- •1 Қазақстан Республикасының КонституциЯлық дамуының жалпы сипаттамасы
- •1.1 Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық дамуының алғышарттары
- •1.2 Конституциялық заңнаманың қалыптасуы мен дамуының құқықтық негіздері
- •2 Қазақстан республикасының 1993 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •2.1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •2.2 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарған конституциялық-құқықтық актілері
- •2.3 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарылған Президенттің конституциялық-құқықтық актілері
- •3 Қазақстан республикасының 1995 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •3.1 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •3.2 Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары мен Заңдары
- •3.3 Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлудің негізгі бағыттары
2 Қазақстан республикасының 1993 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
2.1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы туралы түсінік
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының қабылдануымен басталып 1995 жылғы ҚР Конституциясының қабылдануына дейін жалғасқан конституциялық - құқықтық заңнаманың екінші кезеңі, оның дамуы төмендегідей топтарға саяды:
1.Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы;
2.XII шақырымдағы Жоғарғы Кеңестің 1993 жылғы ҚР Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарған Конституциялық - құқықтық актілері;
3.Президенттің Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарған конституциялық - құқықтық актілері;
4. XIII шақырымдағы Жоғарғы Кеңеспен қабылданған, ҚР Президентінің 23 наурыз 1995 жылғы жарлығымен қолданылып жүрген және заң күшіне ие деп танылған Конституциялық - құқықтық актілердің бір тобы [40].
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы қабылданғанға дейін Қазақстанда 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясы әрекет етті. Ол Кеңестік мемлекеттің Конституциясы болды, онда социалистік құрылыстың негіздері, социалистік мемлекеттік механизмнің жүйесі, кеңестік құқықтың негіздері бекітілді.
Бірақ, елімізде адамдардың табиғи құқықтарын тану негізінде сапалы түрде өзге, нарықтық бастамаларға негізделген терең экономиикалық және саяси өзгерістер жүріп жатқан кезде осы ескі Конституцияның әрекет етуі басталған аталмыш өзгерістерге кедергі келтірді. Өйткені, ескі Конституция социалистік, маркстік идеологияны дәріптеді. Басында көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы осы Конституцияның нормаларын жаңа жағдайларға ыңғайластыруға қандай-да бір талпыныстар жасалды. Алайда, бұлай оның мәнісін өзгерту мүмкін емес еді, себебі ол Конституция қоғамның социалистік жүйесінің қызмет етуінің негізі, өзегі болды [].
Республиканың егемендігінің, мемлекеттік құрылыстың, халық билігін ұйымдастырудың, Президенттік басқару нысанын, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жүйесін бекітудің сапалы түрде жаңа құқықтық негіздері біртіндеп жасалғаны айтылған болатын. Осылардың барлығы да алдағы жаңа Конституцияның қабылдануы үшін құқықтық негіздердің жасалуына себеп болды.
Жаңа Конституция қабылдаудың саяси себептері ең алдымен мыналарға сайды: егемендіктің қағидалары мен оның атрибуттарын Конституция деңгейінде белгілеу арқылы Республика егемендігінің мызғымастығын, оның аумағының тұтастығын, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы саясаттың мәселелерін дербес шешу құқығын камтамасыз ету және елге дербес басшылық етуді, басқаруды, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету [].
Бірінші бөлімде халық пен мемлекет егемендігінің «Мемлекеттік егемендік туралы» Декларацияда және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңда жария етілгендігі айтылды. Бірақ, егемендік идеясы мен қағидаларын тағы да жоғары, Конституциялық деңгейде бекіту оны ары қарай нығайту үшін, тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастықта Республиканың беделін көтеру үшін үлкен мәнге ие болды [].
Жаңа Конституция қабылдаудың саяси себептері туралы айта отырып, сол тұста коммунистік партияның жетекшілік рөлінің жойылып, тиісінше жаңа негіздерде терең экономикалық және саяси өзгерістердің жүргізілуі үшін негізгі бір жағдай жасалғанын көрсеткен жөн. 1990 жылдың 24 сәуірінде елімізде Президент посты құрылды. Ол мемлекеттік механизмнің құрылымына өзгерту енгізіп, президенттік басқару нысанының бекітілуіне негіз жасады. Әрине, бұл өзгерістер тиісінше ескі Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен жүргізілді, бірақ кең көлемді саяси өзгерістер үшін, мемлекет органдарының жаңа жүйесін калыптастыру үшін қажетті саяси алғышарттар жасау мақсатында осындай ең маңызды өзгерістерді және олардың саяси нәтижелерін жүйелі түрде тағы да кайталап жаңа Конституция да дәйектеу қажет болды. Сол себепті де тұтастай Конституцияны осы идеялармен қанықтыру міндеті туды [].
