- •1 Қазақстан Республикасының КонституциЯлық дамуының жалпы сипаттамасы
- •1.1 Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық дамуының алғышарттары
- •1.2 Конституциялық заңнаманың қалыптасуы мен дамуының құқықтық негіздері
- •2 Қазақстан республикасының 1993 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •2.1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •2.2 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарған конституциялық-құқықтық актілері
- •2.3 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарылған Президенттің конституциялық-құқықтық актілері
- •3 Қазақстан республикасының 1995 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •3.1 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •3.2 Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары мен Заңдары
- •3.3 Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлудің негізгі бағыттары
3.3 Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлудің негізгі бағыттары
Конституция негізінде мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру Республика азаматтарын жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге қарастыруға және елдегі конституциялық заңдылықты нығайтуға септігін тигізеді.
Биылғы жылы Қазақстан заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Мәлімет бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті 120-дан астам түзетуді қарастырып, 55-н қалдырған [68]. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясына да елеулі билікті қайта бөлу мәселесіне қатысты өзгерістер енгізіліп, сұрақтар қаралды.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті мемлекеттік басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Елдің мүддесі мен заманның талабын , ұрпақтың болашағын ойлай отырып, осындай байлам жасадым», - деген [69].
2016 жылы 11 қаңтарда мемлекет басшысы құрамында Парламент, Үкімет, Жоғары сот, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері мен заңгерлер, ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдерінен құралған жұмыс жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойып, заман талабына сай мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу туралы мәселе қозғаған болатын [70].
Конституция, мемлекеттік құрылысты, адамның құқықтық мәртебесінің, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі және ұйымдастырылуының негізін баянды ете отырып, конференциялар, халықтар, этникалық топтар, азаматтық ұжымдар, азаматтар арасындағы, мемлекет пен адам арасындағы өзара қарым-қатынастарды құқықтық реттеу мәселелерін көздейді.Бұл мәселелердің конституциялық кеңістікте шешімін табу, олардың арасындағы құқықтық тепе-теңдікті өқрудың және одан әрі дамытудың, Конституцияда баянды етілген демократизм, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құру принциптерін бекітудің негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Конституция Күніне арналған отырыста Конституция нормалары, принциптері мен идеяларының іске асырылуына және елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйіне оң баға берді.Конституцияға сәйкес, деп атап өтілді баяндамада, құқықтық мемлекетті құруды, елдегі конституциялық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуді одан әрі жалғастыра беру қажет. Себебі Конституциядағы нормаларға қарап елдегі саясат жүзеге асырылса, мемлекетіміздің оң жолда дамуы және ілгері басуы, 50 мемлекеттің қатарында қадам жасауы қамтамасыз етілген [40, 77].
Қазіргі кезде қолданыстағы Конституцияның аясында мемлекеттілікті нығайту мен құқық жүйесін дамыту үшін қажетті мүмкіндіктер бар. Президент қолданыстағы конституцияның әлеуетін барынша пайдалану, оны экономиканы өсіруге және төрешілдіктен арылтуға, азаматтардың құқықтарын, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қатысты күресті күшейтуге нақты жәрдемдесетіндей етіп пайдалану таяу жылдардағы міндет болып табылатынын атап көрсетті. Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған құжаттар мен жаңадан құрылған мемлекеттік және қоғамдық институттар елдегі конституциялық заңдылықты, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Респубдикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында, Республика Конституциясының бойына қажетті құқықтық әлеует салынған, бұл әлеует оның құқықтық нормаларында ғана емес, оның құқықтық идеялары мен принциптерінде де орын алған деп көрсетілген. Конституцияның құқықтық идеялары Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет институттарын орнықтыруға бағытталған заң шығару, ұйымдастыру және өзге де шаралар арқылы іске асырылуда. Конституциялық заңнама мен қоғамдық келісімді нығайтуға
Қазақстан халықтары Ассамблеясы оң ықпал етті [15, 88]. Бұның өзі біздің мемлекетіміздің конституциялық заңнамаға сәйкес жұмыс жасап келе жатқандығының бір белгісі деп түсінуге болады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің қызметі де конституциялық заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған, оның негізгі міндеті Республиканың бүкіл аумағындағы Конституцияның жоғарғы тұруын қамтамасыз ету болып табылады. 2005 жылы Кеңес Республика Парламенті қабылдаған заңдардың конституциялығы туралы, Конституция нормаларын ресми түсіндіру туралы өтініштерді, соттардың ұсыныстарын және конституциялық кеңестің шешімін түсіндіріп беру туралы өтініштерді қарады. Президент қол қойғанға дейін олардың конституцияға сәйкестігін қарау үшін келіп түскен заңдардың төртеуінен, үшеуі бойынша Конституциялық кеңес қорытынды шешімдер қабылдады, бір заңды өтініш субъектісі кері қайтарып алды.
Қазіргі кезеңдегі өркениетті елдердің мемлекеттік-құқықтық тәжірбиесіндегі конституцияның алатын орны ерекше болып табылады. Елемдегі көптеген елдер демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орнықтыруға бағыт алуда. Сондықтан да осы бағыттағы мемлекеттердің өмір сүруінің басты тірегі Конституция немесе Негізгі Заң болып табылады. Көптеген елдердің тәжірбиесіне сүйенетін болсақ, бір ортақтықты байқаймыз. Бұл конституцияның басқа Заңдарға қарағанда жоғарғы заңдық күші болатыны және соған сәйкес оның тікелей қолданылатындығы. Конституцияға бүндай ерекше пәрмен беру заңдылық болып табылады. Себебі, Конституция қандай да болмасын елдің болашақтағы бағытын айқындайтын құқытық идеялардан, мемлекеттік құрылысты, құқықтық жүйені бекітетін негізгі нормалардан тұрады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30-шы тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған қолданыстағы конституциясына биыл 18 жыл толады. Аталған Конституция еліміздің мемелекеттік-құқықтық тәжірбиесінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Бірақ та, қолданыстағы Конституцияда әртұрлі өзекті мәселелердің барлығы да байқалуда.Сондай мәселенің қатарына біздің ойымызша Қазақстан Республикасы Конституцияның тікелей қолданысы жатады. Конституцияның 4-ші бабынның 2-ші тармағында былай делінген:
«Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады» [68, 43].
Еліміздің Конституциясының тікелей қолданылуының маңызы және тарихи тәжірбиесі туралы Қазақстандық белгілі конституционист ғалым К. Айтхожин былай дейді: Мемлекеттің ата заңының тікелей жүзеге асыру күшінің болуы бұл – құқықтық мемлекеттің белгісіне тән, әрі оның мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен байланысты болуы қазақстан Республикасының Конституциясы мен оның нормалары мен қағидаларына байланыса жүзеге асырылады. 1937, 1978 жж. Қазақ ССР Конституциясы саяси партия мен үкімет қаулыларының ықпалынсыз қимылдай алмайтын, ол Конституцияның тікелей әрекет ету күші болған жоқ. Тәжірибе жүзінде пария-үкімет директивалары мен әртүрлі ведомостволардың нұсқауы арқылы жүзеге асырылатын еді, тіпті заңның да күші жетпейтін [71].
