Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аза биткен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268.61 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Білімді реформалау жағдайында, аса маңызды шешуді қажет ететін міндет мектеп оқушыларының білім сапасын жетілдіру, тәрбиелеу және дамыту болып табылады.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты жолдауында әрбір азаматтың жолдауы дамуы-оның жеке табысы мен қоғамның алға өрлеуіне байланысты делінген. Сондықтан, білім беруде заман талаптарына жауап беретін жаңаша жетістіктер қажет [1].

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінің әлемдік деңгейге жетуі үшін жасалынып жатқан талаптар нәтижесінде 12-жылдық білім беру жүйесіне көшуде терең білім, ізденімпаз, іс-әрекеті шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән береді. Ал, 12 жылдық жалпыға міндетті орта білім беру стандартындағы жоғары сынып сатысының негізгі мақсаты-оқушының даралығын ашу және оқу әрекетін игеру. Демек, жас ұрпақты әрекет негізінде тәрбиелеу талабын негізге ала отырып, жекебас тұлғасын тәрбиелеуде оқу әрекетінің мол мүмкүндіктерін тиімді пайдалану жүйелі мақсатты жұмысты талап етеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: “Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке- ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады”- делінген [2].

Қазақстан Республикасының білім берудегі дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты- қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, бойында өзіне деген сенімділігі басым, өз бетінше дұрыс, тимді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру – жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыруға септігін тигізетін оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Оқушының өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы – жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруды қамтамасыз етудің қажетті шартының құралы, сонымен қатар қарым-қатынас мәдениетін игеру, оқушылардың даралығы, жалпы білімдік біліктілігі, дағдысы болып табылады.

Өзіне сенімділік – жеке тұлғаның жағымды қасиеттерді қалыптастыру түрі, шығармашылық әрекеті мен белсенді ынталандырушысы күшін қолға алу, жақсы нәтижеге жету болып саналады. Сонымен бірге, өзіне сенімділіктен ойлауға өтуге, өздігінен ізденуге үйретеді.

Оқушының интелектісі дамуының іргетасы оқу әрекеті қалыптасуының

қуатты жүретін кезеңі. Сондай- ақ, баланың жеке тұлғасы мен оның ой-өрісінің одан әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдердің бірі. Оқушылардың маңызды ерекшеліктері олардың айналадағы өміріне, адамдарға, оқиғаларға, деректерге қызығушылық танытуы болып келеді.

Педагогикада жалпы адамзат баласының өзіне сенімділігін қалыптастыру мәселелерін А.Ю. Агафонов [3], Р. Альберти [4], Ю.В.Давыдова [5], М.Я.Гальперин [6] , С.Л. Рубинштейн [7] т.б. зерттеулерінде қарастырған.

Оқушының өзіне сенімділігін қалыптастырудағы маңызын зерттегендер Д. Дж.Либерман [8], Б.Г.Ананьев [9], О.В. Хухлаева [10], Л.И.Петрова [11], Ф. Девис [12], И. С. Кон [13], Н.Ю. Молостова [14], Н.А.Половникова [15] және т.б еңбектерінде зерделенген.

Отандық ғалымдар В. Г. Маралов [16], М. Аронова [17], А.А. Осипова [18], А.Т. Петрова [19] т.б.өз зерттеулерінде сенім жөніндегі идеяларын, уақытқа үйлесімді сенімділіктің қалыптасуын, өзбетімен білім алуы дағдылардың қалыптастырудың тиімді негіздерін зерттеген.

Өзіне сенімділікті зерттеудің айтарлықтай бөлігі әлеуметтік және педагогикалық психология мәліметтерінде қарастырылды. Бұл оқушылардың үлгерімі бойынша өзіне және өз біліміне сенімділігін зерттеу. Осы зерттеулердің негізгі көрінісі келесідей ғалымдар еңбектерінде сипат алды: Ж.М. Бизук[20], З.В. Бойко [21], Е.В. Жатько [22], Е.В. Кочневой [23], Ю.М. Орлова [24], А.M. Прихожан [25], Б.И. Рзаева [26], В.Г. Ромек [27], М.А. Селиверстовой [28], Е.А. Серебряковой [29], О.А. Федосенко және т.б [30].

Жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудағы педагогикалық шарттарды айқындау тұлғаның белсенділігін көтеруде ерекше мәнге ие болатындығына А.С.Мутояпованың “Қазіргі кезде жоғарғы сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың дидактикалық шарттары” атты еңбегінде біршама сипатталған.

Қазақстандық белгілі педагог –ғалымдар Сейталиев Қ. Б. [31], Болдырев Н.И. [32], Әмірәлиева Ш. [33], Айтмамбетова Б.Р. [34], Керімов Л.К. [35] еңбектерінде оқу әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі, жолдары әр қырынан талданған.

Мәселен, ғалымдар А.Ғ. Қазмағанбетов, оқушылардың өзін-өзі бағалауы және өзара бағалауын оқу әрекетін белсендіру құралы ретінде өз-өзіне сенімділігін қарастырса, Ш.К. Құрманалина оқу тапсырмаларын әр түрлі тәсілдермен орындау жолдарын, А.Х. Аренова мектеп оқушыларының танымдық дербес іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың орны мен маңызын, С.Е. Қаңтарбай оқу әрекетін еңбек құралы ретінде қалыптастыру туралы зерттеулерінде оқу әрекетінің жеке тұлғаның дамуына ықпалы теориялық және практикалық жағы қастырылған. Жоғарыда аталған зерттеулерге оқушысының өзіне сенімділігін қалыптастырудың дидактикалық тұрғыда толық негізделмегенін, жеткіліксіздігін көрсетті.

Оқу әрекеті барысында оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру қажеттілігі мен оған жағымды қатынастың ескеріле бермитіндігі айқын көрінеді. Аталған қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын іздестіру – біздің

зерттеу жұмысымыздың мақсаты.

Оқушысының өзіне сенімділігі оның белсенділігімен сабақтаса, тұлғаның іс-әрекет жолындағы көзқарасына нық бекіп, қойылған мақсатқа жетуіне сөз жоқ әсер етеді деп білсек, мұның өзі білім берудің жаңа әмбебап тәсілдері мен ұштастыру қажеттілігін туғызып отыр.

Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты [2] мазмұнында оқушыны өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, талдауға үйрету талап етіліп отыр.Ол құзыреттілікпен тікелей байланысты.Құзыреттілік- оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі десек, талдау мен оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерінің тізбегіне енеді. Осы талаптар негізінде оқу тапсырмаларын талдау мен оның мақсатын анықтаудың әдіс-тәсілдерін балаға сенімділік қалыптастыруға бағыттау оның тимділігін арттырады.

Зерттеу барысында педагогикалық – психологиялық әдебиеттерді талдауда мектеп оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру мәселесінің арнайы зерттелмегендігі, жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділікті қалыптастыру әдістемесінің жасалмауы орын алып отырғандығы анықталды. Жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру мен осы бағытта әлеуметтік педагог жұмысының әлеуеті нақтыланбауы арасындағы қайшылық Әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру жұмысы - деп алуымызға себеп болды.

Зерттеу нысаны: жоғары сыныпқа арналған әлеуметтік педагог жұмысының мазмұны мен оқыту әдістемесі.

Зерттеу пәні: Әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру әдіcтерінің үдеріcі.

Зерттеудің мақсаты: жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру үдерісін теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары сынып оқушыларында әлеуметтік педагог жұмысындағы өзіне деген сенімділікті қалыптастырудың моделі жасалып, әдістері мен тәсілдері мектеп практикасына ендірілсе, онда оқушылардың өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені өзіне деген сенімділік оқушылардың шығармашылығын қалыптастырады және бұл үдеріс дидактикадағы оқытуда қарым-қатынасты қалыптастыру теорияларына негізделеді.

Зерттеудің міндеттері:

  • «сенім», «өзіне сенімділік», «әлеуметтік педагог» түсініктерінің мәнін ашып көрсету;

  • оқу әрекетінде әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудың құрылымдық моделін жасау және әдіс-тәсілдерін жүйелеу;

  • жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру әдістері

мен тәсілдерін тәжірибелік-педагогикалық жұмыста сынақтан өткізу,

әдістемелік ұсыныстар даярлау;

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, модельдеу, салыстырмалы талдау, әңгімелеу, сауалнамалар жүргізу, оқу үдерісін байқау, тестілеу, тәжірибелік педагогикалық жұмыс және оның нәтижелерін математикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеу базасы: №86 мектеп-гимназиясы.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі.

