- •С.Торайғыровтың, с.Дөнентаевтың, с.Көбеевтің балаларға арналған шығармалары, олардың идеялық мазмұны және тәрбиелік мәні.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы шығармалар.
- •С.Торайғыров шығармашылығы, балалар әдебиетінде алатын орны.
- •С.Дөнентаевтың, балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы
- •С.Көбеевтің балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы.
- •С.Сейфуллин, б.Майлин, і.Жансүгіров шығармаларының білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипаты.
- •Соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.
- •М.Мәметова, ә.Молдағұлова, б.Момышұлы, т.Бигельдинов туралы шығармалардың бастауышта оқытылуы.
- •Жауынгер жазушы б.Бұлқышевтің «Өмір мен өлім туралы», «Шығыс ұлына хат» (1943) әңгімелері.
- •Ж.Жабаев поэзиясының халықтық сипаты.
- •М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы («Жетім», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» повестері)
- •Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы («Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері)
- •С.Бегалин-балалар жазушысы. «Сәтжан», «Бала Шоқан» шығармаларының тәрбиелік мәні, тілінің көркемдігі.
- •М.Иманжановтың балалар әдебиетінде алатын орны.
- •Ө.Тұрманжанов, м.Әлімбаев, ә.Дүйсенбиевтің балаларға арнап жазған өлеңдері, танымдық, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа», «Жекпе-жек» повестерінің көркемдік ерекшелігі.
- •М.Қабанбайдың балаларға арнап жазған әңгімелері, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •С.Бақбергенов «Талғат», «Дина» повестерінің тақырыбы мен идеясы
- •Қ.Жармағанбетовтың «Әнші азамат» повесіндегі Әміре Қашаубаевтың бейнесі.
- •.Балалар әдебиетіндегі шетел тақырыбы: Корней Чуковский, Агния Барто, Льюис Кэрролл, Алан Милн, Джанни Родари шығармашылығы.
1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы шығармалар.
20-ғасыр басындағы саяси жағдайды езілген шаруаның таптық санасының өскендігін білдіру ретінен 1916 ж.азаттық күреске байл.туған халық поэзиясының мәні өзгеше болды. Бұл поэзияның басты тақырыбы халық бостандығы жолындағы күрес. Оның айтушылары да жазба әдебиет өкілдері емес халықтан шыққан сол көтеріліске тікелей қатысқан жеке импровизатор халық ақындары болған. 1916ж оқиғасын сол дәуірдің көрнекті ақындарының бәрі дерлік жырлайды. Соның бастылары: Жамбыл, Иса Дәукебаев, Біржан Берденов, Омар Шипин, Күдері,Сартай,Сәт Еспанбетов сияқты ақындар. Көтерілістің басты себебі 1916ж 25 маусым жарлығы делінеді. Бұған дейін патша өкіметі қазақ халқынан әскер алмаған еді. Бірақ соғыс шығынын патша үкіметі әуелден-ақ қазақ,өзбек,қарақалпақ,түрікмен халықтарының мойнына салған болатын. Майдандағы патша әскерінің халі ауырлай бастаған кезде патша үкіметі жарлық шығарып 18-43 жас арасындағы отар аймақ елдері адамдарының өз күші өз жабдығымен майданға окоп қазуға алмақ болды. Окоп-майданның алғы шебі екені белгілі. Жер-жердегі болыстарда тізім жасалып оған бай балалары емес,ылғи кедей жастары жіберілетін. Болыстардың кеңсесінен сол тізімдерді алып өртемек болған кедей шаруалар стихиялы түрде күреске түсіп кетті. Қазақ даласындағы көтерілістің айрықша күшті орталықтары-Торғай (Амангелді Иманов), Жетісу (Бекболат батыр) болды. 1916ж поэзиясының ең тәуір үлгілері де осы батырлар қимылы, сол жердегі елдер жайын суреттеуге арналады. Мыс: Сартай (Тар заман), Жамбыл "Патша өмірі тарылды", Сәт Еспенбетов "Июнь жарлығы" сияқты өліңдерінде елдің қобалжуын суреттесе, Иса Дәукебаев "Бекболат батыр", Күдері ақын "Амангелдінің Торғайды алуы", Омар Шипин "Торғай соғысы"өлеңінде көтерілістің өзін суреттейді. Ал халықтың жеңіліс тауып жастардың майданға кетуін Біржан Берденов "1916 жыл" поэмасында , Сәт ақын "Жоқтау" өлеңдерінде жырға қосады. Бұл кезде туған поэзия тақырыбына майданға кеткен жігіттердің ел-жұрты, ата-анасы жас келіншектердің қоштасу рухындағы жырларында жатқызамыз. "Туған ел", "Асқардың үй ішімен қоштасуы", "Окоптағы жазған хаты" т.б. Сөйтіп 1916ж поэзиясы лирикалық толғау, эпикалық поэма,жоқтау, қоштасу жыры сияқты жанрларда қалыптасқан.
