- •С.Торайғыровтың, с.Дөнентаевтың, с.Көбеевтің балаларға арналған шығармалары, олардың идеялық мазмұны және тәрбиелік мәні.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы шығармалар.
- •С.Торайғыров шығармашылығы, балалар әдебиетінде алатын орны.
- •С.Дөнентаевтың, балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы
- •С.Көбеевтің балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы.
- •С.Сейфуллин, б.Майлин, і.Жансүгіров шығармаларының білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипаты.
- •Соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.
- •М.Мәметова, ә.Молдағұлова, б.Момышұлы, т.Бигельдинов туралы шығармалардың бастауышта оқытылуы.
- •Жауынгер жазушы б.Бұлқышевтің «Өмір мен өлім туралы», «Шығыс ұлына хат» (1943) әңгімелері.
- •Ж.Жабаев поэзиясының халықтық сипаты.
- •М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы («Жетім», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» повестері)
- •Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы («Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері)
- •С.Бегалин-балалар жазушысы. «Сәтжан», «Бала Шоқан» шығармаларының тәрбиелік мәні, тілінің көркемдігі.
- •М.Иманжановтың балалар әдебиетінде алатын орны.
- •Ө.Тұрманжанов, м.Әлімбаев, ә.Дүйсенбиевтің балаларға арнап жазған өлеңдері, танымдық, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа», «Жекпе-жек» повестерінің көркемдік ерекшелігі.
- •М.Қабанбайдың балаларға арнап жазған әңгімелері, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •С.Бақбергенов «Талғат», «Дина» повестерінің тақырыбы мен идеясы
- •Қ.Жармағанбетовтың «Әнші азамат» повесіндегі Әміре Қашаубаевтың бейнесі.
- •.Балалар әдебиетіндегі шетел тақырыбы: Корней Чуковский, Агния Барто, Льюис Кэрролл, Алан Милн, Джанни Родари шығармашылығы.
Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа», «Жекпе-жек» повестерінің көркемдік ерекшелігі.
Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа», «Жекпе жек» повестерінің көркемдік ерекшелігі."Менің атым - Қожаның" көркемдік ерекшелігіне тоқталсақ, алдымен назар аударатынымыз құрылымының тосындығы, өзгешелігі. Көркем шығарма құрылымы сөз болғанда, әңгіме сюжет пен композиция туралы болатыны белгілі. "Дүниеге келген әрбір туындының көркемдігі мен құндылығы осы екеуінің бірлігі арқылы анықталады. Сюжет нақтылы көрінісін композициядан тапса, іс әрекет ізімен шығарма құрылысының жасалатыны да анық.Повесте оқиғалар жүйесі мектеп оқушысы Қожа Қадыров төңірегінде өрбиді. Шығармада оның іс-әрекеті, мінез-құлқының қалыптасуы, арман-тілегі, басқалармен қарым - қатынасы суреттеледі. Повесть әрқайсысына тақырып қойылып, нанымды, әсерлі оқиғаларға құрылған 27 тараудан тұрады. Шығарманың жазылу әдісі, батыс әдебиетіндегі романның әрбір тарауына айдар ретінде көне қағидалардан үзінді беріп, оқушы үмітіне үкі тағып жетектейтін тәсілді еріксіз еске түсіреді. Мәселен, В.Скоттың "Айвенгосын", немесе Ж.Верннің "Дәрігер Окстың тәжірибесіндегі" әрбір тараудың басындағы мазмұнның қысқаша баяндалып кету нұсқасы өз дәрежесінде шығарманы өте ұтымды және қызғылықты етіп көрсеткені анық. Жазушының өзі көрсеткендей "Менің атым - Қожа" мен М.Твеннің "Том Сойерін" салыстырып қарай бастасақ, тараулардың қысқалығы, автордың айтайын деген ойын тым ауырлатппай, жеңіл елгезек тілмен алып кетуі сияқы ұқсастықтарды табуға болады. Жазушының шынайы өмірден алынған қызықты хикаялары жоғарыдағыдай өмірі өлмес нұсқалармен әбзелденген. Алайда, бұл еліктеу дәрежесінде қалып қоймаған, қазақ топырағының шындығынан барып туындаған талантты шығарма. "Осындай шығарма қазақ балаларына да керек" деген мақсаттан барып туындаған дүние болса керек."