Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аза биткен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268.61 Кб
Скачать

1.3 Әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі

Қазіргі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Олардың әлеуметтік ортаға бейімделуі, қоғамда өз орындарын дұрыс бағыттай алуы, құқықтарының қорғалуы, үлкендер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауын бүгінде әлеуметтік тәрбие беретін мамандар ұйымдастыруы қажет.

Әлеуметтік педагог мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:

  • табиғилы – айналадағылармен өзара қарым-қатынастағы процесте өзі-өзіне қабілетті;

  • мейірімділік – мейрімді, әрқашан да адамдарға және айналасындағыларға мейрімділікпен қарап, оларға қол ұшын беруге даяр болу;

  • эмпатия – әлемді өзге адамдармен елестеткендей елестету, мәселе болған

жағдайда компромистік шешімге келуге іздену, әлемге оң көзқараспен қарау;

  • ақ жарқын – өз ойы мен сезімін ашық айтып, оны әңгімелесушіге дұрыс жеткізе білу;

  • кішіпейіл – жұмсақ, сыпайы түрде өзге адамдармен қарым-қарынаста болу;

  • нақтылық – қойылған сұраққа оң жауап беру, өз ойын толық жеткізу.

Әлеуметтік педагогтің отбасымен өзара бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы:

    • өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасын зерттеу.

    • өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналардың адамгершілік әлеуметтік мүмкіндіктер принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу;

    • халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;

    • өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді зерттеу;

    • баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру қағидаларын, көпқұрылымдығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен қарым-қатынасын терең түсіну; әлеуметтік педагогтың отбасына ештене жақындуына мүмкіндік тудырады.

Сонымен қатар, әлеуметтік педагог кешенді дәстүрлерді, әдіс-тәсілдерді, психология-педагогикалық диагностиканы: бақылау, байқау, пікірлесу, тесттеу, анкета жүргізу, іскерлік ойындар өткізу, балалар шығармашылығын пайдалану.

Бүгінгі күні мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының практикасында жоғары сынып оқушыларынң өзіне деген сенімділігін әлеуметтік-педагогикалық қолдау және сүйемелдеу, әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетудің түрлі бағдарламалары қолданылуда. Алайда олардың басым бөлігі әлеуметтік орта, көп жағдайда педагогтар мен ата-аналардың жұмысын есепке алмайды. Осыған байланысты өзінде педагогтар, ата-аналар және балалармен әлеуметтік педагогтың кешенді жұмысын кіріктіретін жоғары сынып оқушыларының өзіне деген сенімділігін қалыптастыру бойынша әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу жүйесінің моделін құру өзекті болып табылады.

Ең алғаш модель түсінігін IV ғасырда Платон қолданған болатын. Сонымен қатар, модельдеудің логикасы туралы Аристотельдің еңбектерінен кездестіруге болады. Л.О. Вальт [54], Б.С. Грязновтың зерттеулерінде «Философияда модельдеу әдістерінің гнесеологиялық аспектілері туралы өз дәрежесінде толық ашылған, оның құрылымы мен механизмі диалектикалық материалдық модульдеудің әдістерін ғылыми таным әдістері ретінде бейнелейді».

В.А. Штофф «Модельдеу – бұл ғылыми шығармашылық тәжірибенің көпжылдық талдап қорытыланған ғылыми зерттеудің ерекше формасы» - деген анықтама береді [55].

Сонымен, модельдеу - бұл кестелеу нәтижесі, бірақ бұл кестелеу деңгейі жалпы ойлау мен тұтас анализден күтілетін нәтиженің толықтығы мен нақты шешіміне тығыз байланысты. Модельдеу екі топқа материалдық және идеялық болып бөлінеді.

Модельдеу күрделі теориялық білімді меңгеру мүмкіндігін көтереді және бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлау деңгейін дамытып, танымдық қызығушылығын арттырады.

Ғылыми әдебиеттерге шолу жасай отырып, әлеуметтік педагогтың жүйелі жұмысы арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудың мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттердің тұтастығында құрылды. Мотивациялық компонент жоғары сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерімен сипатталады. Мазмұндық компонент әлеуметтік педагог жұмысының көмегімен анықталады.

Бұндай модельді жасау барысында А.М. Прихожан, В.Г. Ромек [56], Е.А. Серебрякова секілді ғалымдардың концептуалды көзқарастарына сүйенуге болады. Аталаған ғалымдар тұлғаның интегральды сипаттамасы секілді өзіне сенімділікті түсінуге қатысты құрамына тұлғалық, когнитивті, эмоциональды және жүріс-тұрыстық компонентті кіріктіретін жүйені қарастырады.

