- •Әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру жұмысының теориялық негіздері
- •1.3 Әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
- •Мақсаты –
- •Міндеттері
- •Әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету блоктары
- •Жүйенің тиімділік критерийлері
- •Нәтижесі: Өзіне сенімділігі қалыптасқан жоғары сынып оқушысы
- •2 Әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудағы тәжірибелік педагогикалық жұмысы
- •2.1 Сурет. Тәжiрибелiк топпен бақылау тобының сауалнама нәтижесі
- •2.3 Сурет. Тәжiрибелiк жұмыcтың бақылау кезiнде алынған көрcеткiштер нәтижеci
- •Тәжірибелік - педагогикалық жұмыс нәтижелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Жүріс-тұрыстың компонентті дамыту:
өзін сенімді адам ретінде көрсете білуге оқыту;
сенімді жүріс-тұрыстың коммуникативті біліктері мен дағдыларын дамыту мен қалыптастыру
Педагогтармен жұмыс
Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру
Мақсаты –
жоғары сынып оқушыларында өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға ықпал етуге жағдай құруға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы іс-шаралар кешенін жүргізу
Міндеттері
Тұлғалық компонетті дамыту:
1. өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі құрметтеу деңгейін көтеру;
2. өзін-өзі танудың ұтымды дағдыларын дамыту.
Когнитивті компонентті дамыту:
1. жеке ұтымдылық сезімін бекіту;
2. алдына қойған мақсаттарға жету мүмкіндігі және өз күшіне сену, өзіне сену қабілеттерін дамыту
Эмоциональды компонентті дамыту:
1. өзінің жағымсыз эмоиональды жай-күйін және өзінің қорқыныштарын жеңе білуге үйрету
Жүріс-тұрыстың компонентті дамыту:
1. өзін сенімді адам ретінде көрсете білуге оқыту;
2. сенімді жүріс-тұрыстың коммуникативті біліктері мен дағдыларын дамыту мен қалыптастыру
ЖҰМЫС БАҒЫТЫ
Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс
Отбасымен жұмыс (ата-анасымен)
Педагогтармен жұмыс
Әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету блоктары
Әлеуметтік-педагогикалық диагностика
Әлеуметтік-педагогикалық ағарту жұмыстары
Педагогикалық коррекция
Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру
Жүйенің тиімділік критерийлері
Әлеуметтік педагог қызметінде жоғары сынып оқушыларының өзіне деген сенімділігін қалыптастыру жұмысы
Нәтижесі: Өзіне сенімділігі қалыптасқан жоғары сынып оқушысы
1-сурет : Жоғары сынып оқушыларының өзіне деген сенімділігін қалыптастыру бойынша әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу жүйесінің моделі
2 Әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудағы тәжірибелік педагогикалық жұмысы
Әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп – білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.
Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында»-деп атап көрсеткен болатын. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады [59].
Сенім жеке адам өмірінің ұстаным беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Дұрыс сенім – дұрыс іс-әрекет кепілі. Адам мұраты – адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Сондықтан да, ол адам өмірін толық қамтиды. Нәтижесінде, жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді.
Адамның өз-өзіне деген сенімділігі тұлға ретінде өте маңызды болып келеді, өзінің жеке пікірі болады, өзінің сезіміне сене алады. Балалар үлкендермен, өз замандастарымен тілдесу арқылы басқа адамдармен өмір сүруді үйренеді, қоғамдағы тәртіп ережелерін меңгереді.
Әдетте, балалардың өз жолдастарымен бірігіп жасаған қызметі арқылы тілдері, жаңа іскерлік қасиеттері, білімдері дамиды; мінезі, рухани құндылықтары қаланады. Сондай бірігіп жасалатын қызметтің бірі – педагогикалық әдістер арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс-тәсілдердің маңызы өте зор. Педагогикалық әдістер балалардың оқу танымдық қабілеттерін, есте сақтау, зейіндерін дамыту, өз-өзіне сенімділіктерін жоғарылатады.
Педагогикалық-психолог баланың барлық психологиялық шынайылығымен іс-әрекет жүргізіп және тұлғаның барлық жағын дамытуға мүмкіндік жасайды, сонымен қатар психолог мұндай үрдісте ата-аналарды және педагогтарды да біріктіре алады. Педагогикалық-психолог мектептің және отбасының тәрбие жүйесіне, баланың тұлғалық ілгері дамуына тежеулер жасайтын жағдайда қарсы шыға алады. Психолог жас ұрпақтың тұлғалық дамуына ықпал етіп, қорғайды және ерекшеліктерін ескеріп жұмыс ұйымдастырып, жағдай жасайды.
Әлеуметтік педагогикалық қызмет көрсету саласының мақсаты – әрбір баланың саулығын, жанының жайсаңдығын қамтамасыз ететін, рухани кемелденуіне ықпал ететін психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу. Осы айтылған мақсатқа жету үшін әрбір педагог баланың қабілетін икемділігін, қызығушылығын, сезімі мен қарым-қатынасы және т.б. тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, оған тұлғалық маңызы бар іс - әрекетте нәтиже мен жеңіске жету жағдайын жасауы қажет.