Композиция құрамына сюжеттің кезеңдері ғана емес, сюжеттен тыс нәрселер де кіретіні белгілі. Солардың бірі - пролог - көркем шығармаға кіріспелердің бір түрі" [2, 55] екенін ескерсек, повестегі "Кіріспе орнына" деген тарау пролог іспетті. "Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын - әттең жазушы болсам деген арман менің көкейіме ерте ұялады. Үшінші-төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауданға жайылды..." [1,5]. Бұл - кейіпкер Қожаның сөзі. Повестің кіріспесі дәл осылай басталады. Өз арман-тілегі туралы аздап сыр ашқан автор "өтірік ештеңе қоспаймын" деп уәде береді. Уәдесін орындайды да. "Кіріспе орнына" деген тараудың басты міндетінің өзі - шығарманың нанымды шығуына қызмет ету болса керек. Шығармадағы оқиғалар бас кейіпкер атынан, яғни бірінші жақтан баяндалады. Жазушының өз сөзімен айтсақ бұл тәсіл "... өмір құбылыстарын - жақсы мен жаманды, ақ пен қараны бала көзімен көру, бала түйсігімен түсінуден туындайды". Бұл айтқандарымыз - повестің бірден көзге түскен композияциялық ерекшелігі. Ол ерекшеліктер жазушының кейіннен жарық көрген, автобиографиялық туындысы болып саналатын "Балалық шаққа саяхат" повесінде де өз көрінісін тапқан. Сюжеттің басталуы оның кіріспесі іспетті: мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Сюжеттік даму Қожаның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына, іс-әрекетіне негізделген 4 тараудағы Майқанованың өзінен үлгерімі төмен, сыпсық Жантасқа жолдама беріп, Қожаға бермеуі оның теріс жолға түсуіне себеп болады. Қарап отырсақ, педагогикалық қызметтегі объективтік бағалаудың сәл сәтке болса да әлсіреуі - бала тәрбиесіне әсер етеді екен. Егер сюжеттің негізі тартыс болса, Қожа мен Майқанова арасындағы психологиялық тартыс сюжетті өрістетудің тәсілі тәрізді. Пионер лагеріне жолдама ала алмай қалған Қожа жайлауға мамасына жүрмекші болады. Колхоз атын ұрлап мінуге келгенде, Сұлтанмен кездеседі... Одан әрі шығарма сюжеті ширақ өрбіп дамиды. М.Горькийдің анықтауы бойынша, шығарманың тартымды, әсерлі болуы оның сюжетінің жатық, ширақ шығуына байланысты. Жалпы, Б.Соқпақбаев шығарма сюжетін қаһармандар характерлерінің қақтығысы, конфликт арқылы өрбітеді. Сюжет - әрбір қаламгер жаңадан жасайтын дүние, ол бір туған соң әсте қайталанбаса керек. Тамаша құрылған сюжет пен композиция қаламгердің айтайын деген идеясына, образдың жан - жақты көрініп, өсу логикасына қызмет етеді. Ондаған кейіпкерлерге, сан түрлі оқиғалар мен неше алуан суреттеу құралдарына тиісті орын тауып, өмірлік жағынан нанымды етіп шығаруы, сөз зергерінің шын мәніндегі шеберлігін аңғартады.
Жазушы шығармаларының негізгі кейіпкерлері мектеп жасындағы оқушылар, жасөспірімдер болып келеді. Сол жас адамдардың мінез қалыптастыру процесін, азаматтық жетілу нсолын көрсетуге арналған повестің бірі - «Жекпе-жек».Мұнда жігерлі талабының, еңбексүйгіштігінің арқасында он алты жасында бокстан әлем чемпионы болған Мұрат Батырбаевтың ұнамды бейнесі жасалған. Суреткер Мұрат және оның ұстазы Николай Трофимовичтің, мектеп директоры Тоқмолданың тұлғасын көркемдік шындық деңгейіне көтере алған.Жасында нәзік болып өскенімен, ұдайы шынығу, жаттығу арқасында спорт биігіне шыққан Мұрат Батырбаевтың іс-әрекеті ғибратты. Автор «мінсіз» қаһарман жасауды көздемеген. Мұрат алға қойған мақсатына бірден жетпейді. Спорт дәстүрі сіңбеген алыстағы қазақ ауылында секция ашып, жаттығу жүргізу оңай іс болмағаны, бұған Мұраттың ата-анасынан бастап, мектеп директоры Тоқмолдаға дейін қарсы шыққаны, бірақ жас адамның өршіл қайраты күллі қиындық, кедергіні жеңе білгені сенімді ашылған. Мұраттың мақсаттылығын, алған бағытына дәйектілігін сипаттайтын бірталай сЫн кезең бар. Демек, повесть кейіпкерлері «дайын күйінде» алынбай, түрлі байланыстар, қайшылықтар, күрестер үстінде толысып сомдалған.«Жекпе-жек» повесінде физкультура пәнінің мұғалімі, спортшы Николай Трофимовичтің қазақ ауылында алуан түрлі спорт ойындарын үйретуді- бастауы, көпшілік мүддесі үшін жан сала қызмет істейтіндігі оқушыны нандырады.