Тұлғалық компонент адамның жоғары деңгейдегі өзін-өзі бағалауы мен өзін-өзі сыйлауы деңгейін ұсынады.Сенімділік құрылымындағы өзін-өзі бағалаудың жоғары деңгейі тұлғалық жайлылықты анықтайды, өзін-өзі қабыддау деңгейін көрсете отырып адамның өзіне деген қанағаттану көзі ретінде қызмет атқарады. Өзіне деген құрмет адамның өзін белгілі бір деңгейде лайықты, үлгеретін маңызды, қабілетті тұлға ретінде сезінуін анықтайтын көрсеткіштерді ұсынады. Осыдан бөлек бұл компонент адамның өзінің әлсіз тұстарын және мықты қырларын, кемшіліктері мен артықшылықтарын сезіне білуіндегі тұлғалық ұстанымды кіріктіреді.

Когнитивті компонент адамның өзіндегі ұтымдылыққа сену күшінен көрінеді. Бұл компонент өзінде «адамның қандай да бір әрекетте күтілген нәтижелерге жетуге қажетті жүріс-тұрысын табысты жүзеге асыруға қабілетті екендігіне сенуін» қарастырады. Сонымен қатар бұл компонент сенімділік дегеніміз не, ол өмірде несімен пайдалы болуы мүмкін, және де сенімді жүріс-тұрыстың артықшылығын түсінуді топшылайды.

Эмоциональды компонент адамның әлеуметтік байланыста мықтылығын сипаттайды. Аталған компонент әлеуметтік қорқынышқа қарама-қайшы бола отырып, тұлғаның жағымды эмоциональды кейпін сипаттайды және өз реакцияларына басқара білуді және байсалдылық, бірқалыптылық танытуды кірістіреді.

Жүріс-тұрыстық компонент жоғарыда аталған құрамдас бөліктерді кіріктіре отыра өзінде сенімділіктің сыртқы жүріс-тұрыстық репертуарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Мұндай жүзеге асудың мысалы ретінде тұлғааралық өзара әрекеттесуде көрінетін адамның бастамасын айтуға болады.

Тұлғаның белсенділігі дамудың тек алғы шарты емес, оның нəтижесі де. Қоғамдық белсенді, ынталы, шығармашыл жəне өзі мен төңірегіндегі қатысқан адамдардың бəріне бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптастырушы тəрбие əрдайым өз мақсатына жетіп отырады. Жоғары сынып оқушысының өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға әлеуметтік педагог ғалымдардың қанатты сөздерін (2-кесте) де қолдана білді.

2-кесте. Ғалымдардың қанатты сөздері

Ғалымдардың аты-жөні

Қанатты сөздер

1

К.Боуви 

Өзіңізге деген сенімсіздік - сәтсіздіктердің негізгі себепшісі

2

И.В.Гёте

Өзіңе сенші. Сол кезде өмірді қалай сүру керек екендігін бірден ұғасың.

3

Х. Маккей

Сізден ешкім үміт күтпесе де, өз-өзіңе сене білген адам – ер.

4

Ф. Ларошфуко

Өзіне сенбеген адам өзгеге де сенбейді.

5

Марк Твен

Сізді кері тартып, төмендететін адамдармен бір жүруден сақтаныңыз. Өзіне сене білген адам ғана ұлы істерге баратындығын ұмытпыңыз.

6

В.Гумбольдт

Өзінен көп үміт күтетін адам ғана жақсы нәтижеге қол жеткізеді.

7

Г.Матюшов

Құдай оған сенгендерден гөрі өзіне сенгендерге көбірек жәрдемші болады.

А.Н.Леонтьев “Адам өзге адамдармен қоғамдық қатынастар жасай отырып жеке тұлға болып қалыптасады”- деп жазды өзінің еңбектерінде. Сондықтан адам ешқашан жалғыз өзі жетістікке жете алмайды, өзіне сенімді болғанымен оның сол сенімділікпен жетістікке жете алатын ортасы болу керек екендігін ұмытпағаны абзал. Міне біз жоғарыдағы ғалымдардың пікіріне тоқталған себебіміз жоғары сынып оқушыларын әлеуметтік педагог осындай қанатты сөздермен тәрбиелей отырып, өзіне деген сенімділікті күшейтуге тырысқандығын байқадық. Адамның өзіне сенімді болуы жүрген ортасына да байланысты болады. Өз ортасында сыйлы адам болуы ол – көркем мінез-құлықтың жемісі деп білеміз.

Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым - қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық.

Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз – оны мәдениетке үйрету, білім беру, қарым-қатынас ережелерін ұғыну, өзіне сенімді болу, әлеуметтік тәжірибені меңгеру.

