Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТСТ - история болезни 1 - терапия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57 Кб
Скачать
☆

Тыныс алу жүйесі

Қарап тексергенде: мұрны қалыпты пішінді, тыныс алуы еркін; көмей – сұрау кезінде даусы ашық. Кеуде клеткасы қалыпты пішінді, деформация байқалмайды. Тыныс алу типі – кеуделік. ТАЖ 18 рет/мин, терең емес ритмі дұрыс.

Пальпация. Кеуде клеткасында ауырсыну сезімі жоқ. Дауыс дірілі өзгермеген, қалыпты, кеуде клеткасының симметриялы аймақтарында бірдей сезіледі. Кеуде клеткасы серпімді.

Перкуссия. Салыстырмалы: кеуде клеткасының симметриялы аймақтарында ашық өкпелік дыбыс шығады.

Топографиялық:

Жоғарғы шекарасы: оң сол

Өкпе ұшы (алдынан) 4 см 4 см

Өкпе ұшы (артынан) 7 мойын омыртқасы

Кренинг алаңының ені 5 см 5 см

Төменгі шекарасы:

Төс маңы сызығы 6 қ. –

Бұғана ортаңғы сызығы 7 қ. –

Алдыңғы қолтық асты с. 7 қ. 7 қ.

Ортаңғы қолтық асты с. 8 қ. 8 қ.

Артқы қолтық асты с. 9 қ. 9 қ.

Жауырын орта с. 10 қ. 10 қ.

Омыртқа маңы с. 11 қ. 11 қ.

Өкпенің төменгі шекарасының экскурсиясы:

Ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен дем алғанда 5 см 5 см

Дем шығарғанда 3 см 3 см

Аскультация. Қалыпты везикулярлы тыныс тыңдалады. Қосымша тыныс шулары байқалмайды. Бронхофония қалыпты, өзгермеген.

Жүрек – қан тамыр жүйесі

Шағымдары: Ауру белгілері алғаш анықталған кезде: ұзақтығы 20 мин. созылатын, төс артындағы қысып ауыру сезімі, сол және оң иыққа берілген. Суық тер, ауа жетпеу, қорқыныш сезімдері анықталған.

Қарап тексергенде: Жүрек аймағында деформация, патологиялық пульсациялар байқалмайды. Операциядан кейінгі тыртық көрінеді.

Пальпация. Жүрек түрткісі анықталмайды, жүрек ұшы түрткісі V қ/а солға қарай, ортаңғы бұғана сызығы бойымен орналасқан, әлсіреген, ені 1 см.

Перкуссия. Салыстырмалы тұйықтық шекарасы:

Оң – төстің оң қырынан 1 см жоғары сыртқа қарай, IV қ/а

Сол – бұғана ортаңғы сызығынан 1 см ішке, V қ/а

Жоғарғы – III қ/а

Көлденеңі (салыстырмалы шекарасы):

Оң – 3 см; сол -7 см; жалпы – 10 см

Қан тамыр шоғырының ені – 5 см

Жүрек конфигурациясы – қалыпты.

Абсолютті тұйықтық шекарасы:

Оң – төстің сол қыры; сол – ортаңғы бұғана сызығы; жоғарғы – IV қ/а.

Аскультация. Жүрек тондары ырғақты, тұықталған. І тон әлсіреген, ІІ тон қаттырақ естіледі. Шулар жоқ. Жүрек ырғағы дұрыс. ЖЖЖ 68 рет/мин. АҚ 130/90 мм.с.б. Пульс екі қолда да бірдей, ырғақты, толымдылығы жақсы.