- •С.Торайғыровтың, с.Дөнентаевтың, с.Көбеевтің балаларға арналған шығармалары, олардың идеялық мазмұны және тәрбиелік мәні.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы шығармалар.
- •С.Торайғыров шығармашылығы, балалар әдебиетінде алатын орны.
- •С.Дөнентаевтың, балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы
- •С.Көбеевтің балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы.
- •С.Сейфуллин, б.Майлин, і.Жансүгіров шығармаларының білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипаты.
- •Соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.
- •М.Мәметова, ә.Молдағұлова, б.Момышұлы, т.Бигельдинов туралы шығармалардың бастауышта оқытылуы.
- •Жауынгер жазушы б.Бұлқышевтің «Өмір мен өлім туралы», «Шығыс ұлына хат» (1943) әңгімелері.
- •Ж.Жабаев поэзиясының халықтық сипаты.
- •М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы («Жетім», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» повестері)
- •Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы («Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері)
- •С.Бегалин-балалар жазушысы. «Сәтжан», «Бала Шоқан» шығармаларының тәрбиелік мәні, тілінің көркемдігі.
- •М.Иманжановтың балалар әдебиетінде алатын орны.
- •Ө.Тұрманжанов, м.Әлімбаев, ә.Дүйсенбиевтің балаларға арнап жазған өлеңдері, танымдық, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа», «Жекпе-жек» повестерінің көркемдік ерекшелігі.
- •М.Қабанбайдың балаларға арнап жазған әңгімелері, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •С.Бақбергенов «Талғат», «Дина» повестерінің тақырыбы мен идеясы
- •Қ.Жармағанбетовтың «Әнші азамат» повесіндегі Әміре Қашаубаевтың бейнесі.
- •.Балалар әдебиетіндегі шетел тақырыбы: Корней Чуковский, Агния Барто, Льюис Кэрролл, Алан Милн, Джанни Родари шығармашылығы.
С.Бақбергенов «Талғат», «Дина» повестерінің тақырыбы мен идеясы
Сәуірбек Бақбергенов (1920, Созақ ауданы – 1997) – Қазақстанның халық жазушысы (1996).Талғат повесі (1950),Қайран шешем (1963),Адам және көлеңке (1969), тағы басқа 20-ға жуық романдар мен повестер жинағы жарық көрген.Түркістан каласыңдағы балалар үйінде тәрбиеленіп, осындағы теміржол, кейіннен педагогика училищесінде оқиды. 1939 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Подольск жаяу әскер училищесін бітірісімен Мәскеу түбіндегі ұрыстарға катысады. С. Бақбергенов И.В.Панфилов атындағы N8 гвардиялық дивизияның офицері — атқыштар взводының командирі.
«Талғат» повесі. Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы - 9 қараша, 2014, Алматы) — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.
Екі рет батыр атағын алған Талғат Бигельдиновтың ерлік өміріне арналған.Талғат Бигелдиновтың ерлік істері туралы кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай нағыз ер азаматтың ісі екендігін айқын көрсетеді.Талғаттың жауынгерлік тапсырманы орындау кезіндегі өзінің ақылдылығын және жеңіс парадына полк туын көтеріп өткен полктің ұшқыштарының бірі Талғат Бигелдиновтың ерлігін суреттейді. Митрафоновтың «Жолдастар! Полктің жауынгерлері мен сержанттары, офицерлері атынан Жеңіс парадына полк туын көтеріп өтуді полктің жақсы ұшқыштарының бірі,Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған гвардия капитаны Талғат Бигелдиновке тапсырамын» деген сөзіне барлығы қарсылық көрсетпей,мақұлдады.Қаны бетіне шығып, жүрегі лүпілдеп тұрған Талғат бойын тез жиып, аяғын нық басып топтан шығып, Митрофановтың қолынан туды алуы.Талғаттың сол кездегі көңілі өзі жерде болғанымен көңілі көкте еді.Қызыл алаңда аяғын кере басып, топты бастап бара жатқандай, ұшқыр қиял оны қанатына қондырып, биіктетіп көкке көтергендей еді.Талғаттың қолындағы қызыл ту күн нұрына шағылысып, көтеріле түсті.
Кейіпкер:Талғат Бигелдинов-ұшқыш.
Митрофанов-полковник.
Мақал-мәтел: «Құс қанатымен ұшады,Құйрығымен қонады».
Эпитет:қызыл алаң
Теңеу:Көкке көтерілгендей,соғып тұрғандай
Тұрақты тіркес:Қаны бетіне шығып,теріс айналды,дүрс қойды.
«Дина» повесі. Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі. Д.Нұрпейісованың өнердегі туындылары арқылы, халқымыздың мәдени дамуына үлес қосуы. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген.Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды. Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері жарық көрді.
Тақырыбы: Күй-анасы
Идеясы:Адам бойындағы туа біткен дарын,қасиет,өнер.Сол өнерді кейінгі ұрпаққа жеткізу.
Теңеу:
күндей кәрілік,аршындай шығып,көл суындай,күнімдей жайнап
ақылынан адасқан адам сияқты
қаршығадай жып жинақы
сүттей тұнық
сіресі қатқан
қара-құрымдай көп
мұнтаздай сыпайы
құстай ұшып
желдей арынды
Эпитет:Кең кеуделі,бойшаң қыз,ер көңілді,арынды жүйрік,қызыл күрең өң,кең иықты,қу шеке,қыл арқан,сұңғақ бойлы,ат жақты,жаралы жан.
Мақал-мәтелдер:
Ат баспаймын деген жерін үш басады
Уәде құдай аты
Отырсам опақ,тұрсам сопақ
Отымен кіріп күлімен шықтым
Айдарлыны құл қылып,Тұлымдыны тұл еткен.
Ана көңілі балада,бала көңілі далада.
Бейнет,бейнет түбі-зейнет.
Бірлікте береке бар
Отыз тістен шыққан сөз,Отыз рулы елге тарайды.
Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ.
Көше көркі тал
Халық айтса,қалт айтпайды.
Әркім өз қолындағы бөктерін сұңқарым дейді.
Үйірінен айырылған аң,ақылынан адасқан адам сияқты.
Тұрақты сөз тіркесі:Көзін шалған жөн,көз жасы қаймағы бұзылмаған,қанатын қақпай,қанаты қатпаған,белін буды,жағы тынбады,терезесі тең.