Конституцияның тікелей әрекет ету қағидасы біздің конституиялық тәжірбиемізде алғаш рет 1993 жылғы негізгі заңымыздың конституциялық құрылыс негіздері бөлімінің жетінше тармағында бекітілді. Онда «Қазақстан Республикасының Конституциясы жоғарғы заңды күшке ие, оның нормалары тікелей әрекет етеді. Конституцияға қайшы заңдар және өзге де актілердің заңды күші болмайды» делінген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының тікелей қолданылуы оның нақты өмірде қолданылатын нормативтік - құқықтық акті екендігін көрсетеді. Сонымен қатар Конституцияның тікелей қолданылуы тек мемлекеттік органдарға ғана міндетті емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар мен әрбір азаматқа да қатысты болып саналады. Осы жерде заңды мәселе туып отыр. Ол Конституция заңдарын қолданатын Субъектілер кімдер деген? Конституция нормаларын қолданатын субъектілерге жоғарда аталған мемлекеттік органдар, әртұрлі қоғамдық ұйымдар мен азаматтар жатады. Сонымен бірге аталған субъектілер конституция нормаларын тікелей жүзеге асырушылар болып табылады [44, 18].
Қазақстан аумағының орталығында елдің, жердің тұтастығын сақтау мақсатында жаңа Астана салынды. Осындай жетістіктер мен табыстар Қазақстанды әлемге танытты. Республикамыздың жедел өркендеу қарқынына дамыған елдердің мемлекет қайраткерлері де оң бағасын беруде.
Еліміздің аз уақытта өркендеп, өркениетті елдермен терезесі тең болуына сүбелі үлес қосқан Конституциямыздың бірқалыпты және дұрыс жұмыс атқаруы деп түсінеміз.
Н.Ә. Назарбаев еліміздің егемендігін тұңғыш жариялап қана қоймай, ерлік пен даналықты әлемдік саясатпен ұштастыра біліп келеді. Сондай-ақ елдің ел болып өркен жаюына, өркениетті мемлекет дәрежесінде танылуына білім мен билігін, ойы мен парасатын, күш-қуаты мен жігерін жүмсап отырған қайраткер. Ол мемлекет басшысы ретінде елдің ішкі және сыртқы саясчатының бағдарын кемеңгерлікпен айқындап, ел ішінде жаңа халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік жүргізу құқығын Қазақстан Республикасының Конституциясына сай жүзеге асырып келеді. Н.Ә. Назарбаевтың ең басты алдына қойған мақсаты да адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының Конституцияға сәйкес іске асуы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ел бірлігін сақтау болып табылады. Мемлекеттің экономикасын және саяси жүйесін дамыту, халықтар достығын нығайту, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу екендігі баршаға мәлім. Мемлекетіміздің атынан өкілдік етіп келе жатқан ең жоғары лауазымды түлға Н.Назарбаев еліміздің абырой атағын асқақтатып, Отанымыздың беделін биікке көтеріп келе жатыр. Елбасының беделі елдің берекесі, барды бағалай білу әрбір азаматының қасиетті борышы [38, 50].
Конституциялық реформалар бойынша жауапкершіліктщ нар салмағы парламентке жүктелетінін жете түсінуіміз керек [40, 55]. Ел басқаруда президенттік жүйеден парламенттік жүйеге көшу үкімет қалыптастыруымен қатар қабылданған заң сапасының артуына да кепілдік болады. Сондай-ақ оны орындауда да үкіметке артылған үміт халықты алдамауға тиісті. Өйткені біз енді заң орындаушы мен заңды шығарушы арасындағы үйлесім орнығып, оның нақты конституциялық үлгіде орындалуын талап етеміз. Қоғам талаптарын орындау әділеттілікке бастайды. Соның тізгіні бүдан былай парламентке беріліп отыр. Енді оған қандай міндет жүктелетінін түла бойымен түсінген әрбір депутат өзінің халық қалаулысы ғана емес, сонымен бірге мемлекет қайраткері екенін терең сезінуі тиіс. Еліміздегі Конституциялық реформалар озық елулікке ұмтылған казақ жеріндегі барша қауымның беделін өсіреді. Дау-дамайдың емес, пәрменді пайымдау мен байламды байыптаулардың бесігіне айналатын парламент үддеден көрініп жатса оның өкілеттігі өспесе, кемімесі анық. Кешегі қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңда осы айтқан идеялар заңдылық тұрғыда өз көрінісін тапты.
Заңға енгізген өзгерістерді алып қарайтын болсақ саяси партиялардың рөліне ерекше мән беріліп, қоғамдық ұйымдар мен саяси партияларға үкімет есебінен қаржы көздері қарастырылатын болды. Жеңіске жеткен саяси партиялар үкіметті жасақтауға үлес қоспақ. Заң бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттігі кеңейіп, барлық саладағы Әкімдер жергілікті мәслихат аркылы сайланады, әрі жұмыстан да солардың құзыретімен босатылады. Сонымен бірге өлім жазасы туралы мәселелер де занда көрініс тапты. Өлім жазасы бұрынғыдай барлық қылмыстардың тұрінде емес, тек екі тұрлі қылмыс жағдайында орындалады. Біріншісі, соғыс жағдайында өте ауыр қылмыс жасағандарға, екіншісі, террорлық әрекетке барып, соның нәтижесінде адам өліміне себепкер болғандарға. Осындай істерді жүзеге асыруда мемлекет басшысы БАҚ өкілдеріне үлкен сенім артып отыр. Олай дейтініміз, халыққа дұрыс ақпарат жеткізуде баспасөздің рөлі зор. Сондықтан БАҚ - на ерекше мән беріліп, құқығы заңмен реттеледі. Осы айтылғандардың барлығы айналып келгенде еліміздегі демократиялық процестердің халықаралық деңгейге сай жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді.
Әлемнің әр түкпіріндегі мемлекеттер соңғы екі жүз жылдың ішінде кем дегенде 19 жылда бір Конституцияларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырады, кейбір мемлекеттер тіпті жылда өзгертеді. Конституцияға өзгеріс енгізу де оңай емес, оны өзгертудің негізі, тиісті тексті заңнамаға енгізу, талдау жасау орасан зор еңбекті қажет етеді [72].
Бүгінгі таңда еліміздің экономикасы жылма-жыл өркендеуде, серпінді технологиялар жасалып жүзеге асырылуда, халыққа әлектрондық қызмет көрсету, интернет жүйесін тиімді пайдалану, электрондық сауттылықты арттыру, қаржы рыногын жетілдіру міндеттері алға қойылды. Алдағы уақытты Конституцияның дұрыс жүргізілуі арқасында алға қойған мақсаттардың орындалуына үлкен үміт артамыз [42, 56].
Негізінен ұсынылатын идеялар мен жобалар Республика Конституциясының жасампаздық әлеуетіне негізделеді, ал кейбір мәселелер бойынша одан әрі жаңғырту талап етіледі, осыған орай елдің конституциялық-құқықтық алаңында елеулі өзгерістерді күтуге болады.
Қазақстан Республикасының Президенті еліміздегі билік өкілеттіктерін ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, Президенттен Парламентке және Үкіметке қайта бөлуді білдіретін конституциялық реформаның негізгі шегін айқындап берді.
Мемлекет басшысы жария еткен «Мәңгілік ел» атты ұлттық идеясы, біздің ойымызша тікелей Конституция негізінен туындап отыр және тиісінше ол конституциялық мәртебе ала алады. Ол Жаңа Қазақстандық Патриотизм негізі бола отырып, барлық қазақстандықтарды біріктіруге және оларды «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру үшін жұмылдыруға бағытталған.