  1. Әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру жұмысының теориялық негіздері

    1. Жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру жұмысының психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде зерделену жайы

Қазіргі кезде еліміздің экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайына сай, қоғам өмірінің барлық салаларында өзін-өзі жетілдіріп, өзін жан-жақты дамытатын, өзіне сенімді, білімді, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамыту міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңында ғылым мен практика жетістіктерін жеке адамды дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін, интеллектін дамытуға бағыттау міндеттері көзделген. Демек, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде оқыту үдерісін жетілдіру, оқушылардың ізденімпаздығын, дербестігі мен шығармашылығын дамыту өзекті мәселе болып отыр [36].

Қазақстан мектептерінің түлектері өзгермелі өмірдің жаңа тұжырымдамалары мен үрдістерін қабылдауға дайын болуы, саналы таңдау жасауға, сондай-ақ өзінің бүкіл өмір бойында өзгермелі жағдайларға икемді болуға үйрену және бейімделе білуі тиіс.

Соған байланысты қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Себебі, оқыту үдерісін жетілдірмей, қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын жеке тұлғаға білім беру мүмкін емес.

Білім беру – адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін ұрпақ тәрбиелеу және оқыту үдерісі болып табылады, ол білім беру ісін жетілдіруге, сақтауға және оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруға, еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуын қамтамасыз ету мақсатында мәдениетті жаңа ұрпақ тәрбиелеуге, тұлға мен қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық және физикалық жағдайын үнемі жетілдіріп отыруға бағдарлануы тиіс.

Әлеуметтік педагог – жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ораның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы. Әлеуметтік педагогика тәрбиелеудің әлеуметтану мәслелерін, әлеуметтік-педагогикалық виктимиология, және әлеуметтік тәрбие мәселелерін зерделейді. Бұл терминді неміс педагогы А. Дистервег XIX ғасырда енгізді. Біздің елде әлеуметтік педагогика саласында жетекші мамандар болып А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий деп саналады[37, 38, 39].

Педагогика ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше

топтастырылады. Ғалым педагогтер Головина Е.В. [40], Корнилов А.П. [41] т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Овчарова Р.В [42] т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез – құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Шардаков М.Н. [43] өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Смит М.Д [44] тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады.

Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеясы).

Екінші топ – іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым – қатынас жасау және қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру әдістері.

Үшінші топ – іс-әрекет пен мінез – құлықты ынталандыру әдістері.

Төртінші топ – іс-әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылауды ұйымдастыру және баға беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері екі жақты тәрбие әдістерін сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс - әрекетте, мінез – құлықта қарым – қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.

Әлеуметтік педагог – тұлғаның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттейді. Әлеуметтік педагог – психологиялық медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы мәселелерді шешуге көмектеседі.

Мектептің әлеуметтік педагогының қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын, БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция», ҚР «Неке және отбасы туралы заңы», басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады.

Өмір сүру сапасы мәселесі практика мен ғылымның түрлі саласындағы мамандардың назарын аудартып отыр. Бұл философтардың (А.О. Каракотова [45], О.А. Кутуева [46], А.С. Тодоров, Е.М. Ходос), экономистердің (С.А. Айвазян [47], Б.И. Герасимов, В.В. Дробышева [48], О.А. Ковынёва), әлеуметтанушылардың И.В. Бестужев-Лада, В.В. Бойцов, B.В. Давыдова, М.Б. Лига, А.И. Субетто, Р.Р. Яппарова[49]) көпқырлы және кешенді сипаттағы зерттеу пәні. Бұл ғалымдардың зерттеуіне соңғы уақытта психологтар қосылды. Осылайша, өмір сапасы психологиялық феномен ретінде ұсынылған отандық және шетелдік зерттеулер бар (А.В. Баранова, Г.М. Головина, Г.М. Зараковский, В.И. Кулайкин, Т.Н. Савченко).

Отандық психологияда – өзін-өзі жүзеге асыру, белсенділік, мықтылық, жауапкершілік, өзін-өзі көрсету қабілеті, түрткілік бағыттылық, сенімділік (К.А. Абульханова-Славская, Г.М. Головина, И.А. Джидарьян, Г.М.

Зараковский, Т.Н. Савченко).

Әлеуметтік педагогтың – мақсаты әр тұлғаның психология-медико-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау және оқушының тәртібіндегі кездесетін қиыншылықтарын қадағалай отырып, өз уақытысында әлеуметтік көмек көрсету, білім алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталады.

Жоғары сынып оқушыларының жас кезеңіндегі дамуы адамның тұлғалық және әлеуметтік қалыптасуы кезеңінің маңызды сатысы болып табылады. Бұл жасөспірімдер дамуының қарама-қайшылығы мен жалпы үйлесіміділігінің болмауымен, сонымен қатар олардың бірі өзіне деген сенімділік болып табылатын психологиялық ерекшеліктер қатарының қалыптаспағандығымен тікелей байланыста.

А.B. Баранова [50], Г.М. Головина, Т.Н. Савченко секілді мамандардың пікірінше дәл осы өзіне деген сенімділік адам өмірінің сапасын субъективті бағалауға айтарлықтай әсерін тигізеді, яғни ол әрекет пен жүріс-тұрыстың адекватты түрде реттелуін қамтамасыз етеді. Өзіне деген сенімділік жасөспірімнің өзін-өзі қабылдау, өзіндік құндылығы секілді тұлғалық ерекшеліктерінің индикаторы ретінде қарастырылады. Осыған байланысты жоғары сынып оқушысы өзіне сенімділікті мақсатқа бағытталған түрде қалыптастыру бойынша өз өмірін бағалау жағдайы ретінде көмекті қажет етеді.

Өзіне сенімділік төмендегідей қарастырылады: шешім қабыладу үрдісіне қатысушы адам жай-күйі; адамның жетістікке жетемін деген жағдайдағы сенімділігі әлеуметтік ортамен өзара әрекетте индивидтің талаптарды қоя білуі құрамдас бөліктері тұлғалық, когнитивті, эмоциональды және жүріс-тұрыстық компоненттер болып табылатын, адамның интегральды сипаттамасы (И.Л. Зиновьева, В.Г. Ромек, О.В. Соловьева).

Әлеуметтік педагог өз қызметтік мақсатын жүзеге асыру барысында мына міндеттерді атқарады: білім алушылардың психолого-медико-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микро орталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке мәселелерін шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылардың жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. 

Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді:

  • балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін

психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;

  • социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау

арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек

формаларын және түрлерін ұсынады;

  • баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен

тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылуы себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік педагогтің кәсібилік сапасы жоғары болуы тиіс. Ол әлеуметтік педагогтің жеке қасиеттеріне, өзге адамдармен араласуына, оларды түсінуіне, өзара байланысуына, адамдарға сенімділік білдіруіне де байланысты болады.

Сенім жеке адам өмірінің ұстаным беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Дұрыс сенім – дұрыс іс-әрекет кепілі. Адам мұраты – адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Сондықтан да, ол адам өмірін толық қамтиды. Нәтижесінде, жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді.

Адамның өз-өзіне деген сенімділігі тұлға ретінде өте маңызды болып келеді, өзінің жеке пікірі болады, өзінің сезіміне сене алады. Балалар үлкендермен, өз замандастарымен тілдесу арқылы басқа адамдармен өмір сүруді үйренеді, қоғамдағы тәртіп ережелерін меңгереді.

Әдетте, балалардың өз жолдастарымен бірігіп жасаған қызметі арқылы тілдері, жаңа іскерлік қасиеттері, білімдері дамиды; мінезі, рухани құндылықтары қаланады. Сондай бірігіп жасалатын қызметтің бірі – педагогикалық әдістер арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс-тәсілдердің маңызы өте зор. Педагогикалық әдістер балалардың оқу танымдық қабілеттерін, есте сақтау, зейіндерін дамыту, өз өзіне сенімділіктерін жоғарылатады.