Жаңа Конституция қабылдаудың тағы да бір маңызды себептерінің бірі болып адам және азаматтың кұқықтары мен бостандықтарының сапалы түрде жаңа жүйесін жасау қажеттігі табылды. Ескі, кеңестік Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы ондай жүйе жасауды камтамасыз ету мүмкін болмады. 1978 жылғы Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар жүйесі және идеологиясы таптық сипатта болды әрі құқықтар мен бостандықтардың жалпы адамзаттық негіздерін қабылдамаған, олардан бас тартқан социализм идеяларымен анықталды. Құқықтар мен бостандықтар жүйесі әлемдік стандарттардың деңгейіне сай келмеді. Конституцияға қандай да бір өзгертулер енгізумен ғана бұл жүйені тұтастай өзгерту мүмкін емес болды. Сондықтан да жалпы адамзаттык кең құқықтар мен бостандықтарды дәйектеу міндеті жаңа Конституцияның қабылданылуын талап етті [].
Жаңа Конституцияның қабылданылуын қажет еткен экономикалық себептер де болды. 1990-1992 жылдар аралығында маңызды экономикалық және әеуметтік заңдар шығарылды. Олардың негізінде нарықтық қатынастың негіздері жасалып, жаңа экономика мен жаңа қоғамдық құрылысты құру бағытында алғашқы, бірақ маңызды қадамдар жасалды. Бірақ, ол қадамдар әлсіз болды. Жасалған қадамдардың заңдылығы үшін, жаңа қоғамды құру негіздерін нығайту үшін осының барлығын кең тұрғыда тағы да қайталап Конституцияда бекіту кажет болды.
Қоғамда сапалы түрде жаңа құқықтық жүйе жасау кажеттігі туды. Ал, ол үшін тиісті жүйенің негізі болатын жаңа Конституцияны қабылдау қажет болды.
Жаңа Конституция қабылдау қажеттігін тудырған баска да бірсыпыра нақты себептер болды.
Конституцияның жобасын әзірлеу үшін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына Жоғарғы Кеңес Президиумының мүшелері, Жоғарғы Кеңестің барлық комитеттерінің төрағалары, Министрлер Кабинетінің кейбір басшылары кірді. Комиссия мүшелерінің қатарында С.С. Сартаев, В.А. Ким, Е.К. Нурпейісов, А.И. Худяков және т.б. қайраткерлер болды. Комиссияның жұмысы саяси күштердің қарама-қайшы идеяларының қақтығысуынан туындалған күрделі жағдайда жүріп жатты. Жоба әзірленген бетте Жоғарғы Кеңес сессиясындағы алғашқы оқылымда мақұлданып, бүкіл халықтық талқылауға ұсынылды. Жоғарғы Кеңес оны 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылдады. Егемен Қазақстанның осы алғашқы Конституциясында қоғам мен мемлекетті қайта құру жолында республиканың дербес даму кезінде қол жеткізген бірталай жетістіктері бекітілді.
Конституцияда халықтың мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыруының екі нысаны анықталды - тікелей және өз өкілдері арқылы. Бұл ереже 1993 жылғы Конституцияға «Мемлекеттік егемендік туралы» Декларация мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңнан берілді. Ол актілерде халық мемлекеттік өкімет билігін тікелей де, «өкілетті органдар арқылы» және «өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы» да жүзеге асыратындығы бекітілді. Конституцияда «өз өкілдері арқылы» мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру нысаны туралы айтылғанда «өз өкілдері» деп өкілді органдардың депутаттары мен өкілді органдардың өздері ұғынылды. Осылайша, мемлекетте биліктің тек халықтың өзімен және оның сайланбалы органдарымен, ең алдымен Жоғарғы Кеңеспен жүзеге асырылатындығы жарияланды. Мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асырудан мемлекеттің басқа өзге органдары шеттетілгендей болды. Ал, мұны өз кезегінде не жаңылушылық, не қателік деп есептейміз, - дейді Кенжалиев З.Ж. [41].