Баланың өзіне-өзі сенімділігі дискуссия, әңгіме, түрлі мотивтерді «қарсы», «қарсы емес» дәлелдерін салыстыру негізінде қалыптасады.
Дұрыс шешім барлық жағдайды жан-жақты талдап бағаланғанда ғана қабылдануы мүмкін. Сондықтан өзіне өзі сендіру үрдісіне обьективті бағаламауға әкелетін сезімдер сипатын ескерту қажет; өкпелеу, қызғану, ашулану, орынсыз намыстану сияқты іс-әрекеттер.
Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру тәрбиелеудің негізгі тәсілі. Бала қандай да бір мақсаттан бас тарту үшін немесе бір нәрсеге қатынасын өзгерту үшін, ол ұстанған бағыттың қате екенін сендіру қажет, сонда ғана даму мүмкіндіктері ашылады. Өзіне деген сенімділігі өз істерін кінәлаумен қатар жаңа қатынастардың бекітілуімен де байланысты болуы мүмкін.
Сендіру және өзін-өзі сендіру, әсер ету тәсілі ретінде басқа тәсілдерден ерекшелігі, мысалы иландырудан, белсенділіктен, күрделі ойлау жұмысын талап етеді. Сендірудің мақсаты басқаға немесе өзіне белгілі жағдайдың ақиқаттығын, қылықтың немесе қатынастың дұрыстығын немесе керісінше бағытының дұрыс еместігін және оның жеке адам үшін, сондай ақ ол өмір сүретін ұжымға зияндығын дәлелдеу.
Бала іс-әрекетінің бағыты туралы мәселені шешу және шешімді орындау үрдісіндегі күмәндануды жеңу және бір нәрсені өзіне дәлелдеу үшін, қайшылықтар орын алатын кезде, өзін бір нәрсеге сендіру қажет болады
Өзіне деген сенімділігін, өзін-өзі тәрбиелеудің бірінші сатысында жағымды іс әрекет мотивтерін бекіту үшін ғана қажет деп түсінуге болмайды, ол өзімен жұмыс істеу кезінде әрқашанда керек. Өйткені келесі сатыларды жеңу керек болатын қмыншылықтар мен күмәндар пайда болуы мүмкін.
Өзін-өзі сендіру көп жағдайда сырттан сендірумен байланысып жүреді.
Мұндай байланыстың екі жағдайы бар;
Біріншісі тәрбиеленуші немесе ата-ана баланың жалтақтауын байқап оны
жұмысқа кірісуге немесе бір нәрсемен айналысуды жалғастыруға сендіріп соның негізінде ойлануға және өзін-өзі сендіруге итермелейді;
Екінші жағдайда адамның өзінің дәлелдеріне сенімді болып өзінен үлкендерден немесе достарынан өзі сенген нәрсесін мақұлдауға немесе жоққа шығаруды өтінеді. Осы кезде ол мәселенің мәнін, өзінің күмәндарын және дәлелдерін баяндайды. Адамға өзінің ойын және күйін білдіргісі келмей, өзінің қызықтыратын сұрақты басқа адам атынан қойып, алған жауабы оны белгілі пікірдің дұрыстығына сендіреді.
Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыруда ата-ананың, қоршаған ортасының, сынып жетекшінің маңызы өте зор. Бала үнемі үлкен адамдардың, достарының қолдау көрсетіп, назар аударғанын қажет етеді.
Өзіне деген сенімділігі – баланың дене-бітімімен қоса ой-санасының да түзу және дұрыс дамуының нәтижесі. Бала бойындағы сенімділіктің қарым-қатынаста және дербес шешім шығаруда зор әсері бар. Өзіне сенімді бала айнаға қарағанда, сүйіспеншілікке, қамқорлық пен көңіл бөлуге лайықты адамды көреді. Әке-шеше тарапынан болған осындай қолдауға сүйеніп, бала басқалармен қарым-қатынаста оң нәтижеге қол жеткізеді. Мұндай бала белсенді және көтеріңкі көңіл-күймен барлық қиыншылықтарды оңай еңсереді. Кез келген түйінді мәселенің шешімін табуға ешбір қиындықсыз батыл кірісіп кетеді. Демек, баланың дұрыс қалыптасуында сенімділік ерекше роль ойнайды.
