәліметтер типтері
- •1.4 Access-деректер қорын басқару жүйесіне жалпы түсінік
- •1.4.1 Access-те сұраныстар жасау. Qbe үлгісі бойынша сұраныстар тілі
- •1.4.2. Sql сұраныстардың құрылымдық тілі.
- •2.1 Кестелерге сипатама беру
- •Сұраныстар жасау
- •Деректер қорында форманың жасалу түрлері
- •2.4 Есептердің құрылу жолдары
- •2.5 Деректер қорына макросты қолдану
- •2.6 Бағдарламаға жалпы сипаттама
1.3 Деректер қорының модельдері. Мәліметтер типтері
Репликация – дегеніміз деректер қоры қандай да бір файлының көшірмесін алуын айтады. Яғни объектілердің және мәліметтердің арасындағы жаңалынған файлдарының алмасуының көшірмесін құру процессі.
Деректер қорын репликациясын келесі түрде орындауға болады:
Ассеss менюінде сервис/репликация командасы бойынша;
Сілтеуіш программа көмегі арқылы;
3. МS Office пакетінде репликация Диспетчерін шақыру арқылы;
4. DАО мәліметтеріне программаланған объектілерді қолдану арқылы.
Репликацияны синхронизациялауды Ассеss немесе Windows - та жұмыс жасаған кезде орындауға болады. Ассеss-те ашылған деректер қорында Сервис/Репликация/Синхронизация командасын орындауымыз қажет. Синхронизация терезесінде репликаның орналасуын анықтауға болады, оның көмегі арқылы ашылған деректер қорын синхронизациялаймыз және де жиындар репликасының статусын өзгерту. Синхронизацияланған репликалардың статусық өзгерту үшін тышқанмен қажетті жалауды белгілесек жеткілікті.
Windows - та синхронизация жүйелі Портфель папкасы көмегі арқылы орындалады. Портфель терезесін ашу жұмыс стөлінде тышқанның сол жақ пернесін екі рет басу арқылы орындалады. Портфель папкасында сақталынған репликаларды жаңарту үшін Портфель папкасында Барлығын жаңарту командасын орындау.
1. Иерархиялық модель - мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады.Қандайда бір программалау тілінде ерархиялық деректер қоры құрылымын есепатау үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады.
2. Желілік модель - мәліметердің элементерінің еркін графтар түріндегі өзара байланыстын білдіреді. Желік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс.
3. Реляциялық модель - мәліметтердің реяциялдық моделін JBM фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді.деп –картежзж деп аталатын элементтер жиының айтады, қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді кесте болып табылады.
4. Постреляциялық модель - мәліметтердің постреляциялық моделі кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлімбеушілік шектеуін алып тастайтын кеңейтілен реляциялық моделі болып табылады. Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден тұрады.
5. Көп өлшемді модель - ол көп жүйелерге тадау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпаратты желел өңдеуге мүмкіндік береді.
Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді. Обьектіге бағытталған деректер қоры құрамына тармақ түрінде берілген мәліметтер. Бұл деректер қорының логикалық құрамының сырттай иерархиялық длеректер қоры ұсынылады.
6. Объектіге бағытталған модель - объектіге бағытталған модель тармақталған түрінде беріледі. Объектіге бағытталған деректер қорының логикалық құрылымы сырттай ерархиялы деректер қоры ұқсас.[8]
Кестелерді байланыстырудың негізгі және қосымша кестелері болады. Негізгі және қосымша кестелердің байланыс өрістері қалай анықталуына тәуелді. Жалпы жағдайда екі кесте арасында келесі 4 негізгі байланыстар түрі орналатылуы мүмкін:
1:1 - негізгі және қосымша кестелердің өрісітері кілтті болған жолдарда құрылады, және мұндай екі кестенің кілттік өрістің мәндері қайталанылады;
1:К - негізгі кестенің бір жазбасы қосымша жазбаның бірнеше жазбаға сәйкес келген кезде орындалады;
К:1 - 1 немесе бірнеше негізгі кестенің жазбалардың бір жазбасы сәйкес келсе оны 1 көпке байланысы деп атайды;
К:К - негізгі кестенің бірнеше жазбалары қосымша кестенің бір неше жазбаларына сәйкес келгенде орындалады.
