Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nurmolda_Bakyt_KBK411.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.2 Деректер қорын басқару жүйелері

Деректер қоры белгілі бір ережелерге сай ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығын және сол мәліметтерді сақтау жолдарын қамтамасыз етеді. Деректер қоры әртүрлі мәліметтерді өңдеп, сақтап құрастыруға мүмкіндік береді.

Күнделікті өмірде өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, комерциялық мекемелерде және т.б. салаларда түрлі деректерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:

-түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (Тегі-Аты, білімі, адресі, үй телефоны т.б.);

-факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімдері;

-студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер т.б.

Деректер қорын басқару жүйесі дегеніміз деректер қорын құруға, енгізуге, қолдануға арналған тілдердің жиыны және программаның құралдары. Қолдануына байланысты ДҚБЖ персоналды және көп қолданушылы болып бөлінеді.

Оларды сақтаудың көп тараған әдісі-компьютерде деректер қоры түрінде сақтау. Деректер қоры (ДҚ) - құрылымы берілген төсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. Көбінесе, ДҚ-да сақталатын деректер кесте түрінде дайындалады. Яғни, дискілік файл-деректер қоры, оған енгізілетін кесте - ДҚ құрамында сақталушы объект.

Қазіргі деректер қоры мен ақпараттық жүйелер деректер қоймасы болып саналады. Ақпараттық жүйелердің қазіргі түрлері құрамына:

  • есептеу жүйелері;

  • бір немесе бірнеше деректер қорлары;

  • деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ);

  • қолданбалы программалар.

Персаналды ДҚБЖ бір компьютерде жұмыс жасайтын локальды деректер қорын құруға мүмкіндік береді. Персоналды ДҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т.б. жатады.

Көп қолданушылық ДҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс жасай алатын ақпараттық жүйелер құруға мүмкіндік береді. Мұндай ДҚБЖ-ға Oracle, InterBase, SyBase, Microsoft SQL Server, Informix.

ДҚБЖ-нің тілдік құралдарына:

  • мәліметтердің логикалық құрылымын сипаттауға арналған, мәліметтерді сипаттау тілі;

  • мәліметтермен негізгі амалдарды (енгізу, жөндестіру, таңдау) орындауды қамтамасыз ететін мәліметтерді түрлендіру тілі;

  • деректер қорының құрылымын басқаруды және мәліметтерді түрлендіруді, сол сияқты деректер қорының қашықтықтағы деректер қорына қатынауды қамтамасыз ететін құрылымды сұраныстар тілі (SQL);

  • деректер қорына сұраныстарды көрнекті түрде құруды қамтамасыз ететін үлгі бойынша сұраныс тілі (QBE, Query Example) кіреді.

Қолданбалы программалар, яғни қолданбалар деректер қорындағы мәліметтерді өңдеуге арналған. Қолданушы деректер қорын басқаруды және оның мәліметтерімен жұмыс жасауды қолданбалар көмегімен жүзеге асырады.

Деректер қорын кұру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген программалар дайындалған: dBASE, FoxBase, FoxPro, Access т.б. Оларды Деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды.

Алғашқы кездерде қолданылып жүрген dBASE-тің түрлі варианттары, FoxPro т.б. жүйелер әрі программалау тілдері, әрі ДҚБЖ болатын және олар MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін. Прогаммалаудың кіші бизнестік сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызатыны белгілі. Осы себепті, соңғы жылдары пайдаланушыдан программалауды кажет ете бермейтін Microsoft Office (Windows) құрамына кірістірілген Access атаулы жан-жақты мүмкіндікті ДҚБЖ-нің бірнеше варианттары жарық көрді: Access 2.0, Access 7.0, Access 97, Access 2003, Access 2007 (access-кіру, еркін ену). Бұлар жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі программалар. Access-те файлдар кесте түрінде құрылады.

Access 2003, Excel 2003, Word 2003 сияқты программалар арқылы дайындалған деректердің ерекшеліктерінің бірі-олар бірінен екіншісіне жеңіл түрде жіберіле және кабылдана алынады.