2017 жылы қаңтардың 25 жұлдызында Президент билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесіне байланысты Қазақстан халқына үндеуінде болашақта еліміздің конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып, мемлекеттің басқару жүйесін жаңғырту екі бағытта жүзеге асырылады деп тұжырымдайды:
Әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеудегі президенттің біршама өкілеттіліктері үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беріледі. сонда бұл салаға үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асады [73].
Бағдарламаны бекіту, Үкіметтегіт кадрлық өзгерістер, жаңа басқару органдарын құру Үкімет пен Парламент құзырына берілетін болады. Жалпы ұсыныстар әлеуметтік-экономикалық, яғни экономиканы, қаржыны, мемлекеттік мүлікті басқару мәселелеріне, әкімшілік-аумақтық құрылымның жекелеген мәселелерін шешуге байланысты болады.
Екінші бағыт билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты
конституциялық деңгейде теңгерімді ету, осы реформаның аясында үкіметті жасақтаудағы парламенттің рөлін күшейту.
Президент атап көрсеткендей, Парламент сайлауында жеңіске жеткен партия немесе фракция үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Демек бұл үдеріс министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтеді.
Билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді бөлу, Парлмент пен оның палаталарының өкілеттіліктерін кеңейтуді, Үкімет дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуді көздейді. Сонымен қатар, Жоғарғы соттың мәртебесі мен фукцияларын нақтылау, судьяларға қойылатын талаптарды анықтау, Прокуратура органдарының мәртебесі мен өкілеттілігін айқындауға байланысты өзгерістер енгізу ұсынылып отыр [74].
Белгілі ғалым Р. Абазов Қазақстандағы жүргізілетін реформа туралы мынадай пікірде: Теориялық тұрғыдан мемлекеттік басқарудың, дамудың, реформаның түрлі моделі бар. Бисмарк өз кезегінде «саясат мүмкіндіктердің өнері және теория дұрыс стратегия таңдауға көмектеседі», деп көрсеткен еді. Мемлекеттік басқару модельдерінің теориясында «баяу қадамды реформа» және радикалды реформалар деген бар. Қазақстан не «баяу қадамды реформа» және радикалды реформаларға бет бұрмай, екі бағытты да бірімен сабақтастырып, екеуін де қатар алып келеді. Қазақстан өзіндік тәжірибеге сүйенген басқару моделін таңдаған мемлекет деген пікір білдіреді [75].
Президенттің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау жүргізілді, ол 2017 жылғы 26 қаңтар – 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізілді.
Мемлекеттегі құқықтың үстемдігін, мемлекеттік органдардың транспареттілігі мен есеп берушілігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру, азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайта отырып, Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары мен сот жүйелерін реформалау саласындағы көптеген бастамалар конституцияның нығаюы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы И. Рогов өз пікірін былай деп білдіреді: «Мен өзім үшін өзекті нені белгілеп алдым – бұл президенттік басқару формасының сақталуы және өзгермейтіндігі. Бұл президенттің абсолютті дұрыс ойы, өйткені біздің Конституцияда басқару формасы, аумақтың тұтастығы өзгертіле алмайды, – деген.
«Бірақ президенттік басқару формасы аясында билік өкілеттікті қайта бөлуге болады. Көбірек, президентте – бұл өкілеттіктер азайтылып, ішінара үкіметке, ішінара парламентке беру мүмкін болар. Бұл бағытта, меніңше, бізді, заңгерлерді жұмыс күтіп тұр», – деп толықтырды И. Рогов [76].
А. Куспановтың пікірін назарға алсақ, мемлекет басшысы тарапынан күн тәртібіне қойылып, жалпыхалықтық талқылауға түскен жаңа реформаның үлкен стратегиялық маңызы бар. Оның еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін аса маңызды екені белгілі болды. Сондықтан елбасы үндеуіндегі негізгі қағидалары, маұсаттары мен міндеттері нақтыланған, Конституцияға енгізілуі ықтимал өзгерістер мен толықтырулар қамтылған. Бұндағы негізгі мақсат мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады [77].
Қазақстандық-неміс университеті жанындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастық институтының директоры Болат Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевтың билікті қайта бөлу мәселесін қарастыру туралы тапсырмасына пікір білдірді.
Саясаттанушың сөзіне қарағанда, президенттің жалпы ойы мен бағыты парламент өкілеттігін кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін көрсетуі мүмкін. Саясаттанушы: «Іс жүзінде тәуелсіздік алғаннан кейін, әу бастан республиканың президенттік, парламенттік — қандай болуы тиістігі туралы пікірталастар болды.
Конституция төңірегінде қандай пікірталастардың болғаны есіңізде болар. Сол жерде биліктің заң шығару, атқару немесе соттық — үш тармағы тәуелсіз болып, бірін бірі теңетіп, бақылайтын болуы тиіс деген әңгіме жүрген. 25 жыл пікірталастар мен даулар», — деген пікір білдірді. Институт жетекшісінің пікірінше, Қазақстанға қоғам дамуының транзиттік кезеңінде күшті атқару билігі қажет. «Бұл ретте күшті президенттік билік күшті парламентпен теңелуі тиіс. Парламент тек заң шығару функцияларына ғана емес, сонымен қатар ол үкімет қызметін бақылау қызметіне ие болуы тиіс. Сондықтан президенттің қазір айтып отырғаны, осы трендте келеді», — деп санайды саясаттанушы.
Қазақстан Конституцияға өзгерістер енгізуі мүмкін Бұл ретте, Сұлтановтың пікіріне қарағанда, процесстің неғұрлым бірқалыпты болғаны жөн. «Біз қазір басымыздан кешіріп отырған транзиттік кезеңде, бұл тармақты әртүрлі серпілістерсіз, түбегейлі өзгерістерсіз дамыту қажет. Менің пікірімше, биліктің қазіргі режимінде ешқандай түбегейлі өзгерісте болмайды. Қандайда бір жылжулар болуы мүмкін. Қазір президенттік биліктен президенттік-парламенттік республикаға эволюциялық өту қажет», — деп көрсетті [78].
Қазіргі қолданылып келе жатқан Конституцияны қабылдағанда оның қайнар көзі ретінде әдет-ғұрыптың негізге алғандығын, бірнеше жүздеген жылдардың тәжірбиесі ескерілгендігін, Конституцияны құрастырушы топ өкілдерінің, заңгерлердің жоғарыда аталып өткен актілерімен санасқандығын, әлемдік, халықаралық тәжірбие негізінде Франция, АҚШ сияқты бірқатар дамыған елдердің тәжірбиесін басшылыққа алғандығын атап өткен жөн. Констиитуция өміршең әрі тұрақты болуы шарт, бұл дегеніміз - Конституцияға мүлдем өзгертулер мен толықтырулар енгізуге болмайды дегенді білдірмесе керек. Өйткені мәңгілік ештеңе жоқ, ол табиғи заңдылық, сондықтан да Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу оның қүлдылығын төмендету деген сөз емес. Ендеше сол енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға кезек берсек, талқыласақ. 22 мамыр 2007 жылдан бері қарай Конституциямызға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қарап көрсек. Конституцияның 2-бабының 3-ші тармағына «Республиканың әкімшілік-территориялдық құрылысы, оның астанасы заңмен белгіленеді» дегенге соңғы сөйлемнен кейін «Қазақстанның астанасы Астана қаласы болып табылады» деп жалғанды. Яғни бұл заңға күрделі өзгерістер енгізілмеді, тек астанамыздың атын заңға толықтырып жазып қойды. Ал 9-баптың қазақ тіліндегі нұсқасына өзгеріс енгізіліп, орысшасы сол күйінде қалған, мұның сыры неде екенін біз білмейміз. 9-баптың екінші тармағына «Ұстау және қамау тек қаралған заңмен, сот және прокурордың санкциясымен жүзеге асырылады» дегенде, тек «прокурор» сөзі алынып тасталды, яғни енді ұстау мен қамау тек соттың санкциясымен жүзеге асырылады деген сөз [57, 16].
