- •1 Қазақстан Республикасының КонституциЯлық дамуының жалпы сипаттамасы
- •1.1 Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық дамуының алғышарттары
- •1.2 Конституциялық заңнаманың қалыптасуы мен дамуының құқықтық негіздері
- •2 Қазақстан республикасының 1993 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •2.1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •2.2 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарған конституциялық-құқықтық актілері
- •2.3 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарылған Президенттің конституциялық-құқықтық актілері
- •3 Қазақстан республикасының 1995 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •3.1 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •3.2 Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары мен Заңдары
- •3.3 Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлудің негізгі бағыттары
2.3 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарылған Президенттің конституциялық-құқықтық актілері
Жоғарыда тоқталып кеткеніміздей 1993 жылы 10 желтоқсанда XII шақырымдағы Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» заң қабылдады. Сондай-ақ, Жоғарғы Кеңес сол күні «Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы» заңды қабылдады.
Осы заңның бірінші бабында ҚР Президентіне Конституция негізінде және соған сәйкес жаңадан сайланатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясының жұмысы басталғанға дейінгі мерзімге заң күші бар құжаттар шығару кұқығы берілетіндігі бекітілді. Сонымен қатар, Президент Конституцияның өзімен берілген өкілеттіктерге - республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өзге жарлықтар, қаулылар, өкімдер шығару құқығына ие болды.
Заң күші бар жарлықтар шығару құқығы мерзімінен бұрын өзін-өзі таратуына байланысты XII шақырымдағы Жоғарғы Кеңестің өкілеттігі тоқтатылған сәттен басталып, 1994 жылы наурыз айында сайланған «XIII шақырымдағы Жоғарғы Кеңестің» бірінші сессиясына дейін жалғасты. Алайда, оның заңсыз (нелегитимный) деп танылуына байланысты Президенттің заң күші бар жарлықтар шығару құқығының аяқталу мерзімі Әлі келген жоқ деп есептелді және сол себепті Конституциялық Соттың 1995 жылдың 11 наурызындағы қосымша анықтамасы бойынша жаңа жоғарғы өкілді органның бірінші сессиясы жұмысын бастаганға дейін Президенттің аталмыш актілерді шығару құқығын жүзеге асыруды жалғастыруы құқылы болып танылды. Кейінірек, 1995 жылғы Конституция бойынша жоғарғы өкілді орган болып Парламент белгіленді [49, 55].
XII шақырымдағы Жоғарғы Кеңес өзін-өзі таратқаннан кейін «XII шақырымдағы Жоғарғы Кеңестің» қызметі басталғанға дейін, «XIII шақырымдағы Жоғарғы Кеңес» заңсыз деп танылғаннан кейін Парламент жұмысы басталғанға дейін елді басқарудың, экономикалық, саяси реформаларды жүргізудің, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың ең күрделі мәселелері Президенттің заң күші бар актілері негізінде шешілді. Қоғам мен мемлекеттің қалыпты қызметі нақ осы жолмен қамтамасыз етіліп отырылды. Осылардың бәрінің ауыртпалықсыз, бірақ үлкен шиеленіспен қамтамасыз етілуі Қазақстанның президенттік басқару нысаны үлгісін тарихи таңдауы дұрыс, оң қадам болғанын тағы да дәлелдей түседі.
Қолданыстағы Конституция біздің Негізгі Заңымыз. Сондықтан да ол Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарының жоғары құқықтық көрінісі болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл біздің басқа да заңдарымыздың көшбасында тұрған Ата Заңымыз. Ел тәуелсіздігінің бастапқы қи кезендерінде, теориялық жағынан және практиткалық Экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарды, қылмыстың қаржылық және басқа да шиеленісті жағдайларды жоюға Консті жүзінде көмектесіп, одан кейінгі жылдарда да мемлекетімізде өз і мұлтіксіз атқарып келеді. Ата Занды арқау еткен Қазақстан дамуының соңғы он төрт жылында ол қол жеткізген жетістіктер, Конституция рухына сәйкес жүзеге асырылғанын өмірдің өзі көрсеті Бұл жылдары осы заманғы мемлекеттік механизм және құқықты құрылды, тиімді Әкономиканың негізі салынды. Адамның құқықтар бостандықтары, бәсекелестік пен саяси көптұрлілік, көппартиялык қамтамасыз етілді. Жан-жақты даму үстінде болып отырған Қаз, қоғамында бейбітшілік пен келісім орнықты. Бұл - оның басты жетістік Ата Заңның кіріспесінде мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы екендігі атап көрсе Байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттілік еркіндік, теңдік татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам болып табылатындығы, ол дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын ах тілейтіндігі, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғ жауапкершілікті сезінетіндігі, Конституцияның беташар бөлімінде та таңба басқандай айқындалады. Бұл саяси тұрғыдан алғанда мемле алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің қысқаша ғылыми категориял тұжырымы, жинақталған жарқын көрінісі деп түсінуіміз керек [5, 67].
Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның мазмұнды құрылымын көз алдымызға тағы да бір елестетер болсақ, 98 бапты өз бойьи қамтитын тоғыз бөлімнен тұратыны баршамызға белгілі жайт.
Мұндай бөлімдердің бәрінде де мемлекеттік құрылысымыздың тұрпаты, оның иерархиялық ретпен орналасқан саяси басқару жүйесінің міндеттер мен қызметтері, Қазақстан қоғамындағы адамдардың, азаматтардың, құқықтары мен бостандықтары заңнамалық түзіліске түскен.
Ата Заң бойынша Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Ата Заңда айтылғандай, мемлекетіміздің түбегейлі принциптері болып мыналар табылады: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін Экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешу [11, 42].
Қазіргі кезеңде тиімді жұмыс атқарып отырған қос палаталы Парламент - еліміздің Заң шығарушы билігі. Конституция оған ел бюджетін бекіту мен оның орындалуын бақылау құқығын берді. Парламен көпшілік дауыспен Премьер-Министрдің,Ұлттық банк төрағасының тағайындалуына келісімін береді, үкіметке сенімсіздік білдіруге, оны орнынан түсіру қажеттігін мойындауға құқылы, сондай-ақ, кез келген министрді қызметінен босатуға талап ете алады. Парламентте саяси партиялардың фракциялары өкілдік ете алады. Парламент ел Конституциясына өзгерістер енгізуге құқылы.
Үкімет мүшелері Парламент палаталары алдында тұрақты есеп беріп отырады. Сенат Жоғары Сот судьяларын сайлайды. Бас прокурор ҰҚК төрағасын тағайындауға келісімін береді. Біздің елімізде Президент, Парламент депутаттары мен мәслихат депутаттары баламалы негізде еркін және жасырын дауыс беру негізінде сайланады. Констиуциялық Кеңес, Есеп комитеті сияқты маңызды мемлекеттік органдарды тең негізде Президент, Мәжіліс және Сенат құрады. Орталық сайлау комиссиясын өз кезегінде Мемлекет басшысының ұсынысымен Мәжіліс сайлайды. Бұл тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің айқын көрінісі [11, 66].
Еліміздің Негізгі Заңы қабылдағанннан кейінгі жылдар ішінде ең жоғары заң шығарушы орган - Республика Парламенті - бұрын қабылданған заң актілерін Ата Заңға сәйкестендіру бойынша қыруар жұмыс атқарып отыр. Ата Заңымыздың басты құндылықтарының бірі - онда демократиясы дамыған елдердің конституциялық заңдарында орын алған прогрессивті нормалар мен принциптер ескерілген. Оның нормалары қалыптасқан халықарлық стандарттарға, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қағидаларына және өзге де халықаралық-құқықтық актілеріне сәйкес келеді. Еліміздің негізгі заңы республика бекіткен халықаралық шарттардың ұлттық заңдардан басымдығын белгілейді. Қазақстан «Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция», «Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция», «Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау тұрлеріне қарсы конвенция» секілді және тағы басқа маңызды халықаралық құжаттарға қосылды.
Мемлекетіміздің Ата Заңы - Қазақстан қоғамының ең басты құқықтық, саяси құжаты. Олай болса, бүкіл мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың, азаматтардың қызметі, барлық құқықтық актілер осы негізгі заңға сәйкес болуы тиіс. Мұның өзі - қоғамның әлеуметтік-Экономикалық, саяси-құқықтық жүйелерінің тұрақты болуындағы маңызды шарттардың бірі. Конституцияны қорғау қажеттігінің өзі осында жатыр. Конституцияның жекелеген нормаларының өзінде Конституциялық заңдылық ұғымы құқықтық мемлекеттің мән-жайын айқындау үшін басты ұғымдарының бірі екені атап көрсетілген [11, 89].