Деректер қорын жобалау техникасының жүйенің тиімділігі.
Ақпараттық жүйелердің тиімді жұмыс жасауы олардың архетектурасына байланысты. Қазіргі уақытта клиент сервер архитектурасы пайдаланылады.
Архетиктура коррпаративті деректер қоры және дербес деректер қоры қосатын компьютерлік желі. Соған қатысты бұл архетектура таратылған деректер қорының мәліметтерін талап коррпаративті деректер қоры копьютер серверінде орналасады, ал дербес деректер қоры коррпаративті деректер қоры клиенті болып табылады. Ақпараттық жұйелердің клиент сервер архитектурасы бойынша ұйымдастырудың артықшылығы орталықтардан сақтау, қызмет көрсету үйлесімдігі, жалпы коррпаративты ақпарат ұйымы болып табылады.
Деректер қоры (ДҚ) - aқпараттық жүйелердің өңделетін обьектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты обьектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны. Екі өлшемді кестелерден, яғни жолдар мен бағаналардан тұратын мәліметтер базасы реляциялық база болып саналады.
Деректер қоры басқару жйесі (ДҚБЖ)-көлемді мәліметтер жиынын тұтыншыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.
Microsoft Access-Windows ортасында жұмыс істейтін, 32-разрядты, реляциялық МББЖ, мұнда бір мезетте бірнеше мәліметтер базасының кестелерімен қатар жұмыс істей беруге болады. Реляциялық мәліметтер құрылымын қарапайым етіп құрастырып, жұмыс істеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Access кестесін басқа кампьютердегі немесе сервердегі мәліметермен байланыстыруға және де мұнда Paradox немесе Dbase МББЖ-лерінда жасалған мәліметтерді пайдалана беруге болады. Access мәліметтері Excel кестелермен де оңай мәлімет алмаса алады.
Access Windows-технологияның барлық мүмкіндіктерін сүйемелдейді және оның тұтынушының жұмыс істеуіне қолайлы графикалық интерфейсі бар.
1) Кестелер - мәліметерді сақтау үшін жасалған, өрістерден (бағаналардан) және жазбалардан (қатарлардан) тұратын мәліметтер.
Кесте(Tables) - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи)тұрады.
Жазба(Record) - кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол СУБД мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын бір объект туралы толық мәлімет береді.
Өріс(Field) - кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиетері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі.
Санауыш - кестедегі жазбалардың реттік нөмерлері орналасатын өріс.
2) Сұраныс(Queries) - жұмыс істеуші адамның керекті мәліметерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа (виртуальды) кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар.
3) Форма(Forms) - мәліметенді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысқан мәліметерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер.
4) Есептер (Отчеты) - мәліметерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған тәтижелік құжаттар.
Конструктор - мәліметтер базасы обьектінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.
Шебер(Wizards-Мастер) - белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу (диалог) ісін атқара отырып,қойылған мәліметерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді.
5) Макростар(Modules) - Visual Basic for Application (VBA) тіліндегі программалар сақталады және олар қолданбалы программаларды құру кезінде стандартты емес процедураларды іске асыру үшін жасалады.[9]
Сурет - 1.5 Access-тің графикалық интерфейсі
Access-те тұтынушыға өз есептерін ойдағыдай шағаруға мүмкіндік беретін әртүрлі диалогтық құралдар бар, оларға меню командаларды, саймандар тақтасындағы батармалар, суырылып шығатын түсініктемелік сөздер, Конструктор (Design), Шебер(Wizards) программалары жатады.