Балаңыз өзіне сенімді ме әлде жан-жағына жалтақтай береді ме? Сенімсіз баланың бойындағы «симптомдар» мынау:
1. Жүрексіну. Бала жаңа нәрсені қолға алып, оны тексеріп көруге батылы бармау. Бұл баланың өз қабілетіне және мүмкіндігіне деген сенімсіздіктен;
2. Оқшаулану. Баланың ешбір досы болмауы және басқа балалармен қарым-қатынас орнатуда қиындық сезінуі. Алайда, балаңыздың аз болса да досы болса, онда оқасы жоқ;
3. Күйзеліс. Кез келген қиыншылықпен бетпе-бет келген сәтте күйзеліс сезінуі. Осы сезім тұла бойын билегендіктен дұрыс деп білген әрекетін жасай алмайды;
4. Өзін бағаламау. Баланың өз-өзін «менің кесірімнен болды...», «тағы барлығын бүлдірдім», «менің жолым болмайды» деген сияқты жағымсыз сөздермен сынауы;
5. Кінәлау. Баланың өзін қойып, айналасындағыларды айыптай бастауы. Мәселен, «достарым ойында арамдық жасады...», «мектепте мұғалім үнемі маған ғана тисе береді» деген сияқты;
6. Тәуелділік. Басқалардың өзі туралы ойынан қорқу. Өзінің не қалайтынын түсінудің орнына, үнемі «мен жайлы адамдар не ойлайды екен» деген ойдың жетегінде жүру;
7. Еліктеушілік. Өзіне деген сенімділіктің жоқтығынан туындайтын қатер – бала барлық іс-қимылында достарына еліктей бастайды. Керегінен артық еліктеп, достарын таң қалдыруға ұмтылуға көшеді.
Педагог Р.Энтони айтқандай: «Балаларды жетік оқытып тәрбиелеу үшін, оларды жан – жақты білу қажет» [60].
Бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену сатысында. Заман талабына сай, нарықтық экономика мен демократия принциптерін басты ұстаным ретінде қарайтын шақта білім жүйесінің ескі моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр.
Білім берудегі шынайы мақсат – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани-адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Бүгінгі таңда оқушылардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру қажеттілігі арта түсуде. Педагогикалық әдістер баламен сөйлесу, ойнау, пікір алмасу және бас уақытын тиімді пайдаланудан көрініс табады. Баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін-өзі жетілдіріп, басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзіне-өзі бағыт алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылық пен ізденіс керек. Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табуы мүмкін емес.
Әлеуметтік педагог жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақтан тыс жұмыстар, мысалыға ашық сабақ, дөңгелек үстел, пікірталас, жаттығу жұмыстарын және сайыстар ұйымдастыра алады. Сол бағытта ұйымдастырылған жұмыстың бір бөлігін қазір ұсынуды жөн көрдік.
Тренинг-сабақ
Тақырыбы:«Сенімділік күш береді.» (3-кесте)
Сыныбы: 10-11 сынып
Әлеуметтік педагог: Әріпбай Азамат
3-кесте. Тренинг-сабақ
1 |
2 |
Мақсаты: оқушылардың сенімділігн, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.
Тренингтің міндеттері: 1.Стрестік жағдайдағы адекватты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. 2.Өзіне сенімділігін арттыру, өзінің күшіне сену қабілеттерін дамыту, эмоционалды жағымды қатынастар орнату. Ұйымдастыру кезеңі: «Сенімділік орнат». - Құрметті түлектер, хош келдіңіздер! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Қорқыныш, үрей дегеніміз не? Қалай оны көруге болады? Бұлшықеттің күшін түсіре алдыңдар ма? Қандай қиындықтар болды? Қорқыныш, үреймен қалай |
Ресурстар:(оқулық, жұмыс дәптері, аудиожазба, бейнеклип,өлеңнің сөзі)
Сабақ барысын талқылау:
«Хрустальная грусть» әуені |
3-кестенің жалғасы
1 |
2 |
күресуге, жеңуге болады екен? Өз-өздеріңе сенімділікті сездіңдер ме, өздеріңді бақылай аласыңдар ма екен? Қалай ол болды? Кейбір жағдайларда қорқыныш сендерді билейді: ұтылу, жеңіліп қалу қорқынышы араласып, кедергі келтіреді. Сол сияқты қорқыныштармен қалай күресу керек, қалай сенімділік орнату керек. Міне осының барлығы туралы біз бүгін әңгімелесеміз. Негізгі қазіргі шарт - өз-өздеріңе көмектесу.
|
|
1. Сәлемдесу. Жаттығу «Сәлем, мен сені білемін!» Нұсқауы: «Біз өз кездесуіміз өзара сәлемдесумен бастаймын. Біз қазір кезекпен – кезек бір – бірімізбен амандасамыз және кіммен амандассаңыз, соның жеке даралық ерекшеліктерін атап өтіңіз. Әрине, амандасу оның есімімен басталады». |
|
2. Жаттығу «Жунглидағы жаңбыр» Нұсқау: Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз). Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз). Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі) Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз) Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар). Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз). Тағы да нөсер жауын жауды. Ұсақ жаңбыр сіркіреді. Дауыл соқты. Жел соқты. Жел басылып келеді. |
|
3. Жаттығу «Бос орындық» Мақсаты: Оқушылардың жұмысқа қабілетін арттыру, шаршау сезімін басу. Нұсқауы: Орындықтар шеңбер бойымен орналастырылады. Оқушылар 1-2 қатармен саналады. 1-қатарлы оқушылар орындыққа отырады, 2-қатарлылар 1 - артына тұрады. Бір орындық бос болады
|
|
3-кестенің жалғасы
1 |
2 |
да, артына бір оқушы тұрады. Бос орындыққа отырған оқушыны ыммен, жестпен шақырады. Өзін шақырғанын білген оқушы соған бару керек. Ал негізгі шарт артындағы адам, алдындағы жұбын жібермеу қажет.