Саналы, педагогикалық сынақтан өтіп, ұйымдастырылған оқушы іс-əрекеті белсенділіктің қай түрін де қамтамасыз ете алады. Өсіп келе жатқан адамға толық іс-əрекет мүмкіндігін ашып беру, өз күш-қуатын белсенді қолдануға қажет əрекет тəсілдерімен қаруландыру, тұлғалық ерекшеліктерді жете зерттеу жəне əр тұлғаның болмысындағы табиғаттан берілген нышандар мен дарындылықты мейлінше жайып салу – әрбір тұлғаның даму процесін ақылгөйлікпен бағыттаушы ұстаз-педагогтың өз ар-намысы мен қоғам алдындағы борышы. Сонымен, оқушы дамуының маңызды жағдаяттарының бірі – оның меншікті өз əрекет – қызметі. Мұғалім қаншама жақсы бола берсін, өз үстінде еңбектенбеген оқушы көздеген мақсатына жете алмайды. Əрқандай іс-əрекет оқушы ықылысымен орындалып, шартты түрде белсенді болуы қажет.

Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болып, оның тұлғалық және танымдық дамутына ерекше әсерін тигізеді. Қалыптасуына қарай жеке, тұлғаның белгілі бір мәдениетінің субьектісі ретінде екі түрлі фактор бар: біріншісі – сол халықтың мәдени ерекшеліктері, екіншіден – танымдық процестері, темперамент, мінез-құлқын сапалы түрде танып ажырата білу.

Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды.Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады.

Әлеуметтік қатынастың объектісі ретінде тұлғаның өзіне сенімділігін қалыптастыру үдерісінің 3 түрі бар:

1)Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату;

2)Өзін белгілі бір әлеуметтік топтың мүшесіне ендіру;

3)Нақтылы әлеуметтік топқа, ұжымғажатамын деген сезіммен өзіне сенімділік қосу.

Біздің құрған бұл моделіміз өзара байланысты тізбектерден тұрады: мақсат, міндеттері, жұмыс блоктары мен тиімділік критерийлері. (сурет)

Модельдің жүйелік түйіні оның мақсаты – жоғары сынып оқушыларында өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға ықпал ететін жағдайларды құруға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.

Қойылған мақсаттарды табысты жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер шешіледі:

  1. Өзіне деген сенімділіктегі тұлғалық компоненттің дамуы:

  • жоғары сынып оқушыларының өзіне деген құрметі мен өзін-өзі бағалауы

деңгейін көтеру;

  1. Өзіне деген сенімділіктегі когнитивті компоненттік дамуы:

  • жеке тиімділік сезімін бекіту;

  • өзіне сену қабілетін дамыту;

  1. Өзіне деген сенімділіктегі эмоциональды компонентті дамыту:

  • өзінің қорқыныштары мен жағымсыз эмоциональды жағдайларын жеңе білуге үйрету;

  1. Өзіне деген сенімділіктегі жүріс-тұрыстық компонентті дамыту:

  • өзін сенімді адам ретінде ұстай білуге үйрету;

  • сенімді жүріс-тұрыстағы коммуникативті дағдылар мен біліктерді дамыту мен қалыптастыру.

Міндеттерді жүзеге асыру үш бағытта жүргізіледі: жоғары сынып оқушысының өзімен, ата-анасымен және педагогтармен.

Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әлеуметтік педагогтың арнайы ұйымдастырылған әрекеті ретінде жоғары сынып оқушыларының өзіне деген сенімділігі мен сенімсіздігінің көрінісін әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан тереңінен зерттейді. Бұл әрекет негізгі екі міндетті шешуді қарастырады:

  1. өзіне сенімді немесе сенімсіз жоғары сынып оқушысының әлеуметтік-педагогикалық портретін құру;

  2. өткізілген әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың ұтымдылығын бағалау.

Сонымен «Жеке тұлғаның жекелік өсуі» ұғымының мәні:

Корнилов, А.П [57]: “Адам өзінің өсіп жетілуі барысында көптеген параметрлер бойынша өзгереді, ол кейбір қасиеттерден арылып, ал кейбір қасиеттерді өзіне алады. Оның бойындағы әрбір іс-әрекеттер әсер ететін мотивтер бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Соның барысында өзіне сенімділігі қалыптасады дейді”.

Ромек, В.Г [58]жекелік өсу туралы қазіргі кезде зерттеушілердің пікірлерін жалпылай келе мынадай тұжырым жасайды: бұл процесті сипаттайтын жалпы келісілген феномен – “Өзін-өзі дамытуда жеке адам бойындағы өзгерістің позитивті жақтарының көп болуы”.

Адам индивид болып туылады, ал жеке тұлға болып қалыптасады.

Осылайша, әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу моделі әлеуметтік-педагогтың жоғары сынып оқушысының өзімен, ата-анасымен және педагогтармен жұмысын кіріктіреді. Тек қана мектептегі білім беру жүйесінің барлық субъектілерінің өзара әрекеттесуі ғана күтілген нәтижелерге, нақтырақ айтқанда жоғары сынып оқушыларының өзіне деген сенімділігінің қалыптасуына алып келеді.(2-сурет)