- •Глобалды жерсеріктік жүйенің даму тарихы
- •Ғарыштық
- •Тұтынушы
- •Секторы
- •Колорадо Спрингс
- •1.1.3 Жерсеріктік жүйенің орнын анықтау принциптері
- •1.2.2 Нүкте орнын анықтаудың дифференциялдық әдісі
- •1.3 Жерсеріктік өлшеуді өңдеу
- •1.3.1 Жерсеріктік өлшеуді өңдеу
- •1.3.2 Жерсеріктік өлшеу арқылы алынған мәндерді алдын-ала өңдеу
- •1.4 Жерсеріктік қабылдағыштар
- •1.4.2 Жерсеріктік қабылдағыштардың жіктелуі
- •1.5 Арнайы геодезиялық мәселелерді шешуде жеpcеріктік өлшеу технологиясын қолдану
- •1.5.1 Глобалды жерсеріктік жүйені қолданып геодинамикалық мәселелерді шешу
- •1.5.2 Жерсеріктік технологияны қолданбалы геодезияда пайдалану
- •1.5.3 Жерсеріктік технологияны теңіз геодезиясында қолдану
- •1.5.4 Жерсеріктік технологияны аэрофототүсіріс жұмыстарында қолдану
- •1.5.5 Жерсеріктік технологияны қолданып, топографиялық және арнайы түсірістер орындау
- •1.5.6 Жерсеріктік технологияны навигациялық мәселелерді шешу саласында қолдану
1.5.3 Жерсеріктік технологияны теңіз геодезиясында қолдану
Теңіз геодезиясына жататын және жерсеріктік технологияны пайдалануға
негізделген мәселелерді шешуге тән ерекшелік — кеме жүргізуге байланысты арнайы жүзу құралдарының орындары өте жоғары дәлділік деңгейінде анықталады (метр бірлігінде, ал кейде метрдің ондық үлесінде). Бұл кезде барлық өлшеулерді нақты уақыт масштабында орындайды. Ал алынған нәтижелерді, қажетті мәндерді анықтауға қолданылатын басқа техникалық құралдармен үйлестіреді.
Жерсеріктік әдістерді теңіз геодезиясында пайдалану аймақтарын, дәлділік деңгейіне қойылатын талаптарға сай екі шартты топқа бөлу қабылданған.
Дәлділік деңгейіне қойылатын талаптар бірнеше метрмен ғана шектеліп, бірінші топқа мыналар кіруі мүмкін:
гавань (айлақ) акваторияларындағы, жағаға жақын судағы және ішкіқоймалардағы тереңдік өлшеу жұмыстары;
экономикалық дамудың аумақтық аймақтары немесе ғылыми мақсатта теңіз (тереңдігін) түбін картаға түсіру;
пайдалы қазбаларды теңіз қазба жұмыстары кезінде қолданылатын қандай да бір суасты датчиктермен сәйкес техникалық құралдардың орындарын анықтау;
гидрографиялық жұмыстарды орындау;
дәл гравиметриялық және сейсмикалық суретке түсіружұмыстарын жүргізу.
Осы міндеттерді шешу үшін кодтық сигналдарды қолдануға негізделген жер серігін өлшеудің кодтық сигналдарды қолдануға негізделген дифференциялық әдісі ерекше таралған. Бұл - жұмыс істеу режиміндегі референцтік станция, әдетте координаталары белгілі жағадағы нүктеде, ал мобильдік станцияда қолданылатын жүзу құралының бортына орналастырылады. Дифференциалды өлшеу режимін іске асыру үшін референцтік станцияда анықталатын түзетулер - радиоарналар бойынша жүзу құралының анықталған орнын, жедел түрде есептеу жүргізілетін борттық мобильдік станцияға береді. Аталған түзетулер референцтік станция координаталарына тузетулерді емес, сәйкес жер серіктеріне дейінгі өлшенген ара қашықтықтың түзетулерін береді. Мұндай тәсіл - референцтік және мобильдік станциядан бақыланатын бірдей жерсеріктеріне жататын ақпараттарды тиімді жинақтауға мүмкіндік береді.
Жерсеріктік технологияның өте жоғары дәлдік деңгейін (қажет) талап ететін теңіз геодезиясында пайдалану аймағын қамтитын, екінші топқа жататындар:
жағадағы инженерлік жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар;
мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларына жұмыстар жүргізу кезінде қолданылатын платформалардың теңіз бетінде орналасқан жағдайын бақылау;
айлақ (гавань) акваторияларын, өзен сағасы мен су қоймалардың басқа түрлерін тазалау жұмыстарын жүргізуші драгаларды басқару;
теңіз және мұхит акваторияларындағы геодинамикалық процестерді зерттеу.
Осындай жұмыс түрлеріне қажетті жоғары дәлдік деңгейін қамтамасыз ету әдетте, жалған қашықтық өлшеу әдістерімен, тиімді үйлесетін жер серігін өлшеудің фазалық әдістерін пайдалану есебінен жүзеге асады. Осындай құрама (комбинированный) әдістерді жүзеге асырудағы негізгі қиындық мобильді станцияларды қозғалу обьектісіне орнатужедел шешуге мүмкіндік береді. Аталған проблемаларды шешу үшін, соңғы жылдары фазалық және кодтық өлшеулерді тиімді түрде бірге қолдануға негізделген қолайлы, әрі жедел әдістер жасалады.
Жоғарыда айтылған проблемалармен қатар, теңіз геодезиясына тән жұмыстарды орындау кезінде мынадай фактіні ескеру қажет: мобильдік станция орнатылатын жүзу құралдары теңіз бетінің әр түрлі айналымдары мен тербелістеріне ұшырауы мүмкін. Ол өз кезегінде есептің маркіленген нүкте кеңістігінде мүмкін емес өзгерістерге алып келеді. Мұндай өзгерістерді есепке алу үшін, жерсеріктік өлшеудің жаңаландырылған әдістері қолданылады. Ол кеменің азимуттық күйін және оның ұзына бойлы немесе көлденең тербелістерін анықтап беруге мүмкіндік береді. Осындай міндеттерді шешу тәсілдерінің бірі - бірнеше шағын ара қашықтықтарға тұрғызылған антенналық жүйелері бар жерсеріктік қабылдағыштарды қолдану. Антенналар үшбұрыш болып орналасады, оның төбесі - кеменің алдыңғы бөлігінде, ал негізі - орта бөлігінде орналасуы мүмкін.
Осы салада жүргізілген зерттеу жүмыстары мен аталған тәсілдер кеменің күйін шамамен ±1° дәлдікте, ал ұзына бойлы және көлденең тербелістерін шамамен ±0.25 млрд. деңгейінде анықтауға мүмкіндік беретіні дәлелденді.
Теңіз геодезиясына тән қосымша міндеттердің бірі - кеменің орналасқан орнына, жауапты нүктелердің күйінен басқа техникалық құралдар мен өлшеулер жүргізілетін бастапқы нүктелерге қайта есептеу әдістерін жасау қажеттілігінен тұрады (мысалы, бүйір үлгідегі эхолоттар немесе гидролокаторлардың көмегімен орындалатын тереңдікті өлшеулер)[2].