|
|
4. Жаттығу «Ассоциация» Нұсқауы: Алдымен оқушылар екі топқа бөлінеді. Сіздердің алдарыңызда түрлі – түсті қарандаш, ватман қағаз, фламастерлер берілген. Сіздер ватман қағазына емтихан деген сөзге ассоциация сурет салу керексіздер. |
|
5. жаттығу «Жұдырық, саусақ, алақан» Мақсаты: Тез ойлауға, шапшаңдыққа және денені босаңсытуға арналған жаттығу. Стол үстіне оң қолымызды қойып, Жұдырық, саусақ, алақан ретінде жасаймыз. Енді жылдамырақ жасауға тырысамыз, 4 рет. Енді, екі қолымызбен жасайық.... |
|
6. Жаттығу «Тілектер ағашы» Нұсқауы: қазір біз сіздермен бір – бірімізге тілектер тілейміз. Алдарыңыздағы интерактивті тактада «Тілектер ағашы» салынған. Ал сендер кезекпен орындарынан тұрып, осы ағашқа алма немесе жапырақтың суретін салып тілектер жазыңыздар. |
|
Әлеуметтік педагог жоғары сынып оқушыларының сенімділігін қалыптастыру үшін жүргізген тренинг-сабағында балаларды болашақ өмірге дайындау және алдағы тест сынақтарынан жақсы жетістікке жете алуына жол көрсетіп, өздеріне сенімді болуға кеңес берді.
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады. Әдіс деген сөз гректің «mеtоdоs» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шыңдыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік «әдіс» — мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет» - деген анықтама береді.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру [9].
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Тәрбие әдісі дегеніміз – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзіне сенімділікті нығайту, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру
әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының сенімділігін қалыптастыру әдістерінің бір бөлі - сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.
Әлеуметтік педагог жоғары сынып оқушыларына өзіне деген сенімділікті нығайту үшін төмендегідей кеңестерді ұсынады:
1. Өз-өзіңе өзіңнің мықты және әлсіз жақтарыңды анықтап, өз күшіңді сәйкесінше жұмса.
2. Өзіңізге не құнды екенін шешіп, неге сенетініңізді ажыратыңыз, өз өміріңізді қандай ғып елестетесіз. Өз жоспарыңызды сараптамадан өткізіп, оны прогресс болған кезде пайдаланатындай ғып бүгінгі күннің есебімен бағалаңыз.
3. Тамырына дейін жетіңіз. Өткеніңізге сараптама жасап бүгінгі күнгі жағдайға қалай жеткеніңізді анықтаңыз. Сізді азап шегуге душар еткен адамды немесе қажет кезде көмек көрсете алса да көрсетпей қойған адамды түсініп, кешіруге тырысып көріңіз. Өз-өзіңіздің бұрын жасаған қателіктеріңізді, алданушылығыңызды, күнәләріңізді кешіріңіз. Есте қалған ауыр жағдайлардан қандайда болмасын пайдалы тұсын іліп алып, оны қайтадан еске алмаңыз. Сіздің жадыңызда басыңыздан өткізген жаман жағдайлар, тек сіз ол ойларды қуғанға дейін ғана болады. Одан да аз да болса қолыңыз жеткізген табыстарды еске алыңыз.
4. Өзіңіздің мінез-құлқыңыздың себептерін қазіргі жағдайдың физикалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси аспектілерінен іздеңіз.
5. Әрбір оқиғаны әртүрлі бағалауға болатындығын ұмытпаңыз. Шынайылық – бұл әрбір адамның әр нәсеге деген көзқарасы емес, бұл адамдар арасындағы әр нәрсені өз атымен атау туралы келімдерінің нәтижесі ғана. Мұндай көзқарас сізге адамдарға шыдамдылықпен қарауға және кемсітушілік болып көрінетінді шыдамдылықпен бастан кешу.
7. Ешқашанда өзіңіз туралы жаман айтпаңыз, әсіресе өзіңізге жағымсыз – ақымақ, ұсқынсыз, қабілетсіз, сәтсіз, түзелмейтін деген сияқты тіркестерді пайдаланудан аулақ болыңыз.
8. Сіздің әрекетіңіз кез-келген бағаға лайық болуы мүмкін, егерде ол конструктивті сынға түсетін болса – өз пайдаңызға пайдаланыңыз, бірақ ешкімге өзіңізді сынауға жол бермеңіз.
