- •С.Торайғыровтың, с.Дөнентаевтың, с.Көбеевтің балаларға арналған шығармалары, олардың идеялық мазмұны және тәрбиелік мәні.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы шығармалар.
- •С.Торайғыров шығармашылығы, балалар әдебиетінде алатын орны.
- •С.Дөнентаевтың, балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы
- •С.Көбеевтің балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы.
- •С.Сейфуллин, б.Майлин, і.Жансүгіров шығармаларының білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипаты.
- •Соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.
- •М.Мәметова, ә.Молдағұлова, б.Момышұлы, т.Бигельдинов туралы шығармалардың бастауышта оқытылуы.
- •Жауынгер жазушы б.Бұлқышевтің «Өмір мен өлім туралы», «Шығыс ұлына хат» (1943) әңгімелері.
- •Ж.Жабаев поэзиясының халықтық сипаты.
- •М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы («Жетім», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» повестері)
- •Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы («Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері)
- •С.Бегалин-балалар жазушысы. «Сәтжан», «Бала Шоқан» шығармаларының тәрбиелік мәні, тілінің көркемдігі.
- •М.Иманжановтың балалар әдебиетінде алатын орны.
- •Ө.Тұрманжанов, м.Әлімбаев, ә.Дүйсенбиевтің балаларға арнап жазған өлеңдері, танымдық, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа», «Жекпе-жек» повестерінің көркемдік ерекшелігі.
- •М.Қабанбайдың балаларға арнап жазған әңгімелері, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •С.Бақбергенов «Талғат», «Дина» повестерінің тақырыбы мен идеясы
- •Қ.Жармағанбетовтың «Әнші азамат» повесіндегі Әміре Қашаубаевтың бейнесі.
- •.Балалар әдебиетіндегі шетел тақырыбы: Корней Чуковский, Агния Барто, Льюис Кэрролл, Алан Милн, Джанни Родари шығармашылығы.
.Балалар әдебиетіндегі шетел тақырыбы: Корней Чуковский, Агния Барто, Льюис Кэрролл, Алан Милн, Джанни Родари шығармашылығы.
Корней Чуковский (орыс жазушысы), әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы. Орыс балалар поэзиясы Чуковскийден бастау алады. Оның балаларға арналған өлеңдері өте көп, әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Ақынның «ойынның да ойы бар» атты жинағында балаларға арналған көптеген әңгімелер, ертегілер, өлеңдер енген. Олардың қатарына барлығымызға таныс «Лимпампо», «Бармалей» «Цакатуха шыбын» «еріккен еркелер» «Телефон » «Қорбанбай мен Түлкі» өлең-ертегілер бар. Сондай-ақ осы жинақта «Бала тілі» деп аталатын бөлім бар. Онда бүлдіршіндердің тілімен айтылған қызықты, күлдіргі әңгімелер жинақталған.
Мысалы: а)- Сен үлкен болғанда кім боласың?
-Апа болып үлкейсем-дәрігер, аға болып үлкейсем –инжинер
б) –мама базарға барып көп-көп ақша сатып әкелші.
В) «Мен бүгін құлап қалып, қатты жарақаттандым»-диді Сара.
-Жыладыңба?
-Жоқ
-Неге
-Ешкім көрген жоқ.
Агния Барто- 1906 жылы Москвада туған. Балалар әдебиетінің классигі. Агния балаларға арнап шаттыққа толы, көңілді, шынайы өлеңдер жазды. Өзінің отбасы туралы: »Әке-Лев Николаевич мал дәрігері еді, өзінің мамандығын жанындай жақсы көретін. Сөйтсе де, көркем әдебиетке құштар еді. Крыловтың мысалдарын түгел жатқа білетін. Әкемнің маған Лев Толстойдың ірі әріптермен жазылған кітаптарды оқытып, сауатымды ашқаны есімде. Өзі Толстойды өте жақсы көретін. Мен бір жасқа толғанда, әкем маған «Толстой қалай тұрады, қалай жұмыс істейд? » деген кітап сыйлапты. Үй іші соған күліп отыратын. Мен өлең жазуды ерте 1-ші сыныпта оқып жүргенде бастадым »- дейді өмірбаян естелігінде.
Әлі кітапты жөндеп ұстай алмайтын 5 жасар баладан, «саған Бартоны оқып берейінбе?»- деп сұрасаң, басын изиді. «Барто» деген ендеше ол үшін қызықты, көңілді өлеңдер деген сөз.
