- •С.Торайғыровтың, с.Дөнентаевтың, с.Көбеевтің балаларға арналған шығармалары, олардың идеялық мазмұны және тәрбиелік мәні.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы шығармалар.
- •С.Торайғыров шығармашылығы, балалар әдебиетінде алатын орны.
- •С.Дөнентаевтың, балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы
- •С.Көбеевтің балаларға арналған шығармаларының бастауышта оқытылуы.
- •С.Сейфуллин, б.Майлин, і.Жансүгіров шығармаларының білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипаты.
- •Соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.
- •М.Мәметова, ә.Молдағұлова, б.Момышұлы, т.Бигельдинов туралы шығармалардың бастауышта оқытылуы.
- •Жауынгер жазушы б.Бұлқышевтің «Өмір мен өлім туралы», «Шығыс ұлына хат» (1943) әңгімелері.
- •Ж.Жабаев поэзиясының халықтық сипаты.
- •М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы («Жетім», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» повестері)
- •Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы («Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері)
- •С.Бегалин-балалар жазушысы. «Сәтжан», «Бала Шоқан» шығармаларының тәрбиелік мәні, тілінің көркемдігі.
- •М.Иманжановтың балалар әдебиетінде алатын орны.
- •Ө.Тұрманжанов, м.Әлімбаев, ә.Дүйсенбиевтің балаларға арнап жазған өлеңдері, танымдық, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа», «Жекпе-жек» повестерінің көркемдік ерекшелігі.
- •М.Қабанбайдың балаларға арнап жазған әңгімелері, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.
- •С.Бақбергенов «Талғат», «Дина» повестерінің тақырыбы мен идеясы
- •Қ.Жармағанбетовтың «Әнші азамат» повесіндегі Әміре Қашаубаевтың бейнесі.
- •.Балалар әдебиетіндегі шетел тақырыбы: Корней Чуковский, Агния Барто, Льюис Кэрролл, Алан Милн, Джанни Родари шығармашылығы.
С.Бегалин-балалар жазушысы. «Сәтжан», «Бала Шоқан» шығармаларының тәрбиелік мәні, тілінің көркемдігі.
С.Бегалин (1895 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылы-1983) Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929 — 1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түркісіб басқармасына жауапты жұмыстар атқарды. 1935—1956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті. ЕңбегіАлғашқы өлеңі — «Қазақ боз-балаларына» АудармаларыПушкиннің,Лермонтовтың, Шевченконың жекелеген туындыларын, Д. Н. Мамин-Сибиряктың, Л. В. Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударған. Бегалин Абай шығармаларын насихаттауға мол еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мұрасы, замандастары жайлы тың деректер беретін «Қияспай» (Пионер, 1956, №4), «Сауық кеш» (Қазақ әдебиеті, 1971, 10 желтоқсан), «Назипа Құлжанова» (Қазақстан әйелдері, 1973, № 10) тағы басқа мақалаларын жариялаған. Абай рухына арналған «Ұрпақтарға» («Совхоз туы», 1964, 5 май) атты өлең жазған. Абайдың туғанына 70 жыл толуына орай 1915 жылы 13 ақпанда Семейдің приказчиктер клубында еткен әдеби кешті ұйымдастыруға қатысқан..Халық ақындарының шығармаларын сұрыптал жинақ етіп шығарды (« Халық ақындары », 1953; «Өмір жыры», 1953), өнер саңлақтары жөнінде («Сахара сандуғаштары», 1976), жыр алыбы Ж.Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімеленді. Қазіргі кезде қазақ балалар әдебиетінің аға жазушысы кім десе, алдымен Сапарғали Бегалинді атауға болады. Өйткені ол- балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, соның тамаша үлгілерін көрсеткен жазушы. С.Бегалиннің балаларға арналған: „Қыран кегі” (1944), „Көксегеннің көргендері” (1947), „Тұңғыш” (1948), „Сәтжан” (1950), „Ермектің алмасы” (1951), „Көк бұтақ” (1953), „Ұрпақ” (1954), „Бақыт” (1956) деген шығармалары өз алдына жеке кітап болып басылды.
