Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nurmolda_Bakyt_KBK411.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 MICROSOFT ACCESS ДҚБЖ– НЕ ТҮСІНІКТЕМЕ

1.1 Деректер қоры туралы жалпы түсінік 5

1.2 Деректер қорын басқару жүйелері 10

1.3 Деректер қорының модельдері. Мәліметтер типтері 14

1.4 Access-деректер қорын басқару жүйесіне жалпы түсінік 20

1.4.1 Access-те сұраныстар жасау. QBE үлгісі бойынша сұраныстар тілі 29

1.4.2 SQL – сұраныстардың құрылымдық тілі 31

2 «КӨКСУ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ» ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУ

2.1 Кестелерге сипатама беру 34

2.2 Сұраныстар жасау 43

2.3 Деректер қорында форманың жасалу түрлері. 44

2.4 Есептердің құрылу жолдары 49

2.5 Деректер қорына макросты қолдану 52

2.6 Бағдарламаға жалпы сипаттама 55

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….. 58

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………60

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Деректер қорын басқару жүйесі бұл - барлық деректерді жүйелік басқару болып табылады. Қазіргі кездегі адам жұмысын және уақытын үнемдеуде, дерлік ақпараттық және де тағы басқа қорларды жинақтауға, оларды өңдеуге мүмкіндік береді.

Місrosoft Ассеss мәліметтер базасы режимінде жоғары дәрежеде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл программа өзіне тән әр түрлі белгілері бойынша, қарапайым әдістер арқылы ақпаратты іздеуге, жинақтауға, қарауға және өңдеуге сонымен қатар баспаға шығаруға мүмкіндік береді.

Мәліметтер базасы құрылымына келесідей талаптар қойылуы қажет:

-Мәліметтер базасының бірінші қатарында қайталанбайтын өріс атаулары орналасуы тиіс;

  • Мәліметтер базасының қалған қатарлары бос болмай, онда жазбалар орналасуы тиіс;

  • Өріс бойымен орналасқан мәліметтер бір тектес болуы тиіс, яғни олар тек сандардан немесе тек мәтіндерден тұруы тиіс. Кез-келген мәліметтер базасымен атқарылатын негізгі жұмыс оның құрамынан белгілі бір критерилерге (айырықша белгілерге) байланысты қажетті ақпаратты іздеп табу.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Деректер қорын басқару жүйесіне тән амалдарды саралау, олардың атқаратын қызметін анықтау. Дербес компьютердегі деректер қорын тиімді пайдалану.

Дипломдық жұмыстың мақсаты колледжтің ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге арналған деректер қорын құру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • деректер қоры туралы мәліметтер іздеу;

  • мәліметтерді жинау және аударма жұмысымен айналысу;

  • ақпараттарды бір жүйеге жинақтап, деректер құрын құру.

Жұмыстың жаңашылдығы: колледжтің ұйымдастыру жұмыстары туралы толық ақпарат беретін деректер қоры құрылған

Зерттеу пәні «3 НК» ақпараттық жүйесін толығымен жинақтау.

Зерттеу объектісі «3 НК» ақпараттық жүйесін жайлы мәліметтерді жинақтау, өңдеу, іріктеу процесінде деректер қорын пайдалану.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы құрылған деректер қоры шын мәнінде колледжтерде оқу процесін басқару жүйесінде пайдалануға болатындығында.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде деректер қоры туралы жалпы түсінік, деректер қорымен жұмыс жасауға арналған құралдар, деректер қорымен жұмыс жасаудың тәсілдері, SQL тілі жайлы негізгі мағлұматтар, деректер қорымен орындалатын амалдар, деректер жиынтығын модификациялау және есептемелермен жұмыс қарастырылған.

Екінші бөлімде деректер қорының сипаттамасы, сонымен қатар деректер қоры арқылы керекті мәліметтерді толтыру, іздеу, өшіру, сұрыптау, қосу, оны тиімді пайдалана білу және онда жұмыс істеу принциптері жөнінде ақпарат берілген.

Қорытындыда дипломдық жұмысты жазу барысында қол жеткізген жетістіктер, ақпараттық жүйенің мүмкіндіктері және оны пайдалану аймағы баяндалған.

1 Деректер қорын басқару жүйесі. Місrosoft Ассеss ДҚБЖ-не түсініктеме

    1. Деректер қоры туралы жалпы түсінік

Қазіргі таңда Місrosoft Ассеss компоненті Місrosoft Office офистік ДҚБЖ құрлымдарының ішіндегі ең танымалыларының бірі болып табылады. Себебі, МS Ассеss-ке мәліметтерді енгізу үшін құралдардың өте кең диапазоны, анализдеу және берілгендерді ұсыну тән. Бұл құралдар тек қана қарапайым және ыңғайлы ғана болып табылмайды, сонымен қатар олар құрлымдарды өте үлкен жылдамдықта өңдеуді қамтамасыз ететін жоғары өнімді болып табылады.