Конституцияда мемлекеттік өкімет билігінің заң шығару, атқару және сот билігіне бөлінетіндігі қағидасы тағы да бекітілді және соған сәйкес мемлекеттік органдардың өз өкілеттігі аумағында дербес болатындығы, тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып, өзара ықпалдасып іс-әрекет жасайтындығы дәйектелді. Алайда, өкінішке орай тежемелік және тепе-теңдік механизмі жүйесінің өзі Конституциямен құрылмады []9, 3.
1951-2000 жж. әлемнің 202 еліндегі конституция тарихына зер салатын болсақ, соның 146 еліндегі конституциялардағы өзгерістер мемлекеттің саяси жүйесіне, ішкі, сыртқы қайшылықтарға, әлеуметтік, экономикалық жағдайларға байланысты өзгертілгені белгілі болды [42].
Конституцияда азаматтықтың негізгі қағидалары, оның ішінде бір азаматтық қағидасы белгіленді. Бірақ, республика аумағынан лажсыз кеткен республиканың барлық азаматтарына, сондай-ақ басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға ерекшелік жасалды. Бұл норманың соңғы бөлігі азаматтық мәселесі тұрғысында адамдардың теңдігін бұзуға мүмкіндік жасады.
Конституцияда азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері белгіленіп, кұқықтар мен бостандықтарды Конституцияда ғана көзделген жағдайларда, тек Конституциямен және заңдармен ғана шектеу қағидасы бекітілді. Бұл қадам кеңес заманында құқықтар мен бостандықтардың өз халқына қарсы геноцид жүргізген тоталитарлық мемлекеттің таптауында қалуына себепті өте маңызды болды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай-да бір шектеусіз қолдау тапты. 1948 жылғы «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы» деңгейіне жетпесе де кұқықтар мен бостандықтар жүйесі мәнді түрде кеңейтілді [14, 61].
Конституцияда мемлекеттің экономикалық жүйесінің негізі анықталды. Егер кеңестік социалистік мемлекетте экономикалық жүйенің негізін өндіріс құралдарына мемлекеттік (жалпыхалықтық) және колхоздық-кооперативтік меншік нысанындағы социалистік меншік құраса, 1993 жылғы ҚР Конституциясына сәйкес Республиканың экономикасы сан алуан меншік түрлеріне негізделді. 1993 жылғы Конституцияға орай жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи байлық тек мемлекеттік меншікте болды, сонымен қатар жеке меншікке қол сұқпау қағидасы жарияланды [43].
Конституция тиісінше заңдармен оған дейін енгізіліп қойылған жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігін бекітті.
1993 жылғы Конституция саяси жүйеге қатысты маңызды ережелер қағидаларды бекітті. Осы жүйенің ең маңызды элементі ретінде мемлекттің ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің негіздерін бекіте отырып Конституция сонымен қатар саяси жүйенің келесі бір маңызды элементі болып табылатын қоғамдық бірлестіктердің теңдей құқықтық мүмкіндіктерін де белгіледі. 1993 жылғы Конституцияда қандай-да бір қоғамдық бірлестіктердің идеологиясын мемлекеттік идеология ретінде тануға тыйым салынды.
Конституцияда Жоғарғы Кеңестің жаңа мәртебесі бекітілді. 62 бапта Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының бірден-бір заң шығарушы жән жоғары өкілді органы болып табылатындығы бекітілді. Мұндай мәртебе кеңес мемлекетінің Жоғарғы Кеңесінің мәртебесінен мәнді түрде ерекшеленді. Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға және мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасыныц Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің Жоғарғы органы емес, билікті бөлу жүйесіндегі заң шығару билігінің органы ретінде орнықты. 1993 жылғы Конституцияда Жоғарғы Кеңес бірден-бір заң шығарушы орган болып бекітілді [44].
Конституцияда жоғарыда аталғандардан өзге де бірталай жетістіктер болды, бірақ сонымен қатар онда кемшіліктердің де біраз көлемі көрініс тапты.
1993 жылғы Конституцияның жетістіктері мен кемшіліктерін көрсете отырып, Н.Ә. Назарбаев:»Дегенмен, осы Конституция қазақстандық конституциялық құрылыс жолындағы елеулі белес болғанын да айтқан жөн. Бірақ сол жақсы шешімнің өзі дәуір ағымында болып, көне көзқарастардан арыла алған жоқ. Біз қоғамдық келісім үшін баруға мәжбүр болған тарихи мәміле - Ата заң жұртшылық күткен үмітті толық ақтамады», - деп атап көрсетті.