Педагогикалық-психолог баланың барлық психологиялық шынайылығымен іс - әрекет жүргізіп және тұлғаның барлық жағын дамытуға мүмкіндік жасайды, сонымен қатар психолог мұндай үрдісте ата – аналарды және педагогтарды да біріктіре алады. Педагогикалық-психолог мектептің және отбасының тәрбие жүйесіне, баланың тұлғалық ілгері дамуына тежеулер жасайтын жағдайда қарсы шыға алады. Психолог жас ұрпақтың тұлғалық дамуына ықпал етіп, қорғайды және ерекшеліктерін ескеріп жұмыс ұйымдастырып, жағдай жасайды.

Әлеуметтік педагогикалық қызмет көрсету саласының мақсаты – әрбір баланың саулығын, жанының жайсаңдығын қамтамасыз ететін, рухани кемелденуіне ықпал ететін психологиялық – педагогикалық жағдай туғызу. Осы айтылған мақсатқа жету үшін әрбір педагог баланың қабілетін икемділігін, қызығушылығын, сезімі мен қарым-қатынасы және т.б. тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, оған тұлғалық маңызы бар іс-әрекетте нәтиже мен жеңіске жету жағдайын жасауы қажет.

Баланың өзіне-өзі сенімділігі дискуссия, әңгіме, түрлі мотивтерді «қарсы», «қарсы емес» дәлелдерін салыстыру негізінде қалыптасады.

Дұрыс шешім барлық жағдайды жан-жақты талдап бағаланғанда ғана

қабылдануы мүмкін. Сондықтан өзіне өзі сендіру үрдісіне обьективті бағаламауға әкелетін сезімдер сипатын ескерту қажет; өкпелеу, қызғану, ашулану, орынсыз намыстану сияқты іс-әрекеттер.

Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру тәрбиелеудің негізгі тәсілі. Бала қандай да бір мақсаттан бас тарту үшін немесе бір нәрсеге қатынасын өзгерту үшін, ол ұстанған бағыттың қате екенін сендіру қажет, сонда ғана даму мүмкіндіктері ашылады. Өзіне деген сенімділігі өз істерін кінәлаумен қатар жаңа қатынастардың бекітілуімен де байланысты болуы мүмкін.

Сендіру және өзін-өзі сендіру, әсер ету тәсілі ретінде басқа тәсілдерден ерекшелігі, мысалы иландырудан, белсенділіктен, күрделі ойлау жұмысын талап етеді. Сендірудің мақсаты басқаға немесе өзіне белгілі жағдайдың ақиқаттығын, қылықтың немесе қатынастың дұрыстығын немесе керісінше бағытының дұрыс еместігін және оның жеке адам үшін, сондай ақ ол өмір сүретін ұжымға зияндығын дәлелдеу.

Бала іс-әрекетінің бағыты туралы мәселені шешу және шешімді орындау үрдісіндегі күмәндануды жеңу және бір нәрсені өзіне дәлелдеу үшін, қайшылықтар орын алатын кезде, өзін бір нәрсеге сендіру қажет болады.

Өзіне деген сенімділігін, өзін-өзі тәрбиелеудің бірінші сатысында жағымды іс әрекет мотивтерін бекіту үшін ғана қажет деп түсінуге болмайды, ол өзімен жұмыс істеу кезінде әрқашанда керек. Өйткені келесі сатыларды жеңу керек болатын қиыншылықтар мен күмәндар пайда болуы мүмкін.

Өзін-өзі сендіру көп жағдайда сырттан сендірумен байланысып жүреді.

Мұндай байланыстың екі жағдайы бар;

Біріншісі тәрбиеленуші немесе ата-ана баланың жалтақтауын байқап оны жұмысқа кірісуге немесе бір нәрсемен айналысуды жалғастыруға сендіріп соның негізінде ойлануға және өзін-өзі сендіруге итермелейді;

Екінші жағдайда адамның өзінің дәлелдеріне сенімді болып өзінен үлкендерден немесе достарынан өзі сенген нәрсесін мақұлдауға немесе жоққа шығаруды өтінеді. Осы кезде ол мәселенің мәнін, өзінің күмәндарын және дәлелдерін баяндайды. Адамға өзінің ойын және күйін білдіргісі келмей, өзінің қызықтыратын сұрақты басқа адам атынан қойып, алған жауабы оны белгілі пікірдің дұрыстығына сендіреді.

Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыруда ата-ананың, қоршаған ортасының, сынып жетекшінің маңызы өте зор. Бала үнемі үлкен адамдардың, достарының қолдау көрсетіп, назар аударғанын қажет етеді.

Өзіне деген сенімділігі – баланың дене-бітімімен қоса ой-санасының да түзу және дұрыс дамуының нәтижесі. Бала бойындағы сенімділіктің қарым-қатынаста және дербес шешім шығаруда зор әсері бар. Өзіне сенімді бала айнаға қарағанда, сүйіспеншілікке, қамқорлық пен көңіл бөлуге лайықты адамды көреді. Әке-шеше тарапынан болған осындай қолдауға сүйеніп, бала басқалармен қарым-қатынаста оң нәтижеге қол жеткізеді. Мұндай бала белсенді және көтеріңкі көңіл-күймен барлық қиыншылықтарды оңай еңсереді. Кез келген түйінді мәселенің шешімін табуға ешбір қиындықсыз батыл кірісіп

кетеді. Демек, баланың дұрыс қалыптасуында сенімділік ерекше роль ойнайды.

Балаңыз өзіне сенімді ме әлде жан-жағына жалтақтай береді ме? Сенімсіз баланың бойындағы «сиптомдар» мынау:

1. Жүрексіну. Бала жаңа нәрсені қолға алып, оны тексеріп көруге батылы бармау. Бұл баланың өз қабілетіне және мүмкіндігіне деген сенімсіздіктен;

2. Оқшаулану. Баланың ешбір досы болмауы және басқа балалармен қарым-қатынас орнатуда қиындық сезінуі. Алайда, балаңыздың аз болса да досы болса, онда оқасы жоқ;

3. Күйзеліс. Кез келген қиыншылықпен бетпе-бет келген сәтте күйзеліс сезінуі. Осы сезім тұла бойын билегендіктен дұрыс деп білген әрекетін жасай алмайды;

4. Өзін бағаламау. Баланың өз-өзін «менің кесірімнен болды...», «тағы барлығын бүлдірдім», «менің жолым болмайды» деген сияқты жағымсыз сөздермен сынауы;

5. Кінәлау. Баланың өзін қойып, айналасындағыларды айыптай бастауы. Мәселен, «достарым ойында арамдық жасады...», «мектепте мұғалім үнемі маған ғана тисе береді» деген сияқты;

6. Тәуелділік. Басқалардың өзі туралы ойынан қорқу. Өзінің не қалайтынын түсінудің орнына, үнемі «мен жайлы адамдар не ойлайды екен» деген ойдың жетегінде жүру;

7. Еліктеушілік. Өзіне деген сенімділіктің жоқтығынан туындайтын қатер – бала барлық іс-қимылында достарына еліктей бастайды. Керегінен артық еліктеп, достарын таң қалдыруға ұмтылуға көшеді.

Педагог К.Р. Ушинский айтқан: «Балаларды жетік оқытып тәрбиелеу үшін, оларды жан – жақты білу қажет».

Бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену сатысында. Заман талабына сай, нарықтық экономика мен демократия принциптерін басты ұстаным ретінде қарайтын шақта білім жүйесінің ескі моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр.

Білім берудегі шынайы мақсат – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани-адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Бүгінгі таңда оқушылардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру қажеттілігі арта түсуде. Педагогикалық әдістер баламен сөйлесу, ойнау, пікір алмасу және бас уақытын тиімді пайдаланудан көрініс табады. Баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін-өзі жетілдіріп, басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзіне-өзі бағыт алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылық пен ізденіс керек. Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табуы мүмкін емес.

