- •С.Торайғыровтың, с.Дөнентаевтың, с.Көбеевтің балаларға арналған шығармалары, олардың идеялық мазмұны және тәрбиелік мәні.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы шығармалар.
- •С.Торайғыров шығармашылығы, балалар әдебиетінде алатын орны.
- •С.Дөнентаевтың, балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы
- •С.Көбеевтің балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы.
- •С.Сейфуллин, б.Майлин, і.Жансүгіров шығармаларының білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипаты.
- •Соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.
- •М.Мәметова, ә.Молдағұлова, б.Момышұлы, т.Бигельдинов туралы шығармалардың бастауышта оқытылуы.
- •Жауынгер жазушы б.Бұлқышевтің «Өмір мен өлім туралы», «Шығыс ұлына хат» (1943) әңгімелері.
- •Ж.Жабаев поэзиясының халықтық сипаты.
- •М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы («Жетім», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» повестері)
- •Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы («Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері)
- •С.Бегалин-балалар жазушысы. «Сәтжан», «Бала Шоқан» шығармаларының тәрбиелік мәні, тілінің көркемдігі.
- •М.Иманжановтың балалар әдебиетінде алатын орны.
- •Ө.Тұрманжанов, м.Әлімбаев, ә.Дүйсенбиевтің балаларға арнап жазған өлеңдері, танымдық, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа», «Жекпе-жек» повестерінің көркемдік ерекшелігі.
- •М.Қабанбайдың балаларға арнап жазған әңгімелері, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •С.Бақбергенов «Талғат», «Дина» повестерінің тақырыбы мен идеясы
- •Қ.Жармағанбетовтың «Әнші азамат» повесіндегі Әміре Қашаубаевтың бейнесі.
- •.Балалар әдебиетіндегі шетел тақырыбы: Корней Чуковский, Агния Барто, Льюис Кэрролл, Алан Милн, Джанни Родари шығармашылығы.
С.Көбеевтің балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы.
С.Көбеевтің бал арн шығ.С.Көбеев. Ы.Алтынсариннің шәкірті, жазушы әрі педагог. 1901 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін халық мұғалімі болған. Қазақ балаларына арнап ашқан мектептеріне хрестоматиялық құрал ретінде «Үлгілі тәржіме»(1910), «Үлгілі бала»(1912) сияқты аударма, өлең-әңгімелер жинағын қоса бастырған. Алғашқы еңбегінде С.Көбеев Крыловтың 44 мысалын қазақ тіліне аударған. 1951 жылы «Орындалған арман» мемуарлық повесі басылды.Қазақ балалар әдебиетінің тарихында С.Көбеевтің көрнекті орны бар. Өмірінің соңына дейін оқытушылық қызметпен айналысқан С.Көбеев өз білімін, қажыр-қайратын туған халқына жұмсады. Оның ұстаздық, ағартушылық қызметі қазақ қоғамының артта қалған мешеулік жағдайында басталды. Ауыл адамдары арасында жаңалық таратушы болды. А.С.Пушкиннің «Дубровскийі», Н.В.Гогольдің «Өлі жандары», И.А.Крыловтың мысалдары мен А.П.Чеховтың әңгімелері С.Көбеевтің ауызша әңгімелеуі негізінде ел ішіне тарады. Қызылжардағы орыс-қазақ мектебінде оқып жүрген кезінде өзінің И.А.Крыловтан аударған мысалдарын жинап баспаға жіберді. 1910 жылы «Үлгілі тәржіме» деген атпен Қазанда басылып шықты. Крыловтан 40-тан аса мысал-өлең аударды. Мысал-өлеңдерінің бірсыпырасы мыналар: «Өтірікші», «Емен мен тал шыбық», «Қасқыр мен тырна», «Маймыл мен айна», «Шымшық пен көгершін», «Маймыл мен көзілдірік», «Аққу, шортан һәм шаян», «Ағаштың тамырлары мен жапырақтары», «Көлбақалар», «Қомағай ит» т.б. Замандастары бойындағы тоғышарлықты, надандықты, зұлымдық пен мақтаншақтықты, көрсеқызарлық пен өзімшілдікті мысал тілімен тұспалдап әшкереледі.Ы.Алтынсарин үлгісімен 1912 жылы «Үлгілі бала» оқу кітабын шығарады.Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Оқу кітабын құрастыруда С.Көбеев К.Ушинскийдің «Родное слово» кітабын басшылыққа алған. Бірқатар материалдарды содан еркін аударып пайдаланған. Кітап балаларға мектеп, оқытушы, адам(бала) тіршілігі жөнінде түсінік беретін қысқа әңгіме, өлеңдерден басталады. 60-қа жуық әңгіме, ертегі, мысал, өлеңдер бар. Көпшілігін орыс тіліндегі түрлі оқу кітаптарынан алып, қазақ балаларының ұғымына лайықтап жазған.«Үлгілі балаға» Спандиярдың бірқатар төл шығармалары да кірген. Олар қоғамдық теңсіздікті, жетім-жесірдің аянышты тұрмысын көрсететін өлеңдер мен әңгімелер. Кітапқа енген шығармалар арқылы балаларды өнер-білімге, мәдениетке шақырды, іскерлікке, қиындыққа төзімді болуға, қайырымдылыққа шақырды. Ыбырай үлгісіндегі педагог жазушы С.Көбеев те балалардың теңсіздіктегі өмірін аяушылықпен суреттейді. «Жетім» атты өлеңінде ол жетім баланың қысқы аязда тоңған, әрі аш кейпін суреттей отырып, оны аяп үйіне әкеп тамақ берген, жылы төсекке ұйықтатқан кемпірдің ықыласына ризалық білдіреді. «Қайыршы» өлеңінде автор елден жинаған тиын-тебенін ғарыптерге, ақсақ, соқырларға үлестіріп берген қайыршының қайырымдылығын жазады. С.Көбеевтің халық арасында кең тараған шығармасы – «Жетімнің өлеңі». Онда жазушы жетім баланың аянышты халін суреттеп, феодалдық ортаның мораліне қарсы қояды. Өлең идеясы жалпы қазақтық қасиеттер туралы ойлармен, арманмен ұласады.