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар - өмір талабы. Бұл қағидаттың талай газет-журнал беттерінде де, ғылыми жұмыстар мен ғалымдардың заң туралы әдебиеттерінде де өзіндік орын тауып келе жатқандығын байқауымызға болады. Барлығы да бұл қағидаттың дұрыс мағына беретіндігін әрқилы түсіндіріп келеді. Елбасымыз Н.Назарбаев осы жөнінде былай деп пікір алысады: «Все эти и многие другие изменения позволят нам добиться желаемого. Ведь мы молодая страна, только ставшая на новый Әтап своего развития. Даже прошествии стольких лет, глядая на Конституцию, лежащую у меня на рабочем столе, я вспоминаю события того времени. Как увлеченно мы работали над её проекты» [44, 47]. Шынында да, біз мемлекеттігімізді алуда бірталай қиындық асуларынан өттік, заманның өзгеріс ағымына бірде қосылып, бірде қалып кетіп жаттық. Кішкентай жасымызға қарамай, екі, үш ғасыр жасап кеткен ірі державалармен тереземіз тең болып, тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Мұның барлығы да қолданыстағы Конституцияның дұрыс қолданылып, ел Президентінің сындарлы еңбектері мен мелекеттік органдарының тынымсыз бейнетінің жемісі деп білеміз.
«Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар - өмір талабы» бөлімін з.ғ.д., профессор А.Ағыбаевтың сөзімен аяктауды жөн деп санаймын: «Жалпы алғанда, елімізде жүзеге асырылатын саяси реформалар, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мемлекетіміздің халықаралық беделін жоғары сатыға көтеретініне күмән жоқ» [55, 5].
Ата заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тек қана Қазақстан жұртшылығын ғана емес, сонымен қатар әлемді елең еткізген саяси жаңалық ретінде қабылданды. Бұл елбасы Н.Ә. Назарбаевтың және Қазақстан мемлекетінің бүкіләлемдік саяси сахнада беделінің өсуіне, елімізге деген сенімділіктің арта түсуіне жол ашуда. Сондай-ақ, Президентіміз жыл сайынғы Жолдауларында да саяси-құқықтық құбылыстарға әділ баға беріп, асқаралы міндеттерді белгілеп отырады [45, 13].
Тәуелсіздік алып, Қазақстан Республикасын дамушы мемлекет ретінде бүкіл әлемге паш етіп, Негізгі Заңымыздың мемлекет қабырғасында іргетасын қалауымыздың өзі мақтаныш сезіммен айтар тарих беттеріне айналды. Алдыңғы бөлімдерде тоқталып кеткен сындарлы тарих белесі мен Заңымызды елімізде тұрақтандыру үшін жасалған әрекеттер Тазша баланың «қырық өтірігінен» алынған мысал емес, ол шын оқиғаның бір көрінісі ғана болатын. Ата-бабамыздың садақ-қару асынып, жауға шауып, қанмен алынған киелі жерді мекендеген қазіргі ұрпақтары қарап қалмай, өз болашағы мен алдағы ғасырдағы еркіндігі үшін талай еңбек атқарғанына куә болдық. Егемен ел болып, кеңес дәуірінен бір жола сырылып шығып, ел қатарлы бой түзеп келеміз [58, 19].
Мемлекетті түзу жолмен, ақыл-оймен, парасаттылығы мен сауаттылығының арқасында алға бастап жүрген Елбасымыз бар. Көгілдір аспанда еркіндіктің дмін татып, қалықтап ұшқан қияғы бүркіттің бейнесі мен қазақтың символы болған ою-өрнектері бейнеленген Туымыз бар. Қазақстанның киелі шаңырағына әртүрлі ұлт өкілдерін сыйғызып, жан-жағымыздан ат пырағы қоршап, жаудан қорғап, желеп-жебеп тұрған найзаның суреті салынған Елтаңбамыз да бар. Еркін елдің көгінде шырқалып, «біз қазақстандықпыз» деп патриоттық сезімді оятар әсем әніміз - Әнұранымыз бар. Бұның барлығы ел тыныштығын сақтап, мемлекетімізде дұрыс саясат жүргізуге бағдар беріп отырған - Конституциямыздың жемісі деп білеміз [45, 13].
Алдыңғы бөлімдерде Конституциямыздың қайдан бастау алып, қалай дамып, мемлекет үшін қандай пайдасы тигені туралы тоқталып кеттік. Тарих беттерін парақтап көкірек жарар бұл сұрақтардың да жауабын тауып, тақырыбымның мәселелерін ашып алдық. Оңайлықпен келмеген Негізгі Заңымыздың қыры мен сырын білдік. Алдағы уақыттағы негізгі жоспарлары мен әлі де толықтырыла түсуі керек тұстарының жігін ажыраттық. Конституцияны жасау жолында қызу еңбек атқарған тұлғалар мен органдарды да өзімізше танып алғандай болдық. Бұның барлығы қағаз бетінде қалып қоятын мәселелер, ал оны келесі ұрпақ санасына жеткізу үшін мықты саясат пен ұшқыр ой, сөз байлығы мен жоғары білімнің керектігін айта кеткеніміз жөн болар. Конституциямыздағы заңдардың жақсы жұмыс атқарып, одан әрі дамуына енді біз - болашақ заңгерлер, еліміздің жас ұрпақтары кепілдік беруіміз керек. Себебі, алдыңғы ұрпақ өмірлік бізбен қатар өмір сүрмейді, ендеше ат тізгінін біздің қолымызға мықтап ұстар кез келді [46, 14].
Қазақстанның мемлекеттік органдарының барлық буыны жаңа өкілеттіктермен айқындалып, жаңа принциптер мен идеялар жағына қарай түбірімен қайта құрылды [47, 52]. Бұл процесс революциялық қайта құрулар сипатында болды, өйткені өзгерістер жалаң өзгерістер түрінде емес, іс жүзінде сапалы және мазмұнды болды. Нәтижесінде Қазақстанда жаңа мемлекет құрылды. Негізінен ішкі де, сыртқы да қатынастарда жұмыс істеуге қабілетті мемлекет құрудың аса күрделі мәселесі шешілді. Алайда жаңа мемлекеттің құрылуы осымен аяқталмайды. Конституцияда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтыратыны жазылған. Мұның ондаған жылдарға созылатын ұзақ процесс екендігін мойындау керек. Мемлекеттің осындай дамуында Конституцияның, Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасының алатын орны зор [44, 9].
Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін 1993 жылғы Конституциясы және 1995 жылғы Конституциясы қабылданды. Бірінші Конституция социалистік идея, түсінік, атап айтқанда өкілді органдардың орасан зор рөлі туралы түсінік әлі күшті, және ол мемлекет тетігінің түбірімен қайта құруды, қоғамдық қатынастарды және т.б. тежеген, тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде қабылданды. Сондықтан жаңа Констиуция қабылданды, соған орай мемлекеттік билікті түрлі тармақтарға бөлу идеясы жүзеге аса бастады [57, 21].