Өзіне сенімділік – өзімен жұмыс істеуді бастаған оқушымен жұмыс атқарудағы күрделі үрдіс, осы жағдайда оқушыда сырттан көмек күту мәселесі пайда болады. Оқушы өзімен жұмыс атқаруда өзін тәрбиелеудің нәтижелілігі сырттан беретін көмекке, бағыттылыққа, ұйымдастырушылыққа тәуелді. Мұнда тәуелділік екі жақты. Сенімділік өз-өзіне сенімді болу үшін қажетті жағдайлар туғызады, ал өзін-өзі тәрбиелеу өз кезегінде тәрбиелеуді жетістікке әкеледі. Сондықтан бұл құбылыстар әрекеттесіп бір тұтастықпен дамиды. Дәл осыны ескеретін өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырып басқаратын педагог тәрбиеші белгілі нәтиже алады. Бұл жағдайда педагог тәрбиеші өз алдына оқушыларды тәрбиелеуге байланысты белгілі мақсат қоя отырып, дамудың жалпы мақсатымен жұмыстардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тәрбиелеу бойынша міндеттерді ұсынуы қажет.

Көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулердің көрсеткіштері бойынша оқушылардың қабілеттерінің жемістілігі қаншалықты өзін-өзі басқару мүмкіндіктері мен құралдары терең қолданылса, соншалықты өзіне сенімділігі қалыптасып, жасаған ісі нәтижелі болады.

Осы заңдылыққа сүйенсе, келесі принцип орын алады – диалектикалық тұтастық және оқу үрдісіндегі педагог жетекшінің оқушының өзіне сенімділігін қалыптастыру принципі, яғни оның негізінде тұлғаның қарқынды дамуға мүмкіндік алатындығы жатыр.

Осы принципті іске асыру ережелеріне тоқталар болсақ:

  • Оқушылардың сырттың көмегінсіз орындай алатын іс-әрекеттерінің бәрін, өз бетінше орындаулары тиіс.

  • Іс-әрекеттерін психологиялық-педагогикалык басқару жүйесінде жанама және өрбітуші құралдары жетекші орында болуы тиіс, яғни педагог тікелей, оперативті құралдарды қолданса, оқушылардың екпінділігін және шығармашылығын тежейді.

  • З. Оқушылармен қарым-катынас стилі оқу-тәрбие үрдісінде демократиялық және қайырымды болуы тиіс.

  • Берілген тапсырманы нәтижелі орындай алуына сендіру, бағыт-бағдар беру.

Оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыруда жоғары сынып оқушысының қызығушылықтарын, ойларын, құштарлықтарын, психикалық ерекшеліктерін терең білген кезде ғана мүмкін болады. Сондықтан әлеуметтік педагог және мұғалімдер оқушыны жүйелі түрде зерттеп танып, олардың дамуын мінез-құлқындағы өзгерістерді байқап отыру қажет. Мұндай әрекет олардың мүмкіндіктерін нақты білуге, әсер етудің бағыттылығын анықтауға және керек-кезде көмек көрсетуге жағдай туғызады.

Өзіне деген сенімділік сипаты пайда болуы тек әр түрлі жастағы оқушыларда ғана емес бірдей жастағы оқушыларда да бірдей болмайды, ол оқушының тек қазіргі уақыттағы өмір жағдайларына, оның іс-әрекетіне ғана тәуелді болмай, оның жалпы жеке басының даму деңгейіне де байланысты болатынын әлеуметтік педагог ескеріп, ұмытпауы қажет.

Адамдар көбіне өзіне жақын адамдармен немесе симпатия тудыратын, ұнайтын адамдармен жақын қарым-қатынас орнатуға бейім келеді. Индивидке басқа адамның психологиялық мәселесін қарым-қатынас пен толық әсерлесу негізінде қарастыру керек. Психологиялық ғылымда психлогиялық әсер және әсерлесу мәселесінің зерттеулері кең таралған. Олар бір мезетте теориялық әрі

қолданбалы болып табылады.

Л.В. Куликов көрсеткендей, бұл мәселеде толық ғылымның қоғамдық

практикасы мен қажеттіліктерінің сұраныстарының негізі жатыр. Топтық әсер және әсерлесу мәселесі – бұл психиканы толық және оның жеке бөліктерін өздігінен басқару әдістері психологиялық ғылым өзектілігінің бірі[51]. Психология даму теориясы психиканың бейнелеу формасынан басқа психикалық қалыпына, функциялануы мен дамуына тән білімдер мен әдістерді қамтуы керек. Жеке адам және топ теориясы бұл аталған феномендердің негізін ғана емес, сонымен қатар олардың сөздік және сөздік емес әдістерін және оларды басқару мен өзіндік басқару түрлерін ендірді. Мысалы: Ертеде Фейербах танымның субектісі сана деп түсіндірді, сана адамға тән рухани құбылыс екен көрсеткен. Ал адам Фейербах түсінігінен кеңістік пен уақытта өмір сүретін адамға ешқашан жете алмайды «адам» деген абстракциядан өте алмайды, тек сезім санасындағы «шын, тәні бар, адамды мойындаумен шектеледі.

Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан-жақты әсер етуді айтамыз [52].

Сенім – тек моральдық түсінік, ұғым ғана емес, ол адамның мінез – құлық, іс-әрекетінің тұрақты жетекшісі.

Сенім деген ұғымды анық дифференциялап алу керек. Мұнда сенім, біріншіден: жеке бастың психикалық сапасы – тәрбиенің жемісі, нәтижесі ретінде анықталады; екіншіден, сенім, сендіру жеке бастың санасына, еркіне сезіміне ықпал жасайтын әдіс, құрал ретінде анықталады.

Дегенмен таным субьектісі деп жеке адамдарды, топтар мен әлеуметтік топтарды, тұтас тарихи қоғамды айтуға болады. Демек, субьект аз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным обьектісі ретінде қарайды. Таным процесі адамның дүниені тануының тарихи қалыптасқан құрылысына, танымның даму дәрежесіне байланысты.

Міне сондықтанда адам ең әуелі өзінің бойындағы сенімділікті қалыптастыруы үшін әуелі өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуды қолға алуы керек. Өз уақытында әлеуметтік педагог жоғары сынып оқушысына қолдау көрсете отырса, кеңес берсе, көмек көрсетсе, өзінің тәжірибесіне немесе өзге адамдардың тәжірибесіне сүйенуге үйрететін болса, оқытушылардың жан-жақты қабілеті арта түседі. Бала өзгеге сүйемелдеуін қажет етеді, соның нәтижесінде кез келген істі нәтижемен бітіруге дағдыланады.

Өзін-өзі тану дегеніміз не? – деген сұраққа жан-жақты жауап іздестіріп көрелік.

Өзін-өзі тану – бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану үдерісі.

Өзін-өзі танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:

өзін-өзі тану – жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық

хал жағдайын тануы;

өзін-өзі тану – ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;

өзін-өзі тану – жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жетілдіруінің негізгі жолы.

өзін-өзі тану – өзіне және өзгеге сенім артуы, сенімділіктің нығайуы;

Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі белсендіру ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы емес (К. Роджерс).

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.

Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Өзіне сенімділік – бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты сараптап қорытындылау және бағалай білу. Жоғары сынып оқушыларының маңызды психологиялық процесс – бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға үлгісінің, өзіндік “Менінің” қалыптасуы.

Өзіндік сананың қалыптасуы бірнеше бағытта өтеді:

Өзінің ішкі жан-дүниесінің ашылуы – жасөспірім өзінің эмоцияларын сыртқы ортаның әсері деп емес, өзінің “Мені” деп қабылдай бастайды, басқаларға ұқсамайтын жеке ерекшеліктері, кей кезде жалғыздық сезімі де пайда болады.

Әлеуметтік педагогтың жұмыс бағыты бойынша баламен пікір алмасуы, баланың өзі туралы толық көзқарасын оң нәтижеге айналдыруы, өзіне деген қатынас, сенімділігі, біріншіден, адамның денесінің, сыртқы келбеті, өз тартымдылығы бағаланады, содан соң моральды-психологиялық, интеллектуальды, еріктік сапалары туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі бақылау, өзі туралы басқа адамдардың ойы, өзінің мүмкіндіктері мен өз бойындағы қасиеттерін есепке ала отырып және жеткен жетістіктерінің нәтижесінің негізінде адамда өзін-өзі сыйлау, өзіне деген жан-жақты қатынас қалыптасады.

1.2 Әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудың мазмұны және өзіндік ерекшеліктері

Қазіргі педагогика адамзаттың мұқтаждықтарына жауап беретін білім беру

мақсаттарына сәйкес қоғамды қайта құру мен прогрессивті дамытудың әлеуметтік рөліне көңіл бөлуде. Сондықтан әлеуметтік ортаның өркениетті дамуы білім берудің мәртебесі мен абырой-беделін арттырғанда ғана мүмкін болмақ. Білім берудің мақсатқа сай оқытудың арқасында адамның жеке тұлғасы қалыптасады.