«Ғасырлар тоғысында» еңбегінде Н.Ә. Назарбаев былай деп жазды: «Еліміздің алғашқы Конституциясы 1993 жылы қаңтар айында күшіне енген бойда-ақ, кемшіліктерін, әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсетті. 1993 жылғы үлгідегі Конституция егемен Қазақстанды кұрудың күнбе-күнгі қарапайым да ауыр қызметіне құқықтық негіз бола алмайтындығын аңғартты» [45].
200 жыл бұрын АҚШ президенті Т.Джефферсон былай деген: «законы и человеческие институты должны идти рука об руку с прогрессом человеческого разума.» Бұл айтқан пікір 1 ғасыр өтсе де, өзінің құндылығын жоғалтпады .
1995 жылгы қабылданған Конституция Экономикалық реформаларга жаңа импульс берді, құқықтық нормалардың және Парламент пен Үкіметтің құзыретінің заңдылығын қамтамасыз етті. Сонымен қатар мемлекеттік пен жеке меншіктің құқықтарын бірдей қорғауға кепілдік берді.
Жаңа Конституцияда мемлекет кепілдік ететін нақты заңнамалар: еңбек және кәсіпкерлік қызметінің бостандығы, құқықпен белгіленген медициналық көмекті, орта білімдітегін алуға, дін таңдау еркіндігін қамтамасыз етті. Қазіргі кезде конституциялық құқық белгілі құқықтық нормаларда өз орнын тауып, адамдардың күнделікті өмірінің жағдайына айналды. Конституция Негізгі Заң болып бекітіліп, адамзат бостандығын, еліміздегі азаматтардың теңдігін қамтамасыз етті.
Конституцияда қамтылған осы мәселелер Қазақстан Республикасының дамуына, онымен бірге Конституцияның да адам өмірінен маңызды орын тауып, ең негізгі де орындалуға міндетті заң болып қалыптасуына үлкен көмегін тигізері кәміл [16, 69].
Қолданыстағы Конституция нормалары Қазақстанда құқықтық, демократиялық мемлекет құруда зор рөл атқарады. Констиуция идеяларында, принциптері мен нормаларында құқықтық мемлекеттіліктің ең маңызды белгілері қарастырылған:
- мемлекеттің басты құндылығы адам екендігін жариялау;
- халық билігінің болуы;
- мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі болып бөлінуі;
- Конституцияның жоғарылығы;
- ізгілік принциптері орын алуы;
- Конституциялық заңдылықтың болуын қадағалау.
Қазақстан Республикасының Конституциясы нормативтік-құқықтық акт бола отырып, Негізгі Заңның ішкі ұйымы қандай және оның қандай әлементтерден тұратынын көрсететін ерекше бейнесі бар. Конституцияның ішкі құрылысы преамбуладан (кіріспе бөлім), 9 тарау мен 98 баптан тұратын негізгі және қорытынды бөлімдері арасындағы ішкі сәйкестілігін қамтиды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының преамбуласында көне қазақ жерінде мемлекеттілігінің туын көтерген Қазақстан халқының тарихи өмірін, бостандық, теңдік және ынтымақтастықты қолға мықтап ұстаған азаматтыңқ қоғамда, әлемдік бірлестіктерде тиісті орын алуға деген ынтасын, болашақ және кейінгі ұрпақ алдындағы жоғары жауапккершілікті сезінулерін сипаттап жазады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының Негізгі бөлімі 8 тарауды қамтиды: «Жалпы жағдай», «Адам және азамат», «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Конституциялық Кеңес», «Соттар және сот төрелігі», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару». Конституцияның «Қорытынды және өтпелі кезеңінде», 9 тарауда негізгі Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтауларының енгізілуін қарастырады [46].