«Ақын балалардың сотқарлығын, еркелігін, болар-болмас қулығын жақсы біледі және олар жайында күле отырп, зілсіз әзілмен жеткізуді жақсы біледі»-диді балалар әдебиетінің алыптарының бірі- Сергей Михалков.
Агния Бартоның «Бала-бақыт бастауы» топтамасында «Мылжың» «Марина мен масалар» «Жұмбақ құс» «Балалар хабары» «Ара уы» көптеген қызықты өлеңдер берілген.
Льюис Кэрролл- ағылшын жазушысы, шығармаларын көбіне балаларға арнап жазады, ертегі негізнде әңгімеледі. Кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Оның жазылған ертегілері негізінде көбінде мөлтек фильм түсіріледі. Барша бала білетін атақты туындысы «Алисаның ғажайып елдегі басынан кешкендері». Атына сай бұл шығарма қиял-ғажайып ертегісі сияқты бірде негізгі кейіпкер кішкентай Алисаның аяқтары өсіп, ұзара-ұзара тіпті денесінен бөлініп, біржаққа қашып кеткендей сезінеді. Сүйтеді де, аяқтарының өзіне қаншалықты қажет екенін ойлай бастайды. Аяқтарым озіме қайта келсе, оның таза болуына, шұлықтарын киюіне дұрыстап көмектесетінін мойнына алады. Енді бірде Алиса география сабағын есіне түсіріп, Лондон Париждың астанасы, Париж Римның астанасы,-деп шұбырта бастайды.Алисаның кейде өзі жалғыз қалғанда, бір өзі екі кыз болып, өзімен –өзі ойланатыны да қызық.
Алан Мили-атақты ағылшын жазушысы. Льюис Кэрролл секілді шығарамаларын көбіне балаларға арнап жазады, ертегі негізінде әңгімелейді.Кітаптары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Аты әлемге танымал атақты туындысы – «Винни –Пуһ әрі бәрі, бәрі,бәрі», мұнда оқиға көбіне хайуанаттардың қатысуымен өрбиді. Басты кейіпкер – Винни-пуһ атты қонжық. Оның достары талпақ танау Торай, кәрі есек Йә-йә, Жапалақ, Жолбарыс, Көжек және Кенга апай, әрі оның ұлы- Румен, Тағы – Кристофер Робин.
Джанни Родари- Италиян жазушысы балаларға араналған көптеген шығармалары бар, олардың ішінде көпшілікке жақсы танылғандары «Чиполлиноның басына кешкендері »,«Телефонмен айтылған ертегілер», «Джельсомино суайттар елінде» т.б
«Чиполлиноның басына кешкендері » деп аталатын повесть-ертегісінде сүйкімді пияз бала Чиполлиноның басынан кешкен қызықты оқиғалары баяндалады. Батыр да тапқыр Чиполлино достары кішкентай Шие, Шалқан, Көртышқанның көмегімен озбыр билеуші Лимонды, жағымпаз, екіжүзді Помидор мырзаларды жеңіп, мұраттарына жетеді.
«Телефонмен айтылған ертегілер» атты шығармасында күнде кешке ертек естімесе ұйықтай алмайтын қызына, әкесі қызмет бабымен қай жерлерде жүрсе де, жатарда үйне телефон соғып, қызына ертегі айтып береді екен.
«Джельсомино суайттар елінде»- дейтін шығармасы өте қызық . Бір елде бәрі керісінше жүреді екен. Мәселен мысықтар мияулаудың орнына үреді екен. Осында тосыннан тап болған біір ақсақ мысық, әлгі үргіш мысықтарды «Ит үреді, үру итке жарасады . Сендердің тілің мияулау. Мияуласаңдар жандарың рахаттанады. Тіпті ауыздарыңа татті дәм келеді» деп үйретеді. Бұл елде бәрі керісінше болғандықтан шындықты бейнелеген әдемі суреттерді- жаман деп, қала болса солай, шимайлай салынған суреттерді- нағыз өнер, тамаша деп мәз болады екен. Жалпы бұл туындының айтайн деген ойы «Адамның есімі қасиетті, аттарынды кез-келген қабырғаға, ағашқа, тасқа аяқ асты етіп жаза бермеңдер. Ғаламат мүсін, ескерткіш тұрғыз, соған жаз, жаңа бір машина ойлап тап, соны өз атыңмен ата» дегенге саяды.
Әлемнің көптеген елдерінің балаларына таныс аты аталған шығармалар дәрежесі жөнінен деңгейлес, тартымды жазылған туындылар.