Соған орай білім беру сапасы оқушылардың түрлі құзыреттер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілігі түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі.

Ал, білім беру мазмұнының негізгі мақсаты-оның жан-жақты әрі тұтас тұлғаны тәрбиелеудің құралы ретінде оқушылардың оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға, іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы білім берудің жаһандық мақсаты болып табылады.

Педагогика теориясында тәрбие әдістерінің методологиялық және теориялық негізі ретінде адамның қоғамдық мәні мәселесі және жеке адамның қалыптасуында іс-әрекеттің ролі туралы ілімнің қағидалары алынған. Бала жеке адам тек іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады. Бұл үшін баланың өмірі үнемі іс-әрекет арқылы ұйымдастырылуы керек. Ол іс-әрекет нақтылы мақсатты шешуге бағытталып, қажет болған жағдайда арнайы ситуациялық іс әрекеттер де ұйымдастырылуы қажет.

Тәрбие әдісінің бірінші тобы – оқушылардың санасына, сезіміне, ерік – жігеріне жан-жақты ықпал жасауды қамтиды. Бұл әдістер оқушыларға сенімді қалыптастыруды және іс-әрекеттің бірлік принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу процесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.

Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, әңгімелер, лекциялар, пікірталастар, үлгі-өнеге жатады. Көптеген ғалымдар бұл топтағы әдістерді қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдістері деп те атайды.

Мұндай көзқарасты, жалпы адамзаттық мораль талаптарына сай қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушінің сана-сезіміне, еркіне, мінез-құлқына ықпал жасау жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы сендіру әдісі деп аталады.

Сендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі – ол арқылы жеке бастың сенімі қалыптасады.

Сендіру – оқушының тек қана санасына, сезіміна ықпал жасау ғана емес, әрі оның мінез-құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды көздейді.

Сендіру әдісі жалпы адамзаттық моральдың нормаларын, ережелерін кеңінен түсіндіру, оны іс-әрекетпен байланыстыруды көздейді. Тәрбиеленушілердің белсенді позицияда болуын өз көзқарастарын қорғай білу, өзінің де, жолдастырының да мінез-құлқына, іс-әрекетін дұрыс баға беруді, талқылауды қамтитын әдіс. Сендіру әдісінің тиімділігі оқушының санасына әрі сезіміне, көңіл-күйіне ықпал етуді бірімен-бірі ұштастырылған жағдайда жоғарлай түседі. Сезімнің, эмоцияның көтеріңкі болуы ескерілмеген жерде мораль ережелеріне терең сенім тумайды.

Сонымен жеке адамның санасын қалыптастыратын әдістердің маңызы:

  • қоғамдық, моральдық, еңбек, эстетикалық т.б. күрделі ұғымдарды, түсініктерді, анықтамаларды, ереже нормаларымен нақтылай түседі;

  • әрбір іс, қимыл, әрекеттердің, тәжірибелердің оң дәрежеде, жағымды, көтеріңкі эмоциялық күйде болуына жағдай туғызады;

  • нақтылы міндеттердің анық мақсаты мен маңызы қоғамдық адамгершілік негізіарқылы айқындайды.

Тәрбие әдістерін қолдануда педагогикалық және психологиялық талаптар ескеріледі:

  • сөздің өте күшті сенім қаруы екенін түсіну;

  • оқушыға шын мәнінде белгілі ережені түсіндіру, жаңа мәліметтер беру немесе санасына әлдеқандай ерекше ықпал жасау қажет болған уақытта сендіру әдісін қолдану;

  • жеке бастың психологиялық табиғатын жақсы білу, сезімнің атқаратын ролін айқындау;

  • оқушының өмірлік тәжірибесіндегі алғашқы жинақталған ұғымдар, түсініктер қорына, мінез – құлық қасиеттеріне арқа сүйену, оның оң не теріс екенін айқындау, орын алған ситуацияларды баяндау, оған қорытынды жасау;

  • мұғалімнің, тәрбиешінің немесе ата – ананың әңгімесіне, түсініктемесіне баланың үнемі белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын ұйымдастыру;

  • әр баланың көңіл – күйін, ынтасын арттыратындай өз ісінің, мінезінің кемшілігіне қысылатындай, өзін - өзі тәрбиелеуге жігерлендіретіндей жағдай жасау;

  • сендіру әдісінің барлық салаларының бірлікте, жүйелі түрде, үздіксіз қолданғанда және балалардың сана – сезімі, тәжірибесі, білімі көзқарасы мен жас өзгешеліктеріне қарай біртіндеп жоғарылаған сайын әр әдістің мазмұнын күрделендіріп, түрлендіріп, дамытып отырғанда ғана тәрбие ісі нәтижелі болады;

  • үнемі бір әдісті қолдану оқушыларға әсер етпейді.

Көптеген авторлар өздерінің еңбектерінде өзіне сенімділікті дамыту мен қалыптастыру адам үшін барлық жас кезеңінде, және әсіресе жасөспірімдік шақта өзекті екендігін атап көрсетті. Бұл аталған кезеңнің адам дамуындағы ең қиын және сыни сипаттағы кезең екендігін көрсететіндігімен нақтыланады. Жасөспірімдер әдеттегідей өздерінің әлеуметтік педагогикалық мәселелерін қиындықпен шешіп жатады, олар әлеуметтік өзара әрекеттесуде кикілжіңге түскіш келеді, олар үшін стрестік жағдаяттардан нәтижемен шығу тән емес, жоғары сынып оқушыларына уайымдау, жоғары деңгейдегі сезімталдық және тітіркенгіштік тән (Л.C. Выготский, А.Г. Грецов, Т.В. Драгунова, И.В. Дубровина, И.С. Кон [13], Кулайкин, В.И [53], B.C. Мухина, А.B. Петровский, А.M. Прихожан, А.А. Реан, Н.В. Самоукина, Е.Е. Сапогова, В.И. Слободчиков,

Д.И. Фельдштейн, А.П. Ходосова және т.б.).

Дегенмен, жоғары сынып оқушыларының тұлғалық сенімділігі мен сенімсіздігін зерттеуге арналған айтарлықтай жұмыстар санына қарамастан әлеуметтік педагогика саласында төмендегідей бағыттар жеткілікті деңгейде зерттелмей қалғанын атап өтсе болады:

  • жоғары сынып оқушыларында өзіне деген сенімділіктің жеке компоненттерінің даму динамикасы мен ерекшелігі, деңгейі (тұлғалық, когнитивті, эмоциональды, жүріс-тұрыстық);

  • жоғары сынып оқушыларында өзіне сенімділіктің тендерлік көрінісі;

  • жоғары сынып оқушысының өзіне сенімділікпен байланысты өз өмір сапасын субъективті бағалауы;

  • мектептің білім беру кеңістігіндегі жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыруға әсер ететін жағдай;

  • жоғары сынып оқушыларында олардың өмір сапасын субъективті бағалаумен өзара байланысы;

  • жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастыру бойынша технологияларды қолдануға бағытталған білім беру саласындағы практикада әлеуметтік педагогтар қызметінің мазмұны.

Осылайша, әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология және педагогика салсында мектептің білім беру ортасында жүйелі түрде бағытталған ұйымдастырушылықтың болмауының мәні жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігінің жеткілікті деңгейге көтерілмеуіне алып келіп отыр.

Зерттеу жұмысы барысында қойылған міндеттерді шешу үшін тоериялық секілді, эмпирикалық зерттеу әдістері де қолданылады: зерттелуші тақырып бойынша педагогикалық және психологиялық әдебиеттердің теориялық талдауын кіріктіретін сараптамалық-шолу; психодиагностикалық (тестілеу, сауалнама); анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент; математикалық-статистикалық өңдеу әдістері. Зерттеу жұмысында қолданылатын әдістер: «тестілеу тәртібі көмегімен жалпы өзіндік бағалауды зерттеу» (Г.Н. Казанцова сауалнамасы); «Өзін-өзі сыйлау шкаласы» М.Розенберг; М.Ерусалем және Р.Шварцердің «жалпы өзіндік тиімділік шкаласы»; В.Г. Ромек «Өзіне деген сенімділік» тесті; М. Фордис «Бақыт» сауалнамасы; Э.Дайнер «Өмірге деген қанағаттанушылық» сауалнамасы. Әлеуметтік педагогтың жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін қалыптастырудың мазмұны және өзіндік ерекшеліктері 1-кестеде көрсетілген.