Повестегі өте қызықты, тың бейненің бірі - «Қызыл шекарашы» мектебінің директоры Тоқмолда. Мұны жазушының сәтті табысы қатарында айтуға болады. Не бірыңғай әсіреленбеген, не төтелей жамандалмаған, барлық болмысы іс-әрекетінен, сөйлеген сөзінен көрініп тұратын табиғи, толыққанды бейне осы Тоқмолда басында типтік жинақтаушылық сипат жоқ емес.Қырқыншы, елуінші жылдарда көптеген мектептердің мұғалім кадрлары ойдағыдай емес еді. Ұлы Отан соғысы жылдарында педагогикалық білімі мен тәжірибесі мол мұғалімдердің бәрі дерлік майданға аттанып, олардың орнын жеткілікті әзірлігі жоқ адамдар басқан. Сондай кездерде мектеп басшылығына мүлде кездейсоқ жандар да келіп қалатын. Мектеп дегенің білім мен тәрбие берудегі сан қырлы міндетінің ұштығына жете алмайтын жалған ағартушылар осындай қиын кездерде оқу ісіне зор кедергі келтірген болатын.
Кейбір істің саласында да шын мамандар мен жадағай «қызмет атқарушылар» қатарласа жүретіні бар. «Күріш арқасында күрмек су ішетіні» секілді ондайлардың ақиқат келбетін танып, ажырату қиын. Барлық кәсіпте де жұмысты өгіздей өрге сүйрейтін нағыз қайраткерлер мен сырт көзге ғана іскер көріне білетін, бірақ нәрсіз, мәнсіз жандайшаптар кездесе береді. Міне, нағыз күрес осылардың арасында өтеді, Дарынды, білгір мамандар талас-тартысқа қүштар емес, олар барлық күшті еңбекке салады, ал белгілі бір дипломды жүрек қалауымен, табиғи бейімімен емес, әйтеуір тіршілік етуге құрал деп алғандардың ісі үлгілі болмаса да, әдісі мықты келеді. Ондайлар нағыз еңбек адамын ретін тауып сүріндірерлік айла таба біледі. «Жекпе-жектегі» Тоқмолда -солардың бірі. Не педагогика, не дидактика, не спорт дегеннің мұрнына иісі бармайтын Тоқмолда есебін тауып Николой Трофимович тәрізді адал еңбекшіні, қолынан өнері төгілген қымбат адамды орнынан тайдыра біледі. Суреткердің алғыр ойы, көреген көзі бұл кейіпкерлердің мінез диалектикасын жіті талдағанын көреміз.Сонымен «Жекпе-жек» үлкенге де, кішіге де тартымды, қызғылықты шығарма болып табылады. Өмірдің кейбір түбірлі шындықтары, шыншыл, толыққанды адам бейнелері көрсетілуі повестің құндылығын арттырады. Бұдан біздің қоғамымызда алдына үлкен мақсат қойған адамдардың дегеніне жете алатындығын, сонымен қатар өмір жолының тақтайдай тегіс болмайтындығын, ол қайшылыққа толы екендігін, кедергі, кесапаттар әр кезде өзінің түсін өзгертіп, ағымға икемделіп, сан бояуға малынып шыға беретінін көреміз.
Жалпы Б.Соқпақбаевтың туындыларынан оның қаламына тән стильдік өрнек айқын сезіледі. Бөспе, жасанды, жаттанды тіркестерге орын қалдырмай, құбылысқа ең қажетті сөзді ғана екшеп айтушылық, әрбір лебізінің табиғи растығы, қарапайымдылық, өмір мен мінездің айырғысыз жымдасып шығуы, баяндаудың суреттеуге ұласып отыруы - оның жазу кестесінің маңызды белгілері.Б.Соқпақбаевтың кейбір шығармалары төменгі класс оқушыларының жасы мен түсінігіне лайықталып жазылған, мұндай туындылардың қажеттігіне күмән болмаса керек. Адам өмірінің әрбір кезеңі де өзінше қайталанбас қызыққа толы. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қаладан колхозға атасының үйіне қыдырып келіп, дала өмірінің алуан ерекшелігімен танысқан кішкене қыздың («Аяжан») көрген- білгендерін әңгімелеу де тартымды. Қазіргі қала жастары ауылдың, әсіресе, малшылар ортасының тұрмыс күйінен, еңбек ырғағынан, салт-санасынан көп жағдайда бейхабар. Негізгі көпшілігі далалы жерлерде тұратын қазақ елінің сан түрлі ұлттық тұрмыс, мәдени, дәстүр ерекшеліктерін ауылға бармай толық түсіну қиын..
