- •Тестілік тапсырмалардың емтихандық базасы
- •*Психиатрия пәні және мақсаты. Жалпы психопатология (психикалық бұзылыстардың симптомдары мен синдромдары). Психикалық бұзылыстардың классификациясы. Психикалық бұзылыстардың емі *1*20*1*
- •*Психикалық бұзылыстардың профилактикасы және реабилитациясы. Экзогенді-органикалық және соматогенді бұзылыстар. Шизофрения. Аффективті бұзылыстар*2*12*2*
- •*Психикалық бұзылыстардың профилактикасы және реабилитациясы. Экзогенді-органикалық және соматогенді бұзылыстар. Шизофрения. Аффективті бұзылыстар*3*12*1*
- •*Психикалық бұзылыстардың профилактикасы және реабилитациясы. Экзогенді-органикалық және соматогенді бұзылыстар. Шизофрения. Аффективті бұзылыстар*4*6*1*
- •*Эпилепсия. Кеш жастағы психикалық бұзылыстар. Невроздар. Реактивті жағдайлар. Стресске реакция және адаптация бұзылыстары*2*12*2*
- •*Эпилепсия. Кеш жастағы психикалық бұзылыстар. Невроздар. Реактивті жағдайлар. Стресске реакция және адаптация бұзылыстары*3*12*1*
- •*Эпилепсия. Кеш жастағы психикалық бұзылыстар. Невроздар. Реактивті жағдайлар. Стресске реакция және адаптация бұзылыстары*4*6*1*
- •*Ересек адамдардың тұлғалық және жүріс-тұрыстық бұзылыстары. Ақыл- естің кемістігі. Балалар жасындағы спецификалық бұзылыстар. Психиатриядағы ургентті жағдайлар *2*12*2*
- •*Ересек адамдардың тұлғалық және жүріс-тұрыстық бұзылыстары. Ақыл- естің кемістігі. Балалар жасындағы спецификалық бұзылыстар. Психиатриядағы ургентті жағдайлар *3*12*1*
- •*Ересек адамдардың тұлғалық және жүріс-тұрыстық бұзылыстары. Ақыл- естің кемістігі. Балалар жасындағы спецификалық бұзылыстар. Психиатриядағы ургентті жағдайлар *4*6*1*
- •*Наркологиялық көмектің құрылымы. Наркологиялық бұзылыстардың симптомдары мен синдромдары. Наркоманиялар мен токсикоманиялар*1*4*1*
- •*Наркологиялық көмектің құрылымы. Наркологиялық бұзылыстардың симптомдары мен синдромдары. Наркоманиялар мен токсикоманиялар*2*10*1*
- •*Наркологиялық көмектің құрылымы. Наркологиялық бұзылыстардың симптомдары мен синдромдары. Наркоманиялар мен токсикоманиялар*3*10*1*
- •*Наркологиялық көмектің құрылымы. Наркологиялық бұзылыстардың симптомдары мен синдромдары. Наркоманиялар мен токсикоманиялар*4*6*1*
- •*Алкоголизм, алкогольді психоздар. Диагностикасы, емі және реабилитациясы *1*4*1*
- •*Алкоголизм, алкогольные психозы Диагностика, лечение и реабилитация*2*10*1*
- •*Алкоголизм, алкогольные психозы Диагностика, лечение и реабилитация*3*10*1*
- •*Алкоголизм, алкогольді психоздар. Диагностикасы, емі және реабилитациясы*4*6*1*
*Эпилепсия. Кеш жастағы психикалық бұзылыстар. Невроздар. Реактивті жағдайлар. Стресске реакция және адаптация бұзылыстары*3*12*1*
#73
*!20 жастағы ер адам, жұмыс істемейді. Дәрігерге тез арада бірнеше минут ішінде болатын вегетативті құбылыстарға шағым айтты: жүрек соғуы, кеудесіндегі қысу сезімі, ауа жетпеушілік, терлеу, бас айналу. Жоғарыда көрсеткен шағымдары өлімнен қорқу, санасын жоғалтудан қорқу немесе жынданып кетуден қорқу сезімімен бірге жүреді. Бұл ұстамалар 2 жылдан бері болып тұрады, себепсіз, 20-30 минутқа созылады, апта сайын қайталанады, кейде күніне 2 рет болады.