Қазіргі жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігін дамыту үрдісі

Әлеуметтік және танымдық түрткілер екі түрлі психологиялық сипатқа ие: мазмұнды және динамикалық (динамика мен түрткілердің көріну формасын сипаттайды)

Мазмұнды сипаттамалар:

  1. оқудың тұлғалық мәнінің болуы.

  2. әрекеттілік – түрткінің оқу мен жүріс-тұрысқа әсері (нақты әсер етуші

  3. немес маңызды түрткі).

Түрткінің әрекеттілігі оқудың тұлғалық мәнімен тығыз байланысты. Бұл

1-кесте. Оқушылардың өзіне сенімділігін қалыптастыру мазмұны.

Мазмұны

1

2

1

Жоғары сынып оқушысының өзін-өзі бақылай алуы мен дербестігін дамыту; таңдау еркіндігін ұсыну; өз бетінше шешім қабылдау мүмкіндігін ұсыну. Оқушы, және де оның ата-анасы оқыту деңгейінің бағдарламаларын, сабақ түрлерін, тапсырмаларды, бақылау формаларын таңдау мүмкіндігіне ие болуы қажет. Таңдау еркіндігі оқушының өзін-өзі анықтай білуін сезінуге жағдай жасайды. Әл әрекетті таңдай отыра адам оның нәтижесі үшін одан да зор жауапкершілікті сезінеді.

2

Сыртқы бақылауды максимальды деңгейде азайту. Бұл ішкі түрткіні әлсі -рететіндіктен, оқудың жетістіктері үшін мадақтау мен жазалауды қолдануды барынша азайту.

3

Оқытудың міндеттері оқушының қызығушылықтары, ұмтылыстары және талаптарынан шығуы қажет. Оқу нәтижелері баланың қажеттіліктерімен сәй -кес келе отыра ол үшін маңызды болғаны жөн. Есейе келе балада болашақты қалыптастыру бойынша қажеттілік туындайды. Осы тұста оқушыда оқу мен оның нәтижесі өзінің өміріндегі маңызды қадам екендігін сезінетін мерзім туады. Осылайша, дәл осы жоғары сынып оқушыларында айтарлықтай жоғары деңгейде ішкі сенімділік, түрткі қалыптасады.

4

Қызықтылық, оқу материалын ерекше баяндау; танымдық ойындарды, пікірталасты қолдану; өмірлік жағдаяттарды талдау. Сабақты оқу процесінің өзінен балаға қызықты болатындай, сонымен қатар сыныптастарымен, мұғаліммен қарым-қатынас қуаныш сыйлайтындай етіп ұйымдастырған дұрыс.

5

Өзіне деген сенімділікті қалыптастыруда оқшыларды оқу әрекеттеріндегі сәтсіздіктерде жазалау мен табыстарында ынталандырудың ойластырылған жүйесі ықпал етеді. Ынталандыру нақты табыстарға сәйкес жасалуы керек. Яғни, баланың қаншалықты қабілеттілігінде емес, оның бұл әрекет үшін қан -шалықты күш жұмсағанына назар аудару. Жазалау алға ұмтылдырушы рөл атқаруы қажет, яғни, өзіне деген сенімділігін қозғап, маңызды мотивтерін қозғауы қажет.

6

Жоғары сынып оқушыларының өзіне сенімділігі қалыптасуының маңызды талабы әлеуметтік педагог тұлғасы мен оның балаға деген қарым-қатынас сипаты болып табылады. Әлеуметтік педагогтың өзі сенімді қалыптасқан тұлға бейнесін көрсете білуі қажет. Яғни, ол педагогикалық әрекетке басым мақсаттарымен ұмтылған, жоғары деңгейдегі кәсіби сенімділікке ие тұлға.

1-кестенің жалғасы

1

2

7

Әлеуметтік-педагогикалық жұмысты саралау. Баламен жұмыс барысында әдеттегі практиканы қолдана беріп отырып жемісті нәтижені күтуге болмайды. Бір бала әдісті сол күйінде қабылдаса, екіншісі әдістің мәнін түсінбеуі мүмкін. Осы тұста баланың жеке даралығын ескермесе, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға деген ынта-жігері оқушыда төмендей береді.

8

Оқушылардың сыныптағы бірлескен оқу әрекетіне кіріктірілуі қажет; «мұғалім-оқытушы» қарым-қатынасын басыну емес кеңес беру типі негізінде құру. Сыныпта бір-біріне деген сыйластық, сенім, ынтымақтастық ахуалы орнауы қажет. Қызығушылық таныту мен қуанышты болу баланың сабақ кезіндегі негізгі басынан өткеретін жағдайы болғаны дұрыс.

оқушының өзінің белсенділігінен, оның бастамасынан, көрегендігінен және барлық оқу әрекеті компоненттерінің егжей-тегжейлі болуынан көрінеді.

  1. түрткі бастамашыл немесе бағынушы болуы мүмкін (түрткінің орны).

  2. түрткінің көрінуі мен пайда болудағы дербестігі (ол жеке оқу жұмысында пайда болуы мүмкін).

  3. таным деңгейі.

  4. әрекеттің әр түріне түрткінің таралу деңгейі:

  • енжар, айқын емес оқшаулану – сыртқы қозғау салуларды қажет ететін оқуға деген жалпы қызығушылық;

  • терең танымның болмауынан қызығушылықтардың кең түрдегі оқшаулануы;

  • оқшауланған сырықты қызығушылықтар;

Динамикалық сипаттамалар:

  1. тұрақтылық – түрткі айтарлықтай жиі көрінеді.

  2. модальдылық – түрткінің эмоциональды бейнеленуі (жағымды және жағымсыз түрткілер).

  3. түрткі күші.

  4. пайда болудың шапшаңдығы.

Жоғары сынып оқушысының өзіне сенімділігі әлеуметтік педагогтың әрекеті аумағында болуы қажет. Осы бойынша әлеуметтік педагог маман оқушының сенімділігін қалыптастыру бойынша әрекеттер жүйесін құрастырады.

Әлеуметтік педагогтің функциялары:

Мектепте әлеуметтік педагогтың жұмысы өте ауқымды. Оның басты тұтынушылары оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер болады. Өз мақсатында мынадай функцияларды атқарады.

1. Аналитикалық диагностикалық:

  • әлеуметтік диагноз жеке тұлғалық мүмкіндіктерді және әлеуметтік

тұрмыстық өмір қызметін үйренеді;

  • жасөспірімдер мен баланың девиантты мінез-құлқының себептерін қарастырады, сәтсіз отбасылардың әлеуметтік себебін анықтайды.

2. Жобалау:

  • бала тәрбиесіне және тұлғаның дамуына әлеуметтік педагогикалық оқиға процесіне бағдарлау және жобалау;

  • тұлғаның өз-өзі дамыту және өз-өзін тәрбиелеу процесіндегі болашағын анықтау;

  • өзінің әлеуметтік-педагогикалық жұмысын уақытылы және кезекті етіп жоспарлау.

3. Ұйымдастырушы – қатынастық:

  • мектеп оқушыларына әлеуметтік тәрбие беру процесінде мүмкіндіктерді пайдалану, тек жергілікті еңбек және демалыстың мектеп қызметкерлері қатар, мөлтек аудан тұрғындарымен әлеуметтік тәрбие процесін жүргізу;

  • жеке және ресми қарым-қатынасты ұстау;

  • әлеумет пен оқушылар арасындағы оң және теріс іс-әрекеттерінен хабардар болу;

  • жасөспірімдермен балалар арасындағы демократиялы, жүйелі өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, сонымен бірге жеке тұлғалық және олардың үлкендермен әрекеттеріне көмектесу.