С.Бегалиннің балаларға арнап жазған отыздан аса көлемді әңгімелері бар. Соның бәрін жинақтап, тақырыбы мен көтерген мәселесіне қарай бес топқа бөлуге болады.
1. „Сәтжан”, „Көксегеннің көргендері”, „Бала мерген”, „Алданған жолбарыс” деген әңгімелері. Мұның бәрі негізінен аңшылыққа арналған.
2. „Шопан даңқы” (1947), „Төл басылар” (1947), „Сұрапылда” (1946), „Керкиік” (1952), „Будан” (1949), „Қозышы Нұрман” (1952), „Жылқышы” (1945) деген әңгімелерінде мектеп балалары өз оқуын мал шаруашылығымен тығыз байланыстыра жүріп, өмір танығанын көрсетеді. „Малдың тілін баққан біледі, отынның тілін жаққан біледі” деген сөздің төркіні неге байланысты туғанын жазушы мал шаруашылығына арналған бірнеше әңгімелері арқылы суреттей келіп, тәжірибелі шопандардың жұмысын жасөспірімдерге үлгі етіп ұсынады.
3. С.Бегалиннің балалар әдебиеті саласында көтерген үшінші күрделі тақырыбы Мичуриндік агробиология ғылымын насихаттайтын әңгімелері. Бұған „Жас бұтақ” (1950), „Қант бұршақ” (1954), „Есеннің кірпісі” (1951), „Хат” (1957), „Мектеп бағында” (1950) деген әңгімелері жатады. Мұнда жолдастық, достық мәселесі де елеулі орын алады. М. „Жас бұтақ” деген әңгімесіндегі Жұмақанның апорт алмасын өсіріп, оның жемісін Артекте достасқан жолдастарына жіберуі немесе „Қант бұршақ” атты әңгімедегі Зуфардың Артектегі жолдастары арқылы алдырған қант бұршақ ұрығын Қазақстанда өсіріп, оның жемісін алуы – балалар үшін аса қызық. Өйткені олар өздері істеген жұмысының жемісін көргеніне қуанады. Жсаөспірімдердің арасында достық, ынтымақтың өзі осындай игі істердің арқасында ғана басталып кететінін және мұндай достық – мызғымайтын берік достыққа айналатынын жазушы дәлел ете суреттейді.
4. С.Бегалиннің көтерген төртінші күрделі мәселесі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік істерге, Отан қорғау тақырыбына арналған. Оған „Тағы кездесті” (1954), „Машинист” (1952), „Жеткіншектер” (1946), Киіксор” (1952), „Жас шеберлер” (1947) деген әңгімелері жатады.
5. Бұл салада көтерген негізгі тақырыбы – есірген еркелердің олпы – солпы ұрыншақ мінездерін әшкере етуге, өмірге икемсіздігін мінеуге, оны түзу жолға, жөнге салуға, жаман әдеттерден аулақ болуға шақыруға арналған. Бұған оның „Ойламаған жүріс” (1952), „Ұрыншақ” (1956), „Жершіл шымшық” (1954), „Бес батыр” (1952), „Сымбатты Сима” (1957) деген әңгімелері жатады.
