- •С.Торайғыровтың, с.Дөнентаевтың, с.Көбеевтің балаларға арналған шығармалары, олардың идеялық мазмұны және тәрбиелік мәні.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы шығармалар.
- •С.Торайғыров шығармашылығы, балалар әдебиетінде алатын орны.
- •С.Дөнентаевтың, балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы
- •С.Көбеевтің балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы.
- •С.Сейфуллин, б.Майлин, і.Жансүгіров шығармаларының білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипаты.
- •Соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.
- •М.Мәметова, ә.Молдағұлова, б.Момышұлы, т.Бигельдинов туралы шығармалардың бастауышта оқытылуы.
- •Жауынгер жазушы б.Бұлқышевтің «Өмір мен өлім туралы», «Шығыс ұлына хат» (1943) әңгімелері.
- •Ж.Жабаев поэзиясының халықтық сипаты.
- •М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы («Жетім», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» повестері)
- •Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы («Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері)
- •С.Бегалин-балалар жазушысы. «Сәтжан», «Бала Шоқан» шығармаларының тәрбиелік мәні, тілінің көркемдігі.
- •М.Иманжановтың балалар әдебиетінде алатын орны.
- •Ө.Тұрманжанов, м.Әлімбаев, ә.Дүйсенбиевтің балаларға арнап жазған өлеңдері, танымдық, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа», «Жекпе-жек» повестерінің көркемдік ерекшелігі.
- •М.Қабанбайдың балаларға арнап жазған әңгімелері, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •С.Бақбергенов «Талғат», «Дина» повестерінің тақырыбы мен идеясы
- •Қ.Жармағанбетовтың «Әнші азамат» повесіндегі Әміре Қашаубаевтың бейнесі.
- •.Балалар әдебиетіндегі шетел тақырыбы: Корней Чуковский, Агния Барто, Льюис Кэрролл, Алан Милн, Джанни Родари шығармашылығы.
С.Торайғыров шығармашылығы, балалар әдебиетінде алатын орны.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларында оқиды. 1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып – соғуына шыдай алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп өлең шығарады. Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет – журналдарды оқуға дағдыланады. Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады. Ол бала оқытудан бос уақытында, өз бетімен оқумен шұғылданады, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.
Шығармын тірі болсам адам болып' деген өлеңінде өз мақсатына, болашағына тек оқу арқылы жететінін айқын суреттейді. Бұл өлеңде "бұл өмірде надан боп жургенше көрде жатқан тыныш" дей келе өз өмірін оқуға арнайтынын баяндайды:
Шығармын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл өмірде надан болып
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе? .
Жүргенше бұл өмірде жаман болып.
Мен- балаң, жарық күнде сәуле қуған
Алуға қүнді барып белді буған
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін
Болмасам толған айдай балқып туған.
«Шәкірт ойы» өлеңі бар:
үзінді:Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам?..Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы.. Тақырыбы: әлеуметтік теңсіздік, әйел теңсіздігі.. Шығарма идеясы: қазақ жастарының бас бостандығы, қыздарды қалың малға сату.. Негізгі кейіпкер: Қамар, Ахмет, Омар, Нұрым.. Қосалқы кейіпкерлер: Қасен, Жәуке, Жұмабай, Бәтек молда. Романның көркемдік жүйесі реализмге негізделген. Дәуірдің шындығын жазушы типтік ортаны суреттей отырып өрбітеді, содан кейіпкерлер тағдырын көрсетуге ауысады. Бұл суреттерде ғасыр басындағы қазақ тіршілігіне кіріп жатқан жаңалықтар да байқалады. Қаламен байланыс, орыстармен қарым-қатынастын молаюы романның тіліне де едәуір әсер еткен. Онда орыс сөздері (начальник, закон, доктор, школ, уездный, город, чахотка, учитель, фельдшер, портсигар, отказ, заграница, пристань, конвой, т.б.) көп ұшырайды. Оқиғаға тереңдеп кірген кезде автор публицистикаға көбірек жол береді.
Әдеби бағыт: реализм, соның ішінде сыншыл реализм. Жанры – проза, поэзия+проза. Ғайша – Кедейдің қызы, сүйгеніне қосылады.
Қамар – Байдың қызы Жорға Нұрым алып қашады.
Жамал – Орта дәулетті отбасынан шыққан, Ғали қайтыс болған соң, Байжанның босағасына еріксіз барады.
Айтыскер қыздар, 15 жастағы қалың малға сатылған қазақ қыздары, сүйгенімен қашып кетеді, ғашықтары да өздері де ажалмен қауышады.