Әлеуметтік педагогтің құқығы:

Әлеуметтік педагог төмендегі құқықтарға ие болады:

  • -Баланың педагогикалық және медициналық құжаттарын ;

  • -Сабақтарға қатысып отыруға;

  • -Мектеп әкімшілігінің, медициналық, педагогикалық қызметкерлерінің, балалар құқығымен денсаулығын қорғау қоғамдық ұйымдарының алдына көкейкесті мәселелерді қоюға;

  • -Медициналық әлеуметтік мәселелер бойынша білім мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуына;

  • -Отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін (даулы жағдайда) қоюға;

  • -Қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқынан айыру мәселесін ұсынуға, балалар мүддесін сотта қорғауға құқылы.

Әлеуметтік педагог төмендегі ережелерді сақтау тиіс:

  • ата-аналар мен балалар өзін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс;

  • зерттеу мақсаты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі жүргізілуі тиіс;

  • зерттеу әдістері халықтық дәстүрлі тәрбие әдістерімен байланысты болуы тиіс;

  • психологиялық, педагогикалық әдістер әртүрлі, санқилы және кешенді пайдалануы тиіс.

Отбасына әлеуметтік педагогикалық диагностика негізінен өз баласы мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге бағытталған адамгершілік әлеуметтілігін пайдалану мүмкіндігіне қарай бөлінген отбасыларының шартты топтарда

жүргізіледі. Осыған байланысты отбасыларын 5 топқа бөледі:

1. Жоғары адамгершілікті, этномәдени қарым-қатынастардағы отбасылар. Салауатты өмір салты, ұлттық-этникалық, моральдық атмосфера қалыптасқан, балалар өз қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндік алатын отбасылар жатады. Әлеуметтік педагогтің жиі араласуының қажеті жоқ дей тұғынмен тәрбиелеудің жас ерекшелігіне баланысты қиындықтарына сәйкес кейбір кеңестер мен ескертулердің берілуі мүмкін.

2. Ата-аналардың қалыптасқан ережеге сәйкес қарым-қатынаста болуымен сипатталатын отбасылар, бірақ, тәрбиенің оңды бағытын қамтамасыз ете алмағандықтан балаларды балада эгоизм, нигилизм, ата-анасын менсінбеу, отбасынан аластау көзқарастарының қалыптаса бастауы тағы басқа педагогтың көңіл аударуына мәжбүр етеді.

3. Дау-жанжалмен өз қарым-қатынастарын реттей алмайтын, балаларына көңіл аудармайтын отбасылар. Мұндай отбасыларына педагогикалық белсенді ықпал қажет, отбасындағы микроклиматты сауықтыру, жасөспірімді қорғап қалудың шұғыл шараларын қолдану қажет. Олар:

- дау-жанжалды отбасының көп уақытқа созылған, отбасы мүшелерінің таусылмайтын кикілжіңі ауыр моральдық-психологиялық ахуалға әкеледі. Жанталасқан адамдардың балаға агрессиялық көзқарасы, ата-аналарының баланы бір-біріне айдап салуы, баланың ауытқушылығына апарып, отбасын тастап шығуға мәжбүр болады;

- педагогикалық қалыптасқан отбасы - мұндай отбасыларында балаға қарым-қатынас қатыгездікке, әкімгерлікке, тұрақсыздыққа, зорлыққа құрылған. Бұл баланың намысына тиіп, ар-ожданын таптайтын, сезімін өшіріп, өзіне-өзі баға бере алмайтын күйге жеткізеді. Нәтижесінде отбасынан аластану, ата-ана ықпалынан босап шығу ниетіне ауып, ауладағы, көшедегі бейресми топтардың қолына түседі;

- әлеуметсізденген отбасы-отбасылық ұстанымдар мен қамқорлықтың жойылуы, бала құндылығын бағаламау, тәрбиесіздік, сексуальдық арсыздық, мастардың сотқарлығы тағы басқа;

Басты «тәрбие әдісі» - ұрып соғу. Бұл отбасылардан шығатын балалардың психкасы бұзылады, үйінен, сабақтан қашады, оқу-үлгерімі нашар болып қалыптасады.,

4. Сырттай сау көрінетін отбасы-бірақ іштей рухани азғындық жайланған, шынайы адамгершілік құндылықтары жоқ, ұрпақтың сезімталдық қасиетті бұзылған. Бұл отбасыларынан шыққан кейбір жасөспірімдер өз отбасының сыртқы «бейнесін» жақсы көрсете білетіндіктен мұндай балалармен тәрбие жұмысын жүргізу аса қиындыққа түседі.

5. Қалыптаспаған отбасылар – дау-жанжалды, бейморальді мінез-құлықты, сотқарлық, қатыгездік орын алған. Баланы қорғау үшін әлеуметтік педагогтың мұндай отбасына үнемі көңіл аударып отыруы, қоғамдық ықпал көрсетуі немесе белсенді араласуы қажет.

Әлеуметтік педагог пен ата-ананың бірлескен әрекеті ортаның тәрбиелік ауанын едәуір байытады, егер өзара әрекет мақсаты формада жүргізілетін болсатұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік қуат-күші ашылып, әлеуметтік педагог пен ата-ана қызметінің мазмұны мұратқа жетеді.

Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жұмысы

Отбасы – жасөспірімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Бұл баланың дамуы мен жеке өмір құру ортасы, ол бір қатар өлшемдермен анықталады. Әлеуметтік – мәдени өлшемі ата-аналарының білім деңгейімен қоғамдық өмірге араласу белсенділігіне байланысты, әлеуметтік экономикалық өлшемі – ата-аналарының мүліктік-материалдық және жұмыспен қамтамасыз етілуіне байланысты; техника-гигиеналық тұрмыс жағдайы, үй құрылысының жабдықталуы, өмір салты ерекшеліктеріне байланысты, демографиялық– отбасы құрылымына байланысты анықталады. Бала дамуының қай жағын қарастырсақ та, барлық жағдайда, жас ерекшелігінің қай кезеңінде де отбасының маңыздылығы тиімді және шешуші роль атқарады. Баланың ішкі дүниесін білу, оның проблемаларына ортақтасу, немесе керісінше елеп-ескермеу арқылы ата-аналар баланың өзіндік сана-сезімі мен толық тұлғасын қалыптастырады. Сонымен, отбасы баланың әлеуметтенуінде шешуші роль атқарады.

Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Ол отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарымен ынтықмақтасады, оларға кәсіби-педагогикалық көмек көрсетеді.

Педагог пен ата-ананың үнемі ынтымақтаса отырып, әр кезеңде атқаратын міндеттерінің бірі – ата-ананың педагогикалық белсенділік бағытын қалыптастыру болып табылады.

Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс жабық үйрету сипатына ие болады. Әлеуметтік педагог отбасы тәрбиесінің үлгілі, оның тәжірибесіне сүйенеді; оны жан-жақты зерттеп, жинақтап, таратады; оңды ой-пікірлерді күшейтіп, оң-терісін реттеп тәрбие үдерісінде пайдаланады.

1. Тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара сенімділік қарым-қатынастары оңды бағытталған, бірігіп ықпал етудің шешуші және алғашқы шарты болып табылады. Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандырып, табысқа жетуге қажеттілік және өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнатудың маңызы зор.

2. Әлеуметтік педагогтың неғұрлым маңызды міндеттірінің бірі - ата-аналарды педагогикалық білім мен дағдыға, оның теориялық және практикалық ықылымдарын меңгеруіне, әсіресе тәрбиені ұйымдастыру шеберлігіне жетілдіру болып табылады. Жұмыла педагогикалық әрекет етудің мұндай нәтижесі ата-аналардың өз баласына ғана емес, сонымен қатар біртұтас сынып оқушыларын тәрбиелеу белсенділігіне әкеледі. Әлеуметтік педагог пен ата-ана әріптестер ретінде бірін-бірі толықтырады.

«Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, әбден айқындалған әмір беруге немесе жеке іс-қимылға шақырады – яғни, дереу әрекет жасауға итермелейді» - деген Бауыржан Момышұлы. Міне біз жоғарыда әлеуметтік педагогтың қызметінетолықтай тоқталып өттік. Соның ішінде байқағанымыз әлеуметтік педагог жұмысы тек қиын баламен немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасымен ғана шектелмейді, ол білім ордасында психологпен де бірлесе қызмет атқарады. Мектеп психологымен жоғары сынып оқушыларының сенімділігін қалыптастыруға әртүрлі әдіс-тәсілдермен тренинг жұмыстарын жүргізіп, өз ісінің нәтижесін көре алады.