9. Жеңіліс – бұл сәттілік, одан сіз жұмсаған күшіңізге сай емес алданшы мақсаттарды көздегеніңізді есіңізде болсын, болуы мүмкін жамандықтардан
құтылдыңыз.
10. Өзіңізді толықтай құндылықсыз сезінуге итермелейтін адамдармен, жағдайлармен келіспеңіз. Егерде сіздің қолыңыздан оларды өзгерту келмесе, онда олардан теріс айналған жөн. Өмір тым қысқа оны мұңға жұмсамай-ақ қойған жөн.
11. Жалғыз қалып өз ойыңызға құлақ асыңыз, көңіліңіз қалайтынның барлығын жасаңыз. Осылайша сіз өзіңізді жақсы түсіне аласыз.
12. Қарым-қатынас жасауды үйреніңіз. Адамдар өзара алмасатын энергияны сезінумен рахаттаныңыз.олар сіздің бауырларыңыз бен қарындастарыңыз сондай бөлек бір-біріне ұқсамайды. Көз алдыңызға олардың қорқыныш пен сенімсіздік сезініп тұрғанын елестетіп көріп, оларға көмек көрсетуге тырысыңыз. Олардан не күтетініңізді, оларға не бере алатыныңызды шешіп алыңыз. Ал, одан кейін сіз өзіңіздің мұндай алмасушылыққа даярлығыңызды білдіріңіз.
13. Өзіңіздің мен-меншілдігіңізді тым артық қорғаудан аулақ болыңыз. Одан да ол қамау мен әрекетсіздіктен гөрі, қысқа мерзімді эмоционалдық соққыны бастан өткізгені дұрыс болар.
14. Өзіңізге жақын емес бірнеше маңызды мақсаттарды қойыңыз, оған жету үшін ұсақ немесе аралық мақсаттарға жету қажет. Салқын қанмен осы аралық мақсатқа жету үшін қандай құралдар қажет екенін анықтаңдар. Өзіңіздің жемісті қадамыңызды назардан тыс қалдырмаңыз және де өзіңізді мадақтауды ұмытпаңыз. Ерсі көрінуден қорықпаңыз,себебі сізді ешкімде естімейді.
15. Ұялшақтық артта қалады, өйткені сіз қалай өмір сүремін деп мазасызданудың орнына өмірге араласып кетесіз.
Осындай әдіс-тәсілдер мен кеңестердің, тренинг-сабақтардығ нәтижесінде өзіне сенімділігі қалыптасқан жоғары сынып оқушысы пайда болады.
Жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру мақсатындағы тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың кезеңдері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты, өзіне сенімді азаматты тәрбиелеу мүмкін емес [2].
Әлеуметтік педагогтың мектепте атқаратын қызметіне бала бойына сенімділікті қалыптастыру және өзіндік шешімді дұрыс қабылдауына әсер етіп отыр. Әлеуметтік педагогикалық жұмыстың негізі – әлеуметтендіру болып табылады. Яғни әр адамның дұрыс өсуіне өз септігін тигізеді. Белгілі бір стильдегі әлеуметтік тетіктер – арнайы ұйымдарда, шағын топтарда қалыптасқан ақыл-ой, көзқарас, жүріс-тұрыс.
Әлеуметтік педагог жоғары сынып оқушыларына сенімділікті қалыптастыру үшін туғандарынан бөлек, достарымен, жолдастарымен және өз ортасындағы құрдастарымен дұрыс қарым-қатынаста болуы керек. Адамдар арасында қарым-қатынас мәдениеті дұрыс болса, бірін-біріне деген қолдау жақсы жалғасып отырса онда адамдар арасындағы сыйластық пен сенімділіктің күші жойылмайды.
Әлеуметтік тәрбиенің құралдары ретінде алдына қойған мақсатқа жету үшін сөздік шаралар мен сезімдік қатынастар қарастырылады. Мысалы, ойын – педагогикалық демалыстың не болмаса психологиялық іс-әрекеттің бір түрі. Бірақ ойынды әдіс түрінде есептеуге болады. Ол баланың дамуына ықпал ететін ең басты құрал ретінде де қарастырылады. Әлеуметтік педагогикалық құралдар көркем табиғат, кітап, көркемөнер, туындылары, баспасөз, бұқаралық ақпарат құралдары т. б.
Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетте көбінесе сендіру және жаттықтыру әдістері қолданылады. Бұл әдіс көп жағдайда балалардың ой-санасына ырықтылығы мен сезім-эмоциясына әсер етеді, баланың ішкі жан дүниесін тыныштандырып, үмітін оятып, көңілін көтеріп, өз күшіне сенімін тудырады. Әлеуметтік педагог баланың негізгі кемшілігі неде, жапа шегу сипаты қандай екенін білуі керек. Мысалы, денесі мүгедек, кемтар сипаты, ақыл-есінің кемдігі немесе жеткіліксіз дамығаны, есту, көру, ойлау қабілетінің қызметінің болмауы не нешарлығы, тәрбие кемшілігі, тілазар, отбасысынан қашқан, тәртіпсіз т. б. Сондай-ақ қандай адаммен жұмыс жасау керектігін және қандай мәселе күтіп отырғанын анықтап алу қажет. Бұл жұмыстың тиімділігін арттырып, педагогикалық іс-әрекеттің жұйелілігін қамтамасыздандырады. Әйтпегенде істелген іс, жүзеге асырылған іс-әрекеттер текке кетеді.
