Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II_blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.83 Кб
Скачать
  1. М.Мәметова, ә.Молдағұлова, б.Момышұлы, т.Бигельдинов туралы шығармалардың бастауышта оқытылуы.

М.Мәметова - 1922ж. БҚО, Бөкей Орла ауданында д.к.ҰОС-басталғанда ол Алматы медициналық институтында оқып жүреді.1942 ж. өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып,21-атқыштар дивизиясының құрамына ұрысқа қатысады.Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен ж/е табандылығымен көзге түседі. Невель қаласы үшін болған ұрыста ақтық демі біткенше оқ боратып, қаза тапты(16.10.1943). 4-сынып әдебиет оқулығанда естелік түрінде жазылған Мәншүктің анасы Әминаның айтқандарын Мәриям Хакімжанова "Бала Мәншүк" шығармасы берілген. Шығармада Саратов қаласына келгеннен кейін Мәнсияның (Мәншүктің шын есімі) балабақшаға бара бастағанын, ондағы балалардың барлығы орыс ұлтының балалары болғандығы, жаңа ойыншықтарға мүлде жасқаншақтанбай, жаңа дүниелерді түсінуге үлкен құлшыныспен қадам басады. Орыс тілін меңгеруде тәрбиешілерінен көп сұрайтын, балалардан сұрауға намаыстанатын, ондағысы қате айтсам олар күледі деген ой. Көп жыл тәрбиелеген тәрбиешісі Мария Ивановнаға Мәнсияның ұстамдылығы, табандылығы, зеректігі, тазалығы, қол өнерге бейімдігі қатты ұнайды. 1 май мерекесне арнап балабақшада өткен шарада Мәнсия орыс тілінде таппақ айтып, би билейді. Сонда анасы қатты қуанып "менің сүйіктім, менің моншағым" деп айналып толғанады. Сол күннен бастап Мәнсия Моншағым деген атқа ие болады. Бірге жүрген орыс қыздар Моншақ деуге тілдері келмей Маншук деп атап кеткен екен. Содан кейін жанама аты Маншук болып кеткен екен.

Ә.Молдағұлова - 1924 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген.Бала кезінен анасынан айырылып, Алматыда ағасының қолында өскен.1944ж. 4 маусымда Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.Ленин орденімен марапатталған. 4-сынып әдебиет оқулығанда Әзиза Нұрмаханованың "Шығыс шынары" атты шығармасында "Артек" лагеріне оқушыларды жіберу жайлы әңгіме басталады. Мектеп директоры мұғалімдерден пікірлерін тыңдауға келгенде барлық ұстаздар Әлияны ұсынады. Тәрбиешісі Разумская оның оқуда үздік, тәртібінің өте жақсы екендігін айтады, ал Лидя Васильевна оның бөлмесінің әдемілігін, гүлдердің геран, фикус, олеандр, камелия, циперус сынды өсімдңктер жайқалып тұратындығын айтса, Ксеня Исаевна оның кесте тігуді жақсы көретіндігі, киімінің мұнтаздай тап-таза жүретіндігі,шашының үнемі жинақы, өрулі жүретіндігін айтады. Басқа да ұстаздар Әлия жайлы айтады. Лия жүрегінің нәзіктігі, балалар үйіндегі 1-сынып оқушыларына үнемі жірдемдесіп жүреді. Васили Петрович Лия Молдағұлываны шақыртып "Артекке" баратындығы жайлы айтады. Бірақ, ол өзінің 1 төртік бағасы бар екендігін айтып, Валодия барсын деп ұсыныс айтады. Лияның төрттік бағасына қарамастан лагерге жолдама беріп, енді төрттік баға болмайды деген уәдесін ұстаздары алады. Б.Момышұлы (1910-1982)- Жамбыл облысы,Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында дүниеге келген.ҰОС-на офицер ретінде қатысқан.Кеңес одағының батыры."Москва үшін шайқас", "Ұшқан ұя" атты шығармалары бар. "Ұшқан ұя" кітабынан 2-сынып оқулығында "Мүшел жас" шығармасында оның балалық шағында туған жылын, туған күнін емес мүшел жасты тойлайтындығын баяндайды. Алғашқы мүшел деп-нәрестені қырқынан шығаратын күн.Бұл күні бүкіл ауыл-аймақ көтеріңкі көңіл күйде болады.Екінші мүшел -баланың 7 жасқа толған күні.Азаматтыққа аттанар жолдың қадамы.Ендігі мүшел-13 жас.Оң солыңды тани бастадың, ер санатына іліктің,сенімен ақыл бөлісер кезің келді.азамат мүшелдің алды осы.Ал толықсыған жігіт шақтың мүшелі-25 жас. Б.Момышұлының "Егіншілік дәстүрі" шығармасында ауыл адамдарының егінді аз егетіндігі, күзде сол егінді қол орақпен оратындығы, үлкендердің сабаннан дән суыратындағы, бала біткеннің дәннің масағын теретіндігі,ауыл ақсақала жиылған астық жанына келіп бата беріп, молшылық тілейтіндігі, асармен біткен жеміс ортақ деп білетіндігі жайлы айтылады.Бұл шығарма Бауаржанның бала кезіндегі егіншілік дәстүрдің әдемі түрі болатын. Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасында Бауыржан дүниеге келгенде әкесі елу жасқа келгендігі, ағаш ұстасы болғандығы, есеп-қисапты білетіндігі, етікшіде болғандығын баяндайды. Туған жерге деген махаббаты баяндалып келіп естеліктермен жалғасады. Аталаларына сәлем беруді ұмытып киіз үйге қайта кіріп сәлем бергені, әкесінің ақыл айтқаны, үйге кіргенде сәлем беруді ұмытпа.Әкесінің жеті атасын жаттатқаны, қазақша жыл қайруды, күн мен жыл аттарын жаттатты, тышқан,сиыр, жылан,жылқы, мешін,тауық, мешін,доңыз, қоян,қой,барыс,ит,ұлу жылдарын жаттатқызып, оның мәнісін түсіндірмеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]