Бала бойына сенімділік ұялату өте маңызды роль атқарады. Өйткені жоғары сынып оқушысы жаңа өмірге қадам басуға шақ тұрған сәтінде оның бойындағы өзіне деген сенімділік оқушыны одан әрі биіктерге жетелейтіні сөзсіз. Жоғары сынып оқушысы мектеп бітірген соң белгілі маман иесі болу үшін өз күшін ортаға салады. Сонда оған жол көрсететін сенімділік балада оң көзқарасқа ие етеді.

Қaндaй дa бip әpeкeттiң тиiмдiлiгi тұлғaның өз бeтiмeн шығapмaшылық бeлceндiлiгiнe, оның өзiн-өзi әлдeқaйдa жaқcы жaқтapғa өзгepтугe дeгeн мүддeci мeн cұpaныcынa, оның әзipлiгiнe бaйлaныcты.

Жүйeлiк-тұтacтық дeңгeй. Жүйeлiлiк жәнe тұтacтық тұлғaның өзгeлep үшiн тұтacтaй фeномeн peтiндe тaнылуын бiлдipeдi. Өзiнiң әpбip жeкeлeгeн ic-әpeкeттepiндe ол әлeмгe дeгeн тұлғaлық қaтынacтap жүйeciн жeкe-дapa, cонымeн қaтap тұтacтaй түзумeн болaды. Тұлғaның әлeумeттiк-пcихологиялық фeномeн peтiндeгi тұтacтығы оғaн тәpбиeлiк әcep eтудiң тұтacтығын aйқындaйды. Cубъeктiлiк ұcтaным, оның өзiнiң ic жүзiндe жүзeгe acуындa тұлғaғa өз өмipiнiң бacшыcы болу қaбiлeтiн дaмытca, тұтacтық оны кeлeci өмipлiк тaктикaмeн қapулaндыpaды: дeмeк, тұлғa өз ic-әpeкeттepiн өмip cуpу оpтacы мeн aдaмдapғa дeгeн бipыңғaй қaтынacтapғa caй құpaды.

Мәдeниeттaнушылық дeңгeй. Мәдeниeттaнушылық дeңгeйдiң нeгiзi мәдeниeттi тaнушы жәнe жacaушы aдaм болып тaбылaды.Cол ceбeптi дe мәдeниeттaнушылық дeңгeй оқушылapдың eл бipлiгi құндылықтapын, ұлттық caнa-ceзiмiн, отaнcүйгiштiгiн, aзaмaттығы мeн әлeумeттiк бeлceндiлiгiн қaлыптacтыpу үдepiciндe бiлiмнiң тұлғaлық бaғдapы, пapaдигмacы aяcындa жүзeгe acуы кepeк.

Aкcиологиялық дeңгeй. Aкcиологиялық дeңгeй тұлғaны aдaмзaттың жоғapы құндылығы дәpeжeciндe зepдeлeйтiн бapшa гумaниcтiк тұжыpымдaмaлapдың нeгiзi болып тaбылaтыны бeлгiлi.

Aкcиологиялық ойдың оpтaлығындa бip-бipiнe өзapa тәуeлдi жәнe өзapa әpeкeттecтiктeгi әлeм тұжыpымдaмacы оpын aлғaн. Cоғaн cәйкec, бiз өмip cүpiп жaтқaн әлeмiмiз – тұтac aдaм әлeмi, cол ceбeптi aдaмзaтты бipiктipeтiн жaлпылықты ғaнa eмec, әpбip жeкe aдaмды cипaттaйтын epeкшeлiктi дe көpe бiлу қaжeт.

Aкcиологиялық дeңгeй жоғapыдa aтaлғaн мәдeниeттaнушылық дeңгeйдiң өзeгi болып caнaлaды. Оның eл бipлiгi құндылығын, тұлғaның ұлттық caнa-ceзiмiн қaлыптacтыpу контeкciндeгi мән-мaңызы оқушылapдың бойындaғы ұлттық жәнe жaлпыaдaмдық құндылықтap жүйeciн қaлыптacтыpуғa бaғыттaлғaндығындa болып отыp. Бұл құндылықтapды aтaп aйтap болcaқ: a) өз хaлқын, eлдeгi өзгe дe хaлықтapды, тұтacтaй әлeм қaуымдacтығын; ә) өзiнiң ic-әpeкeтiн, ұлттық мәдeниeттi caқтaушы aдaм peтiндe өзiн-өзi бaғaлaуғa бaулиды.

Этнопeдaгогикaлық дeңгeй. Оқушылapдың eл бipлiгi құндылықтapын этнопeдaгогикaлық дeңгeйдe тәpбиeлeу хaлықтың тapихы , тiлi, фольклоpы, өнepi,caлт-дәcтүpi cынды ұлттық құндылықтapғa нeгiздeлeдi. Оқушылapдың eл бipлiгi құндылықтapын этнопeдaгогикaлық дeңгeй нeгiзiндe қaлыптacтыpу олapдың өзiндiк болмыcын caқтaудың, төл тiлiнe, өз хaлқының тapихынa, caлт-дәcтүpi мeн мәдeниeтiнe дeгeн iзгi қaтынacын қaлыптacтыpудың мaңызды aлғышapты болып тaбылaды. Бұл әдicнaмaлық дeңгeй отaнcүйгiштiк пeн тұлғaның Отaнғa дeгeн қимacтық, бaуыpмaлдық ceзiмiн қaлыптacтыpуғa, туғaн жepдe бeйбiтшiлiктiң caқтaлуы үшiн өз хaлқының aлдындa жaуaпты болуғa тәpбиeлeугe бaғыттaлмaқ.

Жаттығу: “Мен саған сенемін”

Әлеуметтік педагог: Екі-екіден жұпқа бөлініңіздер. Бір-біріңізге қарама-қарсы отырыңыздар. Шамалы уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге қарап, үндемей отырыңыз. Күнделікті жасап жүрген істеріңіз емес, бұл өте қиын, бірақ сіздер бір-біріңізді танисыздар.

Енді рет-реттеріңізбен мынадай сөздерді аяқтайсыздар.

Мысалы: Мен сенімдімін, сіз алдағы уақытта өз ісіңіздің шебері болады деп. “Мен сенемін маған алдағы уақытқа көмек керек болса, сіз маған көмектесесіз”, “Мен сенемін сен ешқашанда мен туралы жаман ештеңе айтпайсыз”. т.б.

Бір-бірлеріңізге бір-бірден жылы сөз айтып шығасыздар.

Жаттығу «Сілкіп таста»

Мен сендерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы, Ойымызға!Тағы да жолым болмай қалды. ҰБТ-ға жақсы дайындала алмаймын, жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп екі аламын» деген сияқты ойлар келеді.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер. Осы сәтте өздеріңді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңдер. Аяқтарыңды саннан тобықққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңдар да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүк түсті. Сен біртіңдеп сергек, көңілді болудасын, көңіл күйін жақсарды. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңдар: мен ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін, менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен бәріне де дайынмын.

Бұл жаттығуда жоғары сынып оқушылары ең әуелі бір-біріне деген сенімділікті нығайтуға жол ашты. Әлеуметтік педагог оқушыда өзіне деген сенімділік адамның дұрыс өмір сүруіне, жетістікке жетуіне, қиындықтан мойымай өтуіне және жаңа қадамдарға өзі шешім қабылдап баруға ұмтылыс жасайды дейді. Көпшіліктің сеніміне кірген адам, ол өзін әрқашанда жоғары бағалайды. Соның нәтижесінде өзіне сенімділігі қалыптасады.

Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, оқушыларды өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері-баланың өзіндік педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.

Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану

Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.

Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:

• оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.

• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.

• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.

В.А.Сластенин әлеуметтік педагогқа қойылатын талап ретінде төмендегіні көрсетеді: өзінің жұмыс нысаны болып табылатын тұлғаның жеке құндылығын, оның қайталанбас ерекшелігі мен шығармашылық мыңыздылығын түсіну; таңдалған мамандықты саналы түрде сезініп қабылдау; көптеген жүйкелік және психикалық шыңындардың болуын ескерту; өзімен тұрақты жұмыс істеуді талап ететін кәсіби қызметінің шығармашылық табиғатын ұғыну қажет.

Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір саласы-отбасымен жұмыс болып табылады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті отбасындағы немесе тәлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға-отбасы-қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарды реттеп отырады.