Демократияландыру Конституцияға, заңнамаға, тұрақты өзгерістер енгізуді білдірмейді, ол мемлекет пен қоғамды тұрақсыздандыруға, олардың рөлін түсіріп, беделін төмендетуге, айналып келгенде жалпыға бірдей құқықтық нигилизмге әкеліп соқтырады. Әзірге проблеманың айтылмай жүрген тағы бір қыры бар. Ол Конституция мен қолданылып жүрген заңдардың әлеуетін барынша арттыру.
Конституциялық құқықтық нормаларының басты айырықшылық сипаты -олардың жоғары заңи күшінің болуы. Құқықтың ұлттық жүйесінің барлық саласын құрудың бастауы болуы олардың екінші бір айырықшылық сипаты болып табылады. Бұл ретте Конституцияның алатын орны ерекше. Сондықтан тәуелсіз Қазақстанның егемендік пен тәуелсіздік туралы тұңғыш заңнамалық актілерінің конституциялық құрылыс негіздерін айқындайтын конституциялық актілер сипатында болуы заңды да [49, 22].
Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардығы Конституцияларын әзірлеп, қабылдауды және мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың конституциялық негіздерін құру қажеттілігі талап етті. Констиутцияның ережелері, идеялары, принциптері мен нормалары қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларын реттуге бағытталған. Аталған еңбекте Конституцияның қабылдануы мемлекеттік органдарды заң шығару, жалпы алғанда құқық шығармашылық қызметке ынталандырып қана қоймайтыны, оған қызмет ететіні көрсетілген.
Айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады. Конституцияның жай-күйі, оның жетілдірілуі немесе жетілдірілмеуі бүкіл ұлттық құқық жүйесіне әсер етеді. Барлық саяси күштердің, азаматтардың Конституцияға ерекше қарауын осымен түсіндіреміз. Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты сеніммен айтуға болады, ол конституциялық құрылысты дамытуға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын орнықтыруға зор үлес қосты. Сөз жоқ, Конституция өзгермелі өмір талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сонымен бірге Конституцияға жат нормативтікң құқықтық акт ретінде қарауға болмайды. Конституцияға конституциялық емес сипаттағы өзгерістерді енгізуге болмайды. Тұрақты өзгеріс енгізуге ұмтылу, біріншіден, Конституцияның қоғам мен мемлекет өміріндегі алатын орны мен маңызын ұға білмеумен түсіндіріледі, екіншіден, оның теріс салдары орасан, яғни саяси және құқықтық соғыстарға әкелуі мүмкін, үшіншіден, құқықтық нигилизмді қалыптастыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қалыптасты, дамып келеді және өзінің негізгі көріністері бойынша демократиялық, прогрессивті болып табылады, ол Қазақстанның дамуының тұрақты құқықтық негізіне айналды [29, 56].
Ата Заңымыз - жарқын болашақ кепілі. Мемлекетіміздің аяққа нық тұрып, дұрыс саясат жүргізіп, көрші елдермен татулықта тұрып, халықаралық мәселелерді демократиялық жолмен шешуіміз Конституцияның арқасында деп білеміз. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы бойынша дамуымыз үшін де Конституциямыздың берері көп. Олай дейтініміз, Конституцияға енгізілген негізгі заңдарымызды мемлекетіміздің даму жолында дұрыс қолданып, күнделікті өмірімізге өмір заңындай енгізіп алуымыз болашақ Қазақстанның Елбасы стратегиясымен дамуына өз ықпалын тигізеді [14, 25].
Бұл үшін мемлекеттік органдар өздерінің қызметтерін жете меңгеріп, ел үшін барын салып жатса қанекей! Ата Заңымыздың да керегі сонда: мемлекеттік билікті бөліп, олардың атқаратын міндеттері мен қызметтерін белгілейді; адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сонымен қатар парызы мен борыштарын заңға тірек қылады; сайлау мен сайлану құқығын жете түсіндіреді және жалпы мемлекеттік мәселелерді қамтиды. Бұның барлығы да том-томымен жазылар мәселе болып елестесе де, ой мен өрісін жинақтап шағын кітапшаның ішіне сыйдырғанына таңдана қараймыз [46, 23].
Қолданыстағы Конституциямыздың негізгі жетістігі - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын негізгі мәселе етіп белгілеп алуында. Себебі, адам мен азаматты қадірлемейінше, ел болып қанат жаймайды.
Бірақ шетелдік ғалымдар зерттеулерінде 195 мемлекеттегі конституцияның негізінде мынадай екі маңызды сұраққа жауап іздейді: біріншіден, азаматтардың экономикалық құқықтары мен әлеуметтік құқықтары жөніндегі ереже қайыршылықтан, кедейліктенқұтаруға әсер ете ме, екіншіден, конституциялық тілдәі экономикалық, әлеуметтік маңызы бар ма? Деген сұраққа жауап іздейді..
Зерттеушілер Конституция ережелері не директивалық қағидаларға негізделіп, әлсіз болады, не не құқыққолдану негізіндегі қатал түрде болады деп тұжырымдап, мынадай қорытындыға келеді:
Біріншіден, конституциялық құқықтардың кедейшілікпен , қайыршылықпен күресумен еш байланысы жоқ; екіншіден, конституцияда берілген экономикалық, әлеуметтік құқықтар мен кедейшіліктің арасында қалыптасқан байланыс жоқ; үшіншіден, олардың арасында қарама-қайшылық бар. Оның саяси жағынан алып қарайтын болсақ, мемлекеттердегі саясаткерлердің осы мәселені шешіп жатқан сияқты болып көрініп, қаржы бөліп, бақылап, қайыршылықтан құтқару саясаттың бір бөлігі ретінде ғана көрінеді [79].
Саясаттанушылар мен ғалымдар тұжырымдағандай, Назарбаев президент, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу үшін Конституцияға өзгерістер енгізілуі мүмкін екендігін жоққа шығармады. Елбасы, Қазақстан Ата Заңымызда көрсетілгендей, президенттік басқару формасы бар мемлекет болып қала беретінін атап өтті. Бұл ретте, Назарбаевтың сөзіне қарағанда, президент, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарастыратын кез келген.
Қазақстан Президентінің институионалдық реформаларын іске асыру Республикада Конституция үстемдігін одан әрі күшейтуге ықпал ететін болады.
Конституцияның қағидаттары мен нормаларын ұстана отырып, қоғамды, оның мүшелерін және ең бастысы адамның өзін өзі құрметтеуін жүзеге асырады.
Азаматтардың конституцияны сақтауы және құрметтеуі Қазақстанның өркендеп, дамуына және елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделінің аса түсуіне әсер етіп, мемлекет пен барша қоғамды нығайтып, дамытады.
Әлбетте, шынайы қадірлеуге лайық Қазақстан Конституциясының оң әсерін әрбір қазақстандық сезінуі үшін бұдан әрі де осы бағыт бойынша мақсатты әрі табанды түрде жұмыс жасалатын болады. Жалпы ұсынылып отырған реформаның мәні билік тармақтарын қайта бөле отырып, саяси жүйені демократияландыруға, Қазақстанның даму бағытын айқындауға, билікті тиімді жүргізуге, жауапкершілікті күшейтуді көздеп отыр.
Қазақстанда Президенттік билік қала береді. Оның күші жойылмайды. Бірақ мемлекет басшысының кейбір құзыреттері Үкімет пен Парламентке берілуі мүмкін. Мұны Елбасының өзі ұсынып отыр.