Қазақстан Республикасының Конституциялық қалыптасуының фундаменттік негіздері бірінші тарауда толығымен қарастырылған. Бұл мемлекеттің және қоғамның дамуының прогрестік өсу белгілейтін маңызды саяси-құқықтық құндылықтар: Қазақстан Республикасының демократиялық, құдықтық және зайырлы мемлекет екендігін жариялау, мұнда ең бірінші мемлекеттік құндылық адам мен оның өмірі, құқығы мен бостандығы деп көрсетілді. Республиканың құзыретінің жалпы принциптері, халықтың жағдайына жасалып жатқан Экономикалық дамуы, қазақстандық патриотизм, демократиялық тәсілдермен мемлекет өміріне маңызды мәселелерді шешу, Президенттің Республиканы унитарлы мемлекет ретінде басқаруы, халық билігі, мемлекеттің құқықтық жүйесінде Конституцияның маңыздылығы, саяси және идеялогиялық көптұрлілікті (плюрализм) мойындау, мемлекеттік және жеке меншікті тең тұрде қорғалуы Конституцияныі негізгі бөлімінде қамтылады.
Конституцияның екінші - «Адам және Азамат» тарауында мемлекет пен қоғамдағы тұлғаның құқықтық жағдайы бекітілген. Конституцияның 13-бабы 2-тармағына сәйкес, адамның құқығы мен бостандығы әркімге туылғаннан беріледі делінген. Бұл фундаментальді құқықтар мен бостандықтар - мемлекет пен қоғамды тұлғаның ерікті әрекет етуіне ықпал етеді. Мемлекеттің басты құндылы мемлекеттің басты құндылығы ретінде, барлық мемлекеттік-құқықтық институттар, механизмдер тұлғаның жағдайын көтеруге бағытталу керек делінген.
Конституцияда бекітілген тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын 3 топқа бөлуге болады:
- жеке құқықтар мен бостандықтар;
- экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар;
- саяси құқықтар мен бостандықтар.
Әр топқа жіктелген құқықтар мен бостандықтар өзіндік конституциялық-құқықтық институт құрады.
Сонымен қатар Конституцияда адамдардың Экономикалық және әлеуметтік құқықтары бекітілді. Бұл шеңберде адамның жақсы өмір мен еркін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің саясатын бейнелейді. Негізгі заң азаматтардың еңбек құқықтарының орындалуына кепілдік береді, соның ішінде: еңбек етудің еріктілігі, қызмет пен мамандық тұрін еркін таңдау, қауіпсіз және гигиеналық еңбекті талап ету құқығы, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу құқығы және демалыс алу, т.б. құқықтары [16, 58].
Конституцияда жеке меншікті қорғау заңмен қарастырылған. Негізгі заңның 26-бабына сәйкес, әркімнің кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, өзінің меншігін барлық заңды тұрдегі кәсіпкерлік қызметке пайдалану еркіндігіне ие болатындығы жазылған. Сонымен бірге Конституция төменгі есептік көрсеткішпен айлық және зейнетақы беруге, жасына қарай әлеуметтік қамтамасыз етуге, инвалид және ауру, асыраушысынан айырылған және басқа да себепті жағдайлары бар адамдарға әлеуметтік қаржылай көмек көрсетуді кепілдік етеді.
Конституцияда азаматтардың денсаулығын қорғау мәселесі де тыс қалмаған. Онда заңмен белгіленген медициналық тегін көмекке азаматтардың құқылары бар деп көрсетілген. Білім алу шеңберінде де мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға заңда кепілдік етілген. Конкурстық негізде мемлекеттік ЖОО-да тегін жоғары білім алуға да болды.
Конституцияда азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына да көңіл бөлінген. Мысалы: достық тұрғыдағы жиналыстар, митингтер өткізуге, мемлекеттік іс жүргізуге қатынасу, мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдарын сайлау мен сайлану құқықтары, референдумге қатысу құқығы, мемлекттік қызметке кірудің тең құқылығы қамтылған. Саяси құқықтар мен бостандықтар халықтың мемлекет басқарып отырған қоғамдық-саяси өмірге қүлшына араласуына итермелейді.
Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарымен қатар міндеттері де көрсетілген: Конституция мен басқа да заңнамаларды бұзбау, басқа адамдардың құқығын, бостандығын, намысы мен арын құрметтеу. Заңмен белгіленген салықтарды, алымдар мен басқа да төлемдерді өтеу -азаматтардың міндеті мен парызы болып табылады. Қазақстан Республикасын қорғау - азаматтардың қасиетті парызы және міндеті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға, табиғатты қорғау мен табиғи байлықтарға ұқыпты қарау міндеті де қарастырылған.
