- •Оқу әрекетінің мазмұны мен құрылымы.
- •Білім берудің дәстүрлі және инновациялық стратегиясын ұйымдастырудың психологиялық айырмашылықтары.
- •Басқару психология пәнін оқыту әдістемесі.
- •Білім алушы оқу әрекетінің субъектісі ретінде .
- •Дәрістің негізгі функциялары.
- •Психология курсындағы іскерлік ойындарын жүргізудің құрылымы мен әдістемесі.
- •Оқу әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар.
- •Семинар сабақтарындағы бағалау критерилері.
- •Сын тұрғысынан ойлау технологияларын психологияны оқытуда қолдану
- •1.Ақыл-ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы (п.Я.Гальперин, н.Ф.Талызина)
- •Педагогикалық іс-әрекет субъектілерінің бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру.
- •Проблемалық оқытудың пәндік-мазмұндық сипаттамасы.
- •Лекция материалын іріктеудің негізгі принциптері
- •Оқу міндеттерінің таксономиясы танымдық әрекетті дамытуды басқару құралы ретінде
- •Психологиялық білім мазмұнының ерекшелігі және оны меңгеруді ұйымдастыру мәселелері.
- •Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
- •Психологияны оқытудың мәні, құрылымы.
- •Пікірталас, рөлдік пікірталас, педагогикалық-психологиялық консилиум отырысы әдістерінің көмегімен сабақ өткізу.
- •Жас ерекшелік және педагогикалық курстарды оқыту әдістемесіндегі оқыту мен тәрбиенің психологиялық аспектілері.
- •1.Психологияны оқытудың қозғаушы күштері.
- •2.Оқыту мен дамудың өзара қатыстылығы ретіндегі л.С.Выготскийдің оқыту теориясы.
- •3.Түсіндіре оза оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
- •Психология курсындағы проблемалық лекция мен эвристикалық әңгімелесу.
- •Психологияны оқыту әдістемесі үшін дамыта оқыту тұжырымдамасының маңызы.
- •Әлеуметтік психологияны оқыту әдістемесі.
- •Психология курсындағы практикалық сабақтардың мақсаты, құрылымы.
- •Проблемалы ситуацияларды құрудың психологиялық шарттары.
- •Психология курсындағы семинар сабақтары, олардың міндеттері.
- •Психологияны оқытуда мотивацияны қалыптастыру.
- •Эвристикалық әңгіме, «ми шабуылы» әдісі.
- •Жалпы психологияны оқыту мақсаты.
- •Белсенді оқыту әдістерінің психологиялық негіздері.
- •Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
- •Оқу мотивтерінің классификациясы (жағымды – жағымсыз, сыртқы – ішкі) 7
- •Психологияны оқытудағы студенттердің өзіндік жұмысының рөлі.
- •Қолданбалы психологияны оқыту ерекшеліктері.
- •Проблемалық лекцияның жетістіктері мен мақсаттары
- •Теориялық психологияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктер.
- •Интерактивті оқыту әдістері.
- •Бақылау – оқып-білім алушының оқу әрекеті ретінде. Оқу әрекетінің жалпы құрылымындағы бақылаудың әсері.
- •Психологиялық әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі.
- •Бағдарламалы оқытудың әдістері.
- •Оқу әрекетін педагогикалық бақылаудың негізгі функциялары.
- •Лабораториялық сабақ теоретико-әдіснамалық білімдер мен тәжірибелік біліктердің интеграциясы ретінде
- •Оқулықпен жұмыс және психология бойынша ғылыми әдебиеттерді оқып-меңгеру.
Оқу мотивтерінің классификациясы (жағымды – жағымсыз, сыртқы – ішкі) 7
Мотивтер /фр. motif, лат. moveo – қозғалтамын/ іс-әрекеттің түрткісі, олар субъектінің өмір сүру жағдайының әсерімен құрылады және оның белсенділігінің бағытталғандығын анықтайды. Мотив ролінде сұраныстары, қызығушылықтары, талпыныстары, эмоциялары, бағытталғандығы және мұраттары болып табылады. Бала мектепке келгенде мектепте болуға деген қызығушылықпен байланысты және қоғамдық өмірге белсенді қатыстырылу мотивтері онда басым болады. Өсе келе бұл мотивтер өзгеріске түседі: бір жағдайларда жақсы баға алуға деген қызығушылық пайда болады, екіншілерде білімнің өзіндік мазмұнына қызығушылық туады.
Себептендіру /мотив/ - баланы оқуға ұмтылдыратын күш. Оқушының оқу мотивтері – борыш сезімі, мұғалімнен мақтау алу ниеті, жазалаудан қорқуы, ересектердің талабын орындау әдеті, танымдық қызығушылық, сыныпта өз орнын табуға деген ұмтылысы, ата-аналарды қуантуға ниеті, «бестік» бағасын алуға талпынысы, сыйлық алуға деген ұмтылысы.
Оқу іс-әрекетіне барынша сәйкес мотивтер – оқу-танымдық мотивтері. Оқушының оқу мотивтері оның тұлғасының бағытталғандығын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін көбіне-көп анықтайды. Оқудың мотивтері оң болуы мүмкін /білімге деген ұмтылысы, жақсы баға алуға деген ниеті, ата-аналардың және мұғалімдердің ризашылығына ие болу, құрдастарының арасында сыйлы болу, мамандық алуға ұмтылысы, еңбекке талпынысы, Отанына пайдалы болу, сүйікті адамдарға ұқсас болу т.б./ бейтарап оқыту процесіне мәнді әсер етпейтін оқушының жеке өмірінің мотивтері/ теріс оқуға кедергі келтіретін, білімді меңгеру процесіне, мектепке оқу қызығушылығына зиянды әсер ететін мотивтер: оқуға деген ниеттің болмауы, оқу білімі, өзінің оқу еңбегін ұйымдастыра білмеуі, оқуда қалып қоюы, тәртіпсіздік, жолдастарының және ата-аналарының теріс әсері/ немесе осы үш түрі ұштасуы мүмкін.