Конституциялық Кеңес тағайындау, қолданылып келе жатқан құқық көздерінің арасалмағын айқындау, жеке және занды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын занды биліктің биігіне сотты орнықтыру, яғни кім-кімнің де өз бостандығын сот қорғауымен қамтамасыз ете алуы - Конституцияның бір ерекшелігі болып отыр: Конституцияда констиитуциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституциялық Кеңес қызметінің рөлі мен маңызына байланысты мәселелер өзінің өтімді де жетілуі талдауын тапқан.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының бірінші тармағында кереғар деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не тиісінше бекітілмейді және күшіне енгізілмейді деп көрсетілген. Сол сияқты осы баптың екінші тармағында адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің күшінің жойылатындығы және қолданылуға жатпайтындығы да айқын көрсетіледі.
Бүгінгі танда азаматтардың жекелей және жаппай құқықтық санасының деңгейі - Конституциялық заңдылықтың аса маңызды бір саласы. Конституциялық заңдылық режимі қамтамасыз етілген мемлекетте құқықтық сана деңгейі құқықтық және саяси мәдениетін болып табылады. Белгілі бір мемлекеттің Конституциясы құқығының қайнар көзі, ағымдағы заңдары табан тірейтін іргетасы атқарады. Біздің Ата заңымызда бұл қағида Конституцияның заңдық күші бар және республиканың бүкіл аумағында қолданылады деп көрсете отырып баянды етілген. Біздің Конституция - негізгі заң ретінде жеткілікті дәрежеде тұрақты бола отырып қажеттіліктерге орай өзгертіле бермеуді көздейді. Соған қоса оған қатыпсеміп қалғандық тұрғыдан қарап, қол тигізуге болмайды деп ақылға қонымсыз болар еді. Өйткені, мемлекеттік көлемдегі бүкіл практикалық қызмет, өмірдегі өткір өзгерістер Заңмен белгілеуді қажет ететін жаңа талаптар мен міндеттерді алға тартып отырады. Конституцияның өзі 91-бапта қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізу мүмкіншілігін айтады. Бұған 1998 жылғы және 2007 жылғы енгізілген өзгерістерді айтсақ жеткілікті. Ол өзгерістер жекелеген мемлекеттік органдардың құзыретіне, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзіміне қатысты болған.
Біздің Ата Заңымыз енгізілген кітапша қанша шағын болса да, халқымыздың қала берді әрбір жеке адамның құқығының тапталмауына, елдегі заңдылық пен саяси әлеуметтік жағдайларын тура жолдан ауытқымауына бақылау болатын оның негізгі, пәрменді баптары шынымен де қолдауға, мақұлдай отырып, саяси санамызға берік енгізуге лайық. Осылай болуы да орынды. Әлбетте, жоғарыда айтылғандай, Конституция кез-келген мемлекет үшін оның одан әрі дамуына, әлеуметтік-Әкономиклық қоғамдық-саяси бағыттарын айқындап, гүлдене түсуіне бағдар беретін, бағыт сілейтін негізгі, басты бапты Заң болып табылмақ.
Мынаны айта кеткен жөн. Азаматтар Конституцияны жете білулері, өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жете түсініп, оларды қорғай білулері өмір талабы. Алайда, өкінішке орай, елімізде кейбір азаматтардың Конституцияда өздеріне берілген құқықтары мен бостандықтарын жете білмей, құқықтық сауатсыздық танытып жүргендігі белгілі.
Бүгінгі Қазақстан қоғамның конституциялық барысындағы гуманистік даму мен қол жеткізген нәтижелерін ел Президенті сөзімен айтсақ: «Біз баршаға барынша мүмкіндіктер беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз.
Біз ұлтына және діни нанымына қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстұр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз.
Құқық қорғау органдары тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, ал бизнесмендерге өз мақсатын іске асыруға мүмкіндік беретін қоғам құруымыз керек.
Біз әркімнің ар-намысы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, Этикалық негіздер мен рухани құлдылықтар ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз.
Біз дұрыс жол таңдай білдік. Бұған бүгін қолымыз жеткен нәтижелеріміз айқын дәлел бола алады....» [51].
