- •Оқу әрекетінің мазмұны мен құрылымы.
- •Білім берудің дәстүрлі және инновациялық стратегиясын ұйымдастырудың психологиялық айырмашылықтары.
- •Басқару психология пәнін оқыту әдістемесі.
- •Білім алушы оқу әрекетінің субъектісі ретінде .
- •Дәрістің негізгі функциялары.
- •Психология курсындағы іскерлік ойындарын жүргізудің құрылымы мен әдістемесі.
- •Оқу әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар.
- •Семинар сабақтарындағы бағалау критерилері.
- •Сын тұрғысынан ойлау технологияларын психологияны оқытуда қолдану
- •1.Ақыл-ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы (п.Я.Гальперин, н.Ф.Талызина)
- •Педагогикалық іс-әрекет субъектілерінің бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру.
- •Проблемалық оқытудың пәндік-мазмұндық сипаттамасы.
- •Лекция материалын іріктеудің негізгі принциптері
- •Оқу міндеттерінің таксономиясы танымдық әрекетті дамытуды басқару құралы ретінде
- •Психологиялық білім мазмұнының ерекшелігі және оны меңгеруді ұйымдастыру мәселелері.
- •Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
- •Психологияны оқытудың мәні, құрылымы.
- •Пікірталас, рөлдік пікірталас, педагогикалық-психологиялық консилиум отырысы әдістерінің көмегімен сабақ өткізу.
- •Жас ерекшелік және педагогикалық курстарды оқыту әдістемесіндегі оқыту мен тәрбиенің психологиялық аспектілері.
- •1.Психологияны оқытудың қозғаушы күштері.
- •2.Оқыту мен дамудың өзара қатыстылығы ретіндегі л.С.Выготскийдің оқыту теориясы.
- •3.Түсіндіре оза оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
- •Психология курсындағы проблемалық лекция мен эвристикалық әңгімелесу.
- •Психологияны оқыту әдістемесі үшін дамыта оқыту тұжырымдамасының маңызы.
- •Әлеуметтік психологияны оқыту әдістемесі.
- •Психология курсындағы практикалық сабақтардың мақсаты, құрылымы.
- •Проблемалы ситуацияларды құрудың психологиялық шарттары.
- •Психология курсындағы семинар сабақтары, олардың міндеттері.
- •Психологияны оқытуда мотивацияны қалыптастыру.
- •Эвристикалық әңгіме, «ми шабуылы» әдісі.
- •Жалпы психологияны оқыту мақсаты.
- •Белсенді оқыту әдістерінің психологиялық негіздері.
- •Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
- •Оқу мотивтерінің классификациясы (жағымды – жағымсыз, сыртқы – ішкі) 7
- •Психологияны оқытудағы студенттердің өзіндік жұмысының рөлі.
- •Қолданбалы психологияны оқыту ерекшеліктері.
- •Проблемалық лекцияның жетістіктері мен мақсаттары
- •Теориялық психологияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктер.
- •Интерактивті оқыту әдістері.
- •Бақылау – оқып-білім алушының оқу әрекеті ретінде. Оқу әрекетінің жалпы құрылымындағы бақылаудың әсері.
- •Психологиялық әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі.
- •Бағдарламалы оқытудың әдістері.
- •Оқу әрекетін педагогикалық бақылаудың негізгі функциялары.
- •Лабораториялық сабақ теоретико-әдіснамалық білімдер мен тәжірибелік біліктердің интеграциясы ретінде
- •Оқулықпен жұмыс және психология бойынша ғылыми әдебиеттерді оқып-меңгеру.
Теориялық психологияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктер.
Психологияда теориялык денгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айкындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей әдістері:
1. Әдебиет көздерін оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрыңғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінін, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардын арасынан өзіне керекті әдебиетті тандап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Әдебиет көздерін зергтеу әдісі ғылыми танымнын белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасын ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеггерді зерттеу сияқты сатылары бар.
2. Талдау мен жинақтау. Талдау келесі түрлерге бөлінеді; эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын аныктау; білім құрылымын ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау және т.б. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сондай-ақ ол қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір біріне қатынасы көрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады, бұл ретте жоққа шығару ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған жерде оның құрамды сөйлемдері де болуы керек. Конъюнкция (лат. сопіипсііоп – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Талдау мен жинақтау диалектикалық түрде бір бірімен өзара байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезінде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар жүйеге кірерде және одан шығарда деректерге талдау жасап, салыстыруға болады.
3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі.
Дәріптеушілік – (идеализациялау) дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін емес жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді, әсіресе материалдық объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.
4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикальщ деректер қортыңдыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі.