2. Мұғалімнің міндеттері: оң мотивтерді дамыту және бекіту; бейтарап оқу мотивтеріне әсер етіп, оларды оң мотивтерге айналдыруға тырысу; теріс мотивтерді ең болмағанда бейтарап мотив деңгейіне түсіруге тырысу. Оқушыны дер кезінде сүйеп, өз күшіне сенімді орнықтыру қажет.
Оқудың оң мотивін дамытудың және қалыптастырудың негізі оқу іс-әрекеті, оқудағы танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады. Балалардың өзін басқаруға, өзін-өзі тәрбиелеуге әлі тәжірибелері аз. Проблемдік жағдайларды жасау оқу сабағына қызықтылықты, білуге деген ұмтылысты береді. Оқуға оң қатынасты туғызу үшін қызықты практикалық сабақтарды, топсеруенді, бақылауларды қолдану керек. Мұғалімнің басқарушы ролі мынада: оқумен байланысты жүйе, қызығушылықтардың, ұмтылыстардың және ниеттердің үйлесімділігін жасау болады.
Психологияны оқытудағы студенттердің өзіндік жұмысының рөлі.
Өзіндік жұмысты — студенттің білімді қабылдауы мен игеруі, дағдының қалыптасуы және оқытушының жетекшілік ролі ескерілетін және студенттің кәсіби маман болуы, қоршаған ортаға, өз қызметіне шығармашылық көзқарас қалыптастыруы үшін қажетті оқу іс-әрекеті деп, В.П.Быкова өз еңбегінде көрсетеді. "Студенттің өзіндік жұмысы - өз бетінше немесе саналы түрде қойылған мақсатқа жету жолында жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасатын оқу еңбегі. Бұл жолда студент өз білімін, ебдейлігі мен дағдысын белсенді қалыптастыра отырып, мақсатқа жетуге саналы түрде ұмтылады, ал оқытушылар студент іс-әрекетін іскерлікпен бағыттап отырады" [3]. Берілген тұжырымдау - студенттің оқу іс-әрекетіне аудитория мен кітапханадағы оқу-танымдық іс-әрекетімен қатар, оқу орны орналасқан мекен-жайдың әлеуметтік-экономикалық, мамандық саласының мәселелерін өзінің жетілуі мен жеке тұлғалық дамуы үшін, іс-тәжірибе жүзінде түрлендіру іс-әрекеттеріне қатысатындығын көрсетеді.Көптеген ғалымдар өзіндік жұмысты студенттердің интеллектуалдық, жігерлік және кәсіптік сапаларын дамытатын, оқу бағдарламасындағы оқытылатын материалдың мазмұны мен көлемін игерудегі оқытудың жеке түрлері ретінде қарастырады.Студенттің өзіндік жұмысты орындау шеберлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды. Ол мақсатты оқу іс-әрекетінің нәтижесі мен өз кезегінде шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында қалыптасады.
Студенттердің өзіндік жұмысы – болашақ мамандарды даярлаудың аса маңызды жолдарының бірі, жас тұлғаны жан–жақты жетілдіріп, қалыптастырудың міндетті шарты және құралы болып табылады. Оны оңтайландыру - елеулі тәжірибелік міндет және маңызды ғылыми мәселелері.Жоғарыда айтылған ойларға сүйене келе, біздің ойымызша, жоғары оқу орнындағы өзіндік жұмыстың мазмұны, сипаты, әдістемесі мен оны ұйымдастыру кәсіптік бағытта жүргізілсе, оқу – тәрбиелік іс-әрекеті қорытындылары жоғары болар еді.Студенттердің өзіндік жұмыстар қатарына мыналарды жатқызуға болады:
өзіндік тапсырмаларды орындау кезінде студенттің кәсіптік–ақпараттық ой–өрісінің, сенімінің және көзқарастарының негізін қалайтын кәсіптік білімдерді игеруі;
студенттердің өз бетімен тапсырмалар жүйесін орындау барысында өздерінің танымдық іс–әрекеттеріне сай, тиімді әдіс–тәсілдерді пайдалана отырып, білімдерін бекіту;
болашақ мамандардың теориялық және тәжірибелік тапсырмалар орындау арқылы өз бетімен кәсіби ойлануын дамыту;
студенттердің кәсіби бағдарлануын, қабілеттілігін, мүмкіндігін, кәсіби ынтасын ескеріп, өзіндік жұмыстарды, жекелеген тапсырмалар орындай отырып, танымдық ізденімпаздылығы мен шығармашылық бағытын қалыптастыру;
жоғары оқу орны түлектерінің кәсіби шеберліктерінің көрсеткіші ретінде көрінетін өзіндік жұмыс үрдісінде жеке адам қасиеттері мен кәсіптік маңызды қасиеттерін қалыптастыру, дамыту;
озат педагогикалық тәжірибе мен прогрессивті ғылыми идеяларды тәжірибеде шығармашылық түрде пайдалануға баулу