Сендірудің құрамды бөлігі – талап қою. Олар, сөзсіз орындау талабын қою «ұрлық істеме, өтірік айтпа, жаман жолға барма, гигиенаны сақта, таза жүр деген секілді) ізгілікті мәмілемен өтіну, тікелей немесе жанама түрде ықпал ету секілді жолдары қолданылады.
Сенімділігін қалыптастыру әдісі – әңгімелесу, түсіндіріп беру, дәрістер, диспуттар өткізу, жақсы үлгі-өнеге көрсету. Балаларға үлгі, мұра ретінде қайратты, ырықты, төзімді де шыдамды, қызықты ержүрек адамдардың өмірі, қызметіне байланысты іс-шаралар жүргізу керек. Егер де сенімділікті қалыптастыру жұмыстары барысында баланың ой-санасына әсерін тигізетін, жаттығу және қайталау әдістері бойына жақсы әдеттерді дарыту ұтымды ықпал етеді.
Имитациялық сабақтардың айқын ерекшелігі оқытылатын үрдіс (жеке дара немесе ұжымдық кәсіптік іс-әрекеттер имитациялары) моделінің болуында. Сонымен қатар олардың ойындық және ойындық емес болып бөлінуінде. Оқушылардың анықталған бір рөлдерде ойнауы негізінде жүзеге асатын әдіс ойындық деп аталады.
Сенімділікті қалыптастыруға бағытталған іскерлік ойындардың үрдісі 4
кезеңнен тұрады:
І-кезең. Ойынның мақсатын анықтау.
ІІ-кезең. Мазмұнын анықтау. Мұғалімнің, сынып жетекшісінің, қызметінің құрылымы бойынша типтік ситуацияларды таңдау.
ІІІ-кезең. Ойынның жүзеге асуын дайындау. Ойын құжаттары: ойынның жаңа ережелері; ойыншылардың міндеттері; персонаж кіріспесі; екі рөлді ойнаушылар; мінез – құлықтарының қарама-қайшылығы; марапаттау; нәтижелерінің визуальдық ұсыныстары;
ІV-кезең. Ойынның құрылымдық-функциональдық бағдарламасын құру: мақсаты, міндеті, ойынның өтілу барысы, ұйымдастыру құрылымы мен бірізділігі, ойынға қатысатындар саны мен олардың қызметтері, сұрақтар мен тапсырмалар, стимул жүйесі.
Сенімділікті қалыптастыруға арналған іскерлік ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен тұрады:
1. Алдын ала дайындық – ұйымдастырушылық, мини топтарға бөлу, арбитражды құру, көкейкестілікпен қорытындылау.
2. Дайындық – мини топтардың өзіндік жұмыстары, нұсқаулары, рөлдерді бөлу, қосымша ақпараттар, мәлімет кестесін толтыру, жазбаша жауаптарды бағалау.
3. Ойындық – тапсырмаларды мини топтар имитациялайды. Басқа топтағылар толықтырады, аз уақыт арасында импровизацияларды ендіру. Арбитраждар барлық жұмыстарды қадағалайды, толықтырады, алдын ала дайындалған 3 деңгейде бағалайды.
4. Шешімдерге талдау жасау. Қорытындылау. Ойынның өтуі, тыңдаушылардың белсенділік танытуы, қателіктерге назар аудару, дұрыс шешімдер, жарыс қорытындылары.
Іскерлік ойындар – әр түрлі ситуациялардың шешішмін топ бойынша немесе жеке де берілген тапсырмалар шешу барысында қолайлы келеді.
Топтағы пікірталас – өзге оқыту түрлерімен комбинациясы аралас қолданылатын жалпыға таныс әдіс.
Рөлдік ойын: рөлдік ойын қайғылы оқиға немесе «қулық» қатысушылардың берілген рөлдерінің шындыққа ұқсатуы мен шын мәнісіндегідей әрекет ету мүмкіндігін береді.
Рөлдік ойын – ол дағдыға, жеке тәжірибеге де топтағы нақты жағдайға байланысты дамуға рұқсат беретін салыстырмалы «ашық» техника. «Рөлдік ойын» сөз тіркесі «драма», немесе «жағдайды ойнау» сияқты түсініктермен алмастыруға болады.