Ең алдымен Үкімет жеңіске жеткен партиядан немесе фракциядан жасақталуы мүмкін. Осылайша, парламенттің Үкіметке қатысты рөлі қайта қаралмақ. Дегенмен Парламенттің де пәрмені артады. Заң шығарушы орган Президент құзырындағы кейбір өкілеттілікті иеленбек.
«Президенттің өзіне алған бірнеше өкілеттігін Үкіметке қарай жылжыту мәселесін қарауымыз керек. Басты кезде, қиын кезде оның бәрі керек болған шығар. Ол кезде нақты күшті президенттік жүйе болды. Қазір ептеп қарап, сол өкілеттіктерді Үкіметке, Парламентке, Президентке бөлу мәселесін қарауымыз керек. Бұл уақыты жеткен мәселе. Оның үстіне Президенттік билік қала береді» - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев [80].
Конституция, конституциялық заңнамамыздың әлеуетінің дұрыс қолданылып, мемлекеттік дамуымызды жоғары сатыға көтеретініне сеніммен қараймыз. Және де өзгерген жаңа мемлекетіміздің түзу жолымен Конституиямызға да жаңа да маңызды өзгерістер енгізілуіне күмәніміз жоқ. Ең бастысы алдыңғы ұрпақ қалдырған рухани байлықты келесі ұрпаққа сол тұрпатымен қалдыру болып табылады. Дамушы мемлекеттер қатарына косылған Қазақстан Республикасының, ондағы қызмет жасайтын мемлекеттік органдар, басты байлық саналатын халықтардың құқықтары мен бостандықтары, саяси, әлеуметтік, құқықтық және мәдени жағдайларымыздың, ең бастысы осының барлығына тірекші болар Конституциямыздың бой түзеп, одан әрі дамуына жауапты міндетті Қазақстан жастары өз мойнымызға жүктеуге тиіспіз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Елiмiзде заңгер-мамандардың санының жыл сайын артып келе жатқанына қарамастан, халықтың басым көпшiлiгiнiң құқықтық сауаттылық деңгейi әлi де болса төмен. Өз басым конституциялық баптардың мазмұнын терең ұғына отырып, ол туралы салмақты пiкiр айтпақ түгiлi, Конституцияны өмiрiнде бiр р ескертулер келiп түскен. Ал жалпы жаңа Конституция мәтiнiнiң жиырмаға жуық варианты әзiрленген. Осы варианттардың кейбiреуiнде мемлекет атауын Қазақ Республикасы деп атау ұсынылған болатын. Қарапайым азаматтардың барлық ұсыныстары қабылданды деуге болмаса да, осындай ұсыныстардың, сын-ескертулердiң Конституцияның түпкiлiктi нұсқасын жасауда қаперге алынғаны сөзсiз. Ең бастысы – Қазақстан халқы осындай саяси маңызы бар құжатты талқылауға алғаш рет ерiктi түрде, шынайы атсалысты.
Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болған сәттен құқықтық мемлекет идеалдарына берілгендігін жария етіп, сол принциптерді жүзеге асыруға кірісіп те кетті. Алайда Қазақстан Республикасының Ата заңы осы принциптердің көрінісі ретінде құқықтык емес қоғамда үлкен шиеленістер жағдайында, әралуан әлеуметтік күштердің қатал қарсы әрекеттеріне толы күрделі жағдайда дүниеге келді.
Бірақ, қалай болғанда да, Қазақстан халқы өзінің демократиялық қоғам қалыптастыру мақсатынан таймады. Нәтижеде Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы елімізде орын алған саяси-құқықтық жағдайларды ескере отырып, қазақстандық құқықтық мемлекеттің өз конституциялық моделінінің негізін қалады.
Дегенмен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы 1995 ж. Конституциясы - Бұл тек идеалды құқықтық модель, шындыкка сай келмейтін декларациялық құжат емес, заңды түрде шешімін тапқан нақтылы механизмдер мен институттар ретінде танылды. Конституцияның іс жүзіндегі және заң өрісіндегі мұндай үйлесімдігі конституциализмді қалыптастырудың маңызды шарты.
Қоғамда Конституцияның негізінде нақтылы өзгерістер жүзеге асырылуда. Республикада алға қойылған мақсаттарды орындау жолында істелген істер аз емес. Көптеген талас-тартыстарға, жалпы әлемдік аумақтағы аса зор өзгерістерге қарамастан, біздің халық бейбітшілікті, ынтымақтастықты, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін сақтап қалды. Әлемдік қоғамдастық алдында Қазақстан көпшілік мойындап отырған ізгілік қазыналарды құрметтейтін ел ретінде танылып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан мемлекеттік-құқықтық дамудың тарихи маңызы аса зор жаңа кезеңінің табалдырығында түр. Болашаққа қырағы көз тастаған жас егеменді мемлекетімізді алда бұдан да ғаламат істер күтуде.
Алайда, айтарлықтай жетістерімізбен бірге әлі де шешімін таппаған проблемалар да аз емес.
Бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін маңызды міндеттердің қатарында барлық конституциялық институттарды аяғына дейін жеткізу міндеті түр. Осы заманғы қазақстандық мемлекеттіліктің конституциялық моделі әлі түгел қалыптасып болған жоқ. Бұл жерде адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын, конституциализмді, конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудің маңызды шарты болып танылатын соттық-құқықтық реформаларды одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтуіміз керек. Тек сот билігі ғана жаңа ғана қалыптасып келе жатқан қазақстандық мемлекеттіліктің құқыктық нышанын нығайту қызметін атқарады.
Заң шығару және атқару биліктері қызметін жетілдірудің құқықтық негіздерін жасауға да ерекше маңыз беріледі. Қазақстанда қазіргі жағдайда қалыптасып келе жатқан конституциализмнің тағдыры көп ретте үш өкімет билігінің өміршеңдік тепе-теңдігіне тікелей байланысты.
Реформалауды әрі қарай жалғастырғанда оны іс жүзінде асырудың басты шарты - қазакстандық құқықтық мемлекеттіліктің конституциялық моделшің тұрақтылығы мен ұзақ мерзімділіпнщ қаншама маңызды екендігін ұмытпаған жөн. Сондықтан да қазақстандық құқықтық мемлекеттіліктің алғашқы конституциялық моделін жақсарту, өзгерту және үйлестіру үшін конституциализмді баянды етудің қағидатты (принципиалды) маңызы бар. Бұл әрекет қолданыстағы Конституцияда көрініс тапқан нормалар, принциптер, механизмдер мен қалыптасқан тәртіпке, жағдайларға (процедураларға) негізделіп, оған түсініктемелер беру, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде жүргізілуі абзал.
Қазақстан Республикасының конституциялық даму жолын талдай келе, заман талабына сай конституцияны жетілдіру, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
1 Үкіметтегі кадрлық өзгерістер мәселелері және басқару органдарын құру, Парламенттің құзырына өкілеттілік берілуі Парламенттің рөлін пәрменді түрде күшейтетіп, заң шығару органын кәсіби Парламентке айналдырады деп ойлаймын. Бұл халыққа қажет деген заңдардың депутаттардың бастамалары бойынша талқыға салынып, Үкімет оны орындауға міндетті болуына жасалған қадам. Яғни билік тармақтарының әрқайсысының өз функциясын орындап, өзге тармақтың функциясын жүзеге асыруына тыйым салу принципінен туған. Өзге билік тармағының функциясын атқармау дегеніміз, билік тармақтарының өзара қатынасының мүлде болмауы деген емес. Мұндай әріптестіктен бас тарту бүкіл мемлекеттік билік органдары жүйесінің дұрыс қызмет етпеуіне алып келеді. Сондықтан да Парламенттің осы бағыттағы өкілеттіліктерін күшейту өкілді органның ғана емес, атқару билігінің де кәсібилігін арттыруға бағытталған қадам деп қабылдауымыз қажет.