МS Ассеss - реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі. Қарапайым екі өлшемді кесте реляциялық (геlation - ағылшын тілінде қатынас ұғымы) мәліметтер қоры болып табылады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құру, мәліметтерді өңдеу, қандай да бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әр түрлі формалардың есеп беруін (отчет) құруды жүзеге асырады.

Деректер қоры-ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.

Ақпараттық жүйелердің мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автоматты түрде басқару жүйелері, авияция немесе темір жол билеттерін, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.

Деректер қоры деп- компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз.

Пайдалану облысы бойынша келесі класстарды бөліп айтуға болады:

1)Ғылыми зерттеуге арналған;

2)Автоматталған жобаларға арналған;

3)Ұйымдастырушы басқарудағы ақпараттық жүйелер;

4)Технологиялық процессорды баспаға арналған.

Деректер қорын басқару жүйесін көптеген қолданушылар деректер қорын құру, енгізу, бірлесіп пайдалану және программалау құралдардың жиынтығын айтады.

Деректер қоры дегеніміз– мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрлымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді.

Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар.

Мәліметтер қорында екі өлшемді кестенің жолдары жазбалар деп, бағандары өрістер деп аталады. Дәлірек айтқанда мәліметтер қорында, кестедегі әрбір жол жазба болып табылады, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді [1].

Қазіргі уақытта көптеген ұйымдардың сәтті жұмыс істеуі үшін, оларға дамыған ақпараттық жүйелер, яғни автоматтандырылған деректер жинайтын, өңдейтін және басқаратын бағдарламалар керек.

Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) - дегеніміз деректер қорының жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың бүтін бір класы.

Ақпараттық жүйелердің қазіргі заманғы түрі - деректер банкі, яғни:

  • есептеу жүйелері;

  • деректер базасын басқару жүйелері (ДҚБЖ);

  • бір немесе бірнеше деректер базасы;

  • қолданбалы бағдарламалардың жинағы

Деректер қоры ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді және ол арқылы деректерді тез және оңай алуға болады. Деректер қорын қарап шығу, оны сұрыптау, сұраныс құру арқылы түрлендіру, жаңарту жұмыстарын атқаратын және оның қолданбалы бағдарламалармен әрекеттестігін қамтамасыз етуге арналған бағдарламалар мен тілдік құралдарының жиыны.

Деректер қорының басқару жүйесі ақпарат пайдаланушының сұранысына сәйкес толық, нақты, жинақы болуы керек.

Деректер қорының басқару жүйелері атқаратын қызметіне қарай дербес немесе көп пайдаланушы болып бөлінеді.

Компьютерде жұмыс істейтін дербес ДҚБЖ жергілікті деректер қорын құруға мүмкіндік жасайды. Дербес ДҚБЖ-ға Раrаdох, dВаsе, FохРrо, Ассеss жатқызуға болады.

Көп пайдаланушы ДҚБЖ «клиент-сервер» архитектурасында қызмет ететін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік жасайды. Көп танылатын болып Оrасlе, Іnfоrmіх, SуВаsе, Місrosoft SQL Server, ІntеrВаsе есептелінеді.

Қазіргі тіл құралдар құрылымына кіретіндер:

• деректердің логикалық құрылымын сипаттауға арналған деректерді сипаттау тілі;

• енгізіу, жетілдіру, сұрыптау сияқты деректермен жүргізілетін негізгі операцияларды орындауды қамтамасыз ететін деректерді басқару тілі;

- құрылымдық сұраныстар тілі (SQL – Structured Query Language), деректерді басқару және көптеген бағдарламалық жабдықтардың деректер базасына стандартты қатынас құру құралы болып саналады.

- үлгі бойынша құрастырылған сұраныстар тілі (QВЕ - Quеrу Ву Ехаmрlе), деректер базасына жіберілген сұраныстарды құрастыруды қамтамасыз етеді.

Қолданбалы бағдарламалар немесе қосымшалар, деректер базасындағы ақпараттарды өңдеуге арналады. Бұл жұмыс істеуші адамның нақты тапсырмасын орындайтын кестелік бағдарлама. Кеңірек айтылса, бұған командалық процессордан басқа бағдарламалардың барлығы жатады. Нақты мағынада айтылса, оған мәтіндік процессорды, деректер базасын, электрондық кестені т.б. жатқызуға болады.[2]

МS Ассеss реляциялық деректер қорының басқару жүйесі болып табылады. Ассеss-тің көмегімен келесі әрекеттерді орындауға болады:

  • мәліметтерді ұйымдастыру;

  • мәліметтерді еңгізіп, оларды іздеу;

  • белгілі бір критерийлерге байланысты мәліметтерді шығару;

  • форма және есеп құру;

  • графиктер және диаграмма құру. Ассеss негізгі объектілері:

  • кестелер

  • сұраныстар

  • формалар

  • макростар

  • модульдер

  • есептер (отчеты)

Ассеss негізгі ерекшеліктері:

  • форма және есептерде модульдерді жою арқылы форма мен есепті жеңілдету, бұл бірнеше форма және есептердін ашылуын женілдетеді;

  • барлық жазбаларды біркелкі өңдеп, серверге сұранысты жіберу мүмкіндігі;

  • Асtive X элементінің өндіруді көбейту;

  • НТМІ форматындағы файлдар тізімдерімен немесе кестелермен импорт немесе байланыс орнату;

  • гиперссылканы қолдану;

  • репликамен жұмыс жасау;

  • интернетте жұмыс жасау.