Конституцияның келесі бөлімдерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары туралы жазылған. Үшінші бөлімнің мазмұнына сәйкес, Қазақстан Республикасының атынан ішкі және сыртқы қарым-қатынастарда әрекет жасайтын, мемлекттің ішкі және сыртқы саясатының маңызды мәселерін шешетін міндетті тұлға, мемлекет басшысы - Қазақстан Республикасының Президенті. Мемлекет басшысы - Конституцияның қорғалуына, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, халық пен мемлекеттің бірлестігіне кепілдік етуші тұлға. Республика Президенті мемлекеттік биліктің қызметі мен міндетін белгілеп, олардың қызмет етуін қадағалайды.
Негізгі Заңның төртінші бөлімінде заң шығарушылық қызметті атқаратын жоғары орган ретінде Парламент қарастырылған. Парламент екі палатадан: Сенат және Мәжілістен құралады. Сенат депутаттары республика астанасынан, республикалық маңызы бар қалалардан, облыстардан ұсынылған екі-екі адамнан негізделеді. Сенаттың 15 депутатын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Мәжіліс 107 депутаттан құралады. Оның 98 депутаты жалпыға бірдей және тең сайлау құқығымен жасырын тұрде сайланса, 9 депутатты Қазақстан Халықтары Ассамблеясынан сайлайды.
Келесі бөлімде Үкіметтің құзіреті туралы қамтылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушылық қызметін жүзеге асырады. Үкімет Констиитуцияның жоғарылығын қамтамасыз ететін Конституциялық Кеңестен, сот жүйесңнен және прокуратурадан, сонымен қатар, жергілікті мемлекеттік органдары мен өзін-өзі басқару органдарын құралады [14, 50].
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет пен қоғамның барлық маңызды мәселерін нормативтік жағынан қамтып отырады. Мұндай қүзырет басқа нормативтік актілерде жоқ. Негізгі заңда Қазақстанның құқықтық демократиялық мемлекеттілігін құруға, азаматтық қоғамды және рыногтік Әкономиканың қалыптасуына маңызды рөл атқаратын мәселелер қамтылады.
Конституция, оның нормалары мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның институттарының және азаматтардың қызметтерінде орын тауып, жұмыс жасаса ғана өміршең болады. Сондықтан еліміздің мемлекеттік-құқықтық жүйесінің дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамсыз етілуіне Негізгі заңның дұрыс қызмет етуі, орындалуы маңызды. 2007 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Конституцияның жаңаша қызмет етуіне, көкейде жүрген мәселелердің толығымен қамтылуына себепші болды.
Ата заңымыздың бұрынғы қабылданған Конституциялардан ерекшелігі - тұңғыш рет жеке тұлға, құқықтық қатынас субъектісі ретінде танылғандығы және бұған дейінгі қабылданған Конституциялардың барлығында ең бірінші қоғам мен мемлекетке басым көңіл бөлінгендігін атап өтуіміз керек. 70 жылдан астам өмір сүрген Кеңес Одағының «Бәрі де қоғам, мемлекет үшін және қоғамның игілігі үшін» деген идеологиясы да осы Констиуциялардан бастау алса керек. Қазіргі қолданыстағы Конституциямыздың басты ұраны - «Бәрі де адам және адамның игілігі үшін» деп басталуының өзінде де үлкен мән жатыр. Ата заңымыз адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы, байлығы деп біледі. Жеке өз атынан тең дауысты азамат, мемлекет тұлғасы ретінде ойын ашық айта үн қату тәуелсіздігімізді алып, нақтырақ осы Конституциямызды қабылдаған сәттен бастау алатындығы жасырын емес.