2. Еліміздегі сот әділдігі мен жауапкершілігі мол сот жүйесінің маңыздылығын айта кету керек. Конституциялық нормаларға сәйкес мемлекет судьялардың тәуелсіз, кәсіби және бейтарап болуына максималды қолдау жасауда.
3. Конституция нормаларына сай елімізде саяси әралуандылық пен көппартиялық жүйе қамтамасыз етілген. Елімізде саяси процесстерге ықпал етуге қауқарлы жалпыұлттық ірі партиялар жұмыс жасауда. Сондай-ақ азаматтық қоғамның маңызды бөлігі болып саналатын үкіметтік емес ұйымдар нығая түскендігін, осыдан 20 жыл бұрын олардың саны 400 болған болса, бүгінгі күні 20 мыңнан асатын ҮЕҰ қызмет ететінінен байқауға болады.
4. Ата заңымызға сәйкес адамның құқықтары мен бостандықтары тумысынан беріледі, абсолютті және ажырамайды. Конституция заң шығарушыға заңдарды қабылдауда осы норманы басшылыққа алуға мәжбүрлейді. Соған сәйкес адам құқығы ең жоғарғы орынға қойылады. Омбудсмен институтының қалыптасуы мен оның өкілеттілігінің кеңеюі Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарының институционалды кепілдігін нығайтты.
5. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесіне айналды. Әлемдегі төртінші ракеталық-ядерлік потенциалын жою мен ірі ядерлік полигонды жабу арқылы еліміз жер бетінде бейбітшілікті қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосты деп айта аламыз. Өз тарихында алғашқы рет Қазақстан халықаралық танылған айқын шекараға ие болуы да конституциялық нормалардың жұмыс істеуі деп білуіміз қажет.
Біздің айтпағымыз, Қазақстан Республикасының Конституциясы тек қатып қалған құқықтық догма емес, қоғамға қажетті қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне дәлме-дәл жауап бере алатын құқықтық, әлеуметтік және өзге де жаңашылдықтардың құрылымы демекпін. Осыған байланысты қазақстандық қоғам мен мемлекет алдында Конституцияның жаңашылдық рухын ашу, оның әлеуетін тәжірибелік мәселелерді шешуге жұмсау міндеті тұр. ҚР Конституциясы айқындаған демократиялық мемлекетті құрудың негізгі міндеттерін жүзеге асыру Елбасының «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауына сәйкес орындалса, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамға» сәйкес еліміздегі әлеуметтік-экономикалық, құқықтық реформалар атқарылуда.
ҚР Конституциясы барлық заң салаларының құқықтық базасы болып табылады, ал оның нормалары өзге құқықтық актілер үшін өлшемдік қағида болып есептеледі. Сондықтан да «Конституцияны» формальды негіздегі жазылған құқықтық акт деп емес, өзге заңдармен салыстырғанда ең жоғарғы күшке ие және де өзінен төмен тұрған заңдар арқылы нақты өмірмен байланысқан жалпыға ортақ құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде тануымыз және халық арасында солай насихаттауымыз қажет.
Алдағы уақытта бұл мәселеге зор маңыз беруді уақыт талап етуде, өйткенi кейінгі уақытта Конституциямыздың қызметiн кейде әдiлетсiз бағалау, оның нормаларының жұмыс жасауын бұрмалайтын мәлiметтер, конституциялық нормаларға кейде құрметсiз қарау кездеседi. Бұл мәселелер бойынша объективтi және дұрыс ақпараттың болуы конституциялық ережелердi насихаттауға, тұрғындарды құқықтық тәрбиелеуге және құқықтық нигилизмдi еңсеруге сеп болары сөзсіз. Ал бұл өз кезегінде республикадағы конституциялық заңдылықтың нығаюына септiгiн тигiзген болар едi.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
1 «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2017 жылғы 9 наурыздағы нормативтік қаулысы // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
2 «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
3 «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңды іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 наурыздағы Жарлығы // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
4 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы.- www.akorda.kz/...president/memleket-basshysy-nnazarbaevt.
5 Ударцев С.Ф. Конституционная реформа: некоторые вопросы теории // Право и государство, 2015.- №3.- С.44-49.
6 Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы.- Алматы, 2004.- 120 б.
7 Kevin L. Cope, Mila Versteeg Constitutions // International Encyclopedia of the Social & Behavioral Sciences (Second Edition), 2015, Pages 710-715.
8 Садыков Т.К. Басқару нысаны және конституцияның қалыптасуы.- http://repository.enu.kz/
9 Омаров Б.М. Қазақстан Республикасы Конституциясының дамуы.- http://www.rusnauka.com/
10 Fatima Kukeyeva, Oxana Shkapyak Central Asia's Transition to DemocracyOriginal Research Article // Procedia - Social and Behavioral Sciences, Volume 81, 28 June 2013, Pages 79-83.
11 Керимов Д.А. Проблемы общей теории государства и права.- М., 2000.- 179 с.
12 Даркенбаев А.И. Қазақстан халқының конституциялық-құқықтық мәртебесі: заң ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайынд. дис. автореф., 2010. - 24 б.
13 Абдраим Б.Ж. Казахстан в эпоху независимости // Правовая реформа в Казахстане. – 2010. - № 4 (12). – С. 10.
14 Котов А.К. Конституционализм в Казахстане: опыт становления и эффективность механизма власти. Монография. -Алматы: КазГЮА, 2000.- 220 с.
15 Сафонова О.Н. Соотношение международного права и национального права Республики Казахстан. –Алматы: Данекер, 2003. – С. 125-126.
16 Зиманов С. З. Парламент Республики Казахстан в трудные годы провозглашения независимости. – Алматы: Алаш, 2011. – 135 с.
17 Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2014. - 456 б.
18 Абдолов Н. Ата Заң – азат елдің ар – намысы.- Заң газеті, 2017 жыл 14 ақпан.
19 R.T. Kennedy, S.L. Latimer, T.L. Sanchez Court Systems: United States of America – Law and Courts Encyclopedia of Forensic and Legal Medicine (Second Edition), 2016, Pages 673-678.
20 Шарханқызы Г. Ел Конституциясы дамудың барлық сатысынан өтті. 2015 жыл 30 қаңтар.- bnews.kz.
21 Rafis Abazov 1999 Presidential Elections in Kazakhstan \\ Electoral Studies, Volume 20, Issue 2, June 2001, Pages 313-321
22 Қазақстан Республикасының Конституциясы // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
23 Баймаханова Д.М. Президент Республики Казахстан – гарант соблюдения основных прав и свобод граждан – специфика основных направлений деятельности // Вестник КазНУ, 2014.- №1 (69).- С. 54-59.
24 Andrea Pozas Loyo WHAT IS «CONSTITUTIONAL EFFICACY»?: CONCEPTUAL OBSTACLES FOR RESEARCH ON THE EFFECTS OF CONSTITUTIONSOriginal Research Article // Mexican Law Review, Volume 9, Issue 1, July–December 2016, Pages 23-44.
25 1990 жылғы 25 қазандағы «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
26 Заңнамада жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері. 1-кітап: Қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздік / Жалпы ред. К. Демеш.- Алматы: Қазығұрт, 2013.- 456 б.
27 Қарашин Ө. Қазақстанның конституциялық дамуы // Ақиқат, 2005.- №9, С.11.