. Спандияр И.Крыловтың қырық төрт мысал өлеңін аударып «Үлгілі тәржімә»деген атпен 1910 жылы бастырып шығарды.Осы арқылы жас ұрпақтарды өенр-білімге, әділет, адамгершілікке тәрбиелегісі келеді. Жазушы оқытуда алғашқы күннен-ақ байдың мал қорасында қақтығысқа ұшырап, кейін «заман күштінікі мен тістінікі, төзіп бақ бауырларың үшін бәріне шыда»деген Опан ағайдың сөзіненсоң оқытуды жалғастыра береді.Жазушының мұғалімдік жұмысы мен балалар әдебиетін жазуға кірісудегі алғашқы кезеңдері осындай ауыр жағдайларды брстан кешіруге тура келеді.
1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді. С.Көбеев «Үлгілі тәіржімадан» соң мектептерде және мектептен тыс уақыттарда оқытылатын «Үлгілі бала»деген атпен 1912 жылы бірінші, екінші кітап бастырып шығады.Бірінші кітабында 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітабында 32 тақырыпқа жазылған өлең мен әңгімелері бар. Баланың сауатын ашып, хат танудың бірінші құралы ана тілімен балалар әдебиеті болғандықтан, Спандияр кітапты өзі құрастырды.Бұл жөнінде Көбеевтің өзі былай дейді: «Үлгілі бала » хрестоматиясына Крыловтыңөзім аударғанмысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа әңгімелерін өлшеп қазақ тұрмысына лайықтап жаздым және қазақтың бай ауыз әдебиетін пайдаландым. Осылармен қатар жануарлар туралы мғлұмат беретін қызықты қысқа-қысқа әңгімелер, мысалдар кіргіздім әр әңгіменің соңына сұрақтар қойдым»-дейді. «Үлгілі бала »хрестоматиясының идеялық негізі, ой-түйіні шыншыл болуға үндеу, нашарлардыаяу, өнер-білімге шақыру.Бұл кітаптың алғашқы беті де Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңі сияқты «Мектепке шақыру»деген өлеңмен ашылған.
Балалар жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сөзге , мырза ерке
Бұл кезде өенрлі адам өрге шықты,
Затемес, надан кісі алар текке-деп баланы мектепке дайындайды. Спандияр Көпеев баланы оқыту барысында барлық білімді кітаптан алууға болады, ол үшін кітапты көп оқу қажеттігін бірінші орынға қояды. Жазушының «Балалар мен ғалым» деген қысқа әңгімесі де осы кітап мәселесін сөз еткен.
Балалар әдебиетінің тәрбиелік мазмұны оқу проблемасымен тығыз байланысты болғандағана өз дәрежесіне көтеріледі. «Оқыту-тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды падалана білмеген ұстаз шәкірттерге әсеретудің ең басты және қажетті құралынан айырылады»,-дейді К.У.Ушинский. Спандияр Көпеев осы қағиданы мықтап ұстанған. «Үлгілі бала», негізінен, С.Көпеевтің педагогикалық еңбектерінің қатарына жатады,-дейді ғалым С.Қирабаев. «Түскітамақ пен һәмкешкітамақ» деген әңгімеде еңбек ет пейішкен сорпаның дәмсіз, еңбек пеншаршапішкенсорпаныңдәміерекшеболатынынайтакеліп, балалардыеңбексізауызтұшымасдегенгесендіреді.
Қорыта айтқанда, Спандияр Көбеевтің балалар шығармаларының алтын қорына қосқан үлесі зор.Ол өзінің жазушылық қызметімен қатар балаларға берген тәрбиесі туралы ауыз толтырып айтарлықтай еңбек жасады.