Осындай өлеңдердің бірі Әкімәлі Қаржауұлында кездеседі. Әкімәлі Қаржауұлы патша үкіметінің 1916 жылғы маусым жарлығына ілініп, майдан қара жұмысына алынады. Ол 1916 жыл өлеңінде осы оқиға анық бейнеленген.
Көшкен жұрттай ыңырантып,
Арбаға тиеп күңірентіп,
Окопқа патша айдады,
Халықтың күтпей ырзасын.
Тірі жүрсе жалғанда,
Негше көнбес бұл басым,- деп жырласа, енді бірде
Алты мың жігіт окоптың
Басқа киіп ноқтасын.
Айдалып кеттік алысқа,
От арбаға тиеліп,- деп болған жағдайды сол күйінде баяндайды.
Бөлтіріктің «Ел жарыла көшкенде» атты толғауы мен Қарсақ ақынның жырларында Маусым жарлығынан кейін ата қоныстан ауып босқын болған елдің ауыр халі, шеккен қорлық, азаптары сипатталса, Баттал, Құсайын, Есқайыр толғаулары мен Сартайдың «Тар заман», Төлеудің «Сарыарқаның сарыны» секілді жырларында жауыхдық пен әділетсіздік билеген кешегі заман жайы, ішкі-тысқы өзгіден күйзелген ел жағдайы сөз болады. Бұл сипат ел аузындағы «Қоштасу», «Жұбату», «Естірту», «Дәметкеннің зары», «Асқардың үй-ішімен қоштасуы» атты лирикалық өлеңдерінен де айқын аңғарылады. Майданнан елге, елден майдан шебіне жазылған сәлемдесу хаттарында («Ақбастың Нұржанға хаты», С.Бегімовтің «Туған елге хаты» және т.б.) жігіттердің туған, өскен елге деген ыстық сезімі, еңбекші бұқараны ашық күреске шақыратын жігерлі үн мен болашаққа деген зор сенімі бар. Майдан өмірін бейнелейтін Б.Берденовтің «Прием», Есқайырдың «Зарлы заман кезінде», Батталдың «Туар ма екен бізге күн?», Ж.Жаңабаевтың «Ұзақ жолға аттандық», Ә.Аманжолов пен Қарамолдаевтың «Еріксіз кетіп елімнен» атты жыр, дастандарында елден аттанған жігіттердің майдан шебіне дейінгі ұзақ сапары мен әр алуан жол азаптары, олардың қайғы-мұңға толы көңіл күйі мен ой-арманы, алдыңғы шептегі сұрапыл соғыстың нақты көріністері жан-жақты суреттелген. Халық өмірін арнаулы тақырып етіп сипаттайтын туындылармен қатар Қ.Бозаевтың «Қарақойын көтерілісі», «Губернатор келгенде» жыр, дастандарында сол қиын сәтте ел бақыты үшін асылып, езілген бұқараны азаттық күреске бастаған Аманкелді, Әліби, Бекболат, Ұзақ, Тайлақ, Иса, Күркебай, Әли, Қырғызбай секілді батыр-қолбасшылардың ерлігі мен жарқын бейнесі жырланды.
Жетісу қазақтарының ерлік күресін бейнелейтін «Бекболат» дастанында ел мен ер трагедиясы жырланды. Батырдың сот алдындағы батыл жауаптарын диалогпен беру арқылы аутор үстем өкілдерінің шектен тыс жауыздықтарын, әділетсіздіктерін ұтымды тәсілмен әшкереледі. Сол дастанның үлгісінде туып, халық батырларының өшпес ерлігін паш ететін К.Әзірбаевтың «Қырғызбай», «Әли батыр», Е.Кандековтың «Әли батыр», К.Сауранбаевтың «Ұзақ батыр», Бекболат Әшекеевтің үндеу-хаты арқылы жазған «Албан көтерілісі» атты көлемді дастаны, Бөлтірік ақынның «Ел жарыла көшкенде» жыры туды. Омар, Сәт, Сүлеймен, Күдері, Досмұқан, Орынбай сияқты Аманкелді сарбаздарының қатарында болып, оқиғаларды өз көзімен көрген ақындар Аманкелді Иманов бастаған Торғай көтерілісі туралы сан алуан жыр, дастандар шығарды. О.Шипиннің «Аманкелді», С.Есенбаевтың «Ер Аманкелді», Н.Ахменбековтың «Аманкелді дастаны» - Аманкелді батырдың ұлт-азаттық көтерілісі мен Азамат соғысы кезіндегі ерлікке толы күрес жолдарын тұтас қамтитын кесек әрі көркем туындылар. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған поэзия үлгілері ең алдымен қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздік пен тап қайшылығын өзекті мәселе етіп жырлап, қазақ әдебиетінде бұрын байқала қоймаған соны мазмұн, жаңа идея ала келді.