Имитациялық жаттығулары негізінде зерттеу жұмысымыздың мазмұны ойындық емес әдістердері негізінде ұйымдастыру негізге аланыды:
Ойынның имитациялық түрлерінен «Интеллектуальды футбол», «Қақпан», «Ситуацияны шешу», «Іскерлік ойындар», ал инновациялық бойынша элементтеп оқыту, лекция сабақтары, практикалық жұмыс т.б. зерттеу жұмысымыздың жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Оқшылардың шығармашылық іс-әрекетін, эстетикалық талғамдарын,
ептілік, икемділік, ұқыптылық, тазалық қабілеттерін дамытуға кәсіпке баулу сабақтарының орны ерекше.
«Дидактикалық ойындар» - баланың танымдық белсенділігін интеллектісін дамытатын ойын болып табылады. Дидактикалық ойындардың бірнеше тобы бар.
1.топ Заттық ойындар - ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, адамдар мен жануарлар әлемін және олардың арасындағы қарым-қатынастарды зерттеп таниды.
2.топ Шығармашылық, сюжеттік - рольдік ойындар. Бұл ойында оқушылар ойша геолг, зоолог, экономист тағы басқа рөлдерін атқарады. Бұл ойындарда оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды.
3.топ Дайын ережелері бар ойындар. Бұл оқушылардан жұмбақты шеше білуді, болжай білуді, ең бастысы - пәнді білуді талап етеді.
4.топ Еңбек, техникалық, конструкторлық ойындары бұл оқушылардың өз жұмысын жоспарлауға керекті материалдарды жинақтауға еңбек белсенділігін шығармашылығын дамытады.
5.топ Баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер. Бұл жарысқа негізделген ойын.
Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі біріншіден, оларды қолданудың жиілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсаттылығына тығыз байланысты.
Зерттеу жұмысының кіріспе бөлімінде көрсетілген жұмыстың проблемасына, мақсатына, оның болжамы мен міндеттеріне сәйкес педагогикалық-тәжірибе жұмысының бағдарламасы жасалып, зерттеудің мазмұны анықталды. Тәжірибелік-педагогикалық жұмысты қалыптастыру кезеңіне 2 мұғалім, 62 оқушы қатысты, оның ішінде тәжірибелік-педагогикалық тобында 34, ал бақылау тобында 28 жоғары сынып оқушылары қатысты және 2 мұғалім жұмыс жасады.
Дамыта оқыту тұжырымдамасына негізделген жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру әдісі мен тәсілі тәжірибеден өтуші сыныптарда жүзеге асырылды. Зерттеу нәтижелерін сұрыптау, сенімділікті қалыптасуы әртүрлі деңгейдегі топтар анықталғаннан кейін оқушыларда өзіне деген сенімділікті қалыптастыру бойынша арнайы жұмыстар әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары барысында сабақтарда тренингтер жүргізу барысында жүзеге асырылды.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс Алматы қаласы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының жоғары сыныптарында жүргізілді. Тәжірибелік-педагогикалық жұмысқа 10-11 сынып оқушылары таңдалды. Біз әлеуметтік педагогтың жұмысымен оқыту сатысы барысында жоғары сынып оқушыларының сенімділігін қалыптастыруды мақсат еттік. Бақылау сыныбында пәнді жоғары сатыда жоғары сынып мұғалімі Оралова Г. жүргізді, жұмыс өтілі 12 жыл. Тәжірибелік-педагогикалық сыныпта пәнді Асубаева Г. жүргізді, жұмыс өтілі 7 жыл.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың алдында біз мұғалімдерді
жұмыстың мақсаты және міндетімен таныстырдық. Мұғалімдерге көптеген әдістемелік мәселелерге байланысты қажетті кеңестер беріліп отырды.
Зерттеу барысында жоғары сынып оқушыларында оқу әрекетінде білімі мен тәжірибесін меңгерудің әрбір деңгейінің барынша кең таралған өкілдері (жекелеген оқушылар) бөлініп алынды. Типтік және жеке ерекшеліктерін есепке алып отыру үшін тәжірибелік сыныптың әрбір оқушысына мінездеме жасалды.
Сенімділік туралы жоғары сынып оқушыларына қысқаша лекция оқытылды.
Өз-өзіне деген сенімділік - адам психикасының ең қызықты қасиеті. Әр түрлі адам, ғалым «сенімділік» сөзінің мағынасын әр түрлі тұжырымдайды. Негізінен сенімділіктің 3 негізгі анықтамасын көрсетуге болады:
Өз-өзіне деген сенімділік - бойымызда өзіміз білгеннен де жоғары қасиет бар екендігіне сенім. Әр адамда жасырын күш болады. Ойланыңдаршы, дүниеге келгенде сендерде жүре алу қабілеті болмады ғой. Ал қазір ше? Жазып, оқи алмайтын, суда жүзіп, машина айдай алмайтын кездерің болды. Бірақ біртіндеп осы қабілеттің барлығын игердіңіздер. Себебі адам-үйрене алатын, тіптен тез меңгеретін тірі ағза. Егер сіз қазір бір нәрсені жасай алмайтын болсаңыз, ол өміріңіздің соңына дейін жасай алмаймын дегенді білдірмейді.
