- •Оқу әрекетінің мазмұны мен құрылымы.
- •Білім берудің дәстүрлі және инновациялық стратегиясын ұйымдастырудың психологиялық айырмашылықтары.
- •Басқару психология пәнін оқыту әдістемесі.
- •Білім алушы оқу әрекетінің субъектісі ретінде .
- •Дәрістің негізгі функциялары.
- •Психология курсындағы іскерлік ойындарын жүргізудің құрылымы мен әдістемесі.
- •Оқу әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар.
- •Семинар сабақтарындағы бағалау критерилері.
- •Сын тұрғысынан ойлау технологияларын психологияны оқытуда қолдану
- •1.Ақыл-ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы (п.Я.Гальперин, н.Ф.Талызина)
- •Педагогикалық іс-әрекет субъектілерінің бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру.
- •Проблемалық оқытудың пәндік-мазмұндық сипаттамасы.
- •Лекция материалын іріктеудің негізгі принциптері
- •Оқу міндеттерінің таксономиясы танымдық әрекетті дамытуды басқару құралы ретінде
- •Психологиялық білім мазмұнының ерекшелігі және оны меңгеруді ұйымдастыру мәселелері.
- •Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
- •Психологияны оқытудың мәні, құрылымы.
- •Пікірталас, рөлдік пікірталас, педагогикалық-психологиялық консилиум отырысы әдістерінің көмегімен сабақ өткізу.
- •Жас ерекшелік және педагогикалық курстарды оқыту әдістемесіндегі оқыту мен тәрбиенің психологиялық аспектілері.
- •1.Психологияны оқытудың қозғаушы күштері.
- •2.Оқыту мен дамудың өзара қатыстылығы ретіндегі л.С.Выготскийдің оқыту теориясы.
- •3.Түсіндіре оза оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
- •Психология курсындағы проблемалық лекция мен эвристикалық әңгімелесу.
- •Психологияны оқыту әдістемесі үшін дамыта оқыту тұжырымдамасының маңызы.
- •Әлеуметтік психологияны оқыту әдістемесі.
- •Психология курсындағы практикалық сабақтардың мақсаты, құрылымы.
- •Проблемалы ситуацияларды құрудың психологиялық шарттары.
- •Психология курсындағы семинар сабақтары, олардың міндеттері.
- •Психологияны оқытуда мотивацияны қалыптастыру.
- •Эвристикалық әңгіме, «ми шабуылы» әдісі.
- •Жалпы психологияны оқыту мақсаты.
- •Белсенді оқыту әдістерінің психологиялық негіздері.
- •Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
- •Оқу мотивтерінің классификациясы (жағымды – жағымсыз, сыртқы – ішкі) 7
- •Психологияны оқытудағы студенттердің өзіндік жұмысының рөлі.
- •Қолданбалы психологияны оқыту ерекшеліктері.
- •Проблемалық лекцияның жетістіктері мен мақсаттары
- •Теориялық психологияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктер.
- •Интерактивті оқыту әдістері.
- •Бақылау – оқып-білім алушының оқу әрекеті ретінде. Оқу әрекетінің жалпы құрылымындағы бақылаудың әсері.
- •Психологиялық әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі.
- •Бағдарламалы оқытудың әдістері.
- •Оқу әрекетін педагогикалық бақылаудың негізгі функциялары.
- •Лабораториялық сабақ теоретико-әдіснамалық білімдер мен тәжірибелік біліктердің интеграциясы ретінде
- •Оқулықпен жұмыс және психология бойынша ғылыми әдебиеттерді оқып-меңгеру.
3.Түсіндіре оза оқыту технологиясын психологияны оқытуда қолдану.
Түсіндіре оза оқыту технологиясы. Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі; саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау.
С.Н. Лысенкова «Оза оқыту технологиясы».
Оза оқыту – бұл қарапайым кәдімгі тақырыптық бағдарлама тізбегіне көмекші құрал. Мұнда жаңа тақырып оқу бағдарламасында берілген уақытынан бұрын әр сабақта қысқаша түсіндіріліп отырады. Бұл толықтыру уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа материалды тез игеруге жол ашады.
Түсіндіре басқару - әрбір оқушыны іске жұмылдыратын сабақтың қозғаушы күші. Мәселен, жақсы оқитын оқушы түсіндіріп тұрады, ал қалғандары өздерінің күш-жігерін жұмсап, оған ілесіп отыруға тырысады. Ал егер әлсіздеу оқушы түсіндірсе, ол да жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол бүкіл сыныпты жетелеп жолдастарын соңынан ертіп отыруы керек. Түсіндіре басқару үш түрлі әрекетті ойлаймын, айтамын, жазамын қатыстыра отырып, оқу еңбегін ойлы етуге мүмкіндік береді және сонымен бірге кері байланысты қамтамасыз етеді.
Мұғалімнің оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, артта қалушылықты дер кезінде байқауына, білім мен білікті меңгеруде ілгері болуын қамтамасыз етеді.
Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, кестелер, карточкалар, әшекейлік полотно, сызбалар, сурет түрінде көрінетін тұжырымдар. Үлгілермен жұмыс істеудегі маңызды шарт – сабақта ілініп тұрмай, үнемі іс-әрекетке қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі.
№9,19
Психология курсындағы проблемалық лекция мен эвристикалық әңгімелесу.
Сократтың «эвристика» деген сөзінен шыққан (гр табамын, ашамын, іздеймін). Бұл әдіс оқушының қойылған сұраққа өздігінен, дұрыс, нақты шешімге келіп, дұрыс жауап беруіне бағытталған. Эвристикалық әңгіме- педагогика да бұл әдіс проблемді оқыту әдісі болып саналады немесе проблемді-ізденістік әңгіме ретінде қолданылады. Бұл әдісте әңгіме кезінде ойлау ізденісі, ұжымдық ізденіске айналады, яғни бұл оқушылардың бір-бірінің ойларын алмастырып, өз пікірлерін, әртүрлі варианттағы шешімдерін қабылдаулары, ортаға ой таратулары кезіндегі болатын оқушылардың өзара іс-әрекет, өзара көмек шынайылығын іздеудегі бір-бірімен ой алмасуының , ұжымдық ізденіске ие болуы. Проблемалық лекция шынайы өмірдің қарама-қайшылықтарын оларды теориялық тұжырымдамалар негізінде бейнелеу арқылы моделдейді. Осындай лекциялардың мақсаты – студенттердің өз бетінше білім алуы.