Access деректер қорын басқару жүйесін жұмыс істеу тәсілдері Windows ортасындағы графикалық объектілермен (терезе, тізім, ауыстырып қосқыш, жалауыша, батырма, тағы сол сияқты), жұмыс істеу тәрізді орындалады.
Тапсырыстар кестесіндегі кілт өрісі – тапсырыстар коды болады. Онда кім, қашан, қандай бағаға нені тапсырғаны туралы айтылады. Бұнда тағы да қай жұмысшы тапсырманы іске асырғаны туралы білуге болады. Бір жұмысшы көп тапсырманы қабылдай алмағандықтан тапсырыстар кестесінде қызметкер коды өрісі не бірігей, не кілт өрісі бола алмайды, бірақ та қызметкер кестесінде бұл өріс бірігей болады. Мұндай кестелерді реляциялық қатынасты байланысқан кестелер деп аталады. Сәйкесінше, байланысқан кестелермен жұмыс жасай алатын басқару жүйелерін реляциондық ДҚБЖ деп атайды, ал деректер схемасын техникалық әдебиеттерде реляциондық қатынасты схема деп атайды.
Деректер схемасын жасап болғаннан кейін, техникалық тапсырманың «қағаздық» кезеңі бітеді. Бұл схеманы жұмыстың тапсырушысымен ақылдасып келістіру керек, содан кейін барып деректер қорын құруға кірісуге болады. Бірақ мынаны ұмытпау керек, жобаны жасау барысында жұмысты тапсырушының басына жаңа идеялар келіп отырады. Жобалаудың барлық кезеңінде ел бір жүйеге мекеменің барлық жаңа бөлімдері мен қызмет ету орындарын кіргізуге тырысады. Тапсырушының барлық тілектерін орындау мүмкіндігі көбінде деректер қорын жасаушының мамандық дәрежесімен анықталады. Егер деректер схемасы дұрыс болса, қорға жаңа кестелерді қосу қиын емес. Ал егер қордың құрлымы тиімсіз болса, жобалаушы қиын сынақтан өтіп, тапсырушымен қайшылыққа ұшырайды. Орындаушы мен тапсырушының арасындағы қайшылық әр қашан орындаушының мамандық дәрежесінің төмендігін көрсетеді. Сондықтан деректер қорын алдын ала жобалау кезеңін негізгі кезең деп санау керек. Оның табысты болуынан, деректер қорының қаншалықты ыңғайлы болатыны және қолданушылар онымен жұмыс істеуі тәуелді болады. Егер қолданушылардың оған сұранысы болмаса, бұл олардың төмен дәрежелі қолданушылар болғаны емес, қорды жобалаушының мамандық дәрежесінің төмен болуының айғағы. [10]
Деректер қорын алдын ала жобалау осы кезеңде аяқталады және келесі кезеңде оны тікелей компьютерде іске асыру басталады. Осы кезден ДҚБЖ– мен жұмыс жасау басталады. Біздің мысалымызда біз Microsoft Access 2002 ДҚБЖ–н қарастырамыз.
Мәліметтер типтері.
Өрістерді анықтауды қандай да бір кесте құрудан бастауға болады. Мысал үшін ЖОО кестесінің өрістері қарастырылсын. Курсорды Өріс (Поле) бағанасының бірінші жолына қойып, клавиатурадан бірінші өрістің аты - ЖОО коды терілсін. TAB түймешігінің көмегімен Мәліметтер типінің (Тип данных) бағанасына өтеміз. Мәліметтер типі бағанасының ұяшығының оң жағындағы түймешікті басу арқылы 1.5-суретте келтірілген мәліметтер типтерінің тізімі ашылады. Мәліметтердің керекті типін клавиатурадан теріп жазуға болады немесе осы тізімнің ішінен таңдауға болады. Мәліметтер типі таңдалғаннан кейін MS Access терезенің төменгі жағына өрістердің қасиеттерін шығарады. Мұнда таңдалған мәліметтердің типіне байланысты өзгеріп отыратын өрістер қасиеттерінің жиынтығы беріледі. Мұнда әр қасиеттерге белгілі мәндер қойылады, ал кейбір қасиеттердің мәні айтылмай-ақ қойылады.