Өз-өзіне сенімділік – бұл кез келген жағдайда өзіне сенім арттыра білу. Барлығының басынан өз өмірі жолында қиындық болады. Кейде біз өз күшімізге сенім артсақ, кейде жақындарымыздың көмегін қажет етеміз. Бірақ барлық адамның өмірінде бір рет те болса Мюнгхаузен әдісін пайдаланғандығына сенімдімін (өміріндегі өз күшімен жеткен жетістіктерін жазу)
Сенімділік сөзін мына сұраққа жауап ала отырып білеміз: «Сен мына әлемде ерекшесің бе, әлде қарапайым тұлғасың ба?», «Шын мәнінде сен бұқара халықтансың ба, әлде мансап құмарсың ба?»
«Менің қолымнан келеді!» жаттығуы. Қолымен, аяғымен өз есімін ауада жазу. (Жеке, дене- қимылға арналған.)
Медитация.«Сенімділікті толтыру» техникасы. Сіздің сенімділікті сипаттайтын түсті таңдау. Ойша оның бүкіл денені, әр клетканы, әр бұлшықетті толтыру. Сенімділікті сипаттайтын әуенді, иісті сезініп, еске түсіру. (Жеке)
«Мен сенімдімін, себебі...» жаттығуы. Сөз арқылы адам бойына сенімділікті қалыптастыру. (жұппен) Оқушы өзіне деген сенімділікті нығайту үшін, бірнеше себепті жазады. Оны жанындағы құрбысымен бөліседі.
Үй тапсырмасы: «Өзің туралы мақтау өлең жазу»
Нұсқау: тынышталып босаңсу, қажет болса, айнаға қарау. Өзіңіз туралы мақтау сөз жазу. Бақыт пен денсаулық, іске, оқуда сәттілік тілеу. Оны тақпақ, өлең түрінде жазу тіптен керемет! Жазылған мақтау сөзді қайта көшіріп, әдемі сурет жақтауына салып қою. Күнде таңертең осы өлеңді дауыстап немесе іштей қайталап оқу. Оқу нұсқауында көңіл-күйді көтеріп, өзінде күш пайда болғанын, қоршаған әлемнің көңілді және ашық болғанын сезіну.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс әлеуметтік педагог негізінде жоғары сынып оқушыларның сенімділігін қалыптастыруға байланысты біз жасаған тәжірибеден өткізуге және оқытуда тиімді қолданудың педагогикалық шарттарын айқындап қолдануға бағытталды. Тәжірибелік-педагогикалық жұмысты жүргізу барысында оның мақсатын анықтап алдық. Мақсат негізгі зерттеу жұмысымызға байланысты анықталды. Олардың қатарына:
жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділік деңгейін анықтау;
сенімділікті іс-жүзінде қолдана білу икемділігін анықтау;
оқушылардың осы аталған мәселелер бойынша өзіне сенімділігін қалыптастыру жолдарын анықтау;
оқушылардың сенімділігін қалыптастырудың тиімді әдістерін ұсынып, оларды педагогикалық тәжірибе арқылы байқау.
Сонымен қатар анықтау тәжірибесі кезінде оқушылар мен мұғалімдер бір-бірімен тығыз қарым- қатынасқа түсе отырып жұмыс жүргізді. Аталған жұмыс жоспарын кезең бойынша анықтау барысында әлеуметтік педагог оқу бағдарламасы мен тренинг мазмұны талдынып, ондағы берілетін нәтиженің көлемі айқындалды. Оқушылардың білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру керектігі нақтыланды.
Мектептегі жоғары сынып оқушыларының ішінде жалпы 100 оқушыдан сенімділік деңгейін анықтау мақсатында ашық сауалнама әдісі жүргізілді. Оларды біз теңдей бақылау және тәжірибелік топ деп екіге бөлдік. Яғни 50 оқушысы бақылау тобында, 50 оқушы тәжірибелік топта жауаптарын сынақтан өткіздік. сенімділік деңгейін анықтау мақсатында сұрақтар таратылып берілді. Олар:
Сенімділік дегенді қалай түсінесіз?
Сенімді адам қандай адам?
Сенімді болуға не кедергі келтіреді?
Көпшілік алдына шыққанда не кедергі келтіреді?
Сенімділікті қалыптастырудың қандай жолын білесіз?
Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?
Қандай адам сенімге ие болады?
Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?
Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?
Оқушылардың жауаптары бойынша өзіне деген сенімінің қаншалықты екендігін аңғаруға болады. Өйткені барлығын нақты жауаппен және өздеріне берілген сұрақтарды жүйелі оймен аяқтады ( 2.- сурет).
Тәжiрибе жұмыcының зерттеу кезеңiнде мектеп оқушыларының өзіне сенімділігін анықтауға арналған жұмыc нәтижелерiн кеcте түрiнде ұcынамыз.
Тәжiрибелiк жұмыcтың анықтау кезеңiнде оқушылардың сенімділігінің даму деңгейi.