Кесте құрылымы. Есептегіш өрісі

ДҚ кестесінде берілгендер адресі жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады. Бағанды Өріс (поле) деп, жолды Жазу не Жазба (Запись) деп атайды.

ДҚ кестесінің өріс құрылымы жөнінде ескерілетін ерекшеліктер:

*Өріс атаулары бірегей (кайталанбайтын, уникальды) болуы тиіс. Атау үшін . (нүкте), ! (леп белгісі), [ , ] {ашу, жабу квадрат жақшалары) символдарынан басқа саны 64-ке дейін символдар тізбегін алуға болады.

*Әр өріске бір типті ғана берілгендерді енгізу мүмкін (Excel-де бұл міндетті емес болатын). Типтер мәтіндік (текстік), сандық, дата/уақыт, логикалық, ақшалық болып бірнеше түрге бөлінеді. Мәтіндік өріс ұяшығына 256-ға дейін символдар тізбегін ендіруге болады. Қалған типті деректерді енгізу тәсілі олардың тип атауларынан да белгілі. [5]

Сурет - 1.3 Әр өріске берілген типтер

*Түрлі өріс түрлі қасиетті (қасиет - өріс типі, өріс ұзындығы, т.б.)

*Кейбір жағдайларда Access-те ДҚ кестесінің бірінші өрісі етіліп автоматты түрде Код тақырыбы меншіктелген өріс қосылып қойылады. Оны Есептегіш (Счетчик) типті өріс деп атайды. Егер кестеде мұндай өріс бар болса, әр жазу ендірілген сайын оның реттік нөмірі осы өріске кірістіріліп қойылады.

Байланысты кестелер жөнінде. Кілттік өріс.

Деректер қорында құрылған кестелердің атаулары бірдей өрістері болып және олардың типтері бірдей болса, мұндай кестелерді байланыстыруға болады және оларды пайдаланып басқа кесте құру да мүмкін (Access байланыстыруды автоматты түрде жүргізе алады).

Мәндері бірегей болатын өрісті бірегей өріс деп атайды. Мысалы, жазулар нөмірлері енгізілген өріс - бірегей. Егер кестенің бірде-бір өрісі бірегей болмаса, қажет кезінде ондай өрісті қолдан құру қиын емес.[6]

Сурет - 1.4 Кесте аралық байланыстар

Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалатын өрістерді кілттік өрістер деп атайды. Олардың кемінде біреуінің кілттік өрісі бірегей, екіншісінің өрісі осы типті болуы тиіс. Басқа нұсқау берілмесе, Access автоматты түрде есептегіш өріс құрып, оны кілттік етіп қояды. (Есептегіш өрісі, касиеттерді орнату, кілттік өріс және кестелерді байланыстыру жөнінде кеңейтілген түсініктемелер мен мысалдар келесі тақырыптарда берілген).

Деректер қорына қандайда бір қолданбалы жүйелерді пайдаланатын мәліметтер кіреді. Деректер қорында мәліметтердің ұйымдастырылуына байланысты мәліметтердің мынандай модельдері бар:

  • иерархиялық;

  • желілік;

  • реляциялық;

  • объектілі бағытталған.

Иерархиялық деректер қорында мәліметтер тармақ (ағаш) құрылымды болады. Кемшілігі – мәліметтерді ұйымдастыруда көлемді орын алады.

Желілік деректер қорында мәліметтер графтар түрінде болады. Бұл әдістің кемшілігі – мәліметтер құрылымының қатаңдығы және оларды ұйымдастырудың күрделілігі.

Реляциялық (relation) деректер қорында мәліметтер өзара қатынастармен байланысқан кестелердің жиынтығы болып саналады. Ерекшелігі – мәліметтерді ұйымдастырудың қарапайымдылығы және құрылымының икемділігі. Сол себепті қазіргі деректер қорының көпшілігі осы тәсілде ұйымдастырылады.

Объектілі – бағытталған деректер қоры желілік және реляциялық модельді ірі деректер қорын құруда қолданылады.[7]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]