Мемлекеттің қалыптасуындағы уақыт соншалықты аз да немесе көп те емес, бірақ та осы өткен уақыттың ішінде Конституция мемлекеттің нормативтік-құқықтық жүйесінің бастауы, қоғамның құқықтық мәдениетінің қайнар көзі ретінде, жалпы Қазақстан Республикасы атты мемлекеттің даму үрдісінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Ата заңымыздың қабылданып, қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан, тек қазіргі қолданыстағы Конституцияға ғана тоқталып өтпей, жалпы Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуына қысқаша мағлұмат берер болсақ, Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуы XX ғасырдың басынан бастау алары сөзсіз. Сөзіміз дәлелді болуы үшін, 1926 жылы қабылданған Қырғыз (Қазақ) Советтік Социалистік Республикасының Конституциясының және 1937, 1978 жылдардағы Қазақ Советтік Республикасы тұсындағы қабылданған
Конституцияларды, тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі 1993 жылғы және қазіргі қолданыстағы Конститутцияларды, сонымен бірге қоғам мен мемлекет құрылысының тетіктерін қосымша актілердің бірнешеуін, мысалы 1917 жылы қарашаның 21 жұлдызындағы «Қазақ» газетіндегі жарияланған «Алаш» партиясының бағдарламасын, 1926 жылы қабылданған «Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің еңбекшілері құқықтарының декларациясын», 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы декларациясын», 1991 жылы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының тәуеелсіздік туралы» заңы Конституцияда конституциялық және өзге заңдармен қатар қабылдануға жататын нормативтік құқықтық акт емес, арнаулы деп көзделгендіктен біз бұл заңды, актіні Арнаулы деп атауға толық заңды негіз бар деп санаймыз. Конституцияның орыс мәндегі мәтінін талдасаңыз да осы құқықтық ой шығады. Онда тіпті анық жазылған: «в соответствии со специальным законом» деп. Біздің арнаулы заң деген құқықтық ұғымымыз Республика Заңдарына және Конституцияға қайшы келмейді. Конституцияда арнаулы заң деген атау Конституцияның 62 бабының 8- тармағында да көзделген Республиканың заң және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі Арнаулы заңмен және Парламентпен оның палаталарының реглементтерімен реттеледі. Арнаулы заң деген құқықтық ұғым біздің конституцияда өзіндік орын алған, жалпы құқықтық ой жүйесіне, ғылымына, мәдениетіне жат емес [5, 49].
Академик С.Сартаев атап көрсеткендей, «1990 жылғы 24 сәуірдегі ҚР Президенті лауазымын белгілеу туралы Заң бар. Бұл Заңда біз Президенттің құқықтары мен міндеттерін саралауға тырыстық. Алайда, біз оның құқықтарын толық көрсете алмаған сияқтымыз. Өйткені, кейін байқағанымда онда республика дамуының өтпелі кезеңіндегі міндеттері жеткілікті дәрежеде жіті көрсетілмеген болып шықты. Мұндай күрделі кезеңде Мемлекет басшысы ел алдында тұрған проблемаларды жедел шешу үшін жеткілікті өкілдіктері бар күшті көшбасшы болуға тиіс еді. Бұл жағынан біздің ойлағанымыз болды десек, еш қателеспеймін»,- деп болашақта осы Конституцияның әлі де толықтырылатынын атап көрсетті [47].
1995 жылғы Конституцияның өмірге келуіне, оның жобасын жасауға Қазақстан халықтары Ассамблеясының атсалысқаны барлығымызға белгілі жәйт. 1995 жылы 25 маусымда Қазақстан халықтары Ассамблеясының II сессиясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев жаңа Конституцияның жобасына саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім, ел Экономикасын дамыту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру секілді қоғамдық-саяси өмірде маңызды рөл атқаратын бірнеше мәселе туралы ұсыныс жасаған болатын. Сол кезде Ассамблея Конституцияның жаңа жобасын талқылап, қарар қабылдады. Бұл қарарда Ассамблея мүшелері Мемлекет басшысына жаңа жобаны бүкіл халықтық референдум арқылы талқылау жөнінде ұсыныс білдірді. Ассамблея мүшелерінің ұсынысы Елбасы тарапынан қолдауға ие болды. Сөйтіп, Ассамблея мүшелері қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық мәдени орталықтарда, жекелеген азаматтар арасында Конституциянық жаңа жобасын талқылау мақсатында республиканың барлық облыстарын аралады. Содан кейін көп ұзамай жаңа Конституция қабылданды [17, 73].
Ассамблеяның да атқарған жұмыстары аз болмады. Констиуцияда қарастырылып кеткен саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық татулықты қамтамасыз ету деген мәселелер Ассамблеяның елеулі еңбегінің арқасында өз шешімін қоғамдық қатынаста тауып отырды.
Біздің ұлттық келісім - осы кезге дейін азаматтық қоғам институттарының қолдауы жағдайындағы мемлекеттің тынымсыз жүргізген жұмысының нәтижесі.