МS Ассеss – ті іске қосу. Access-ті іске қосу Пуск – Программалар – MS Access командаларымен орындалады немесе жұмыс столындағы Access белгішесін екі рет шерту керек. 1-суретте деректер қорын ашуға мүмкіндік беретін терезе көсетілген. Осы терезедегі «жаңа деректер қоры» жолы немесе мәліметтер базасы бұрын құрылған болса, онда «деректер қорын ашу» пунктін таңдау қажет.

Сурет - 1.1 Деректер қорын ашу терезесі

Негізгі меню ағымдағы жұмыс режиміне байланысты өзгеріп отырады, оның құрамында келесі пунктер болуы мүмкін: Файл, Түзету, Түр, Кірістіру, Сервис, Терезе, Пішім, Жазбалар, Сұраныс, Іске қосу, Байланыстар, Сүзгі және Анықтама.

Сурет - 1.2 Access терезесінің жалпы көрінісі

Осы экранда көрініп тұрған меню пунктерін қарастырайық:

Файл меню жолдармен жұмыс істеуге арналған, оның құрамында мынандай ішкі командалар бар: деректер қорын құру – мәліметтер базасы файлын құру үшін; деректер қорын ашу – деректер қорының файлын ашу үшін; сыртқы деректер – деректерді импорттауға немесе басқа қордағы кестелермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді; жабу – файлды жабу үшін; сақтау – файлды сақтау үшін; басқаша сақтау/Экспорт - файлды басқа атпен сақтауға немесе мәліметтерді экспорттауға мүмкіндік береді; HTML формасында сақтау – деректер қоры файлын HTML форматында сақтау үшін; парақ параметрлері – парақ үлгісін көру үшін; алдын – ала көру – баспаға шығарудың алдында парақ құрылымын көріп шығу үшін; баспаға шығару – файлды баспаға шығару үшін; жөнелту – кестенің, сұраныстын, форманың, басылымның немесе модульдің көшірмесін электрондық поштамен жөнелту үшін; мәліметтер базасының қасиеттері – ДҚ қасиеттерін көруге/орнатуға мүмкіндік береді; шығу – Access-тен шығу үшін қолданылады. Менюдің төменгі жағында Access-пен алдыңғы әрекеттері атқару кезінде жұмыс жасаған мәліметтер базасының тізімі орналасқан [3].

Түзету менюі әртүрлі редакциялау әрекеттерін жасауға арналған және оның құрамында мынандай ішкі командалар бар: болдырмау – соңғы жасалған әрекетті болдырмай тастайды; қиып алу – ерекшеленген объектіні қиып алып, оны алмасу буферіне орналастырады; көшіру – ерекшеленген объектіні көшіріп алып, оны алмасу буферіне орналастырады; кірістіру – алмасу буферіндегі объектіні курсор тұрған орынға кірістіреді; жарлық жасау – ерекшеленген объектіге жарлық жасайды; жою – ерекшеленген объектіні жояды; атын өзгерту – ерекшеленген объектінің аты орналасқан өрісті мәтін еңгізу режиміне ауыстырады.

Түр менюі әртүрлі объектілерді белгілі бір түрде көруге арналған, оның құрамында мынандай ішкі командалар бар:

Мәліметтер базасының объектілері – деректер қорының кез–келген объектісіне (кесте, сұраныс, форма, басылым, макрос, модуль) көңіл бөлуге мүмкіндік береді; үлкен белгішелер – деректер қорын объектілері аттарының жоғарғы жағынан үлкен белгішелер көрсетіледі; кіші белгішелер – деректер қорының объектілері аттарының сол жағынан шағын белгішелер көрсетіледі; тізім – объектілердің аттарын алфавитті түрде реттеп оларды бір немесе бірнеше бағанаға орналастырады; кесте – терезеге объектілердің тізімі олардың атрибуттарын (Аты, Сипаттамасы, Соңғы түзетілген күні мен уақыты, жасалған күні мен уақыты, Объектінің типі) толық көрсетсе отырып бейнелейді; белгішелерді реттеу – белгішелерді олардың аты, типі, жасалған, өзгертілген күндері бойынша реттейді; белгішелерді қатарластыру - белгішілерді туралап қатарластыра орналастырады; қасиеттер – объектінің қасиеттері сипатталған терезені ашады; программа – экранға ерекшеленген формаға немесе басылымға арналған модуль терезесін шығарады; саймандар тақтасы – саймандар тақтасы элементтерін таңдап алып, оларды баптау (өзгерту, түрлендіру) үшін диалог терезесі ашылады.[4]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]