28 «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Конституциялық заңы // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
29 Сартаев С.С., Назаркулова Л.Т. Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы: проблемалары мен болашағы. –Алматы, 2005. -185 б.
30 Баймаханов М.Т., Аюпова З.К., Ибраева А.С.и др. Становление правового государства и конституционный процесс в Республике Казахстан: Монография.-Алматы: КазГЮА, 2001.-287 с.
31 Медушевский А.Н. Конституционная модернизация.//Конституция как фактор социальных изменений: Сборник докладов. - М., 1999. - 234 с.
32 Матюхин А.Г. Конституционная власть в Казахстане.// Мысль, 2009.- №12.- С. 77.
33 Кенжалиев З.Ж. Развитие конституционального законадательства Республики Казахстан.- Алматы: Қазақ университеті, 2007.- 52 б.
34 Искакова А.С ҚР Конституциясы болашақтың кепілі.- Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу кезеңдері мен құқықтық мәртебесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.- Орал, 2015.- 37-43 бб.
35 Ким В.А., Ким Г.В. Конституционный строй Республики Казахстан (общие положения). – Алматы, 1998. – С. 26-29, 42-44, 46-47.
36 Ағыбаев А.Н. Адам және азамат құқығының конституциялық мәртебесі Заңға түсініктеме // Заң, 2013.-№1.-23-25 бб.
37 Баймаханова Д.М. Основы конституционного строя как один из компонентов конституционализма.- Вестник КазНУ, 2011.- №3.- С. 22-29.
38 Шарипов А.В. Этапы развития конституции Республики Казахстан // Вестник КазНПУ, 2010.- №5.- С. 132-138.
39 1992 жылы 5 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Заң // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
40 Ащеулов А.Т. Этапы становления конституционного законодательства и конституционализма // Мир закона. №8, 2000. – С. 56.
41 Кенжалиев, З.Ж. Қазақстан Республикасында конституциялық заңнаманың дамуы: оқу құралы / Кенжалиев З. Ж., Ким В. А. - Алматы : Қазақ университеті, 2004. - 34 б.
42 Bernd Hayo, Stefan Voigt Endogenous constitutions: Politics and politicians matter, economic outcomes don’tOriginal Research Article // Journal of Economic Behavior & Organization, Volume 88, April 2013, Pages 47-61.
43 Муталова Д.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуы.- library.wkau.kz/index
44 3иманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. -Алматы: Жеті жарғы, 2000. -239 с.
45 Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.- Алматы: Атамұра, 2003.- 640 б.
46 Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2014. - 456 б.
47 Сартаев С.C. Біз Конституциялық кеңістікте өмір сүреміз.- Алматы: ЖШС РПБК Дәуір, 2010.- 664 б.
48 Әбділдин С. Алдыңғы Конституция бойынша.- https://www.azattyq.org/
49 Жоғарғы Кеңес және 1993 жылғы Конституция.- http://www.itest.kz/
50 Зиманов З.С. Размышления о новой модели формирования Парламента.// Заңгер, 2005. - №5.-100-105.
51 Айтхожин К.К. Актуальность темы конституционного развития Республики Казахстан.// Закон и время. №10, 2008. - С.9.
52 Табанов С.А., Оразова А.Ә. Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы ата заңдарының (конституцияларының) тарихи-құқықтық сабақтастығы. –Алматы: Жеті жарғы, 2005. -210 б.
53 Сартаев: С. Конституция - зайырлы мемлекеттің айнасы / inform.kz.
54 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» www.akorda.kz/...president/memleket-basshysy-nnazarbaevt.
55 Ағыбаев А. Конституциялық реформалар халықаралық деңгейге сай.// Жетісу газеті, 2007 жыл 12 сәуір.
56 Appendix: Constitution of the People’s Republic of China1 Internet Law in China, 2012, Pages 251-285.
57 Бисекешова Г.А. Қазақстанның конституциялық дамуы.- Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу кезеңдері мен құқықтық мәртебесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.- Орал, 2015.- 138-144 бб.
58 «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 1998 жылғы 7 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
59 Шерханқызы Г. Ел Конституциясы дамудың барлық сатысынан өтті.- http://bnews.kz/
60 Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру.- www.ektu.kz/..
61 Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. –Алматы: Жеті жарғы, 2009. - 456 б.
62 G.A. Seydullayeva, G.A. Orynkhanova, Sh.A. Tazhibayeva Concept of “Modernization” in a Political Discourse of Modern Kazakhstan: On the Example of Messages of the President of the Republic of Kazakhstan to the People of KazakhstanOriginal Research Article // Procedia Economics and Finance, Volume 26, 2015, Pages 72-76.
63 Сабикенов C.Н. Проблемы совершенствования конституционных норм // Вестник КазНУ, 2010.- С. 161.
64 «Кәсiптiк одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңы // Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 200-құжат. күші жойылған.
65 Жукенов А. Конституционное развитие Казахстана // Юридическая газета. №9, 2011.
66 «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңы // «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік - құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
67 Шаяхметова Ж.Б. Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің стратегиялық негізі.- Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу кезеңдері мен құқықтық мәртебесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.- Орал, 2015.- 5-15 бб.
68 Орынбасарұлы C. Қабылданған заңның жарамсыз болуы тез // Заң газеті, 2017 жыл 18 сәуір.
69 Назарбаев Н.Ә. Мен президенттік өкілеттіліктерді бөлуге саналы түрде барып отырмын.- Заң газеті, 2017 жыл 27 қаңтар
70 Санаргалиев Г., Малиновский В., Айтхожин К., Караев А. Проблемы согласованного функционирования органов государственный власти Республики Казахстан и системы сдержек и противовесов. –Алматы, 2011. - 200 с.
71 Айткожин К.К. Конституционные начала утверждения Республики Казахстан правовым государством.- http://online.zakon.kz/
72 Wendy Wong, Cindy Lo Kuen Lam, Yi-Chang Su, Sunny Jui-Shan Lin, Eric Tat-Chi Ziea, Vivian Taam Wong, Lee Kin Wai, Andrew Ka Lun Kwan Measuring body constitution: Validation of the Body Constitution Questionnaire (BCQ) in Hong KongOriginal Research Article Complementary Therapies in Medicine, Volume 22, Issue 4, August 2014, Pages 670-682.
73 Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі.- Егемен Қазақстан №17 (28998) 2017 жыл 26 қаңтар
74 Құлмұхамед М. Елбасының жаңа бағыты.- Егемен Қазақстан №17 (28998) 2017 жыл 26 қаңтар
75 Абазов Р. Қазақстан реформа жүргізуге оңтайлы сәтті таңдап отыр. - Заң газеті, 2017 жыл 21 ақпан.
76 Рогов И. Басқару формасы өзгертіле алмайды, алайда билік өкілеттігін қайта бөлуге болады. - https://sputniknews.kz/politics/.
77 Куспанов А. Билік тармақтары арасында теңгерім қалыптаспақ.- Заң газеті, 2017 жыл 14 наурыз.
78 Сұлтанов Б. Қазақстанға айқын билікті бөлудің қажеті жоқ.- https://sputniknews.kz/analytics/
79 Lanse Minkler, Nishith Prakash The role of constitutions on poverty: A cross-national investigationOriginal Research Article // Journal of Comparative Economics, In Press, Corrected Proof, Available online 10 March 2017.
80 Базар Ж. Билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселесі қаралды .- Егемен Қазақстан №16 (28997) 2017 жыл 25 қаңтар.
