Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аза биткен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268.61 Кб
Скачать

Қорытынды

Бүгінгі таңда Қазақстандағы жалпы орта мектептің білім беру мазмұны оқушыларда қалыптасуы тиіс іс-әрекет түрлері, мінез-құлыққа байланысты қатынастар қалыптасу әдіс-тәсілдері мен өзінің сенімділігі арқасында жүйелі білімдерді қамтиды. Жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспарының теориялық негіздері жасалды.

Оқытудың қазіргі әдістерінің философиялық, әдіснамалық және психологиялық негіздері қарастырылып, модельдеу белгілі бір тұғырға негізделеді, әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз етілетіні айқындалды. Арнайы әдебиеттерді зерделеу «модельдеу әдісі» ұғымы төңірегіндегі көзқарастар мен пікірлердің алуан түрлілігі мен көптігін көрсетті. Оларды талдау барысында, бұл сенімділіктің мәнін анықтайды.

Жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру жұмысы қарастырылды: ғылымилық немесе теориялық білімдердің жетекші рөлі, теория мен тәжірибенің байланысы, оқуға ынталандыру, абстрактылы ойлаудың көрнекілікпен ұштасуы т.б.

Осы қағидалар негізінде жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды және оны жүзеге асырудың құрылымдық үлгісі жасалды.

Құрылымдық үлгі мақсаттық, мотивациялық-мазмұндық, әдістемелік-технологиялық, нәтижелік бөліктер бойынша сипатталды. Осы жолдардың жүзеге асуына сәйкес жоғары сынып оқушысының өзіне сенімділігін қалыптастырудың деңгейлері, өлшемдері, көрсеткіштері анықталды.

Жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін теориялық зерттеу барсында алдын-ала белгіленген күтілетін нәтижелерінің орындалуы педагогикалық-тәжірибе барысында тексерілді. Тәжірибелік жұмыстың басында анықталған жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудың жоғары деңгей көрсеткішінің 26%-ға жоғарылағанын, орта деңгей көрcеткiштерi 1% артқанын, ал төменгi дәрежедегi көрcеткiш cаны 27% азайғанын байқаймыз. Ал бақылау тобындағы жоғары деңгей 12% жоғарыласа, орта деңгей 13% жоғарылағанын, ал төменгі деңгей 25% төмендегеніне көз жеткiздік.

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижесін зерттеудің мақсатымен салыстыру қорғауға ұсынылған қағидалар мен болжамның дұрыстығын дәлелдейді.

Мәселені теориялық тұрғыдан зерттеу мен педагогикалық-тәжірибелік жұмыстың нәтижесі мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

  • жоғары сыныптағы білім беру үрдісін жетілдіруге бағытталған философиялық, педагогикалық, психологиялық көзқарастар зерделеніп, мектеп оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы тұрғыдан келу теориялары арқылы негізделді;

  • зерттеу тақырыбы бойынша «өзіне сенімділігін қалыптастыру» ұғымына

анықтама берілді;

  • Теориялық қағидалар мен педагогикалық-тәжірибелік жұмысының негізіне қорытындылар жасай отырып, мынадай ұсыныстар айтамыз:

  • әлеуметтік педагогқа жоғары сынып оқушыларымен жақын жұмыс жасауы үшін жеке сабақтар жүргізуге арнайы сабақтан тыс уақыт берілуі керек;

  • жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыруда модельдеу әдісін қолдану әдістемесін мектептің барлық пәндері бойынша ендіру керек;

Зерттеліп отырған мәселе күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын терең қамтып шығу мүмкін болмады. Жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыруда әлеуметтік педагогтың жұмыс жасауға болатын мүмкіндігінің бір нұсқасын ұсындық. Зерттеу жұмысымызда мәселенің айқындалған жақтары келешекте оқушылардың әр жас ерекшелігіне байланысты мұғалімін даярлау, әр типті мектептерде оқушының өзіне сенімділігін қалыптастыру және оқу әрекеті барысында іске асыруға, дамытуға арналған пәндік сипаттағы тапсырмалар жинағын дайындау бағытындағы мәселелерді зерттеуге негіз бола алады деп есептейміз.