Көрсетілген үрейлі- фобиялық бұзылыстың қай түрі?
*агорафобия
*әлеуметтік фобия
*+паникалық атака
*ипохондриялық фобия
*спецификалық (жекшеленген) фобия
#74
*!18 жастағы официант қыз астанадағы түнгі клубта жұмыс істейді. Жұмасқа тұрғалы 5 ай бойы клиенттер келгенде беті мен мойны қызара ма деп қорқа бастайды және сол кезде үрей, жүрек қағуы басталады.
Төменде көрсетілген үрейлі фобиялық бұзылыстың қайсысы тән:
*агорафобия
*+эритрофобия
*әлеуметтік фобия
*паникалық атака
*ипохондриялық фобия
#75
*!24 жастағы ер адам қан қысымым көтеріліп, инсульт болып қаламын ба деп қорқады. Ең бірінші рет қорқу 6 ай бұрын, профтексеру кезінде қан қысымы 160/100 мм болып қалғандықтан анықталған. Содан бері есінен сол жағдай кетпейді, кей кездерде өзінің денсаулығы туралы, өліп қаламын ба деген ой мазалай береді. Сондықтан дәрігерге көріне беріп, «Жедел жәрдем» шақыра беріп, жұмысынан кетіп қалған.
Төменде көрсетілген бұзылыстың қайсысы дұрыс?
*әлеуметтік фобия
*паникалық атака
*+танатофобия
*кардиофобия
*агорафобия
#76
*!17 жастағы науқас жабысқақ әрекеттерге ұқсайтын стереотипті қимыл жасайды. Мысалы, тәулік бойы қайта- қайта қолын жуа береді, қол жуып тұрып сандарды санайды, егер саннан жаңылып қалса қол жууы бір сағатқа созылады. Душқа не ваннаға түсуі кафель санаумен бірге жүред,і егер жаңылып қалса жуынуы алты сағатқа дейін созылады. Тағы басын жиі сипай береді. Осы әрекеттеріне өзі де күйзеледі, жағдайының жат екенін түсінеді.
Төменде көрсетілген бұзылыс қалай аталады?
*+ритуалдар
*каталепсия
*эхопраксия
*стереотипиялар
*гиперкинездер
#77
*!35 жастағы спорт тренері Науқастың әкесі осы жаста миокард инфарктімен зардап шеккен Ең алдымен көрінетін клиникалық белгілері: жүрегім тоқтап қала ма деп, үрейлі ойлар және өзінің денсаулығына жабысқақ ойлар келе береді. Осы әрекеттеріне өзі де күйзеледі, жағдайының жат екенін түсінеді, өйткені бала жасынын спротпен айналысқан, денсаулығы жақсы, бірақ қорқуынан айрыла алмайды.
Көрсетілген синдромдардың қайсысы дұрыс?
*депрессивті-ипохондриялық
*+обсессивті-фобиялық
*психоорганикалық
*истериялық
*астениялық
#78
*!25 жастағы қыз, діншіл. Бірнеше ай ішінде ойына жаман ойлардың келетініне шағымданады. Ол ойлардың өзіне жат екенін түсінед,і оның мазмұны себепсіз екенін біледі, осы ойлардан арылуға талпынады, ол ойлар аффективті сезімге толы, өйткені ұят пен кінә сезімі бар. Арылу үшін сиынады, кейбір ритуалдар жасайды.
Көрсетілген синдромдардың қайсысы сәйкес:
*депрессивті-ипохондриялық
*+обсессивті-компульсивті
*депрессивті-фобиялық
*үрейлі-депрессивті
*депрессивті-сандырақтық
#79
*!60 жастағы науқас, соңғы екі жыл ішінде бірнеше психотравмалық жағдайларды басынынан кешкен (үйі тоналды, күйеуі инфартк алды, зейнеткерлікке шықты). Осыдан кейін бірте- бірте көңілі төмендеді, ұйқысы бұзылды, жылай беретін болды, үнемі болашағын ойлай береді, отыра алмайды, қайта қайта есейген балаларына телефон соғып жағдайларын сұрайды,! 10 килограммға арықтап кетті. Дәрегерге келіп өзінің кем туралы ойын айтады, үй жұмысын істей алмағандықтан өзін нашар әйел, нашар шешемін деп санайды. Дәрігерден көмек сұрайды, өз жағдайына сын көзбен қарайды.
Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы дұрыс?
*+үрейлі депрессивті
*обсессивті-фобиялық
*астено-невротикалық
*депрессивті-сандырақтық
*истериялық
#80
*!32 жастағы әйел, алаяқтық (мошенничество) жасап ұсталған. Жүріс тұрысы өзгерді, мәнсіз, ақымақтықпен жымия береді, көзін бадырайтады, өз аты жөнін айтпайды, жауаптары дұрыс емес. Мысалы, өзін изоляторда емес, Түркияда отельде дем алып жатырмын дейді, аяқ киімін қолына киіп, жейдесінің жеңіне аяғын кигізеді.
Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы дұрыс?
*истериялық психоз (пуэрилизм)
*+истериялық психоз (псевдодеменция)
*истериялық психоз (тұлға регресінің синдромы)
*истериялық (әсіресе конверсиондық) бұзылыс
*истериялық сана бұзылысы (Ганзер синдромы )
#81
*!50 жастағы әйел, жұмыс істемейді, күйеуі үлкен қызметтегі адам. Үш жыл бойы бизнепен шұғылданған, күйеуіне айтпай бірнеше пәтерін (өзінің және туыстарының пәтерлерін) беріп банктен үлкен кредит алған, бірақ ақшасын қайтара алмаған. Бизнесі құрып кеткендіктен банк талап жазған (иск). Бұл мәселе күйеуіне, туыстарына әйгілі болды. Бірнеше күннен кейін әйелдің жағдайы өзгерді: өзін өзі кішкене баладай ұстады, баланың даусымен сөйледі, ернін шығарды, аяғымен жер тепкілед, «өзімді өзім жақсы ұстаймын» деп уәде берді, қуыршақпен ойнады.
Төменде көрсетілген истериялық бұзылыстың қайсысы тән?
*+пуэрилизм
*псевдодеменция
*Ганзер синдромы
*тұлғаның регрессі синдромы
*конверсионды бұзылыс
#82
*!34 жастағы науқас әйел неврология бөлімінен психиатриялық ауруханаға носилкамен жеткізілді. Оң аяғы мен оң қолының сіресіп қимылсыз қалуына, «қолғап» пен «шұлық» ретінде сезімінің жоғалуына шағымданады және тұра алмайды, жүрейін десе жерге ақырын құлайды. Ауруы күйеуімен ұрсысқаннан кейін басталған.
Төменде көрсетілген бұзылыстың бұл науқасқа қайсысы тән?
*фобиялар
*+истерия
*депрессия
*неврастения
*жабысқақтық
#83
*!Емтиханнан қорқатын 2 курс студентінің емтихандық сессияның алдында кенеттен көзі көрмей қалды. Көз клиникасында дәрігер қараған кезде ешқандай себеп табылмаған. Сонда да науқастың көзі тігіліп, үш күннен кейін жібі алынды, науқаст көре бастады.
Төменде көрсетілген бұзылыстың бұл науқасқа қайсысы тән?
*ипохондриялық фобия
*+истериялық невроз
*жекешеленген (изолированная) фобия
*әлеуметтік фобия
*агорафобия
#84
*!28 жастағы жүргізуші ер адам, автоавария жасап, адам қайтыс болуын көрген. Полиция және «Жедел көмек» келген кезде қозу үстінде болған, жүгіріп, жылап, шышын жұлған. Бұл жағдай бірнеше сағатқа созылған. Тергеу кезінде кінәсіз екені анықталған. Бірақ сегіз ай бойы осы жағдай ойынан кетпей, жабысқақ ойлар, ұйқысы бұзылып, түс көру бұзылысы болған, адам өліміне өзін өзі кінәлаған.
Төменде көрсетілген диагноздың бұл науқасқа қайсысы тән?
*реактивті параноид
*паникалық бұзылыс
*адаптацияның депрессивті реакция
*истериялық (конверсионды) бұзылыс
*+посттравматикалық стрессті бұзылыс
