Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II_blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.83 Кб
Скачать

ІІ блок

  1. С.Торайғыровтың, с.Дөнентаевтың, с.Көбеевтің балаларға арналған шығармалары, олардың идеялық мазмұны және тәрбиелік мәні.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Баянауыл ауданында малшы отбасында дүниеге келген. Әкесі-Әубәкір кедей болған, бірақ хат таныған адам. Бір жасында анадан айырылып, жетімдікті көріп өседі. Қуанышсыз балалық шақ, жартылай аш өмір — осының бәрін Сұлтанмахмұт басынан өткерді. Хат тануды ол әкесінен, кейін (1902-1907) молдадан үйренді.«Адасқан өмір» (1918) - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. Поэмада күрделі философиялық ой-толғамдар басым.Ақынның «Адасқан өмір» пайымдауы бойынша жарық дүниеде себепсіз жарала салған, жоқтан бар болған ештеме жоқ. Жалғанда қанша жан бар? Адам дейсің бе, маймыл дейсің бе? Әлде мал дейсің бе? Не ағаш, не шөп туралы әңгіме қозғап, сұрақ қойсаң да мейлің. Бәрі де белгілі бір себептің жемісі екені дау туғызбайды. Соншалық жан иелерінің ішінде адамның алатын орны бөлек. Табиғатта оның ми күші жетпеген құпия сырлар жылдан-жылға азайып барады. Дүниедегі бар нәрсені түрлі-түрлі түстерге енгізіп, себепті қолдан жасауға да адамның күші жетеді.Поэма бес тараудан тұрады: «Мен — бала», «Мен-жігіт», «Мен — тоқтадым» «Мен— кәрі», «Мен - өлік». Ақынның ойынша, адамға туғанынан бастап адамгершілік тазалық, таза ой тән. Мұндайда бәрі тең: бай да, кедей де, христиан да, мұсылман да. Адам табиғаты бойынша мейірімді және рақымды, оның бойында керемет қасиеттер көп, алайда бұл оның «дәстүр, құдай, хан және алтын» билігіне түскенге дейін жалғасады.Қызғаншақтық,соңы,жақсылықпен,бітпесін,айтады,ақын. С.Торайғыров Шығармын тірі болсам адам болып' деген өлеңінде өз мақсатына, болашағына тек оқу арқылы жететінін айқын суреттейді. Бұл өлеңде "бұл өмірде надан боп жургенше көрде жатқан тыныш" дей келе өз өмірін оқуға арнайтынын баяндайды:

Шығармын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл өмірде надан болып

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе? .

Жүргенше бұл өмірде жаман болып.

Мен- балаң, жарық күнде сәуле қуған

Алуға күнді барып белді буған

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін

Болмасам толған айдай балқып туған. Сәбит Дөнентайұлы 1894 жылы бұрынғы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу болысының төртінші ауылында (казіргі Павлодар облысы, Аксу ауданы, Құркөл ауылы) туған. Алғашқы білімді ел арасында Дөнен молда атанған, мұсылманша сауатты болған әкесінен алады. Анасынан жеті жасында жетім қалған Сәбит әке тәлім-тәрбиесінде болады. Әкесі ауыл молдасынан хат танытып, білім алу жолын нұскайды. 