MS Access-те мәліметтердің негізгі сегіз типі қолданылады. Олар төмендегі 1.6—суреттегі кестеде тізілген. Өрістің пайдалану бағытына байланысты кестенің әр өрісі үшін мәліметтер типі таңдалады. Символды мәліметтер үшін әдетте Текстік (текстовый) тип қолданылады. Текстік өрістің максималды өлшемін өріс қасиеттерінің көмегімен көрсетуге болады. MEMO типті тек өрістегі текстің ұзындығы 255 символдан асып кеткен жағдайда
Сурет - 1.6 Өрістер типінің ашылған тізімі.
ғана қолданған дұрыс Мәліметтердің Сандық (числовой) типі тандалған кезде Өріс өлшемі қасиетінің мәнін мұқият қарастыру керек, өйткені ол деректердің орналасу дәлдігін және сақталуға қажетті орынның көлемін анықтайды.
Мерзім/уақыт (дата/время) типі күнтізбесін немесе уақытты көрсетеді. Олар уақыт бірліктері: минут, секунд, сағат, күн, ай және жыл өлшемдерінде есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Ақшалық мәліметтерді сақтау үшін Ақшалық (денежный) типі пайдаланылады. Бұнда есептеулер сандық типтегідей орындалады, бірақ үтірден кейін екі орын беріледі.[11]
Microsoft Access-тегі мәліметтер типтері төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте1.
-
Мәліметтер типі
Қолдану
Өлшемі
Мәтіндік
Алфавиттік-цифрлік мәлі-меттер
255 байтқа дейін
MEMO өрісі
Алфавиттік-цифрлік мәлі-меттер — сөйлемдер, абзац-тар, мәтіндер
64000 байтқа де-йін
Сандық
Сандық мәліметтер
1, 2, 4 немесе 8 байт(реплика коды үшін 16 байт)
Дата/уақыт
Дата және уақыт
8 байт
Ақшалық
Үтірден кейінгі төрт орын ссақталынатан ақша көлемі ттуралы мәліметтер
8 байт
Есептеуіш
Әр жаңа жазба толтырыл-ғанда жүйемен басқарылып отырылатын бүтін сан
4 байт
Логикалық
Логикалық мәліметтер
1 бит
OLE объектінің өрісі
Windows қосымшаларынан алынатын суреттер, диаграм-малар және басқа объекттер
1 гигабайтқа де-йін
Есептеуіш типті өріс жазбаларды автоматты түрде идентификациялайды. Кестеде есептеуіш типті өріс бірден артық болмауы керек. Логикалық (логический) типті өріс- ақиқат немесе жалған мәндер қабылдайды.
Әдетте бұл типті, мысалға, тест орындалды ма, қарыздар төленді ма деген сияқты және т.с.с. жағдайларда пайдаланады.
Енді OLE объект типті өріс қарастырылады. OLE объектісі өрісінің (OLE: Object Linking and Embedding — объектілерді енгізу және байланыстыру) екі қасиеті бар: Қосымша атау қасиеті және Міндетті өріс параметрі. Бұндай өрістер белгілі бір информация сақтамайды, олар деректер қорына мәліметтер алмастыруға арналған OLE-протоколдың көмегімен енгізілген объектілерге бағыттамалардан тұрады. Мұндай объектілер ретінде Microsoft Word-тың документтері, Microsoft Excel-дің кестесі, Microsoft PowerPoint-тың суреттері, дыбыстық файлдар, видеофайлдар және т.б. болуы мүмкін. Қазіргі кезде ең күшті ДҚБЖ-ң өзі барлық информациялар түрін сақтауды қамтамасыз ете алмайды. Оның керегі де жоқ. Белгілі бір файлдың типімен жұмыс жасайтын қосымша программамен байланыс орнатылса жеткілікті. [12]