Сәтжан«Түз қырандарын ұстап баулуға Сәтжан аса құмар болатын. Ол Серікбай атасының бүркітін қолына алып жем бергенін, аңға алып кеткенін көргенде, мен де құс салсам, деп аса құмарланатын. Ителгі балапанының дауысы шыққан жерін аңдып көп отырды. Жанай көлеңкеге жантайып жатып әндетіп құстың дауысын елең де қылған жоқ. Сонша болмады, жартастың сайға үңілген қия бетіне екі ителгі ұшып келіп қонды. Біреуі жартастың басына әлден уақытта қайта ұшып шықты. Ителгі ұясы бар деген ойын Сәтжан әбден анықтады...». Құсбегілікті жанындай жақсы көретін Сәтжан анасының көмекшісі, мықты аңшы, жақсы дос. Повестегі басты кейіпкер — Сәтжан. «Сәтжан»повесі барлығы 8 бөлімнен тұрады.Әр бөліміне тақырыптар берілген: «Таңбалы таста», «Балапан ұясында», «Тырнақ алды», «Құс қуған бала» , «Жанайдың жаналықтары», «Алғашқы сонарда», «Жорға тауына жорық», «Есею жолында»; «Сәтжан» повесі негізінен аңшылық тақырыбына арналған. Мұның өзі-бала үшін үлкен өнер,бұл оны іскерлікке,икемділікке,алғырлыққа үйретеді.Бұл бір қыры болса,екінші қырынан тау қыранымен аң аулай жүріп,Сәтжан өз өлкесінің барлық сыр-сипатымен,оның байлығымен танысады.Өлкемен танысу Сәтжанға жаңа ой, жаңа қиял туғызады. «Сәтжан» атты повесінде жас азаматтың бойындағы еңбекке, өнерге деген құштарлық, бала жүрегіндегі тәтті арман, мөлдір сезім өте шебер суреттелген. Қазақ балалар әдебиетінің елеулі табысы болған бұл повесть орыс тілінде Мәскеу мен Санкт-Петербургте бірнеше рет көп тиражбен басылып шықты, басқа тілдерге аударылып, шетелдерде де жарық көрді.
Бала Шоқан
Жазушының балалар әдебиетіне қосқан елеулі еңбегінің бірі – «Бала Шоқан». Жазушы Семейдегі «Приходская школасында» оқып жүрген кезінде Шоқан оның аса талантты ғалым, жиһанкез екенін туралы кейбір кітаптардан, Потанин мен Домбровскийдің тебірене жазғандарынан оқып-білген. Осыдан барып жазушының көкірегіне ұлы дарын иесі туралы, оның балалық шағы туралы жазуға құмарта бастайды. Бірақ, ол бұл жұмыстың оңай еместігін, үзбей дайындық жасау керектігін түсінеді. Көп жылғы ізденістен, Шоқанның туыстарының естеліктері, мұрахат құжаттарының сұрыпталуынан «Бала шоқан» повесі дүниеге келеді.
«Ауыл күзектен көшер алдында Шоқан Мысықты еркіне қоймай үйіне ертіп келді. Онысының екі түрлі себебі бар еді. Бірі-күзекке келгелі үйір болып өнеріне сүйсінген шебер бала, бөлініп өзінің үйінде қалады. Екіншісі-күздің аяғында етігі жоқ, үстіндегі шапаны далбаланған Мысық жағынан боздағы шығып тоңып жүр екен. Жаны ашып кетті. Апасына еркелене: Мына Мысыққа менің ана қоңыр шапанымды, жеңіл етігімді беріңізші, кисін, -деді. ...Екі жағының сөзін де, әке кесімін де тыңдап отырған Шоқан қайта-қайта Әбіл қартқа жалтаңдап қарап, әкесіне наразылана көз тастады. Бірақ, әке үкіміне қарсы келудің, көпе-көрнеу Әбілдердің, анау жаяу-жалпылы шұбап келген кедейлердің көріп отырған теңсіздігіне ара түсудің есебін таба алмады. Оның бар ойы» мынау жерсіз, сусыз, қоныссыз кедейлер қайда барып күн көреді, бұларға кім көмектеседі?!»- деу болды». Повестегі Шоқанның кеңсе күзетшісі, кедей баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы эпизод жазушыға өте ұнап повесть жазуға жұмылдырған еді.
Сапарғали Бегалиннің қазақ халқының ұлы дарынды ұлдарының бірі Шоқан Уәлиханов жайлы жазған повесі беймезгіл заманда туып, заманның қыспағына түскен, жарқын талантымен, алғырлығымен қараңғы түнекті жарып өтуге ұмтылған адамның өмірін, балалық, жастық шағын нанымды әңгімелейді. Жазушы ұлы Шоқанның адамгершілік, көпшіл, қайырымды мінездері арқылы тарих белестеріне көз жібереді, тарих пен адамның қарым-қатынасына, адам және оның өзін қоршаған ортадағы күресіне назар аударады. Шоқан бойындағы отаншылдық сезімнің туу, қалыптасу жолдарын бейнелейді.