«Көзі тоймаған ит» атты мысалында ашқарақтық, қомағайлық жол емесін білдіреді.  Көпірге түсті бір ит сүйек тістеп,а Ойы бар көпірінен дария кешпек.  б Көрінді су бетінде бұған бір ит,  в Мұнда да бір сүйек бар, басқа түстеп.  А Судағы ит — бұл бейбақтың көлеңкесі  г Білерлік көлеңкені болмады есі.  г Толымды көрінген соң анау сүйек  б Ол иттен тартып алмақ бар дәмесі. г  Сол оймен атты суға айбаттанып,  д Бар күшін жинап бойға, қайраттанып. д  Түскен соң жойқын суға ол батырдың  ж Ісінің не болмағы айдан анық.  з Әрқайда ашкөздінің олжасы осы,  и Байқасаң іс түбіне көзің салып.  д 4 шумақ, 17 тармақ, 2 бунақ, 11-12 буыннан тұрады. Ерікті ұйқас Тақырыбы: Қанағатсызды Параллелизм: Ит образы берілген Мазмұны: Бір ит көпір үстімен сүйек тістеп келе жатады, суға қараса тағы бір сүйек тістеген итті көреді. Бірақ қанағатсыз ит өзінің көлеңкесі екенін білмей есі шығып кетеді. Судағы сүйекті тартып алмақ болып, бар күшімен суға секіреді. Ашкөздігінен осы жағдайға түседі. Тәрбиелік мәні: Балаларды қанағатшылдыққа, қолда барды қадірлеуге тәрбиелеу. «Ауырған арыстан» мысалында Түлкі — қулық, Арыстан — зорлық, Қасқыр — қастық бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көрсетілген. Түлкіні жамандаған қасқырдың өзі өліп, сіңірінен айрылғаны айтылады.Өсекшіл қасқырды арыстанның қаһарына кіріптар қылған түлкінің қулығын айта келіп: Қазақта қасқыр да көп, түлкі де көп,  Алайда , жіп тақпаймыз ешкімге деп,  Сөз жүгіртіп шағыстырған қасекеңдер  Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп,—  деп қорытынды жасайды. Яғни өсектің заманы өткенін, қасқырдай өр көкіректердің де күні сөнгенін, тек түлкі қулық, шебер ақылдың аман алып шығарын, арыстан Ресейден сақтар сол екенін ескертеді.  Спандияр Көбеев .Алтынсарин үлгісіндегі педагог жазушы. Ұстазына еліктеп ол ағартушылық идеясын педагогтік қызметі арқылы жүзеге асырды. Абай мен Ыбырай негізін салған қазақ әдебиетіндегі демократтык, ағартушылық идеяны әрі қарай жалғастырды және жаңа заманға лаііық дамытты. Спандияр 1878 ж 14 қазанда бұрынғы Торғай обл. Николай уезі, Обаған болысына қарасты N~3 ауылда туған. "Менен бұрын 5 баласы бар ата-ана мен дүниеге келгенде сірә, қуана қоймаған болуы керек" жазушы естелігінде. Ес біліп, етек жапқан кезде анамыз: "Сен әрі ....қатты мұқтаждық көрген кезімізде туып едің" деуші еді. Әкесі Көбей мұсылманша хат таныған, қолөнерімен кун көрген адам. Ол балаларын оқыту жағын көбірек қарастырған. Анасы Айтбоз да өте қайратты жөне есті, ауылдың ортақ анасы сияқты қадірлі адам болған. Спандияр мектеп жасына жеткен кезде ,,ЪІ.Алтынсарин мектеп ашты" деген хабар тарап, әкесі баласын осы мектепке орналастыруды армандаған, мектеп ашу созылынкырап кетеді де, Көбей 9 жасар Спандиярды ескіше оқуға береді. 1887 ж Ыбырай мектебі ашылады да; ұлы ағартушының өз көмегімен сол мектепке орналасады. Оны 1892 ж бітіреді. Одан соң қостанай қаласындағы екі класты орыс-қазақ мектебінде (1895-1897) оқиды.

С.Көбеев артына көптеген мұра қалдырды. Крылөвтан аударма жасап 1910 ж "Үлгілі тәржіма" деген атпен басып шығарады. Бұдан кейін өзінің ұстазы Ы.Алтынсарин мен орыстың атақты педагогы К.Д.Ушинскийдін үлгілері бойынша өзі оқытып жүрген балаларға арнап оқу кітабын жазады. Ол 1912 ж "Үлгілі бала" деген атпен басылады. Ал атақты "Қалын мал" романы 1914 ж басылады.

Спандиярдың Крыловтан аударған "Үлгілі тәржіма" жинагында басылған мысал- өлеңдері мыналар: .Күйеу таңдаған сұлу қыз", "Маймыл мен айна", .Қүмырсқа мен шегіртке", "Екі соқа", .Қаскыр мен кемпір", Аю мен бөрене" т.б. Ақын мысалдарының мағынасы терең, ойы ұшқыр. Мысалы, "Бүркіт пен көр тышқан" деген мысалында патша мен бұқараны сөз етеді. Патшаға уәзірлеріңді тыңдама, бұқара халықтың үнін тыңда дейді. Сол сияқты "Жұрт кеңесі" деген мысалында арыстанның қасқырға қой баққызғанын айтады. Зорлықшыл, жемқор чиновникке болысты, өлкені билетін қойған патшалықты мысқыл етеді. "Патша сұраған бақалар"деген мысалда бұрын бақалардың патшасы дөңбек болады.Бақалар оған риза болмайды, жана патша сұрайды. Жаңа патша болып тырна келеді, ол келе бақаларды бытырлатып жей береді. Бақалар зар қағады, бірақ жаңа патша сұрауға батылдары бармайды. Бұдан да жаман келер деп, қалың сорға шыдай береді.

С.Көбеевтің "Үлгілі бала" деген оқу кітабында балаларға мектеп, оқытушы, адам тіршілігі, қоғам жөнінде қысқа әңгіме, өлеңдер берілген. М: "қайырымды бала", ,,Анасы мен немересі", "Әкесі мен баласы", .Құстың ұясы", "Сауысқан мен қарға", "Екі шыбын", "Балалар мен ғалым" Т.б. Кітапта барлығы алпысқа жуық әңгіме, ертегі, мысалдар, өлеңдер бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]