Күрделі жағдайларда біз ел халқының Этностық топтарының арасындағы өзара қатынастардың оңтайлы моделін жасай алдық. Ол қазақтардың байырғы жерінде тұратын барлық Этностар өкілдерінің бойындағы өзара түсіністік пен төзімділікке, отаншылдық пен ел тағдыр үшін азаматтық жауапкершілікке негізделген. Қазақстанда қоғамның барлық саласындағы ел азаматтарының Этностық тең құқылығы заңнамада бекітіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылған. Ең бастысы, бізде Этносаралық өзара ықпалдастықтың тетігі ретіндегі бірегей қоғамдық-саяси институт-Қазақстан халықтары Ассамблеясы осы жұмыстарды атқарып келеді.Облыс деңгейінде халықтардың өңірлік ассамблеялары жұмыс жасайды. 2004 жылдары үлкен және кіші ассамблеялар атқарушы жұмысшы құрылымдарының тіктемесі қаралды.
Қазір Қазақстанда 350-ден астам республикалық және жергілікті ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Олар өз Этносы тілдерінің, мәдениеті мен дәстұрлерінің сақталып, дамытылуына мүдделі миллиондаған адамдарды біріктіреді. Мемлекет бұл үрдістерге қолдау береді. Қазіргі таңда біздің тәжірибеміз ең жоғары халықаралық деңгейлерде мойындалып отыр. Оны БҰҰ Бас хатшысы және ЕҚЫҮ-ның ұлттық азшылықтар жөніндегі жоғары комиссары, Еуропа Одағы, саяси және рухани жетекшілер, әлемнің көптеген қайраткерлері атап өтті. Бұл жетістіктердің барлығы Конституциямыздың ел дамуына үлкен де маңызды рөл атқарып келе жатқандығының тағы бір көрінісі деуге болады [17, 33].
Билік тармақтарының өкілеттіктері нақты анықталған биліктің айқын бөлінуін жасау қажет болды. 1993 жылғы Конституцияда бекітілген билік тармақтарының құзіреттерінің анықталуындағы екі ұштылық, көміскілік билік тармағының ынталылығы мен белсенділігін толық көлемде байқатуына мүмкіндік бермеді және мемлекеттік билік органдарының қызметінің дербес аясына өзара араласу мүмкіндігін тудырды. Бұл өз кезегінде олардың өзара қатынасының шиеленісуіне себепші болды.
Жоғары өкілді органның және оның депутаттарының рөлінің дұрыс түсінілмеуін жою қажет болды.
«ТМД елдері парламенттері қызметінің бастапқы кезіндегі көп қиындықтар парламентаризм табиғатын дұрыс түсінбеуден туындап жатты. Қазірдің өзінде, көптеген парламентшілер парламентте, бұрынғы Жоғарғы Кеңестер сияқты, ең алдымен сайлаушыларының, аймақтарының, жекелеген кәсіпорындар мен салалардың өзіндік мүдделерін қорғау керек деп ұғады [14, 54].
Депутаттардың көпшілігі жаңа жағдайдағы парламент қызметінің атымен жаңарғанын, өтпелі кезең мен мемлекеттілікті қалыптастыру жағдайында оның өте өрелі сипат алғанын аңғарып үлгере алмай жатыр. Ол - әлеуметтік және ұлттық мүдделерді үйлестіре отырып, жалпыхалықтық, мемлекеттік мүддеге айналдыру, сөйтіп, күллі халықтың еркін білдіру».
Республиканың 1993 жылғы ескі Конституциясында депутаттардың рөлін жаңаша түсінуді бекітуге негіз боларлық ешбір ереже болған жоқ. Олай болса, депутаттардың функциясын түсінудегі қателікті жоятын және Парламент пен депутаттардың жаңа рөлін тұжырымдайтын конституциялық-құқықтық негіздерді жасау қажет болды.
Парламенттің мемлекеттік биліктің өзге органдарымен өзарақатынасы мәселесі маңызды мәселелердің бірі болып қалды. Бұл мәселені шешудің негізі - билікті бөлу қағидасы болып табылатындығы белгілі. Биліктің бөлінуі жағдайында биліктің әрбір тармағы дербес әрекет етеді, олардың бірінің ісіне екіншісінің араласуына жол берілмейді. Дегенмен, билік тармақтары тепе-теңдік пен Конституциялық шектерді сақтай отырып тығыз өзара іс-қимыл жасаулары тиіс, ал Президент олардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етуі кажет. Ескі Конституция билікті жүзеге асырудың осындай маңызды шартын аяғына дейін қамтамасыз еткен жоқ.
