Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II_blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.83 Кб
Скачать
  1. Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы («Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері)

Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы(1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады. Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланған. Үш мәрте Ленин орденімен және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, Октябрь Революциясы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына жазушының есімі берілген.

Ғ.Мүсірепов өз шығармаларында қазақ әйелдерінің бейнесін керемет суреттеген, соның ішінде «бір қолымен бесікті, екіншісімен әлемді тербеткен» ер аналар туралы керемет жазған. «Ананың арашасы» әңгімесінде ананың жанашыр болуы, өмірде ананың қандай болмасын жағдайда баласы үшін, тіпті жанына жақын көрген адамы үшін өз жанын аямайтыны, дүниеде ананың шексіз мейірімді екендігін суреттейді. Баласы Жапармен қосылып өздеріне бір ауыз жылы сөз айтқан жігітті қорғап, жаудан арашалап қалады.

Ал, «Ер ана» әңгімесінде ананың ерлігі, ананың өз басын қиындыққа тіге отырып жанын, Отанын қызы үшін құрбан етуі, аналардың ерен ерлігі айтылады. Сырқат немесін құшағында қысып, өз өмірімен қоса жауды өлтіру үшін өзін өлімге қиды. Немістердің шоғырланған жеріне ана өзінің немересін алып кетіп бара жатып алғашқыда көрген минаны жарып сол жердегі немістерді өлтіреді. Бұл кез-келген ананың қолынан келе бермейтін әрекет.

Ал, «Ақлима» әңгімесінде сұм соғыс азабы, ананың баласынан айырылуы. Соғыс туған баласынан айырса да, туғанындай болған Сапарынан айырмапты. Ақлиманы өз анасындай көріп хат жазған Сапар хатында мүгедек болса да аман екенін, елге Ақлимаға оралатынын жазады. Ана мен бала табысады.

Ғ.М. ұлт әдебиетіндегі ана бейнесін ашуда өлшеусіз еңбек сіңірді. Отбасының ұйытқысы саналатын, жылы жүректі әйелдің, ананың болмысын боямасыз етіп жасауда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Қаламгердің әдеби шығармашылығының шыңдалуына Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Чехов, Крылов,Толстой секілді орыс классиктері мен батыс классиктерінің әсері мол болғаны анық. Өз дәуірінде жазушыны Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық шығармалары баурап алды. Гуманист жазушының аяулы тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі туралы жазған шығармалары Ғ.М-тің жігерін жаныды. Ол Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі жоғарыда айтылған «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ер ана» тақырыптарындағы әңгімелерін жазды. Жалпы қазақ прозасындағы аналар бейнесі, тұтастай алғанда бір жиынтық, бір желі. Аталмыш шығармалардағы бейнелердің қозғалысы, шығарманың композициясы, қуаттылығы, сол кезеңдегі тыныс-тіршіліктің жаршысы, куәгері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]