Біздіңше, әр адам, әр азамат моральдің ізгілікті принциптеріне сай келетін іс атқарса, ол заңнан ауытқымауына көмектесетін болар еді. Ал конституциялық Заңның талаптарын, өзінің құқықтық бостандықтарын айқын түсінуі оның адамгершілік дәрежесі жоғары екенін танытады. Сондықтан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жүйесінде заң мен моральдің арасындағы өзара байланыстылық барынша ұстанымдылықпен ескерілуі жөн. Біз Ата Заңымызбен бірге өмір сүріп келе жатқан соңғы жылдарда Тәуелсіздікті аңсаған ата-бабаларымыздың арманына қол жеткіздік. Бұл осы Негізгі Заңның рухына байланысты ұлттық саясаттағы толағай табыстарымызбен, бейбітшілік сүйгіштік ниетімізӨзінің тәуелсіздігін аса қатаң Экономикалық дағдарыс жағдайында бекемдеп жатқан жас мемлекеттті мұның өзі берекесіздік пен тұралауға әкеліп тірейтіні белгілі. Әлбетте реформалар жүргізу үшін тұрақты мемлекеттен маңызды ешнәрсе жоқ екені белгілі. Айталық жүрттың бәрі тәжірбиесіне сілтеме жасауды ұнататын АҚШ-та іс жүзінде екі партиялық жүйе қалыптасқан. Бұл ретте партиялар арасындағы қайшылықтардың антагонистік сипаты жоқ, мемлекеттегі тұрақтылыққа салқынын тигізбейді. Олардың бірде-бір конституциялық құрылысты, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс жүйесін, саясатты алмастыруды алдарына мақсат етіп қоймайды [41, 25].
Тегінде біздің азаматтарымыздың саяси құқықтары мен ниеттері жайында айтқанда, бұрынғы КСРО-ның барлық елдеріне тән ерекшеліктерді ескерген дұрыс. Мәселен, нақ сол АҚШ-та соңғы 150 жылдың ішінде революциялар болған емес, оның аумағын дүниежүзілік соғыстар шарпыған емес, он да қуғын-сүргін мен өз халқының тұқымын тұздай құрту болған емес, онда билік өзгерген сайын тарихты қайта таразылау дағдысы да жоқ. Сондықтан да АҚШ азаматтарының бойында мемлекетке қарсы тұру пиғылы жоқ.
Осындай қабыспаушылықтарды ескермей, Экономикалық реформаларды естен шығарып, саяси құмарлыққа бой алдырған социализмнен кейінгі кейбір елдердің Экономикалық және әлеуметтік дамуда кейіндеп қалғаны жасырын емес. Әтностық сипаттағы ерекшеліктерді ескермеске де болмайды. Айталық, американ азаматтығын алған кез келген адам қоғамдық санада қытай, неміс, еврей, орыс болудан қалады, сол сәтінде американдыққа айналады, ендігі жерде оның ұлттық тегі біздегідей айқын көрініс беретін сипатынан айырылады. Қазақстанның азаматы болса да, өзінің діліне, әдет-ғұрпына, көзқарасына, дүниетанымына тән ұлттық тақылеттестігін сақтап қалады. Сондықтан біздегі жағдай әлдеқайда күрделі. Бірден көзге түсетін жұртының осындай Әтностық сан тектілігі жағдайында Қазақстанға президенттік басқару нысанындағы қуатты мемлекеттік биліктің қажет болғаны айқын. Ол халықты ұлтаралық және дінаралық алауыздықтарға ұрындырмай, топтастыра алады. Басқарудың, міне, нақ осы нысаны тәуелсіз мемлекет орнату мен оны нығайтуды, Экономикалық және саяси реформалар жүргізуді, тоталитаризмнен бостандық пен демократияға көшуді қамтамасыз етеді, елдегі ішкі саяси тұрақтылыққа кепілдік береді.
Жинақталган тәжірбие президенттік институтының тұрлаулы болуға, биліктің барлық тармақтарының үйлесімді уәзипалық етуін қамтамасыз ететін Конституцияның кепілі болуға тиіс екенін көрсетіп отыр. Еліміздің өткен даму жолы қазір Қазақстанда қолданылып отырған конституциялық оңтайлы үлгіні дұрыс таңдай білгенімізді қуаттап отыр.
1995 жылғы Конституцияны қабылдау жөніндегі бүкілхалықтық референдумға сайлаушылардың 90 пайызы қатысып, олардың 89 пайызы еліміздің жаңа Негізгі Заңы үшін дауыс берді. Мұндай белсенділік азаматтардың өзіміз таңдаған бағытты қуаттайтынына дәлел болып табылады [14, 70].
Бүгінгі күні біз экономикадағы қазіргі табыстарымызға, еліміздегі тұрақтылыққа, ұлттық татулыққа, билік төңірегіндегі қайшылықтарды конституциялық жолмен шешуге халқымыз осыдан он төрт жыл бұрын қабылдаған Конституцияның негізінде жеттік десек, әділдіктен қия баспаймыз
